Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Внеклассное мероприятие посвященное к Дню недели языков РК «Ана тілім азығым, адастырмас қазығым»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Внеклассное мероприятие посвященное к Дню недели языков РК «Ана тілім азығым, адастырмас қазығым»

библиотека
материалов

Тілдер күніне арналған мерекелік іс-шара тақырыбы:

«Ана тілім азығым, адастырмас қазығым»

интеллектуалды сайысы


Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдерін қалыптастыру, екі тілділік саясатын дамыту.


Көрнекіліктер: мультимедиа, плакаттар, шар, слайд-шоу, нақыл сөздер


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

hello_html_78baecbe.jpg


Жүргізуші: - Уа, халайық, халайық!

Мында назар салайық

Тапқырлардың ортада

Көзайымын қалайық.

Қайсы күйші, кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім тапқыр,

Таланттарды табайық.

- Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар, мұғалімдер және оқушылар! «Ана тілім азығым, адастырмас қазығым» интеллектуалды сайысын ашық деп жариялаймыз.

(Күй)

«Шалқытып мерекеде ән салайық

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,

Әділқазы алқасымен танысайық» - демекші алдымен

«Қара қылды қақ жаратын» әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін (3 адамды сайлау).

1 - .............................................................................................................................

2 - ............................................................................................................................

3 - ...........................................................................................................................


Өнер-білім тапқырлардың тарланы,

Еңбектегі әріптестер мақтаны.

Өнеріңді ортаға сал, сайысқа,

Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та-

енді осы сайысқа өз өнерлерін көрсету үшін келген қатысушылар тобын қошеметтеп ортаға щақырамыз:

1 топ – «Зерде» тобы

2 топ – «Білім» тобы

3 топ – «Өнер» тобы

Қарсы алыңыздар! (Музыка)

hello_html_27d2e01a.jpg

Әр топ басшысы сандарды алып, өз өнер көрсету ретін анықтайды.

«Ана тілім азығым, адастырмас қазығым» сайысы 8 кезеңнен тұрады:

1 кезең – «Таныстыру» (әр топ өздерінің ұранын айтып, әр қатысушы өз өмірбаянын айтып таныстырып өтеді, 5 ұпай беріледі)

2 кезең – «Сөз тапқанға...» (әр топ қалаған әріптерін таңдап алып, қойылған 10 сұраққа сол әріптен басталатын жауап айтады, әр топқа 1 мин.уақыт беріледі, жақсы жауапқа 5 ұпайы)

3 кезең – «Ойлан, тап» (сөзбен жұмыс, әр топ капитаны ненің суреті екенін тұспалдап, жобалап айтып, команда мүшелері жауабын шешеді, әр топқа 3 мин.уақыт беріледі, дұрыс жауапқа 10 ұпай)

4 кезең – «Жорға» (мақал – мәтелдерді жалғастыру, әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі)

5 кезең – «Сөз шебері» (әр топқа 3 сөз беріліп, берілген сөзден 1 мин. ішінде неғұрлым көп сөз құрастырулары керек )

6 кезең – «Есімдер әлемінде»

7 кезең – «Мақал – мәтелдер» сайысы (жасырынған сөзді тауып, аудармасын айту)

8 кезең - «Өнерлі болсаң...» (Үй тапсырмасы)


«Білім, ғылым, өнерге,

Қанат қағар кездерің.

Болашағын елімнің,

Көркейтетін өздерің» - демекші сайыстың бірінші бөлімін бастаймыз.

I кезең – «Таныстыру»

- «Жүздің жүзін білгенше, бірдің атын біл» деген. Олай болса, сайысымыздың алғашқы кезеңін бастайық. Алғашқы кезең Танысу болғандықтан, сөз кезегін командаларға берейік. Қанеки, әр топ өздерін жұртшылық арасында таныстырсын.

(Әр топтың өздерін таныстыруы, ұраны)

«Зерде» тобы

Ұраны: «Зерделі бол, зерек бол, әрқашан да керек бол!»

«Білім» тобы

hello_html_m40747397.jpg

Ұраны: «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»

«Өнер» тобы

Ұраны: «Өнерлі өрге озады»


II кезең – «Сөз тапқанға...»

Алдымен әр топ мүшелеріне әріптер таратамын, ойынның шарты: әр топқа 10 сұрақтан қойылады, берілген жауап сол әріптен басталуы тиіс, барлық сұраққа жауап берсе 10 ұпай, одан төмен болса ұпайлары да төмен болады.

Қазір ортаға әр топтың капитандарын шақырамыз, олар мына жерден сандардың біреуін алып, өздерінің нешінші болып ойынды бастайтындарын білулеріне болады. Ойынымызды бастаймыз!


Зерде

(А, Д, Қ, О, Ж)

Білім

(Ә, Е, М, Р, К)

Өнер

(Б, Ж, Н, С, А)

Көңіл-күйің қалай?

Бүгін қандай күн?

Сендердің аттарың кім?

Қал-жағдайың қалай?

Атың кім?

Нені жақсы көресің?

Сүйікті тағамың қандай?

Сен қайда барасың?

Бүгін кешкі асқа не пісіресің?

Қайдан келдің?

Кімді жақсы көресің?

Кім болғың келеді?

Жазда қайда демалдың?

Дүкеннен не сатып алдың:

Досың көп пе?

Кіммен бардың?

Алма тәтті ме?

Қандай пән ұнайды?

Демалыста кіммен кездестің?

Алманың бағасы қанша?

Күз мезгілі ұнай ма?

Бос уақытта немен айналысасың?

Досыңның аты кім?

Қандай тағамды жақсы көресің?

Бүгін базарға бардың ба?

Тобыңда қанша оқушы бар?

Таңертең дене шынықтыру жаттығуларын жасайсың ба?

Базардан не сатып алдың?

Кешке не істейсің?

Жақсы көретін кітабың бар ма?


«Ән – көңілдің ажары» дегендей ...ән шашуы.


III кезең – «Ойлан, тап»

Бұл кезеңде әр топ капитандары қағазда көрсетілген суретті топтарына тұспалдап айтып, ненің бейнеленгенін тауып айтулары керек (әр дұрыс жауапқа 1 ұпай) доп, кітап, қалам, қазақ тілі, мұғалім, жаңалық, қасық, асхана, ұялы телефон, бор, дискотека - би кеші, мұрын.

IV кезең – «Жорға»

Алдарыңыздағы мақал - мәтелдің жасырылған жартысын табу, аудару. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

1. ….. до Киева доведет (язык, тіл, language)

2. Өнер алды - ... тіл (қызыл, красный, red)

3. Слово не … , вылетит не поймаешь (воробей, торғай, sparrow)

4. Күш білімде, білім- ... (кітап, книга, book)

5. Нет дыма без … (огонь, от, fire)

6. Ақыл-... , ашу- дұшпан ( дос, друг, friend)

7. … и убить можно. (слово, сөз, word )

8. ... сүті – бал. ... тілі – бал. (ана, бала, мать, ребенок, mother, child )


V кезең – «Сөз шебері»

Әр топқа «Қазақстан», «Тарбағатай», «Саяхатшылар» деген сөздер таратылады, осы сөздерден 1 минут ішінде бірнеше сөз жасау тиіс.




Жанкүйерлермен жарыс

Б И Б і Г У Л К О Ә

А С А У А Й Г Ү Л Л

Т К Қ Ұ У Н Ж Л Р И

И Ш Ы І Һ Ә З Ә С Я
М И Т Қ А О И Ш Т Ә
А С Н К Р Ө Ә С Е Л
З Т Ұ Ғ У Ы Л Ң Ө У
Ү Н Р Ф Ғ І М П О Ұ


VI кезең – «Есімдер әлемінде»

Задание: Самое сладкое слово – это собственное имя человека. Я вам буду читать значения имени, а вы должны назвать это имя. Например:

  1. Красивая, как луна- Айсұлу

  2. Надежда-Үміт

  3. Гранат-Анар

  4. Будь мужественным-Ербол

  5. Гражданин- Азамат

  6. Мужественная душа- Ержан

  7. Лунный цветок- Айгүл

  8. Лунная душа- Айжан

  9. Ласточка- Қарлығаш

  10. Утренняя звезда- Шолпан

  11. Любовь- Махаббат

  12. Красивая- Әдемі, Сұлу

  13. Глаза, как у верблюжонка- Ботагөз

  14. Справедливый- Әділ

  15. Черноволосая- Қарашаш

  16. Шелк- Жібек

  17. Жемчуг- Меруерт

  18. Лунный свет- Айнұр


VII кезең – «Мақал – мәтелдер» сайысы (жасырынған екінші бөлігін тауып, аудармасын айту)

hello_html_c64e132.pngОтансыз адам - .......(ормансыз бұлбұл)

hello_html_c64e132.pngАтанның баласы болма - ....(адамның баласы бол)

hello_html_c64e132.pngАғаш тамырымен - .....(адам досымен мықты)

hello_html_c64e132.pngБірлік болмай - ......(тірлік болмас)

hello_html_c64e132.pngДенсаулық - .......(зор байлық)

hello_html_c64e132.pngКөп сөз – күміс, ...... (аз сөз – алтын)

hello_html_c64e132.pngТіліңмен жүгірме, ........(біліммен жүгір)

hello_html_c64e132.pngКөз қорқақ, ......(қол батыр)

hello_html_c64e132.pngАдам көркі шүберек, .......(ағаш көркі жапырақ)

hello_html_c64e132.pngДұшпан күлдіріп айтады, .......(дос жылатып айтады)


VIII кезең – «Өнерлі болсаң...» (үй тапсырмасы)

«Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын» - демекші, бұл сайыста әр топ өз өнерлерін ортаға салады. Қарсы алайық!


Ал қазір әділқазылар сайысты қорытындылағанша ... ән шашуын қарсы алыңыздар.

(Ән шашу)

- Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты

Білім мен тапқырлықтың сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты» - дегендей сайыстың қорытындылап, жеңімпаздарды анықтап, марапаттау және құттықтау сөзі әділқазыларға беріледі.

(Әділқазылардың құттықтау сөзі)

Жүргізуші:

- Енді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр

Бір-бірімен туысқан,

Қол ұстасқан ел жатыр.

Қырғыз, қазақ, өзбектер,

Монғол, ұйғыр, дүнгендер,

Армян, тәжік, грузин,

Орыс пенен украин,

Терезесі тең жатыр.

Бақыттың әні асқақтап,

Құлаққа әні кеп жатыр» - деген Жамбыл атамыздың өлең

жолдарымен бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Достығымыз жарасып, еліміздің туын қолдан түсірмей, әрқашан желбіретіп, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін үнемі жоғары көтерейік. Жеңісті күндерде кездескенше, құрметті достар!













Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

«Атбасар ауданы, Атбасар қаласы,

1 индустриалдық-техникалық колледжі» КММ









Тілдер күніне арналған мерекелік іс-шара тақырыбы:

hello_html_2bac4ae1.gif

интеллектуалды сайысы


hello_html_70ad6783.gif












Оқытушы Джунусова А.Б.












2015 – 2016 оқу жылы


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 16.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров74
Номер материала ДБ-085019
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх