Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / Внеклассное мероприятие "Тағдырымның бақытты билеті"

Внеклассное мероприятие "Тағдырымның бақытты билеті"

  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

Қаратоғай орта мектебі




hello_html_m6ecbe055.png





2015 оқу жылы

Мақсаты: оқушылардың бақытты сәттерін естеріне ала отырып, өмір құндылығы туралы түсініктерін тереңдету, өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу.


1-жүргізуші: Өмір деген ойын да емес, той да емес,

Басқалардан биік тұрар бой да емес.

Өмір деген шахмат емес шатасқан,

Өмір деген ұта қояр дойбы емес.


2-жүргізуші: Өмір оны көре жатар дәлелдеп,

Өмір деген -еңбек, еңбек және еңбек.

Өмір деген бақыттың да құсы емес,

Қарап жатсаң қона қалар саған кеп


1-жүргізуші: Армысыздар ардақты ұстаздар мен құрметті оқушылар! Тағдыр бізге бақытты сәтті табыс етті. Ендеше осы бақытты сәттерімізбен бөлісетін «Тағдырымның бақытты билеті» атты кешімізге қош келдіңіздер!


2- жүргізуші: Өмірдің мәнін Лев Толстой былай тұжырымдайды «Дүние жылжиды, жетіле береді. Адам баласының міндеті оған бағына отырып және әрекет ету арқылы осы қозғалысқа қатысу».


1-жүргізуші: Арман, бүгінгі кешіміз бақытты сәттерімізге арналғандықтан сол сәттерімізді еске түсірейікші.


2-жүргізуші: Әрине, бақытты сәттеріміз көп. Соның ішінде ең тәттісі балалық шақ болар, бәлкім!

Балалық шақ ұмытылмас қызықты,

Ол қызықты кімдер бұзып, сызыпты.

Естеліктер еске салып күлдірер,

Дәл сол шақтар қуанышты, қызықты.


ӘН: Балалық шақ.

Орындайтын: Құралова Балнура


1-жүргізуші: Қолыма ұстап хат, қалам

Балалық жүзбен сүйкімді

Босағаңнан аттағам

Бөліп тұңғыш ұйқымды



2-жүргізуші: Алғашқы бір жазуым

Есімі қамқор көсемнің

Жанымның тауып азығын

Жарқырап күліп өсемін.

КӨРІНІС: ҰБТ

ӘН: Мектеп Орындайтын: Сагададинова Ақмарал

1-жүргізуші: Достық деген таусылмайтын қазына,

Көктемде де солып қалар гүл емес.

Қарамайды ол сыйдың көп пен азына,

Нағыз достар тіпті сый да тілемес.


2- жүргізуші: Я, досың -сырласың. Жүрек қылын тербеген нәзік сырларыңды тек досыңа шертесің. «Доссыз өмір- тұзсыз ас» дейді. Саған әділ сыншы бола алатын адал да ақкөңіл жандарды дос деп айта аламыз. Ендеше оқушылардың дайындаған Бай кісі туралы көрінісін тамашаласақ.

КӨРІНІС: Бай кісі

ӘН: Дос Орындайтын Құралов Жандәулет

Таңатаров Ернар


1- жүргізуші: Я, Арман, айта берсек дос туралы жыр таусылмас. Сол достарды да осы мектептен табатынымыз белгілі. Бақытты шақтарымыздың тағы бір себепкері осы мектеп қой.

2- жүргізуші: Әрине, дұрыс айтасың олай болса мектептегі бір күнімізге көз жүгіртейік.

Музыкалық әзіл: Мектептегі 1 күн.


Мектебіміздің жас өнерпаздарын ортаға шақырамыз

КВН

1- жүргізуші: «Сыйқырға сенбесең ол сені айналып өтеді. Менің сыйқыршым әрдайым жүрегімде. Қажет болғанда мен онымен тілдесіп көмегіне жүгіне аламын.» дейді Канадалық жазушы Чарлз Де Линт.

Ал М. Монтень «Өмірді әрқашан қуанышты сезіммен қабылда, ол сенің даналығыңды көрсетеді.» деп тұжырымдайды.


2- жүргізуші: Лүпіліндей тамырыңның шекеңнің,

Жеке сағат, жеке минут, жеке күн

Үлгермейсің түсініп те ұғып та

Кейбір сәттің нағыз бақыт екенін

ӘН: Бақыт

Орындайтын Қали Гүлдәурен

1- жүргізуші: Ақтарылып бағайын

Аңғарғайсың бар мәнін

Айныса да ағайын

Айнымасын арманың


2- жүргізуші: Асау өзен асылы

Ағар бұзып арнаны

Азайса да асылың

Азаймасын арманың

Келесі кезекте армандаудан талмайық деп көрініске береміз.

КӨРІНІС: КАСТИНГ

ӘН: Армандар орындалады.

Орындайтын: Смадиярова Ұлбике


1-жүргізуші: Адам өмірінің мәнді де мағыналы болуы оның ниетінің таза, алға қойған мақсатының жарқын болуына байланысты. Өмір жақсылыққа құрылғанда ғана адам бақытқа қол жеткізетіндігін, өзгелердің өмірін де жарқын ететіндігін әсте естен шығармау керек.


Мұғалім: Біз өмір сүріп жүріп басымыздан бақытты сәттерді өткіземіз. Қуанған кезіміз қаншама. Жүрегімізге жақын тұстар да көп. Ендеше балалар, алдағы уақыттарда да бақытты сәттеріңіз көп болғай деп бақыт билетін ұсынамын. Өмір жолындағы сапарларыңызда әрдайым жолдарыңыз болсын!


2- жүргізуші: Өмір- құмырсқаның илеуінде

Өмір-дүрілдеген күй лебінде

Өмір көзге көрінбей өтіп жатқан

Тіршіліктің тырбынған күйбеңінде

ӘН: Өмір-ай

Орындайтын: Молдашев Дулат Тоқтабаев Марат

(Ән орындалу барысында оқушылардың армандары мен бақытты сәттері жазылған ұшақтарын ұшырады.)ч

1- жүргізуші: Бақыт деген батырдың пырағында

Бұқараның ұранында

Өзіңнің босағаңда

Жағылған шырағыңда


2-жүргізуші: Бақыт деген досыңның табағында

Домбыра шанағында

Жарыңның жанарында

Халықтың қабағында дей келе шат көңілмен бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Әрқашан сіздерге бақыт бағытынан самал ессін! Сау болыңыздар!



hello_html_7e6e03eb.png



hello_html_4b338897.png



hello_html_m6ecbe055.png


hello_html_m20e508f3.png


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 08.01.2016
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров114
Номер материала ДВ-314575
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх