Инфоурок Другое Другие методич. материалыВнеклассное мероприятие - «Тәуелсіз елдің ару аналары, ерке қыздары»

Внеклассное мероприятие - «Тәуелсіз елдің ару аналары, ерке қыздары»

Скачать материал

Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ару аналары, ерке қыздары»

Мақсаты: 1. Балаларды ананың өлшенбес еңбегін бағалай білуге үйрету, ана алдындағы парызы мен қарызы туралы білім беру.

2. Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын, шығармашылығын, ойлау қабілеттерін, шеберлігін  дамыту.

3. Балаларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу; ананы сүю арқылы Отанына, халқына деген сүйіспеншілігін арттыру, эстетикалық талғамын, мейірімділігін тәрбиелеу.

Формасы: сайыс

Көрнекілігі: көктемдік гүлдер мен шарлар және де музыкалық аппараттар; бағалар көрсететін таяқшалар, шарлар т. б

Барысы:

 1 - жүргізуші:

Қайырлы күн халайық, өнер сүйген,

Көрермендер көңілге көп ой түйген.

Құттықтаймыз арулар, аналарды,

Сый тартайық әсем ән, тәтті күймен.

 

2 - жүргізуші:

Жыр арнайық оларға, жігері ассын,

Гүл арнайық, көңілі шалқып тассын.

Сыр арнайық жүректі жарып шыққан,

Нұр арнайық, қуатын беріп жастың.

1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, аналар, аяулы қыздар! Сіздерді алда келе жатқан 8 - наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт тілейміз.

2 - жүргізуші: Бүгін сыныбымызда  өткізілгелі отырған қыздар мен олардың аналарына арналған «Ару аналар, ерке қыздар» атты сайысқа қош келдіңіздер. Бұл сайыста қыздар мен аналар өз өнері, білімі, тапқырлығы және шеберліктерін көрсетіп сынға түскелі отыр.

1 - жүргізуші: Ендеше сайысымызға қатысушы сайыскерлерге құрмет көрсетейік.

1. Шадияр – анасы Айгүл апаймен

2. Айзере – анасы Бақыт апаймен

3. Назерке – анасы Гүлнар апаймен

4. Анелия – анасы Айгүл апаймен

5. Әсел – анасы Әсемгүл апаймен

6. Нарғыз – анасы Әсел апаймен

7. Мөлдір – анасы Қымбат апаймен

8. Ақбота – анасы Қымбат апаймен

9. Айдана – анасы Анар апаймен

10. Ділназ – анасы Айнұр апаймен

11. Даяна – анасы Дана апаймен

2 - жүргізуші : Сайыскер ару, аналарымыздың ішінен білімі мен білігі, бағы мен бабы қатар жанған жандарды дәл анықтап беретін әділ - қазы алқасы ұлдардың аналары болады, ал ұлдар өзі жанкүйер болады.

 1 - жүргізуші: Енді көрермендерді  сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік. Сайыс 5 бөлімнен тұрады:

1. «Сәлем – сөздің атасы» яғни өз жұбын таныстыру (тақпақ, өлең түрінде)

2. «Кім тапқыр?» мақалдың жалғасын табу (әр жұпқа мақалдың бір бөлігі беріледі)

3. «Ою ойғанның ойы артық» сайысы : ақ қағаздан ою ойып, жапсыру

4. «Бұрымды қыз» шаш өру сайысы ( аналар өз қыздарының шашын сәндеп өреді)

5. «Дәм думан» - бұл тәтті тағамдар сайысы. (анасы мен қызына үй тапсырмасы).

1 - жүргізуші: «Сәлем – сөздің атасы» - деп басталатын бірінші кезеңімізді бастаймыз.  Әр жұп  бір ерекшеліктерін көрсете отырып тақпақ ретінде ма, қимыл ретінде ма өзін таныстырып өтеді.( танысу)

2 - жүргізуші:- Тамаша, әділқазылар бағаларын қойып шыққанша, сынып ұлдары сіздерге ән сыйлап отыр «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!» қабыл алыңыздар!

1. Нұрын төккен маған, Шуағымсың - сен!

Айналайын, мама, Қуанышыңмен!

Шаттандырған мені, Жұбанышым – сен!

Құттықтаймын сені Туған күніңмен!

2. Аялаған мені Ән қанатымен!

 Құттықтаймын сені Салтанатыңмен!

Бақытты ғой заман, Қандай көңілді!

Мен тілеймін саған Ұзақ өмірді!

 - Тамаша, рахмет балалар, осындай әдемі өлең айтып берген балапандарымызға қошемет көрсетейік.

1 - жүргізуші: Сайысымыздың 2 – кезеңі «Кім тапқыр?» сайысы. Әр жұп мақалдың жалғасын тауып айтып береді.

1. Ағайын –алтау, ...(ана – біреу)

2. Бір жақсы қыз екі ...(жаман ұлға татиды)

3. Астың дәмін тұз келтірер, ауылдың ...(сәнін қыз келтірер)

4. Енесі тепкен құлынның ...(еті ауырмас)

5. Ананың сүті – бал, баланың ...(тілі – бал)

6. Тауықты тойындыра алмайсың, ...(қызды киіндіре алмайсың)

7. Ана сүтін ақтамағанды ...(ешкім мақтамайды)

8. Атадан ұл қалса – өзі қалғаны, ...(қыз қалса – ізі қалғаны)

9. Ердің анасы - ...(елдің анасы)

10.Ата көрген оқ жонар, ана ...(көрген тон пішер)

11. Әйелдің ақылы – көркінде, ...(еркектің көркі – ақылында)

- Әділқазылар ұпай санын анықтағанша, келесі сайысқа кірісейік.

2-жүргізуші: «Ою ойғанның ойы артық» деген мақал бар қазақ халқында.Шынында да ою-өрнек ою ептілікті дамытып, адамның талғамын қалыптастырады екен. Ендеше аналарымыз қыздарының көмегімен ою ойып, қағазға жапсырып берсе дейміз.

Сайыс жүріп жатқанша ұлдардың орындауында әжелерге арнау:

1. Еркелесем, күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін,

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым, күнім»,- дейтін.

2. Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді,

Көп ертегі біледі ,

Маған айтып береді.

3. Таусылмайды өлеңі

Күнде айтып береді .

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді.

4. Әжемді мейрамымен құттықтаймын

Айтатын ән беретін гүлім дайын

 «Әжетай, сені жақсы көремін» деп

Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

5. Өскенде мен ал, енді,

Аралаймын әлемді,

Сыйлық әкеп әжеме,

Таң қалдырам бар елді.

6. Шашымды айбат тараған,

Қабағыма қараған.

Үлкен- кіші демейді,

Сыйлайды оны бар адам.

7. Бұл әженің өмірі,

Таусылмайтын жыр маған.

Құшағыңа кіргенде,

Жылынамын бір дем де.

8. Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

9.  Не жетеді көзіңе,

Мейірімді күннен де.

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын, әжетайым,

 Сегізінші наурызбен!!!

 

1 - жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Бұрымды қыз». Ерте заманнан қазақ халқы әйелдің шашын ерекше бағалаған. Осыған байланысты әдет-ғұрып, тыйымдар пайда болған, мысалы, шашыңды жайма, отқа тастама, кеспе дегендей. Қазақтың қылмыс заңында да шаш туралы бірнеше бап болған. Теңтектер әйелдің шашын кессе, ол дене мүшесін кескенге тең деп саналған. Ал әйел өзі қылмыс жасаса, оны шашын кесіп жазалаған екен. Шаш ты күту, оны өру, шашбау, шаштеңге, шолпымен безендіру бір өнер деп саналған. Бұл сайыста аналары қыздарының шашын сәнді етіп, өріп берсе дейміз.

- Тамаша, өнерлеріңізге тәнті болдық. Әділ қазылар алқасы бағаларын дайындағанша ортаға кішкентай балапандарымызды шақырайық.

Би «Шөжелерім», қошемет көрсетейік.

2 - жүргізуші: - Аналарымыздың, Әжелеріміздің қолынан келмейтін өнер жоқ. Олар тігеді, пішеді, астың түрлі - түрлісін жасайды. Сыныптағы қыздарымыз да аналарына еліктеп түрлі өнерге ыңғайлы. Аналары мен кішкентай ханшайымдары бірге дайындаған үй тапсырмаларына көңіл аударсақ қалай болады екен? Кезекте «Дәм думан» деген ойынмен аналарымыздың аспаздық шеберліктерін сынап көрейік. - Тамаша, міне нағыз аспазшылар осы жерде тұр екен. Енді мына көздің жауын алатын, тіл үйіретін тамақтарға біздің әділ - қазыларымыз өз бағаларын бергенше  және сайыстың нәтижесін есептегенше сынып балалары аналарына құттықтау сөздерін арнағалы тұр.

1.Бала, бала, бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

 

2.Аялы қолда талпынтқан

Қаймақты сүттей қалқытқан

Суық болса жөргегі,

Қорғасындай балқытқан.

 

 

3.Айналасына тас қойып,

Өзенді көлдей шалқытқан,

Қолын қатты тигізбей

Кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан,

Бұл кім, балалар?

Балалар: Ана! Ана! Ана! –

 

4. Анам менің – өмірдегі тірегім
Анам менің – кеудемдегі жүрегім
Егер менің қасымда сен болмасаң
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

 

5. Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген-бәйтерегі өмірдің.
Ана деген –алтын қазық, алтын бақ.

 

6. Ана деген- асыл жандар болаттай
Ана деген- мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.

 

7. Құшағыңа кіргенде,

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе

Мейірімді күннен де.

 

8. Асыл анам, нұр шашқандай келбетің,
Сенсіз басып жүре алам ба жер бетін?
Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті,
Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің.

 

9. Дүниедегі ең ардақты асыл жан
Анам мені мәпелеген жасымнан
Мен қуансам қуанады ол бірге
Мен қиналсам табылады қасымнан

 

 

10. Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,
Бар жақсылық аналардан таралған.
Жер бетіне өмір нәрін себуші

Аман болшы, айналайын ақ мамам!

 

11. Ең аяулы есім ғой ана деген,

Бар тіршілік бақытты анаменен

Ананы жеткізгенше мұратына,

Білім іздеп лапылдап жана берем

12. Ананың оттай ыстық алақаны

Болған соң ойлайтыны бала қамы.

Баладан анасына мың сан алғыс,

Өйткені ол анасының балапаны.

 

13.   Қамқорым да сенсің ана,

           Сенсің ана ақылшым да.

          Ұланыңды қасыңа алып,

           Бастай бер алыс шыңға.

          Жүретінім сенің жолың,

          Жалтақтамай, аялдамай.

           Асыл анам өмір бойы,

           Ұшамын мен саған қарай.

 

14. Өмірдің иесі сен, ғазиз ана.

Келтірген дүниеге нелер дана.

Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

 

15. Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,

Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең.

Аналық махаббатың кәусәр бұлақ,

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

 

16. Өмірге ана бұлақ, ана пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем, талай шешен,

Талай ер, талай ақын, талай дана,

 

17. Ана, ол біздің елде ардақты адам,

Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.

Өзінің аяулысы Отанына

Ана деп біздің халық текке айтпаған.

 

18. О, анашым, таянышым , тірегім.

Бар бақытты бір басыңа тіледім.

Мен жақсы болса екен деп қашанда,

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің

 

 19. Наурыз күні  ана күні ,әлем күні,

Әлемді тебірентер ана үні.

Анасыз жан туған жоқ жер бетінде,

Ұғып ал бөбектерім сендер мұны.

 

20.Дүниеде ең кемеңгер дананы,

Ана табады, аялайды бағады.

Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,

Құрметтейік қасиетті – ананы

 

Сыйлықтарды табыстау рәсімі

Ән «  Аяулы анашым  »

1 - жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден –

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол –

Еңбектену, жалықпау

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады - дегендей сайыстың аты сайыс, мұнда біреу жеңеді, енді біреу жеңіледі. Жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз қазылар алқасына беріледі. Марапаттау атаулары: 1.________________________ 8.________________________ Әділ - қазылар және мектеп директорына сөз беріледі.

Мұғалімнің сөзі:

Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,

 Барымен шат-шадыман болыңыздар.

 Қоштасайық, келесі кездескенше,

Әрдайым сау - саламат болыңыздар! Осымен бүгінгі мерекеге орай өткізіліп отырған сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше! Тағы да8наурыз әйелдер күні мерекелеріңіз құтты  болсын!

1 - жүргізуші:

Қайырлы күн халайық, өнер сүйген,

Көрермендер көңілге көп ой түйген.

Құттықтаймыз арулар, аналарды,

Сый тартайық әсем ән, тәтті күймен.

 

2 - жүргізуші:

Жыр арнайық оларға, жігері ассын,

Гүл арнайық, көңілі шалқып тассын.

Сыр арнайық жүректі жарып шыққан,

Нұр арнайық, қуатын беріп жастың.

1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, аналар, аяулы қыздар! Сіздерді алда келе жатқан 8 - наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт тілейміз.

2 - жүргізуші: Бүгін сыныбымызда  өткізілгелі отырған қыздар мен олардың аналарына арналған «Ару аналар, ерке қыздар» атты сайысқа қош келдіңіздер. Бұл сайыста қыздар мен аналар өз өнері, білімі, тапқырлығы және шеберліктерін көрсетіп сынға түскелі отыр.

1 - жүргізуші: Ендеше сайысымызға қатысушы сайыскерлерге құрмет көрсетейік.

1. Шадияр – анасы Айгүл апаймен

2. Айзере – анасы Бақыт апаймен

3. Назерке – анасы Гүлнар апаймен

4. Анелия – анасы Айгүл апаймен

5. Әсел – анасы Әсемгүл апаймен

6. Нарғыз – анасы Әсел апаймен

7. Мөлдір – анасы Қымбат апаймен

8. Ақбота – анасы Қымбат апаймен

9. Айдана – анасы Анар апаймен

10. Ділназ – анасы Айнұр апаймен

11. Даяна – анасы Дана апаймен

1. Нұрын төккен маған, Шуағымсың - сен!

Айналайын, мама, Қуанышыңмен!

Шаттандырған мені, Жұбанышым – сен!

Құттықтаймын сені Туған күніңмен!

2. Аялаған мені Ән қанатымен!

 Құттықтаймын сені Салтанатыңмен!

Бақытты ғой заман, Қандай көңілді!

Мен тілеймін саған Ұзақ өмірді!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ата-ана мен балалар сайысы

Мақсаты: Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.

Ата-аналардың мектеппен, мұгаліммен, басқа ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру.

Мектеп — отбасы — бала қарым-қатынастың тиімді модельдерін іздестіру.

Түрі: Ата-аналар мен балалардан құралған топтар арасындағы сайыс түрінде өтеді.

Көрнектілігі: Әр отбасына арналған слайд-шоу, бейнесюжеттер, «Аңса, балам», «Бала арманы» әніндерінің минустары, құнсыз заттар.

Барысы:

Қазіргі заманның Қазақстандық қоғамында отбасының мәртебесін және рөлін арттыруда, жауапты ата-аналықты насихаттауда, отбасы тәрбиесінің өзекті проблемалық мәселелерін шешуде мектеп, мұғалімдер ата-аналарға жан-жақты көмек көрсетуде.

Бүгінгі біздің сыныбымызда «Отбасы — алтын діңгек» атты сайыс ұйымдастырылып өткелі отыр. Олай болса, бүгінгі сайысқа қатысушы аналарымызды балалармен бірге қошеметтеп ортаға шақырайық.

1-ші Аяжан анасымен — Анара Сайлаубекқызы
2-ші Ералы анасымен — Меруерт Қабдірахманқызы
3-ші Әрсен анасымен — Жадыра Союзбекқызы

Шаттық шеңберіне тұру.

Мұғалім: — Балалар, бүгін сендер ерекше әдемі, көңілді келіпсіңдер. Қадамдарын құтты болсын.

1 бала — Баршаларына сәттілік тілеймін.

1 ана — Балаларымыз саналы, тәрбиелі болуына үлес қосамыз.

2 бала — Әрқашан тату-тәтті болайық.

2 ана — Балаларымыз кішіпейілді, мейірімді болуына үлес қосамыз

3 бала — Аңсаған армандарымызға жетейік.

3 ана — Өзіміздің балаларымыздың бойында өнегелікті дарыта білейік.

Сайысқа қатысу ретін анықтау.

Жүргізуші:

Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырап.

Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әдіқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1) Байсалбаева Айгуль Даулетовна — директордың оқу ісінің орынбасары
2) Дуйсенбаевна Жадыра Дуйсенбаевна — ата-ана
3) Сейткасымова Эльмира Есеновна — ата-ана

Сайыс 3 балдық жүйемен бағаланады және әр бөлімнің бағалау өлшемдері (критерийлер) болады.

Жүргізуші:
Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
Сайыс бағдарламасы төрт бөлімнен тұрады:

1 бөлім — Таныстыру
2 бөлім — «Бала арманы» үй тапсырмасы
3 бөлім — «Жағдаяттар» сұрақ-жауап сайысы
4 бөлім — «Адамзатқа көмек» атты шығармашылық тапсырма сайысы.

Отбасымыз келіп жетті танысуға,
Сыпырды томағасын осы дұға.
Қызып келген қырандай керілтеді,
Әдеппенен ізетпен танысуға.

Әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді.

1 бөлім — Таныстыру. Бұл бөлім үш критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар: шығармашылық, сөйлеу мәнері, АКТ-ны қолдануы.

1. Мұратов отбасы.
Шыр етіп туысымен адам болдым,
Жыл сайын өсіп толып, өрлеп қондым.
Тобықтай тұла бойда бір мінім жоқ,
Отбасылар сайысына бүгін анаммен келіп тұрмын.
Атым Ералы болады сұрасаңыз,
Найман екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты Самат — асқар тауым,
Пана болып біздерге жүз жасаңыз.
Анашым — Меріерт Қадірахманқызы,
Жүзінен төгіледі күннің нұры.
Атыма кір келтірмей өтсем,
Сенің мойынан түсер перзент жүгі.

2. Ахметовтар отбасы
Болашаққа зор үмітпен қараймын,
Ахметтей ұлы атадан тараймын.
Кеудесінде ар мен намыс мақсаты көп,
Мен Аяжан Мұратқызы — қара қызы қазақтың.
Анам Анар бет бұрған ұстаздыққа,
Елімізге пайдалы іс қылмаққа.
Аружан деген апайым, Ясмин дейтін сіңлім бар,
Мен де келдім жарысқа қатыспаққа.

3. Оразгалиевтер отбасы.
Мен Әрсен арқынның баласымын.
Жадыра анам — өмірдег жанашарым,
Атам мен апам менің, асқар тауым.
Үйреткен тәрбиенің бар асылын.
Ізімнен келе жатқан інім бар,
Отбасым өмірдегі дара-шыңым.
Менің асыл арманым, ғарышкер боп,
Көрсету өнегенің жарасымын.
1-ші «А» сыныбымның мақтанымын,
Топтан озған тұлпардай, дарасымын.
Мен Әрсен Отанымның ұлымын,
Көтерген көк байрағын Алашымның.

Жүргізуші: Әділ қазы мүшелерінен таныстыруға берген бағаларын сұрасақ.

Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатыр жолыңда — демекші ата-ана мен баланың дайындаған «Бала арманы» үй тапсырмасын тамашалайық. Бұл бөлім үш критерий (өлше) бойынша бағаланады. Олар: тақырыптың ашылуы, әртістік шеберлігі, АКТ-ны қолдануы.

1. Мұратовтар отбасы — Ерасылдың арманын сахналау түрінде көрсетеді. Бала мен анасынын диалогы, «Аңса жаным» әнін орындау.
2. Ахметовтар отбасы — Аяжанның арманы «Арман журналы» түрінде ұсынылады.

Аяжан: Арманға бірге барайық,
Әуелеп әнге салайық.
Қазақ елінің кірпішін,
Бәріміз бірге қалайық.

Ән «Бала тілегі» Аяжан — орындайды, анасы — сурет салады.

Аяжан: Әкем біреу, анам біреу менің,
Мен жығылсам сүйелер тілеулерім.
Олар барда — мереке,
Әлемге тіршіліктің жылуы таралады.

3. Оразгалиевтер отбасы — Әрсеннің арманы «Әрсеннің түсі» — релаксация түрінде өтеді.

Анасы: Қане, барлығымыз денелерімізді бос ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмсаңыздар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңыздар.

Әрсеннің түсін тамашалайды.

Әрсен:
Ғарышкер болу арманым,
Арайлап атқан таңдарда.
Әубәкіров Тоқтардай,
Қуантқан әркез жан-жағын.
Ғарышкер асыл ағалар,
Көк аспанды аралар.
Ғарышкер болсам деп айтар,
Араңызда бала бар.
Арманы асқақ баланың,
Үміттің отын жағамын.
Ғарышкер боп өскенде,
Оттай лаулап жанамын!
Биіктер менің талабым!

Жүргізуші: (қорытынды сөз): Балалардың армандары бүкіл адамзатқа ортақ. Қай тілде бала сөйлемесе де, оның болашағы, аңсаған арманы, кейін мақсаты ата-анасына байланысты. Бұл сайысты Мұхтар Шахановтың «Арман» өлеңінің жолдарымен аяқтағым келеді:

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға.

Әділ қазы мүшелерінен үй тапсырмасына берген берген бағаларын сұрасақ.

Өзінің алғырлығын ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген мығым қылық,
Келесі бұл сайыстың жоспарында,

Түседі бәйгеге білімділік — деп, сайысымыздың 3 бөлімі — «Сұрақ-жауап» сайысын бастайық. Отбасыдағы жағдайларға байланысты бейнесюжет ұсынылады. Мұнда берілген жағдайды келесі екі отбасы пікір алмасу түрінде ойларын айтып, нұсқа береді. Бұл бөлім үш критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар: тақырыптың ашылуы, орындау шеберлігі, тақырыптың өзектілігі.

1. Мұратовтар отбасы 1 жағдай — «Дүкендегі жағдай»
Маман пікірі Нургельдина Роза Габдуловна
2. Ахметовтар отбасы 2 жағдай — «Компьютердің пайдасы мен зияны»
Маман пікірі Төлеутайев Еркебулан Әділетұлы
3. Оразгалиевтер отбасы 3 жағдай — «Баланың таңғы оянуы»
Маман пікірі Омертаева Эльмира Ардақовна

Әділ қазы мүшелерінен жағдаяттар сайысына берген бағаларын сұрасақ.

Қорытынды сөз: 
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды — демекші бір-бірімізге әрқашан көмектесейік.

Сынып ішінде бір-бірімізге көмектесе білдік, ал бүкіл адамзатқа қандай көмек көрсетуге болады? Оны келесі бөлімде анықтаймыз. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беріліуі керек, тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы, оның барлық өміріне апат әкеледі» — деп, Әл-Фараби бабамыздың сөзінде өзекті түйіні бар. Тәрбие дегенде өзі бірінші ойға келетін ұғымдар — адамгершілік, тазалық. Жеке тұлғаның қоршаған ортамен үйлесімді қарым- қатынасы және мәдениет пен жауапкершілік . Ендеше келесі сайысымызда қоршаған ортаның маңызды бөлімдерін таңдап, қоллаж тәсілімен безендіріп, оның мазмұнын отбасы тақырыбымен байланыстырып ашу көзделеді. Интернет ресурс, құнсыз қолдануға болады. Бұл бөлім үш критерий бойынша бағаланады. Олар: тақырыптың ашылуы, берілген материалдың қолданылуы, сөз көркемдігі. Сиқырлы қоржын ұсыну. Қоржынның ішінде түрлі құнсыз заттар.

Жүргізуші: Бұл сайыста ата-аналар құнсыз заттарды құнду затқа айналдырып болашақта балалары қандай болғанын көргісі келетінін білдіре білді.

Қорытынды: Ата-аналардың тілегі,
Адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі,
Адал болып өскенің.

Сайысты Василий Александрович Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағым келеді: «Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш- жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін» Әділқазы мүшелері сайыстың төрт бөліміне баға беріп, жалпы ұпай санын санағанша «Жүректен- жүрекке» шеңберіне тұрайық.

Рефлексия.

Аяжан:
Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың, — мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып, қанасыздар.
Анасы: Сендер — күнсіңдер, аспанда жарқыраған

Ералы:
Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар-
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, — лайықсыздар.
Анасы:Сендер — өзен, тау суы сарқыраған

Әрсен:
Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.

Анасы: — Сендер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған

Балалар: Сіздер — ана, жан, қыздар.

Жүргізуші:
Әділ қазылар мүшелері сайыстың қорытындысымен таныстырып, марапаттау рәсіміне көшейік. Осы сайыстың демеушілері: 1-ші сынып ата-аналары — Сейсенбаева Гүлзира Оразгалиева, Дүйсенбаева Жадыра Дүйсенбаевна, Сейткасымова Эльмира Есеновна. Алғысымды білдіремін.

azbyka.

 

 

 

 

 

 

«Төре бала» сайысы

 

1 «Ә»

05.05.2016

Каб№1

сайыс

 

«Төре бала» байқауы

Мақсаты:

1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.

2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайларда шешім қабылдау, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру және дамыту.

3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйіп, қорғайтын жеке тұлға тәрбеилеу.

Формасы: сайыс

Көрнекілігі: байқауға қажетті құрал-жабдықтар, муз. аппаратура.

Қатысушылар: 1 «Ә» сынып ұлдары және олардың аналары.

Сайыс барысы: (ұлттық музыка әуені ойнатылып тұрады)

Анелия:

Нағыз кәусар жігітті,

Нағыз қайсар жігітті,

Нағыз бұлбұл жігітті,

Нағыз дүлдүл жігітті

Анықтайтын кез келді!

 

Даяна:

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық!

Ата жолын жалғамақ,

Ел дәстүрін қолдамақ,

Ел намысын қорғамақ,

Ұлдар шықсын ортаға,

Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отыра, ортаға «Төре бала» сайысына қатысушы қырандарымызды аналарымен бірге шақырайық. Ду қол шапалақ!

 

- Азамат анасы Шолпан Аймухаметовнамен

- Мүслім анасы Айнұр Сарсеновнамен

- Досжан анасы Гүлнар Аманқұловнамен

- Мадияр анасы Әсия Маданиятовнамен

- Асанәлі анасы Ботагоз Сакеновнамен

- Жанат анасы Маржангүл

- Нұрасыл анасы Алма Касимовнамен

- Райымбек анасы Жұлдыз Жантемировнамен

(нөмерлерді жребий тартып алу)

 

Анелия:

«Төре бала» байқауына қатысушы сайыскерлердің  ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне, баға беруші қазылар алқасымен танысайық. Ол сынып қыздарының аналары.

 

Даяна : Ал ендеше «Төре бала» байқауын әдемі «Құстар биімен» бастайық

(қыздардың орындауында «құстар биі»)

Анелия:

Қайсысы әнші, кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейік.

 

Даяна:

1. «Тегімді менің сұрасаң» өзін-өзі таныстыру (анасымен бірге)

2. «Жігітке жеті өнер аз» Отан туралы өлеңді мәнерлеп оқу

3. «Көркіне ақылы сай» аналар сайысы (тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашып беру)

4. «Ақылына күші сай» қол күресі сайысы

5. «Мен мектепке барамын» ана мен бала сайысы (сабақ кестесін жазу)

6. «Бала арманы» шығармашылық сайысы (үй тапсырмасы)

 

Ендеше сайысымызды бастайық

 

Нарғыз:

Ақыл-көрік бойларында жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мына отырған баршаңызды өзімен

Тез арада таныстырып өтеді – деп , «Тегімді менің сұрасаң» өзін –өзі таныстыру сайысын бастайық.

 

Шадияр:

Өнерің барда , жігіттер,

Тоқталып қалма, іркілме.

Жұрт қарасын қызығып,

«Бәрекелді, шіркін!» деп – дей отырып, сайысымыздың келесі бөлімін бастаймыз. Сайыскерлер Отан туралы бір өлеңді мәнерлеп жатқа оқып беру керек. Ал тыңдайық!

 

Айзере:

Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше аналар, сөз мәйегін

Ағызып, жарысыңдар, топты жарып – дей отыра, «Көркіне ақылы сай» атты ұлдардың аналарына тапсырма: берілген сөз тіркестерінің мағынасын ашу.

 

Ділназ:

Ей, ер жігіт, ер жігіт,

Ей, өр жігіт, өр жігіт!

Атыңа ерік бер , жігіт,

Күшіңді көрсет, ер жігіт! – дей отыра, «Ақылына күші сай» деп аталатын сайысымызды бастайык. Бұл сайыста ұлдардың мықтылығын анықтау мақсатында «Қол күресі» өткізіледі

 

Айдана:

Әр күніміз сол кестеден басталар – дей отыра «Мен мектепке барамын» ана мен бала сайысын бастайық.Ұлдар апта күнін таңдап алсын, ал аналар сол күннің сабақ кестесін жатқа жазып берсе дейміз.

 

Мөлдір:

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға – деп «Бала арманы» шығармашылық сайысын бастаймыз. Бұл сайысқа үйден дайындалып , әр бала өз арманын анасының көмегімен көпшілікке жеткізіп, оны қорғап, оның қызықты және тартымды екенін дәлелдеп берсе дейміз. Ол үшін бар өнерін салып, ән, өлең, шығарма, сурет салу, көрініс көрсетуге де болады.

 

Даяна:

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Төресі сыныбымыздың деп білейікші.

Қазыларға тек қана әділдікті,

Ал жігіттерге сәттілік тілейікші!

Қыздардың және ұлдардың орындауында «Туған жер» әні

 

«Төре баланы» жариялау, марапаттау, құттықтау

 

Анелия:

Нағыз кәусар жігітті,

Нағыз қайсар жігітті,

Нағыз бұлбұл жігітті,

Нағыз дүлдүл жігітті

Анықтайтын кез келді!

 

Даяна:

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық!

Ата жолын жалғамақ,

Ел дәстүрін қолдамақ,

Ел намысын қорғамақ,

Ұлдар шықсын ортаға,

Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отыра, ортаға «Төре бала» сайысына қатысушы қырандарымызды аналарымен бірге шақырайық. Ду қол шапалақ!

 

- Азамат анасы Шолпан Аймухаметовнамен

- Мүслім анасы Айнұр Сарсеновнамен

- Досжан анасы Гүлнар Аманқұловнамен

- Мадияр анасы Әсия Маданиятовнамен

- Асанәлі анасы Ботагоз Сакеновнамен

- Жанат анасы Маржангүл

- Нұрасыл анасы Алма Касимовнамен

- Райымбек анасы Жұлдыз Жантемировнамен

(нөмерлерді жребий тартып алу)

 

Анелия:

«Төре бала» байқауына қатысушы сайыскерлердің  ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне, баға беруші қазылар алқасымен танысайық. Ол сынып қыздарының аналары.

 

Даяна : Ал ендеше «Төре бала» байқауын әдемі «Құстар биімен» бастайық

(қыздардың орындауында «құстар биі»)

Анелия:

Қайсысы әнші, кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейік.

 

Даяна:

1. «Тегімді менің сұрасаң» өзін-өзі таныстыру (анасымен бірге)

2. «Жігітке жеті өнер аз» Отан туралы өлеңді мәнерлеп оқу

3. «Көркіне ақылы сай» аналар сайысы (тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашып беру)

4. «Ақылына күші сай» қол күресі сайысы

5. «Мен мектепке барамын» ана мен бала сайысы (сабақ кестесін жазу)

6. «Бала арманы» шығармашылық сайысы (үй тапсырмасы)

 

Ендеше сайысымызды бастайық

 

Нарғыз:

Ақыл-көрік бойларында жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мына отырған баршаңызды өзімен

Тез арада таныстырып өтеді – деп , «Тегімді менің сұрасаң» өзін –өзі таныстыру сайысын бастайық.

 

Шадияр:

Өнерің барда , жігіттер,

Тоқталып қалма, іркілме.

Жұрт қарасын қызығып,

«Бәрекелді, шіркін!» деп – дей отырып, сайысымыздың келесі бөлімін бастаймыз. Сайыскерлер Отан туралы бір өлеңді мәнерлеп жатқа оқып беру керек. Ал тыңдайық!

 

Айзере:

Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше аналар, сөз мәйегін

Ағызып, жарысыңдар, топты жарып – дей отыра, «Көркіне ақылы сай» атты ұлдардың аналарына тапсырма: берілген сөз тіркестерінің мағынасын ашу.

 

Ділназ:

Ей, ер жігіт, ер жігіт,

Ей, өр жігіт, өр жігіт!

Атыңа ерік бер , жігіт,

Күшіңді көрсет, ер жігіт! – дей отыра, «Ақылына күші сай» деп аталатын сайысымызды бастайык. Бұл сайыста ұлдардың мықтылығын анықтау мақсатында «Қол күресі» өткізіледі

 

 

Айдана:

Әр күніміз сол кестеден басталар – дей отыра «Мен мектепке барамын» ана мен бала сайысын бастайық.Ұлдар апта күнін таңдап алсын, ал аналар сол күннің сабақ кестесін жатқа жазып берсе дейміз.

 

Мөлдір:

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға – деп «Бала арманы» шығармашылық сайысын бастаймыз. Бұл сайысқа үйден дайындалып , әр бала өз арманын анасының көмегімен көпшілікке жеткізіп, оны қорғап, оның қызықты және тартымды екенін дәлелдеп берсе дейміз. Ол үшін бар өнерін салып, ән, өлең, шығарма, сурет салу, көрініс көрсетуге де болады.

 

Даяна:

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Төресі сыныбымыздың деп білейікші.

Қазыларға тек қана әділдікті,

Ал жігіттерге сәттілік тілейікші!

 

 

7 мамыр мерекесіне дайындық:

1. «Тегімді менің сұрасаң» өзін-өзі таныстыру (анасымен бірге)

2. «Жігітке жеті өнер аз» Отан туралы өлеңді мәнерлеп оқу (1 тақпақ таңдап алу)

3. «Көркіне ақылы сай» аналар сайысы (тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашып беру)

4. «Ақылына күші сай» қол күресі сайысы

5. «Мен мектепке барамын» ана мен бала сайысы (сабақ кестесін жазу)

6. «Бала арманы» шығармашылық сайысы (үй тапсырмасы)

   Балаңыздың арманын қызықты әрі тартымды етіп көрсету (сурет, өлең, көрініс, презентация  арқылы)

 

7 мамыр мерекесіне дайындық:

1. «Тегімді менің сұрасаң» өзін-өзі таныстыру (анасымен бірге)

2. «Жігітке жеті өнер аз» Отан туралы өлеңді мәнерлеп оқу (1 тақпақ таңдап алу)

3. «Көркіне ақылы сай» аналар сайысы (тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашып беру)

4. «Ақылына күші сай» қол күресі сайысы

5. «Мен мектепке барамын» ана мен бала сайысы (сабақ кестесін жазу)

6. «Бала арманы» шығармашылық сайысы (үй тапсырмасы)

   Балаңыздың арманын қызықты әрі тартымды етіп көрсету (сурет, өлең, көрініс, презентация  арқылы)

7 мамыр мерекесіне дайындық:

1. «Тегімді менің сұрасаң» өзін-өзі таныстыру (анасымен бірге)

2. «Жігітке жеті өнер аз» Отан туралы өлеңді мәнерлеп оқу (1 тақпақ таңдап алу)

3. «Көркіне ақылы сай» аналар сайысы (тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашып беру)

4. «Ақылына күші сай» қол күресі сайысы

5. «Мен мектепке барамын» ана мен бала сайысы (сабақ кестесін жазу)

6. «Бала арманы» шығармашылық сайысы (үй тапсырмасы)

   Балаңыздың арманын қызықты әрі тартымды етіп көрсету (сурет, өлең, көрініс, презентация  арқылы)

7 мамыр мерекесіне дайындық:

1. «Тегімді менің сұрасаң» өзін-өзі таныстыру (анасымен бірге)

2. «Жігітке жеті өнер аз» Отан туралы өлеңді мәнерлеп оқу (1 тақпақ таңдап алу)

3. «Көркіне ақылы сай» аналар сайысы (тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашып беру)

4. «Ақылына күші сай» қол күресі сайысы

5. «Мен мектепке барамын» ана мен бала сайысы (сабақ кестесін жазу)

6. «Бала арманы» шығармашылық сайысы (үй тапсырмасы)

   Балаңыздың арманын қызықты әрі тартымды етіп көрсету (сурет, өлең, көрініс, презентация  арқылы)

 

7 мамыр мерекесіне дайындық:

1. «Тегімді менің сұрасаң» өзін-өзі таныстыру (анасымен бірге)

2. «Жігітке жеті өнер аз» Отан туралы өлеңді мәнерлеп оқу (1 тақпақ таңдап алу)

3. «Көркіне ақылы сай» аналар сайысы (тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашып беру)

4. «Ақылына күші сай» қол күресі сайысы

5. «Мен мектепке барамын» ана мен бала сайысы (сабақ кестесін жазу)

6. «Бала арманы» шығармашылық сайысы (үй тапсырмасы)

   Балаңыздың арманын қызықты әрі тартымды етіп көрсету (сурет, өлең, көрініс, презентация  арқылы)

 

7 мамыр мерекесіне дайындық:

1. «Тегімді менің сұрасаң» өзін-өзі таныстыру (анасымен бірге)

2. «Жігітке жеті өнер аз» Отан туралы өлеңді мәнерлеп оқу (1 тақпақ таңдап алу)

3. «Көркіне ақылы сай» аналар сайысы (тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашып беру)

4. «Ақылына күші сай» қол күресі сайысы

5. «Мен мектепке барамын» ана мен бала сайысы (сабақ кестесін жазу)

6. «Бала арманы» шығармашылық сайысы (үй тапсырмасы)

   Балаңыздың арманын қызықты әрі тартымды етіп көрсету (сурет, өлең, көрініс, презентация  арқылы)

 

Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

 Елім менің – тірегім,

Құшағында гүл атам.

Шығысыңнан арайлы,

Күліп атқан құба таң.

 Сенен бақыт тарайды

 Баршамызға Ұлы Отан.

 Сарқылмайтын қуатым,

 Тірегімсің сен, Отан.

 Мәңгі соғып тұратын

 Жүрегімсің сен, Отан!


Туған жер-ай, күнім де сен, дінім де сен,

Тағдыр сендей сүйесе, сүрінбес ем.

Керегі жоқ басқа атақ,

Басқа абырой,

Жетіп жатыр тек өзің ұлым десең!

Қадір МЫРЗА ӘЛИ

***                                                                                                                                                              

Туған жер

О, туған жер, кең пейіл, құшағың кең,

Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.

Сағынышымды қанат қып саған қарай

Балапандай талпынып ұшамын мен.

 

Алақаны анамның – топырағың,

Сендік махаббатымның оты жалын.

Сені қалай сүюдің керектігін,

Мен ешқандай кітаптан оқымадым.

 

Сенде, тас та қастерлі, аспан да алау,

Сенде жанды тербетер дастан бар-ау.

Менің мынау өмірге құштарлығым

Сені жақсы көруден басталған-ау.

 

Кешірме сен

Жат қылықпен жаныңды жараласам,

Бар сырымды бүкпесіз саған ашам.

Мен ел кезіп кетермін отансыздай,

Үмітіңді ақтауға жарамасам.

Фариза ОҢҒАРСЫНОВА

***

Отан

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

 

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: «Отан» деп сыбырлаған.

Жаным менің,

Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!

 

Отан!

Отан!

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Отанды сүймеуің де күйік екен,

Отанды сүйгенің де күйік екен...

Мұқағали МАҚАТАЕВ

***

Туған жер

Шықшы тауға, қарашы кең далаңа,

Мәз боласын ұқсайсың жас балаға.

Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,

Шарсайсың ба, құмарың бір қана ма?

 

Уа, дариға, алтын бесік - туған жер,

Қадіріңді келсем  білмей, кеше гөр!

Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,

Ақын болмай, тасың болсам мен егер.

 

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,

Нендей күйге жүрегімді бөледің?!

Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем,

Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім!

 

Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім,

Қызығыңды көріп еркін келемін.

Сен де аямай бердің маған барыңды,

Мен де аямай барым саған беремін.

 

Болдым ғашық, туған дала, мен саған,

Алыс жүрсем, арманым сен аңсаған.

Жақын жүрсем, мен төрінде рахаттың,

Алтын діңгек - өзім туған босағам!

Қасым АМАНЖОЛОВ

 

o        2

o        3

o        4

o        ООтанды біз атамекен

Деп аялап атаймыз,

Өйткені оны мекен еткен,

Бабамыз бен атамыз.

 

толығырақ...

o        1

o        2

o        3

o        4

o        ЕЕлінде күн нұрын төккен, 

Жерінде гүл жұпар сепкен, 

Неткен сұлу, неткен көркем 

Осы менің туған өлкем? 

 

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар,

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем?

 

 

толығырақ...

o        5Көп аузынан түспейтін

Отан деген немене? 

Оның тұлға түс кейпін, 

Достым, білгің келе ме? 

 

Отан – сенің ата-анаң,

Отан – досың, бауырың,

Отан – өлкең, астанаң

Отан – аудан ауылың.

 

Отан – тарих, Отан – тіл,

Жазған елің, ер халқың,

Отан – өлең, Отан – жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

 

толығырақ... 1

o        2

o        3

o        4

o        5

Қарсы тұрып қас жауына қаптаған,

Ешбіріне ар-ожданын сатпаған.

Бағы тайып бодандықтан жүрсе де,

Дархан пейіл, жомарттығын сақтаған.

Мен қазақ боп туғаныма мақтанам.

 

толығырақ...

o        2

o        3

o        4

o        ММен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға Алаш деген атты аламын.

Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын?

 

толығырақ...

o        1

o        2

o        3

o        4

o        5

Көк айна көлім бар,

Кең жайлау жерім бар.

Еңбегі еленген

Атақты ерім бар.

 

толығырақ...

o        5

Отанды біз атамекен

Деп аялап атаймыз,

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз.

 

Отанды

Жас, кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз,

Өйткені онда бәріміз де

Туып, өмір сүреміз.

 

Отанды әркім анасындай

Қастерлейді, бағалап.

Өйткені, Отан баласындай

Бізді өсірер аялап.

 

Отан деген – атамекен,

Отан деген – туған жер.

Отан – ана,

Отан – үлкен

Қазақстан – туған ел!

 

 

толығырақ...

o        2

o        3

o        4

o        5

О, алақай, туған жер!

Жақсы-ау, бақша-бауларың!

Көзге ыстық көрінер

Сенің асқар тауларың.

Сенің асқар тауларың.

 

Туған жердің жырларын

Қызғалдақтай терейік,

Кең өлкенің қырларын

Жүр, аралап келейік!

Жүр, аралап келейік!

 

 

толығырақ... 1

o        2

o        3

o        4

o        5

Отан – жерім, Отан – суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан – ұран, Отан – туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Рәміздерім – мақтанышым

Мақсаты:

1. Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
2. Оқушының есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.
3. Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер, буклеттер, карта, мақал-мәтелдер, Отан,жер туралы нақыл сөздер, слайд
Барысы:

І. Кіріспе бөлім:
1)  - Сәлеметсіздер ме балалар?
- Балалар көңіл – күйлерің қалай? Бүгін қандай мереке?
Олай болса біз отан деген сөзді қалай түсінеміз? Отан деген не? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
2) Пікірталас ұйымдастыру

- Өте жақсы балалар. Өз ойларыңды ортаға салдыңдар. Енді мен сіздерге бірнеше сұрақтар қойғым келеді.
1. Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?
2.
Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?
3.
Қазақстан көлемі жағынан әлемде нешінші орын алады?
4.
Қазақстанның астанасы қай қала?
5.
Қазақстанның ұлттық валютасы қалай аталады?
6.
Президенттің жұмыс орны
7.
Қазақстан тәуелсіздікті қашан алды?
8. ҚР Конститутция күні қашан?
9. Рәміздерге нелер жатады?
10. ҚР туында не бейнеленген?
11. Тудың авторларын ата
12. Әнұранның авторлары кімдер?
- Міне балалар бастаймыз
, бүгін мемлекеттік рәміздерге көбірек тоқталамыз. Сондықтан да бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы - «Рәміздерім - мақтанышым» деп аталады.
ІІ. Ақпараттар легі
Президент Н.Ә.Назарбаев «Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы байланыстың жарқын бейнесі» деген еді.
Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр.
Әнұран
орындалады.
Еңселі Елтаңба.
Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов.
Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар. Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрышбақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.
1-
оқушы:
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Тұғырлы туымыз.
Тудың авторыШәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші - суретші. Біздің туымызкөгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман-есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күнтыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.
Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.
Асқақтаған Әнұран.
Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысыӘнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Әнұранды түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
1-
оқушы: Әнұран
Әнұранымжан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Бақыт - бірлік күн талабы.
Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны!

ІІІ. Практикалық бөлім
1. Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
Ережесі: Берілген сөздерден басқа сөздер құрап жазу

Елтаңба - ел, таңба, таң, аң 
Байрақ - бай, ай, қар, ар
Әнұран - ән, ұра, ұн, нан

2. Ойын «Жауабын тап»
Ережесі: Әр сөздің сұрақтарына қарай жауап беру керек
Елтаңба – не? (шаңырақ,тұлпар, Қазақстан, егін, жұлдыз, т.б )
Ту – қандай? (көгілдір, төртбұрышты, әдемі, белгілі)
Әнұран – не істейді? (шырқайды, айтады, жаттайды)

 

3. Сурет байқауы «Рәміздер-ұлт мақтанышы»

(көрме ұйымдастыру)

 

4. Сөзжұмбақ құрастыру «Рәміздер»

 

5. Аппликация жасау «Қазақстан картасы»

ІV. Қорытынды:

Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады. Ендеше сіздерді өз Отанымыздың алдында ант қабылдауға шақырамын.
Ант қабылдау:
Мен, өз Отанымды сүюге, қадірлеп, қорғауға, Мемлекеттік рәміздерді, тілімізді құрмет тұтуға, үлкенге - ізет, кішіге - құрмет көрсете отырып, елімнің көркейіп, дамуына өз үлесімді қосуға ант етемін.

 

 

 

 

 

 

 

http://thumbs.dreamstime.com/x/kazakhstan-outline-map-4698691.jpg

http://thumbs.dreamstime.com/x/kazakhstan-outline-map-4698691.jpg

«Алдар көсе» тобы балаларымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күніне орай өткізілген іс-шаралар есебі 04.06.2016ж.

топ жетекшілері:

Шамшиденова Г.С.

Абенова А.Ж.

 

1. Сағат 10-да топ балалары қолдарына жалаушаларды ұстап салтанатты шеруге тұрғызылды;  ҚР Мемлекеттік рәміздері мерекесіне арналған ант қабылдады:

«Мен, өз Отанымды сүюге, қадірлеп, қорғауға, Мемлекеттік рәміздерді, тілімізді құрмет тұтуға, үлкенге - ізет, кішіге - құрмет көрсете отырып, елімнің көркейіп, дамуына өз үлесімді қосуға ант етемін».

 

2. Сағат 10.30-да балалар Жаяу Мұса атындағы Мәдениет үйіне мерекелік концертті тамашалауға барды.

 

3. Сағат 12-де ҚР Мемлекеттік әнұранын шырқауға қатысты.

 

4. Шамшарив Балапан мұғалімнің ұйымдастыруымен өткізілген викторинаға қатысты.

 

5. Содан кейін топ балаларымен «Рәміздерім-мақтанышым» дөңгелек үстелі өткізіліп, пікірталас жүргізілді. Пікірталас барысында балалар «егер рәміздер болмаса» тақырыбында  өз ойларын ортаға салды.

 

6. ҚР азаматтарының Мемлекеттік рәміздерді дәріптеп, құрметтеуге, оларды сапалы қолдану мақсатында топ жетекшілері ҚР Мемлекеттік рәміздерінің авторлары, олардың мағынасы және тарихы туралы тағы бір рет ақпарат берді.

 

7. Практикалық бөлімде балалар бірнеше топқа бөлініп, шығармашылық жұмыспен айналысты:

- «Қазақстан картасы »аппликациясын  жасады:

- «Рәміздер – ұлт мақтанышы»  сурет байқауын өткізді;

- «Рәміздер» сөзжұмбағын құрастырды.

 

8. Қорытынды бөлімде:

1) көрме ұйымдастырылды;

2) топ балалары салтанатты шеруге тұрып, тағы бір рет ҚР Мемлекеттік рәміздері мерекесіне арналған  ант берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Біз өз Отанымызды сүюге, қадірлеп, қорғауға, Мемлекеттік рәміздерді, тілімізді құрмет тұтуға, үлкенге - ізет, кішіге - құрмет көрсете отырып, еліміздің көркейіп, дамуына өз үлесімізді қосуға ант етеміз».

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассное мероприятие - «Тәуелсіз елдің ару аналары, ерке қыздары»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный дизайнер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 839 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.01.2017 981
    • DOCX 92.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абенова Азиза Жумабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абенова Азиза Жумабаевна
    Абенова Азиза Жумабаевна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 36415
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой