Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Внеклассное мероприятие "Жарық жұлдыз"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Математика

Внеклассное мероприятие "Жарық жұлдыз"

библиотека
материалов


Ақмола облысының білім басқармасы

КММ «Агротехникалық колледж №5»










сайыс


«Жарық жұлдыз»









Өткізген: Математика пәнінің

мұғалімі Кайвар Сайра














2012-20130ж

Мақсаты: Математика, информатика пәндері бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру, алған білімдерінің тиянақтылығын тексеру, пәнге деген қызығушылығын арттыру, және логикалық ойлау қабілеттерінің қай деңгейде екенін көптің ортасына көрсету.

Көрнекіліктер: Сахнаны безендіруге арналған плакаттар, асықтар, асық жинауға арналған қоржындар, әр оқушының эмблемасы және жауап көрсеткіштері.

Сайыстың жоспары:

1.Ұйымдастыру- 3 мин

2.Сайыстың бірінші бөлімі – Математика 8 мин

3.Сайыстың екінші бөлімі – Информатика 8 мин

4. Сайыстың үшінші бөлімі – Көңілді тапқыштар 8 мин

5. Корытындылау 3мин

Мұғалім: Құрметті ұстаздар және қадірменді қонақтар « Жарық жұлдыз» атты сыныптан тыс іс- шарамызға қош келіпсіздер!

Бұл сайысымыздың мақсаты оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту болмақ. Сайыс ойын түрінде өтеді, ойынымыз 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім математика, екінші бөлім информатика, үшінші бөлім көңілді тапқыштар деп аталады. Мұнда алдынғы екі бөлімде оқушылардың осы атап өткен пәндер бойынша алған білімін саралайтын болсақ, үшінші бөлімде кімнің ұтқыр ойлы екенін анықтайтын боламыз. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріліп, сайыскерлер тұрған орнынан, бір адым алға жылжиды Мұның себебі әр бөлімнің көшбасшысын алдыңғы қатардан көре аласыздар..

Жүргізуші:

Уа жараңдар, жараңдар

Мына бізге қараңдар

Мінеки сыныпта тыныштық

Естілмейді дыбыс түк

Мұны бізде қоштаймыз.

Кешіккендерді тоспаймыз

Ғылымдардың ғылымы

Математика, информатика жайында

Ойын сайысты бастаймыз.

Бағын сынап сайыста бір топ оқушы жарыспақ,

Өнерлерін, білімін көрсетіп олар сайыспақ

Көрермен бәйгемізді қызықтамақ,

Шынжүйріктің кім екенін анықтамақ.

дей келе сайыскерлерімізді ортағаға шақырамыз.

1 Ахметова Ақмарал

2 Қайрымхан Айбек

3 Кульмағанбетова Ғайша

4 Қасымжанов Боранбай

5 Жанат Аманжол

6 Хумархан Еженхан

7 Төрежанова Гүлзипат

8 Қалман Есентай

Сайыскерлер өз білімдерімен жинаған ұпай сандарымен білім қоржындарын толықтырмақ. Бір ұпай 1 асықпен бағаланады.

1-бөлім.

Математика бөлімін бастаймыз.

Жас достарым мұны жақсы ұғайық.

Математика құрметтеуге лайық,

Дүниедегі құбылыстың мәнін де

Табиғаттың қозғалыстың бәрінде

Мүмкін емес есептерсіз түсіну

Есебіңіз дүние кілті әліде -деп математика бөлімін бастаймыз.

Ойын шарты: Бұл бөлімде сұрақтар беріледі, әр сұрақ 3 жауаптан тұрады. Қайсысы дұрыс екенін қолдарыңыздағы көрсеткішті көтеру арқылы анықтай аласыздар. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Ең аз ұпай жинаған екі сайыскер ойыннан кетеді.

Сұрақты мұқият тыңдап, жылдам жауап беруге тырысыңыздар!

1.Екі өрнектің қосындысының квадраты

а)а-2ав+в б) а+2ав+в в) а-2ав-в

2. Квадраттық функцияның графигі қалай аталады?

а) гипербола б) парабола в)түзу.

3. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?

а) 1 б) 0 в) ондай сан жоқ

4. Жазыңқы бұрыш неше градусқа тең?

а) 90 б) 360 в) 180

5. Дөңгелектің радиусы 6- ға тең. Диаметрі нешеге тең?

а) 12 б) 18 в)6

6. Екі теріс санның көбейтіндісі қандай санды береді?

а) теріс санды б) 0 –ді в)оң санды

7. Сызықтық функцияның графигі қалай аталады?

а) гипербола б) парабола в)түзу.

8. Дәлелдемесіз қабылданатын сөйлем?

а) аксиома б) теорема

9. Математик, дәрігер музыкант, ақын , ғалым кім?

а)Омар -Хаям б) Ахмет Яссауй в)Әль-Фараби

10. Тік бұрышты үшбұрышта көлбеудің ролін атқаратын қабырға.

а) гипотенуза б) катет в) бұрыш

11. 32 екінің неше дәрежесіне тең?

а) 16 дәрежесіне б) 7 дәрежесіне в) 5 дәрежесіне

12.Нүктенің бірінші координатасы

а) ордината б) абцисса

13.π/4 қанша градусқа тең?

а) 45 б) 90 в)180

14.Квадрат теңдеудің дискриминанты 0-ге тең болған жағдайда есептің қанша шешімі болады?

а) 2 б) 1 в) шешімі болмайды

15. 3-тің үш дәрежесі нешеге тең?

а) 9 б)6 в)27

16. Нүктенің орнын анықтайтын сан?

а)координата б) кеңістік

17. Негізі бірдей сандар көбейтілсе дәрежелеріне қандай амал қолданылады?

а)өз ара көбейтіледі б) қосылады в) ешқандай амал орындалмайды?

18. Бөлшек санды бөлшек санға бөлгенде қандай әрекет орындалу керек?

а) Бөілімін бөліміне, алымын алымына бөлеміз..

б) бірінші бөлшек санды сол қалпында қалтырып, екінші бөлшек санның бөлімін алымына айырбастап көбейтеміз.

19. Квадрат теңдеудің дискриминанты 0-ден кіші болса есептің қанша шешімі болады?

а) 2 б) 1 в) шешімі болмайды

20.Түбір астындағы 144- тен неше деген сан босап шыға алады?

а) 12 б) 14 в) 44

21. Айырымның квадраты

а)а-2ав+в б) а+2ав+в в) а-2ав-в

Математика бөлімі аяқталды. Осы бөлімде бәрінен озып шыққан оқушыны құттықтаймыз.


2-бөлім.

Информатика бөлімі.

Информатика пәніне

Көрсетіп біздер батырлық

Ой толғалық жүйелі

Таңдайымызға татырлық- деп информатика бөлімін бастаймыз.

Ойын шарты: Бұл бөлімде 3 тәжірибелік жұмыстар болады. Оны уақыт арқылы өлшеп бағалаймыз. 1 тәжірибелік жұмыс 3минут ішінде қанша мәтін тере алатындығын көрсетеді. 2 тәжірибелік жұмыс 3 минуттың ішінде алдағы берілген кестені салып толықтырады. 3 тәжірибелік жұмыста барлық жасаған жұмыстарын өз атына папка ашып соған сақтай білуі керек.

Информатика бөлімі аяқталды. Осы бөлімде бәрінен озып шыққан оқушыны құттықтаймыз


3-бөлім.

Көңілді тапқыштар бөлімі

Көңілді тапқыштар алғырлар

Бар өнерін алдарыңа салады

Кім білімді көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күнгі жеңімпазы болады- деп Көңілді тапқыштар бөлімін бастаймыз.

Ойын шарты: Бұл бөлімде де сұрақ болады. Мұнда әр сұрақ ортаға тасталынады. Жауап бергісі келген оқушы қолдағы көрсеткішті бәрінен бұрын көтерген болуы керек Егер алғашқы оқушының сұрағы дұрыс болмаса көрсеткішті келесі болып көтерген сайыскер жауап бере алады.


1.Ұн елесең елек

Су тасысаң шелек

(Цилиндр)


2.Күшіне сенген бір мықты

Жығып алып сегізді

Қайда барайын дегізді

( шексіздік)


3. Басқа кисем бөрік

Сәнді сұлу көрік

( Конус)


4. Түйе бота маң басқан

Төрт аяғын тең басқан

Бие бар құлын емізген

Қос ешкі туған егізден

Үш қозымен екі қой,

Бәрін бірге ойлап қой.

( 15 бас)

5. 45 өрікті тоғыз табаққа, әр табақта әр түрлі болатындай етіп, қалай бөліп салуға болады.

6. Қандай бір фигуравның барлық қабырғаларының қосындысын не деп атайды?

(периметр)

7. Ұқсайтұғын жылқыға,

Қамыс құлақ көлікпін

«К» орнына «П» қойсаң

Ойлантуға берікпін.

(есек- есеп)

  1. Өмірің сенің қызық

Жолыңда жоқ түзу сызық,

Басыд а жоқ, аяғы

Бір айналым баяғы.

(дөңгелек)

  1. Әкем жәшік құрады

Үш өлшемнен тұрады

(Паралелепипед)

Көңілді тапқыштар бөлімі осымен аяқталды. Осы бөлімде бәрінен озып шыққан оқушыны құттықтаймыз.


Жеңімпазымызды анықтағанша сайысымызға арнап шығарған «Жарық жұлдыз» әнін сіздерге тарту етеміз. Қабыл алыңыздар.

«Жарық жұлдыз» («Екі жұлдыз» әнінің әуенімен)

Математика бар ғылымның ұраны

Жанар мекен онсыз ғылым шырағы

Ақыл –ойды бір жүйеге келтіріп

Шабыт беріп әрқашанда тұрады

Қайырмасы: Жарық жұлдыз самғайтұғын көктегі

Көрерменнің ой арманы көктемі

Білімнің шабыт шыңын көрсетер,

Болашаққа жұлдыз болып самғай бер.

Ақпаратсыз алға баса алмайсың,

Интернетпен дүние жүзін шарлайсың,

Бар ғылымның тілін тапсаң ұландар,

Келешекте ғарышқа да самғайсың.

Қайырмасы.

Қорытындылау.

Қоржынына ең көп асық жинап өз ойының ұтқырлығын көрсете білген құттықтаймыз. Өнерің үстем болсын.

Біреу озса жарыста,

Біреу артта қалады.

Ренжімей тараса,

Озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау,

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену, жалықпау -деп сайысымызды аяқтаймыз.















2 тапсырма. Кесте құру


1. 5 жолдан, 4 бағаннан тұратын кесте құр. Кестеде бірінші қатардың және соңғы екі бағанның ұяшықтарын біріктір.













2. 5 жолдан, 3 бағаннан тұратын кесте құр. Кестенің соңғы ұяшығын 3 бағанға және 4 қатарға бөл.


























3.Төмендегі кестені сал.


Раушандар

Атаулары

Түстері

Чайные

Ақ-сары

Анжелика

Сарғыш

Софи-Лорен

Қою-қызыл

Голландские

Ақ, қызыл, күлгін қызыл

Қазақстан

Қою қызыл


4. Үшінші тапсырмадағы кестенің көшірмесін ал.

5. Көшірмедегі барлық мәтіндерді бір ұяшыққа біріктір.


111 107


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 25.02.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров120
Номер материала ДВ-483837
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх