Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Внеклассное открытое мероприятие "Жанұя және математика"

Внеклассное открытое мероприятие "Жанұя және математика"

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

«Жанұя және математика»



Максаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыту, алған білімдерін пысықтау.


Көрнектілігі: Үлестірмелі тапсырмалар, логикалық есептер,


Плакаттар: Әкем, шешем, ағам және мен

Математик жанұямыз шетінен.


Барысы:

1-жүргізуші:

Уа халайық, халайық

Бәріне жар салайық

Бүгінгі кеш төріне

Математика тілінде

Жанұялар жарысып,

Жұмбақ шешіп андысып

Шабыт тасып шалқысып

Есеппен ән салады

Көңілді кеш жасаймыз!


2-жүргізуші:

Әкесі, ағасымен, анасы да

Алда озар ең мықтысы осы жолда

Көпшілік өнерлерін қызықтамақ

Сұрайық шығуларын жұрт алдында


1-жүргізуші:

Жанұяда ылғи дарындар

Жүректе от, көздерінде жалыны бар

«Шаршы» тобын халайық

Құрметпен қарсы алайық


2-жүргізуші:

Дайындықпен келіп тұрған жарысқа,

Есеп білсе жетеді ғой табысқа.

«Дәреже» тобын шақырайық ортаға,

Шын жүйріктей шабатұғын алысқа!


1-жүргізуші:

Ілім-білім «Жеті қазына» бірі еді,

Үлкен кіші мұны бәрі біледі.

Осылай деп өз топтарын атаған,

Жанұяны шакырғымыз келеді!



2-жүргізуші:

«Әкем, шешем, ағам және мен ,математик жанұямыз шетінен» ұранмен өтетін «Жанұя және математика» атты 5»А», 6 «А» сынып оқушылары мен олардың ата-аналарынан құралған топтардың бүгінгі жарысын бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыныздар:

Елюбаева Айгерім Сайлауқызы – тарих пәні мұғалімі

Сабырова Гүлнұр Құдайбергенқызы – география пәні мұғалімі

Тойлыхан Қуанар – бастауыш сынып мұғалімі

1-жүргізуші: Жарысымыздың алғашқы туры «Топтардың өзін таныстыруы» деп аталады.Бұл тур 5-балдық жүйемен бағаланады


1. «Шаршы» тобының өзін таныстыруы:

Ұраны: Шаршы алдында мүдіреме,

Көп ойланып кідірме!

Көпшілікпен сәлемдесуі:

Шаршы алаңға жарысқа,

Шықты біздің тобымыз.

Жеңілсек те, жеңсек те

Ашық болсын жолымыз!

Әділ-қазыға:

Армысыздар құрметті,

Әділ қазы алқасы

Сіздерден әділ шешімді,

Күтеді бүгін баршасы!


2. «Жеті қазына» тобының өзін таныстыруы:

Ұраны: Жеті жұртын тілін біл,

Жеті түрлі білім біл!

Көпшілікпен сәлемдесуі:

«Жеті қазына» биіктерде қалықтасын,

Жеңіспен көк жүзінде қалықтасын.

Жеңіс туы желбіреп алауласын!


Әділ-қазы алқасына:

Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар жарыстарда неше бір,

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!


3. «Дәреже» тобының өзін таныстыруы:

Ұраны:


Дәрежең еселенсін,

Талабың өсе берсін!

Көпшілікпен сәлемдесуі:

Осындай жанұялар кез-келгенде

Жетсін-ау жарыстарда жеңгенге не.

Қарсылас болғанымен, ағайынбыз,

Тілейміз ізгі тілек сіздерге де!


Әділ қазыға:

Қымбатты әділ қазылар

Әділдікпен, шындықпен

Сарала деп жарысты

Топтардың айтар назы бар!



2-жүргізуші:

Шеберлікті білімді

Сараптаңыз, көрініз

Бірінші турдың қазылар

Бағасын әділ беріңіз!


1-жүргізуші:

Білімдіден шығады алғыр шешен,

Шешендікпен болған ғой барлық көсем.

Сайра шәкірт бұлбұлдай шарықташы,

Қалмасын бұл жарыста сенің есең!


2-жүргізуші:

Келесі турда сандар және математикалық терминдер араласқан мақал-мәтел айтудан жарысамыз. Бұл турға берілетін ұпай саны мақал-мәтел санына байланысты беріледі. Жұмбақ жарысу мен мақал-мәтел жарысының қортындысы шығарылады.


1-жүргізуші:

Жарыс толқын жатқандай асып-тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Осы турда байқалар терең ойлар,

Жеңсең де жеңілсең де қалма жасып!


2-жүргізуші:

Келесі тур «Тапқырлық» деп аталады. Әр топқа 2 логикалық есептер беріледі.

Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі





«Тапқырлық» есептері:



1. Бірдей үш цифрмен жазылған үш таңбалы сан 3-ке де, 37-ге де бөлінеді. Сол санды табыңыздар.


2. Қорада тауықтар мен қояндар бар. Олардың барлығы 15 бас, ал аяқтарының саны 50 болса, қорада неше тауық, неше қоян бар?


3. Столдың төрт бұрышы бар. Біреуін кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?


4. Ыдысқа толық салынған балдың массасы 8 кг. Ал ыдысқа жартылай салынған балдың массасы 4,5 кг. Ыдыс балсыз неше кг болады?


5. Екі адам 5 метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті кесуге 1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді?


6. Әкесі баласынан 25 жас үлкен, неше жылдан кейін баласы әкесінен 30 жас кіші болады?


Музыкалық үзіліс. Ән:»Арманым сен».Орындайтындар: Айдын мен Бейімбет.


1-жүргізуші:

Жарыс бізге сын болсын.

Білмегенге мін болсын.

Жанұяларды қолпаштап

Қол соғыңдар кім болсын!


2-жүргізуші: Аталар мен аналар арамызда ,

Білімдерін көрсетті баршамызға.

Ал келесі кезекті біз береміз,

Көрсетсін деп өнерін жанұялар!

Бұл турда әр топ математикалық өнер көрсетуден /математикалық өлең, фокус, сахналық көрініс т.с.с/ жарысады.»Өнер көрсету» туры 5- балдық жүйемен бағаланады


1-жүргізуші:

Математикалық атаулар мен ұғымдар,

Есте болар құрбылар бәріңнің де.

Енді бір сәт солардан тізбек құрсақ,

Артық болмас, бастайық кезек сізде!

«Сөз тізбегі» деп аталатын бұл турда әр топқа математикалық термин жазып қағаз беріледі. Топ мүшелері сол сөздің соңғы әріпінен басталатын жаңа математикалық термин жазып осылай 1 мин уақыт біткенше жалғастырылады.

Бұл турда әр терминге 1- ұпай беріледі.

«Шаршы» тобы: Бөлшек. » Дәреже» тобы: Натурал. «Жеті қазына тобы:Сан

2-жүргізуш:

Сұрақтарға ұлағатпен қараңдар,

Ойларыңды ептілікке ораңдар

Бір сұраққа тереңірек мән беріп,

Ең шешендер ой толғайды жараңдар!

Бұл турда әр топтағы ата-ана берілген сұрақ төнірегінде ой толғайды.


«Ой толғау» сұрақтары:

Дәреже” тобы:» Математика- ғылымдар патшасы» дегенді қалай түсінесіз?

Шаршы” тобы: Математикадағы қасиетті сандар туралы ойыңыз қандай?

Жеті қазына” тобы: “Математиканы білмесең, дүрыс өмір сүрмейсің” деген пікірге не айтасыз?



1-жүргізуші:

Біреу озса жарыста

Біреу артта қалады

Ренжімей тараса

Озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды аңықтау

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену, жалықпау!


2-жүргізуші: Сөз әділ қазылар алқасына


1-жүргізуші:

Жарыстың соңғы сәті таяп қалды

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.

Әділ қазы сіздерге сөз береміз

Жеңімпаздар кім болып сарапталады?


2-жүргізуші:

Алдыңызда жайнаған жүздер әні

Сіздермен кездесеміз біздер әлі

Әділ қазы, көрермен сау тұрыңыз,

Күтеді бізді жарқын күндер әлі!


Жеңімпаздарды марапаттап, кешті қорытындылау.hello_html_534fdfd4.png

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 28.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров83
Номер материала ДВ-388148
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх