107696
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокИностранные языкиРабочие программыВнеклассное мероприятие: литературно - музыкальная композиция

Внеклассное мероприятие: литературно - музыкальная композиция

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.


Жарма ауданы, Қалбатау ауылы,

«Георгиевка орта мектебі» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Даулетова Асия Сатбековна









«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – Домбыра!»

атты әдеби – сазды қойылым









Мақсаты:

1.Білімділік: қазақ халқының негізгі музыкалық аспабы-домбыра туралы түсінік беру,домбырамен байланысты жан – жақты мәліметтермен таныстыру.

2.Дамытушылық: оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

3.Тәрбиелік:музыканы түсінуге баулу, ұлттық өнерді қастерлеуге және өнер адамдарына деген сүйіспеншіліктерін арттырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.











1 – жүргізуші:

Армысыздар, өнер сүйер қауым, ұстаздар мен оқушылар, кешіміздің сыйлы қонақтары!

Екі шектің бірін қатты,

Бірін сәл – сәл бос бұра.

Нағыз қазақ қазақ емес,

Нағыз қазақ – Домбыра! – дегендей, бүгінгі «Домбыра - дастан» атты мерекелік кешіміз қазақтың киелі аспабы домбыраға арналады.

2 – жүргізуші:

Домбыра – қазақ халқының арасындағы кең тараған екі ішекті музыкалық аспабы. Ертеде домбыраның түрлері өте көп болған. Көбінесе әсем нақышты болып келеді. Халық арасында үш ішекті домбыра да кездеседі. Домбыра өткен ғасырларда шертер, сыбызғы, қылқобыз, шаңқобыз т. б. аспаптармен дамыды. Көне аспаптардың ішінен ұзақ сақталып келе жатқан да осы домбыра.

1 – жүргізуші:

Шертіп ойнау әдісі Қазақстанның көптеген жерлерінде қолданылып келген. Қазақтың майталман күйші композиторлары – Құрманғазы, Дәулеткерей, Байсерке, Тәттімбет, Қазанғап. Домбыра тек күй ғана емес, ән орындағанда сүйемелдеу үшін қолданылатын аспаптың бірі. Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мәди, Кенен Әзірбаев, Әміре Қашаубаев, Дина Нұрпейісова деген күйшілер күй шеберлігін жетілдіре түсті. Бүгінгі кешіміз домбыра туралы болмақ.

( Мұғалім сөзінде бейнеслайд арқылы домбыраның кең тараған түрлері, музыкалық аспаптар мұражайындағы Құрманғазы, Махамбеттің,Абай, Ақан серінің домбыралары туралы мәлімет береді)

2 – жүргізуші:

Домбыра – асқақтата ән салып, күмбірлетіп күй төккен, өнерпаз халқымыздың асылынан артық қастерлі үкі таққан, жалғызындай айлап қақ төріне ілген, ең қымбат, ең сүйікті музыкалық аспаптарының бірі. Қазақ музыкасының білімгері Ахмет Жұбанов домбыра туралы былай деген – «Кең дала меқен еткен қазақ жұртының ең аяулы қасиетті аспабы – домбыра. Оның сымдай тартылған қос ішегінде сан алуан ғасырлардың ақыл – ойы, көңіл – күйі жатыр. Домбыра елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көңіл – күйі!».

1 – жүргізуші:

«Домбыра жүрегіммен үндес едің,

Өзіңмен сырласымдай тілдесемін.

Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,

Өнердің не екенін білмес едім», - деп ақын Мұқағали Мұқатаев айтқандай қазақ халқының кейбір ән – күйлері кейінгі ұрпаққа осы домбыра арқылы жеткен.

( Сөз домбырада шебер ойнап,ән сүйемелдеп айтатын география пәнінің мұғалімі Қайырбеков Е. Б. беріледі.)

1 –жүргізуші: Асыл мұраларымыздың бірі – күй өнері. Оны өмірмен жеткізген екі құдіретті күш бар. Бірі – домбыра, екіншісі сол домбыраны сөйлетіп қана қоймай, сол арқылы халқына рухани қуат берген сазгерлеріміз. Олар – Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттімбет, Байсерке, Абыл, Түркеш, Махамбет, Серке,Қазанғап, Сүгір, Байжігіт, т. б.

Серінің салт еткізер жан шырағы,

Селдетер сеңгірі де бар шуағы.

Ғажабы, азабы да күймен бірге,

Ол біздің ұлы күйші – Құрманғазы.

2-жүргізуші:

Күй тілі-көп заманның алуан ісі,

Күйлердің әлемге аян бар мәнісі

Өмірді күймен бірге қоса алмайтын

Кер құлақ,көрсоқырдың алданысы.

( Құрманғазының «Адай» күйі орындалады, орындайтын 7 – сынып оқушылары)

2 – жүргізуші:

Домбыра, мұнша шешен болдың неге?

Күй толған көкірегің шежіре ме?

Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің,

Саусағым тиіп кетсе, ішегіне,



1 – жүргізуші:

Өзіңнен әсем әуен қалықтаған,

Қос ішектен аққу күй шарықтаған.

Ескі көзден қалған сен мұра едің,

Аялап ертеңдерге алып барам.

Ән «Домбыра», орындайтын 6 – сынып оқушылары.

2 – жүргізуші:

Домбыра – халқымыздың тарихи өмір жолымен тығыз байланысты. Ол халық әндерін сүйемелдеуге және күйлер тартуға қолданылады. Қазақ халқының көне музыка аспабының бірі болып саналады.Домбырамен қатар ежелден келе жатқан көне аспап қобызды атағымыз келеді.Домбыра мен қобызды айтқанда көз алдына халқымыздың даналары, майталман музыка шеберлері – Қорқыт ата мен Әбу Насыр әл – Фараби келеді.

1 – жіргізуші:

Оқушыларға өнер үйрететін, музыканы сүйіп, сақына өнеріне баулитын саз мектебі ұстаздарының орындауында Құрманғазының күйі «Сары - Арқа».

2 – жүргізуші:

Домбыра қайда барсам тастамаймын,

Ән менен сенсіз өлең бастамаймын.

Екі ішек, он бір перне, бір тиектен,

Сайрасам қызыл тілмен аспандаймын.

1.Домбыра үйрену-еңбек.

2. Домбыра пернесін басып, ішек қағу-математика

3.Домбыра пернесін басып, әуен шығару, бір мезгілде поэзия қосып нәтижесін көрсету-логика

4. Домбыранын екі ішегін тартып, есту арқылы құлақ күйін келтіру- физика

5. Домбырамен тартылған күй мазмұнын елестетіп әңгімелей білу-бейнелеу

6.Домбырамен қосылып ән-терме, өсиет шығару, оны орындау-әдебиет

7.Домбырамен орындалатын күй аңызы мен ән әңгімесін айту-тарих

8. Домбыра арқылы күй сезімінің мәнін жеткізу-философия

9.Домбыра арқылы орындалған жыр,терме сөздері-тіл

10. Домбыра арқылы тең айтысқа түсу, ойдың еркін әрі ашықтығы-демократия

11.Әуеннің пайда болуы-музыка

12. Ән дауысын реттеп шыңықтыру-вокал

13. Орындау техникасын үйрету, шығарманың этикалық-эмоциялық-эстетикалық әсерлілігі-педагогика

14. Аспап жасау, оны күту деңгейлері-шеберлік өнері

15. Домбыра аспабын толық меңгеріп, халық алдына шығып өз өнерін көрсету-орындаушылық,артистизм,театр.

16.Домбыра бойында шоғырланған интеграциялық сараларды жинақтап, кешенді түрде бір мезгілде көрсету-мәдениет

Домбырада классикалық шығармаларды да орындауға болады. Мектеп оқушылары Қадесов Қуаныш пен Рахимбаев Елнұрдың орындауында «Испан биі» .



Әдеби монтаж:

Домбыра ғана біліпті,

Қазақтың барлық қайғысын.

Кімің бар одан сүйікті,

Шаппай бер оның бәйгесін.

Қайтпаған шерін батырдың,

Домбыра ғана қайтарды.

Айтпаған жырын ақынның,

Домбыра ғана айта алды.

Атадан қалған сол мұра,

Ұрпаққа бізді жалғай ма.

Әркімнің жаны домбыра,

Тек тарта білер қол қайда?!



Домбыра екі ішекті, тоғыз перне,

Жарасар күйді тартып, айтсаң терме.

Домбыра іші қуыс, сырты тақтай,

Бірақ та сөйлемейді қолым қақпай.

Білгенге домбыра бір өнер екен,

Күткенді бұл да тәуір көреді екен.

Домбыра екі ішекті ойнап қағам,

Сіздерге ән айтатын, келсе шамам.



Өнерлі бас домбырасын шертеді,

Әр пернесі айтқандай бір ертегі.

Арманыңды бір сезімге жетелеп,

Елпілдетіп, еркелетіп ертеді.

Сенсің досы арқалы әнші Ақанның,

Дина шерткен шалқар күйді білмес кім.

Серігісің ақын Сара апамның,

Әміреге Парижде сен үн қостың.

Сен сайрасаң көз алдыма тұрады,

Аққу көлі, сахарасы қазақтың.

Қонысы боп Нарын құмы тұрағы,

Құрманғазы бірге тартқан азапты.



Домбыраға қол соқпа,

Шымырлатып бір – бірлеп.

Жүрегім соқпа, кел тоқта,

Жас келіп көзге жүр – жүрлеп.

Іштегі ескі жалынды,

Сөндір жаңа қылықпен.

Сөйлесші жақсы жағымды,

Мендей көңілі сынықпен.



Күй ойнайды қазағымның қанында

Күй ойнайды қазағымның жанында

Жүрегінің, жүрегінің дүрсілі

Күмбірлеген домбырасы барында.

Бабамыздың мұнысың, сен, домбыра.

Анамыздың сырысың, сен, домбыра.

Қазағымның жүрегінен жаралған

Даламыздың үнісің, сен, домбыра.

1 – жүргізуші:

Абай, Жамбыл атамның сен мұрасы, домбыра,

Жақсыларға дос болған, Жақсысың сен, домбыра.

Айналайын үнінен, қос ішегің, пернеңнен,

Мәңгі жасап өала бер, әсем ән – күй жырыңмен.

2 – жүргізуші:

Бүгінгі мерекелі кешімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер!















Краткое описание документа:

Литературно - музыкальная композиция дает возможность развить язык, изучить глубже значение в жизни казахского народа поистине народного музыкального инструмента - домбры. Огромно воспитательное значения мероприятия:прививать любовь к музыке, к чувству прекрасного, уметь слушать музыку, развивать навыки декламации, умения держаться на сцене, выразительно рассказывать.

В течение подготовки учащиеся работали в сотрудничестве с учащимися и преподавателями районной школы исскуств, прослушали музыкальные композиции, исполняемые на домбре и кобызе. Участвовали ученики разных возрастов, всем было интересно, перечитали много литературы.

Общая информация

Номер материала: 183016

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Английский язык: лингвистика и межкультурные коммуникации»
Курс «Русский для иностранцев»
Курс профессиональной переподготовки «Китайский язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации»
Курс «Английский язык для начинающих (Beginner)»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания английского языка с учетом требований ФГОС»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания немецкого языка с учетом требований ФГОС»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания испанского языка с учетом требований ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания иностранных языков: английский, немецкий, французский»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания иностранных языков в профессиональном образовании: английский, немецкий, французский»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания иностранных языков в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика билингвального обучения иноcтранным языкам»
Курс повышения квалификации «Организация кросс-культурной адаптации иностранных студентов в образовательных организациях в сфере профессионального образования»
Курс повышения квалификации «Теория и методика преподавания основ латинского языка с медицинской терминологией в организациях СПО»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания русского языка как иностранного»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности помощника-референта руководителя со знанием иностранных языков»
Оставьте свой комментарий
Для того чтобы задавать вопросы нужно авторизироватся.
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.