Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Внеклассное мероприятие по казахскому языку "Тілімізді құрметтейік" 5-11 классы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Внеклассное мероприятие по казахскому языку "Тілімізді құрметтейік" 5-11 классы

библиотека
материалов

Тілімізді құрметтейік


Мақсаты: оқушылардың өз тілідерінің дұрыс меңгерулерін, ана тілінде сөйлеулерін,өз тіліне деген құрметті бағалай білулерін, топ алдында өз тілдерінде мәдениетті де еркін сөйлеулерін дағдыда айналдыру. Қазақ тіліміздің мәртебесін арттыру үшін белсенділіктерін арттыру. Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтауға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: «Сүйемін туған тілді, анам тілін» атты ұлы адамдардың сөздері жазылған кітаптар көрмесі және нақыл сөздер. Ақын жазушылардың тіл жайында қанатты сөздер.


Мұғалім: «Сүйемін туған тілді –ана тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім»-деп С.Торайғыров бекер жырламаған болар. Ана тілі ананың ақ сүтімен, ананың әлдиімен, бесік жырымен құлаққа сіңіп, бойға дариды. Ана тілі үшін, қазағымның ел болып қалыптасуы үшін, үлкен үлес қосқан хан-билердің есімі ақиқаттың тарихынан белгілі. Бұхар жырау, Аяз би, батыр шешен-Сырым, батыр ақын Махамбеттер «Тура биде туған жоқ» деп әділдігін айтқан. Еліміздің өз тәуелсіздігіне қол жеткізген кейін, ана тіліміз-қазақ тілі мемелекеттік тіл деп бекітілді, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы күшіне енді, ол ана тілінсіз өрге баспақ емес. Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз. Біздің Отанымыз байтақ та, бай ел.


1-Оқушы: Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Адам шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, қартайған шағына дейін бүкіл өмірі тілмен байланысты. Мысалы, бала сөйлеуді үйренбей тұрып, тілі шықпай тұрып, дыбысты әжесінің ертегесін, ана әлдиін естіп қабылдайды. Есейіп мектепке барып, оқу оқып, білім алады. Қолына кітап ұстап үлкен өмірге есік ашады. Адамдармен қарым-қатынас жасайды. Мұның барлығы тіл арқылы жүзеге асады. Тарихи жағдайда, мемлекет арқылы ғылыми –мәдени байланыста, кездесулерде әлемдік деңгейде қолданылатын алты тіл бар. Олар:ағылшын, француз, орыс, араб тілдері. Жарқын болашаққа ұмтылған Қазақстан Республикасы үшін өмірдің өзі бүгіндей жағдайда біздің көп тіл білуімізді қажет етеді.

2-Оқушы: Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өзге тілді құрметте!-деп Қадыр Мырзалиев ақынымыз айтқандай бірнеше тіл білсек те, өз ана тілімізді ұмытпауымыз керек. Ана тіліміз туралы М.Мақатаев, Ә.Тәжібаев, Д.Әбілев, м.Шаханов, Ж,Аймауытов көптеген ақиық қандарымыз жырларын жазды.

3-оқушы:Төрт ана (М. Шаханов)

Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала!

Әр адамда өз анасынан басқа да,

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,

Болу керек құдіретті төрт ана.

Туған жері-түп қазығы айбыны,

Туған тілі-сатылмайтын байлығы

Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі

Қадамыңа шуақ шашар үнемі

Және туған тарихы,

Еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да.

Құдіреті жоқ төрт анаға тең келер.

Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер

Өзге ананың ұлылығын танымас,

Төрт анасын менсібеген пенделер

Төрт анадан сенім таба алмаған,

Тамырсыздық басы қайда қалмаған?!

Төрт анасын силамаған халықтың,

Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана- тағдырынның тынысы,

Төрт ана үшін болған күрестердің ұлысы.

«Мама» қазақша ән айту (8-ші сынып оқушылары орындалады)

4-оқушы: О, Туған тіл

О, туған тіл! Дүниеде

Сен болмасң не етер ем?-

Ақ пен бірге ақ болып,

Шаң мен бірге шаң болып

Ұстамағанның қолында,

Тістегеннің аузында

Олжа болып кетер ем

Сені үйреткен әжемнен,

Қалай айналмасын мен!

Сенен алған намыспен

Қырқып түсер қылыштай,

Қалай ойланбаспын мен!

Өз тілімдей тіл қайда еркін басар?!

Тілім барда еркіме кім таласар

Туған тілім күрмеліп әлсіресе,

Ыстық қаным суынып, сиым қашар


5-оқушы: Тіл халықтың жаны да, сәні де. Ана тілінің топырағында ақ көктем, көктем ауасынан тыныс алмаған өнер де. Білім де өміршең емес. Халық өзінің ғасырлар бойына жасаған асыл мұраларын ұрпақтан-ұрпаққа алдымен ана тілі арқылы табыс етеді. Сондықтан ана тілін білмей, ұлттық мәдениетті жете меңгеру мүмкін емес. Олай болса ата өсиетіне құлақ асып, ананың тілі арқылы жеткен бабалар аманатына адал болайық.

Ән «Ананың тілі-қуатым менің»


6-оқушы:Қазақ тілі-ол менің ана тілім

Ләззатқуат

Сөйлесем табатыным

Тізілтіп сөз маржанын,

Жазғанымда

Білем анық

Бағымның жанатынын


Мұғалім: Екі топқа бөлініп, сұрақтарға жауап беру. Әр ұпай 10 ұпай

1 Тыныс белгілерінің ережелер жиынтығын тексеретін бөлім (пунктуация)

2 Бес нәрсеге асық бол,

Бес нәрседен қашық бол... өлең жолдарының авторы (Абай)

3Тіл дыбыстарын зерттейтін сала қай сала? (Фонетика)

4 Тіл туралы заң қанша баптан, тараудан тұрады? (27 бап, 6 тарау)

5 Екі кісінін сөйлесу? (диалог)

6Қазақта тұңғыш ана кім? (Қарашаш)

7 Қазақ та тұңғыш шешен кім? (Жиренше)

8 Үш би-(Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

9 Үш арыс(Сәкен, Ілияс, Бейімбет)

Өз ойынды дәлелде

1 Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуы қажет пе? (ия, жоқ), әр оқушы өз ойларын ортаға салады

2 Ұлттық аспаптар...

3 Үйленген ұлға берілетін үлес... (енші)

4 Ең киелі құс..(аққу)

5 Қасиетті тағам..(нан)

6 100 жыл(ғасыр)

7Қазақстандағы ядролық апаттың ошағы болған жер (Семей)

8 Абайдың шын аты.. (Ибраһим)


7-оқушы: Қуан, далам! Қуанатын күн бүгін!

Серпіп таста мұңды жүрек түндігін

Тіл туралы заңым енді күшіне,

Паш еткендей кескен жаңа кіндігін


8-оқушы: Қуан балам! Қуаныштың күні бүгін!

Деген едің: «Тіл бар жерде өмір бар»

Халық жауы атандық-ау сол үшін,

Ғұмырынды құрбан етіп жолында

9-оқушы: Қуан анам! Ұзағынан сүйініп,

Сәтің де көп кеткен кейде түніліп

Ақ сүтіңнен бойға біткен тіліңді,

Пір тұтамын мен алдыңа иіліп


Мұғалім:Өз ана тілімізді құрметтеу әрқайсымыздың міндетіміз.Тілді қорғап, қастерлеу әрбіріміздің парымыз екенін ұмытпағанымыз жөн! Ана тіліміз үшін, Отанымыз, жеріміз үшін ата-бабаларымыз, қаншама ғұлама адамдар өз өмірлерін паш етіп, осы өмірге ат салысты.Олай болса, ана тіліміздің қадір қасиетін жоғалтпайық!

Назарларыңызға көп рақмет!


«Жаса, Қазақстаным» әнді 11 сынып оқушысы айтады

Краткое описание документа:

Бұл сыныптан іс-шарасы  оқушылардың өз тілідерінің дұрыс меңгерулерін, ана тілінде сөйлеулерін,өз тіліне деген құрметті бағалай білулерін, топ алдында өз тілдерінде мәдениетті де еркін сөйлеулерін дағдыда айналдыру. Қазақ тіліміздің мәртебесін арттыру үшін белсенділіктерін арттыру. Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтауға тәрбиелеу. Бұл шара оқушылардың сөздік қорын молайтады, тілімізге сүйіспеншілікке, тәрбиелеуге, тілге сүюге баулиды.

Оқушылардың 5-11 сынып арасында сайыс түрінде жеңімпаз болуға шақырады, оның белсенділігін арттырады.

Оқушылардың белсенділігін  сабақта көрсетеді.

 

Автор
Дата добавления 12.01.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров259
Номер материала 288244
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх