Инфоурок Русский язык Рабочие программыВнеклассное мероприятие "Созвучие великих"

Внеклассное мероприятие "Созвучие великих"

Скачать материал

Подготовила Мухамеджанова Орынбас  Шарвановна  учитель русского языка и литературы Аулиекольской средней школы имени Ш.Уалиханова с.Аулиеколь Костанайской  области

 

 «Cозвучие великих : Абай   и  Пушкин».                            1


Данагүл .Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі кешке қатысушы қонақтар! «Даналардың үндестігі» атты Абай атамызға және орыс классигінің ақыны Александр Пушкинге арналған поэзиялық кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер.


Ариман. Абай мұрасы қазақтың ең қасиетті ,теңдесі жоқ,алтын қазынасы.  Заман ауысып ,уақыт өткен сайын халқымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап ,оның ұлылығының тың қырларын ашып , жаңа сырларына қаныға түседі.Абай өзінің туған халқымен мәңгі бақи бірге жасайды,ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге ,асқар асуларға шақыра береді.


Данагүл
.

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтіп келіп ойнапкүлмес.
Мені мен, менікінің айырылғанын,
Өлдідеп ат қойыпты өңкей білмес.


Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырғандегендей бүгін біз артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамызАбай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз.

Ариман.. Абай менен Пушкиндер – тең даналар,
Екеуінің ойлайтыны – жас балалар.
Екі алыптың шығармасын оқығандар
Еліміздің болашағы боп саналар

Данагүл.

Жұртына өлең қалдырған
Абай неге өледі?
Абай неге сөнеді?!
Ақын дауыл, сел еді,
Сақтайды ұл-қыз дарынды,
Халқының әдет-ғұрпын.
Біздердей ұрпақтарыңды
Жүрсінші қолдап рухың.

 

16 А сынып оқушысы  Қамариденова Мәриям «Өлең сөздің патшасы –сөз сарасы»

Ариман.

Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!

                                                                                                                                   2

Данагүл.Абай болашақ ұрпаққа, яғни сендерге сөзін осылай арнады. Бұл өзі  

  сүрген ғасырдан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жақын болашаққа сенімді жол салған ақынның сөзі еді. Ол жарқын болашаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті. Ол жол ғылым, білім, өнер, мәдениет жолы еді. Абайдың «даналығы» да осында. Ал «дара» деген себебіміз сол заманда көзі ашық, көкірегі ояу, түрлі тілді меңгерген қалың қазақ арасында жалғыз Абайдың өзі болды. 

 

2. Бабыр Жігер Абай атамызға арнаған өз өлеңін оқиды.

Данагүл.Абай мен Пушкин Ең дарынды ,ең шебер ақындар.Бүгінде өз алдына тәуелсіздік алып,егеменді ел,дамыған өз жолы бар мемлекет атанған Қазақстан Республикасы өз ұл-қыздарын ,халық арасынан шыққан дана ғұламалары мен ақындарын ,батырлары мен дүлдүл шешендерін ,кейінгі ұрпаққа жеткізіп танытып отырады.

 

Ариман.

Абай 1845 жылы жылан жылында туылып, 1904 жылы 60 жасында Семей уезінің Шыңғыс болысында дүниеден қайтқан. Негізгі атыИбраһим болса да, «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті. 

 

3. «Есіңде бар ма жас күнің?»  Баянбаева Айшолпан
 

Данагүл.. Ақын Абай – қазақта дара тұлға,
Бөленер күміс ән мен сұлу жырға.
Оқымасам жырларын ұлы Абайдың,
Көкірегі толады жер мен мұңға.


Ариман.

А.С. Пушкин Мәскеу қаласында дүниеге келген. Сашаның ойшыл және енжар болып өсуі оның ата-анасының түсінбеушілігін тудырған. алайда соңына қарай барлығы түбегейлі өзгереді: ол ашық, ерке-тотай балаға айналып, ата-анасын өзінің қызу мінезімен, ерекше зеректілігімен, ал әсіресе жасына қарамастан аңғарымпаздылығымен таңқалдырады.

Данагүл. Біздің «Ұлылар үндестігі» атты кешіміз Пушкин және Абайға арналған. Екі ақын-кемеңгердің  «жағымды одағы» секілді жоғары поэтикалық сөз түрлі елдердің және халықтардың адамдарының жанын жақындастырып және біріктіре алады

 

Данагүл.. Бұл екі ақын жастық шағынан өлең шығарған. Әрқайсысы өзінің өлкесін, өзінің отанын, туып-өскен жерінің табиғатының сұлулығын сүйген

.
Ариман. Абай атамыз орыс классиктерін оқып шығармаларымен танысады. Соның бірі - А. С. Пушкин. Абай оның өлеңдерін естіп, өз халқына сүйспеншілікпен жеткізеді.

 

4. Татьянаның Онегинге жазған хаты   - оқитын Назарбекова Нұрзат

Онегиннің  жауап хатын -  Ғиса Нұртай оқиды

                                                                                                                                       3

Данагүл.

Абай кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық жұлдызы. Абай шығармаларын қазақ балалары кімнің алдында болса да, ұялмай мақтанышпен айта алады.
Абай – ақын.
- Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік.


5. Жыл мезгілдері   Қожеғалиев Байел, Қазымбекова Махаббат,

                               Қасымхан Томирис ,Сапарғалиева Әйгерім

 

Данагүл: Абай мен Пушкин.

Бұл екі кемеңгердің есімдері тарихи және объективті түрде жақсы көршілестікте, достықта және бейбітшілікте тұрып жатқан екі ұлы мәдениеттің, екі халықтың бет-келбеті секілді.

 

Ариман. Екі халықтың екі кемеңгері, әлемдік мәдениеттің екі ақыны жақсылық, махаббат, бақыт туралы, ақынның және поэзияның орны туралы, екі халықтың тарихи достығы туралы сырлы диалог жүргізу үшін бүгін бір-бірімен кездесті.

 

Данагүл.
- Көріп отырғандай ақын өз өлеңдерінде қараңғылық, надандық, кертартпалықпен күрескен, халық қамын ойлаған, жастарды білімге, еңбекке, өнерге шақырған.
Абай – сазгер.
- Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған.

 

6. «Көзімнің қарасы»  орындайтын   Жантасова Данагүл

                                                              Оспанова Диана

Ариман.

Абай – ойшыл. 
- Абай-ойшыл дегенде біздің есімізге оның қара сөздері түседі. 
Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған. 
Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады.  Олай болса сол қара сөздерінен үзінді тыңдайық.

7.  Абайдың қара сөздерін  Баянбаева Айшолпан, Болотвин Руслан, Шомыт Альмира, Оспан Арайлым оқиды

 

Ариман.

Йә, орыс әдебиетіндегінің барлығы Пушкиннан бастау алып отыр. Ол алғашқы орыс әдеби тілін жасаған адам. Реализмнің негізін қалаушы. Ең алғашқы төлтума суретші. Алғашқы тарихшы.

 

Данагүл.. Абай Құнанбаев осындай қазақтың ұлы ақыны, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ойшыл және философ болып табылады.

.                                                                                                                                      4

 

 

Ариман. Абай сан қырлы бір сырлы ақын. Ол табиғат, махаббат, адамгершілік, ғылым, білім, философия, жақсылық пен жамандық, өмір мен өлім, өмірдің барлық жақтарын қамтыған жан - жақты ақын.

 

8.«Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап.»  оқитын Сайран Аружан

9.« Ойға түстім, толғандым»  Марат Айдана



Данагүл. Абай – қазақ елінің кемеңгері,
Сая болған еліне емен еді.
Халықтың арасынан жарып шыққан,
Қазақ елі өнеріне бас ие
ді

Ариман.

Абай Пушкиннен бүкіл ұлы Русь бойынша есімі таралған ең ірі және жарқын шығармашыл тұлғаны көрген, - бұл дауссыз факт.

Данагүл.

Пушкин және Абай – бұл екі көрнекті тұлғалардың рухтарының жақындығының таңқалдырарлық мысалы. Дүниенің және адамның тұтастығын білдіретін олардың  поэзиясының ерекше үндестігі, осының жарқын дәлелі.

 

10.«Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?»

                                                             Абусагитова Толғанай 9 ә сынып оқушысы

 

Ариман. Біздің жауап іздеп отырған басты сауалымыз «Қазіргі ғасырда біз қандай мақсатпен Пушкин мен Абайдың шығармашылығына жүгініп отырмыз?»

Не себептен жаһандану заманыңда біз Абай мен Пушкиннің шығармашылығына қөңіл бөлеміз?

Данагүл. Абай сазгер .Оның көп өлеңдері өз әнімен тараған 30-дан астам әні бар Бүгінгі таңда нотаға түскен,орындалып жүрген классикалық туындылар.

 

11. « Желсіз түнде жарық ай» орындайтын   10 б сынып оқушысы Төлен Тұрсын

 

Ариман. Екі ұлы ақынның шығармашылығындағы табиғат тақырыбын зерттеудің қандай ортақтығы бар? Пушкин мен Абайдың сүйіспеншілік лирикасын оқи отырып, поэзия мен махаббаттың айырылмас байланысы жөнінде қорытындыға келуге болады ма?


Данагүл. Екі ұлы ақынның шығармашылығындағы ақын және поэзия тақырыптарын не байланыстырады?

Ариман.

Көздері тірі кезінде екі ұлы ақынға – А.С. Пушкинге және Абай Құнанбаевқа кездесу жазылмаған  еді?
     

                                                                                                                                  5

Данагүл.

Тағдыры бойынша өзге болғанымен, олар шабыттары бойынша  туыстас.



Ариман.

Пушкин және Абай... Бұл екі есім қазақ және орыс мәдениеті арасына салынған көпір секілді. Олар әлемдік мәдениеттің ақындары.

 

12.  Күй                          Акимов Ернар

Данагүл.

Біздер екі ақынның ұлы тұлғалары туралы, олардың әлемдік мәдениеттегі орны туралы, олардың шығармашылығының біздің Әлем үшін маңызы туралы ой толғап отырмыз.

Ариман. Олардың шығармашылығының мәңгілік тақырыптары – махаббат, жақсылы, зұлымдық, табиғат, ақын мен поэзия туралы тілдесеміз.

.
Данагүл.
Біздің кешіміз «Рух үндестігі. Дарын үндестігі. Әр түрлі  тілдердің бірлігі» ұранымен өтті.

 

13. Қазақ қыздарының биі  орындайтын  8 сынып оқушылары            

 

Ариман.Әр сөзінде астарлы ой тұрады.
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы,
Абай сөзі – қазақтың бойтұмары

Данагүл.
Қазақтың асқан кемелі
Жұрттың қамын жеп еді,
Ақынның рухы өлмейді, 
Абай – ұлы себебі!

Ариман.

-       Кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр.

-       Данагүл.

-       Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық.

 

Ариман.
- Осымен « Даналар үндестігі»  атты  іс-шарамыз өз мәресіне жетті , қатысқандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассное мероприятие "Созвучие великих""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Это очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень очень хорошая разработка

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 060 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.04.2015 783
    • DOCX 67 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мухамеджанова Орынбас Шарвановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17530
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Русский язык")

Учитель русского языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания русского языка в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 137 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 478 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Преподавание русского языка как неродного в образовательном учреждении

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 76 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 228 человек

Мини-курс

Расстройства пищевого поведения: обзор и основы психологической работы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Основы налогообложения и формирования налогооблагаемых показателей

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе