Инфоурок Алгебра КонспектыВнеурочная работа по математике на тему "Зейінділер мен зерделілер"

Внеурочная работа по математике на тему "Зейінділер мен зерделілер"

Скачать материал

Ахметжан Жанпейісов  атындағы  №105  мектеп - лицейі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда 2011

 
"Зерделілер
мен
зейінділер"

интеллектуалдық сайысы

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушы: Сапакова Улмекен

 

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

                                                

2015-2016 оқу жылы

Күні:               

Тақырыбы:   «Зейінділер мен зерделілер» интеллектуалдық сайысы

 

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, математикадан алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін дамыту;

Дамытушылық: Ұйымшылдыққа, топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру;

Тәрбиелік: Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген  сенімін арттырып, үлкен жетістіктеріне жетуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Презентация, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.

Түрі:  Топтық сайыс сағаты

Типі:  Ойын түрінде

 

Математикалық сайыстың барысы:

Сайысқа 7 «А, Б, В» сыныптарының өз білімімен, ақыл-ойымен ерекшеленген білімді оқушылары қатысады.

Қатысушы топтармен таныстырып өтейін:

7 «А» сыныбынан – «Жалын» тобы; 

7 «Б» сыныбынан – «Жүйріктер» тобы;

7 «В» сыныбынан – «Апалони» тобы.        

 

Сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болайық.

Әділқазы алқалары:

1. Төбелбаева Н. – математика пәні мұғалімі

2. Колдеева Э. – физика пәні мұғалімі

 

Эпиграф:

1. «Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет»

                                                                                                      Н.Ә. Назарбаев

 

Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Зейінділер мен зерделілер» атты интеллектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

 

Сайыс жоспары:

I. Эстафеталық есептер

II.   Тапқырлар патшалығы

III.     Ғажайып алаң

IV.      Математикалық викторина

V.   Логикалық лабиринт

VI.      Қорытынды

 

I.       «Эстафеталық есептер» сайысын бастаймыз. (Әр топқа кезекпен тапсырмалар оқылады, әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі)

II.   «Тапқырлар патшалығы» сайысына кезек береміз. Сайыс шарты бойынша сайыскерлеріміздің ойын сергіту үшін, 3 топтың әрқайсысына математикалық жұмбақтар жасырылады. Олай болса жасырылатын жұмбақ математикалық таңбалар, сандар, белгілер жайында болмақ. Мұқият тыңдайық. (Әр дұрыс жауапқа – 5 ұпайдан)

ІІ. «Жұмбақтар»  сайысына  береміз. Сайыс шарты бойынша әр топ кезекпен ұяшықтар таңдап математикалық жұмбақтарды шешеді. І топ жұмбақтың шешімін таппаса, онда ІІ топ жауап беру құқығына ие болады.  (Әр дұрыс тапқан жауапқа 5 ұпайдан беріледі)

 

1. Екі бұрыш ежелден

    Тату көрші болған екен

    Бірін-бірі толықтырып

    Бір түзуде жатады екен.  (сыбайлас)

 

2. Егіз туған қос жүйрік

    Жарысқа шауып терлейді.

    Бірін – бірі көрмейді

    Бір мәреге келмейді.  (параллель түзулер)

 

3. Үлкен, кіші сандар арасына 

    Таңбаларды қойған кезде

    Алынады қандай өрнек

    Білейікші оны бізде.  (теңсіздік)

 

4. Нүктеден, екі сәуледен

    Құрылған айтшы бұл не екен? (бұрыш)

 

5. Алды-артымыз шексізде

    Жете алмайсың біздерге.

    Сәулеменен кесілді

    Шыққан тегін білсе де. (түзу)

 

6. Көк құтанша айдында,

    Бір аяқпен тұрады.

    Тұмсығымен ол мұнда,

    Шыр айналып шығады. (циркуль)

 

 

7. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

    Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)

 

8. Өмірің сенің қызық,

            Жолыңда жоқ түзу сызық,

            Басыда жоқ, аяғы.

            Бір айналым баяғы. (дөңгелек)

       

        9. Доп емес, дөңгелек емес

            Ұқсас бірақ достарым.

            Фигура ол ең негізгі

            Дәл жауапты қостадым. (шеңбер)

 

III.      «Ғажайып алаң» сайысында ұяшықтарға 20, 30, 40 ұпайлық сұрақтар жасырылған. Әр топ ретімен ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға дұрыс жауап берсе, тиісті ұпай санына ие болады.

20 ұпай

1. Бөлмеде  2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады?  (20)

2. Өзі шыққан бұрышты қақ бөлетін сәуле? (биссектриса)

20 ұпай

1. Екі адам 5метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті кесуге 1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді? (6 минут)

2. Барлық қабырғалары тең үшбұрыш? (теңқабырғалы)

20 ұпай

1. Төрт таяқтың 8 ұшы бар. Алты жарым таяқтың неше ұшы бар? (14)

2. Бір-бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер? (перпендикуляр)

 

30 ұпай

1. Бір топ үйректер ұшып келеді: біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында және үшеуі бір қатарда. Қанша үйрек ұшып келеді? (3)

2.  функциясының графигі (кубтық парабола)

30 ұпай

1. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Мадина поездың

соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?  (13)

2. Ақиқаттығы дәлелденусіз қабылданатын сөйлем?   (аксиома)

30 ұпай

1. Сәуледе бір бүтін, екі жарты 4 ширек алма болды. Барлығы неше алма? (3)

2. Үшбұрыштың түрлері? (тең бүйірлі, тік бұрышты, тең қабырғалы)

 

40 ұпай

1. Дәрігер Айболиттің қабылдауына бірнеше аңдар келді: екі иттен басқасының бәрі, екі мысықтан басқасының бәрі, екі қояннан басқасының бәрі. Айболитке қанша аң келді? (3)

2.     

40 ұпай

1. Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше? (8)

2.    

40 ұпай

1. Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан. Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда, үстелде кәмпит қалған жоқ. Алғашқыда үстелде қанша кәмпит болған? (3)

2.    

 

IV. Математикалық викторина. Бұл сайыста әр топқа 2 тапсырмадан беріледі.

1-тапсырма. Математикалық тәуелділікті табу керек. Ұпай саны – 5.

1) 9, 7, 10, 8, 11, 9, 12, ...    (10, 13, 11...)                  

2) 162     184      206 

    179      ?          193    (186)

3) 18, 10, 6, 4, ... ?  (3)

2-тапсырма. Қысқаша көбейту формулаларына есептер шығару керек. Ұпай саны – 5.

1)  

2)

3)

 

V. Логикалық лабиринт

1.     Үшбұрышқа екі түзу жүргізу арқылы оны екі үшбұрышқа және бір төртбұрышқа бөл.

2.     Үшбұрышқа екі түзу жүргізу арқылы оны үш үшбұрышқа және бір бесбұрышқа бөл.

3.     Үстел үстінде екі кесінді жатыр. Осы екеуін пайдаланып төртбұрыш құра.

 

Қызықты үзіліс

Екі топтың ұпайларын санағанша, көрермендерімізбен қызықты үзіліс өткізейік.

Шарты: жасырылған ұғымды немесе іс-әрекетті оқушылар ешбір дыбыс шығармай, тек іс-қимылмен бейнелеулері қажет.

Жасырылған сөздер:

1.     Турист

2.     Күнтізбе

3.     Координаталық жазықтық

4.     Боран

5.     Піл

 

VIІ. Қорытынды. Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз. Жеңімпаздар марапатталады.

I орын. «Жүйріктер» тобы – 7 «Б» сыныбы.

II орын. «Жалын» тобы – 7 «А» сыныбы.

III орын. «Апалони» тобы – 7 «В» сыныбы.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеурочная работа по математике на тему "Зейінділер мен зерделілер""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по ипотечному кредитованию

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 710 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.04.2016 734
    • DOCX 72 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Избанова Бибигуль Бимурзиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Избанова Бибигуль Бимурзиевна
    Избанова Бибигуль Бимурзиевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4508
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "Математика" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 202 человека из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 513 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс повышения квалификации

Организация учебно-исследовательской деятельности учащихся как средство развития познавательной активности при обучении математике в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 122 человека

Мини-курс

Эффективность обучения школьников на уроках литературы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие предметно-практических действий, игровых навыков и математических представлений у детей раннего возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 31 человек