Инфоурок Другое Другие методич. материалыВнеурочное мероприятие Халық мүддесін көздеген стратегиялық жоспар» викторина

Внеурочное мероприятие Халық мүддесін көздеген стратегиялық жоспар» викторина

Скачать материал

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК

 

 

 

 

 

БЕКІТЕМІН

директордың әлеуметтік  және           

тәрби  ісі жөніндегі орынбасары

______ Б.Ж.Бахтиярова

«___»__________2017 ж.

 

 

 

 

 

 

«Халық мүддесін көздеген стратегиялық жоспар» викторина

МАТЕРИАЛДАРЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: Конкашева К.С.

Мукушева Л.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей – 2017


Арнайы пәндер циклдық комиссиясы-1 отырысында қаралып, талқыланды

Хаттама №_____ «___»____________2017 ж.

 

Циклдық комиссия төрайымы__________ Мукушева Л.А.  


 

Халық мүддесін көздеген стратегиялық жоспар

 

Мақсаты: Оқушыларға жалпы стратегиялық жолдау дегеннің не, ол қашаннан бері жүзеге асырылып келе жатқан құжат екендігін ,биылғы жылғы жолдауында не көрсетілгендігін, алға қандай жоспарлар мен мақсаттар қойылып отырғандығын, мемлекет басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған істері негізінде Қазақстанның жаңа тарихының бет бейнесін көрсету.

Түрі: ашық тәрбие сағаты.

Аудиториясы: 706

Барысы:

(Жолдаудан үзінді тыңдалады)

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және білім алушылар. Бүгінде елімізде мемлекет басшысының жолдауы белсенді талқылануда. Бізде өзіміздің білім беру ордамыз аясында ортақ іске үлес қосқанды жөн санап отырмыз. Себебі жолдау саяси мәселе ғана емес, сонымен қатар еліміздің әрбір тұрғынының өміріне қатысты мәселе, себебі жолдау – мемлекеттің тағдыры.

2-жүргізуші: Осыған орай бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз «Халық мүддесін көздеген стратегиялық жоспар» тақырыбында болып отыр. Ашық тәрбие сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға жалпы стратегиялық жолдау дегеннің не, ол қашаннан бері жүзеге асырылып келе жатқан құжат екендігін биылғы жолдауында не көрсетілгендігін, алға қандай жоспарлар мен мақсаттар қойылып отырғандығын, мемлекет басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған істері негізінде Қазақстанның жаңа тарихының бет бейнесін көрсету.

1-жүргізуші: Бүгінде Қазақстан көк байрағы көкке желбіреген, қазына байлығын пайдалана білетін, ұрпақтарына ұлттық тәлім-тәрбие берген егемен ел. Аз уақыт ішінде басқаларға өз басымдылығын көрсете білген экономикасы, мәдениеті өркендеген Азиялық айбынды мемлекетке айналды.

2-жүргізуші: 1998 ж 6 мамырда Елбасының жарлығымен ҚР астанасы Астана қаласы болып аталды. Ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасының астанасының мәртебесі туралы» ҚР Заңы қабылданды. 1998 ж 10 шілдеде Астананың халықаралық тұсауы кесілді. Қазақстан Астанасының жаңарған келбеті қазір дүние жүзіне сәтті таныстырылды.

1-жүргізуші: Елбасының халыққа алғашқы стратегиялық жолдауы қай жылы, қандай атпен жолданды?

Жауап: 1997ж қазан айында «Барлық Қазақстанның өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты халыққа жолдауында ҚР 2030 ж дейінгі даму стратегиясы белгіленді.

Әсел: Елбасы жолдауы – қалың бұқараны сара жолға салатын жол. Қазіргі таңда Қазақстан нық қадаммен елеулі даму әлеуетімен жаңа онжылдыққа, жаңа болашаққа бет алды. Жолдаудың әр бір сөйлемі бұқара халықтың қамы үшін жазылған мәселелер. Бұл – қазақстандық көшбасшылыққа қадам басу, бұл- жаңа кезең бастауы, бұл – жаңа жоспарлар.

1-жүргізуші:1997 жылдан 2013 жылға дейін Елбасы халыққа 18 жолдау жолдапты. Соңғы жылдардағы жолдауларды еске түсіре кеткеніміз жөн болар.

1) 2008 ж 16 ақпан - «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясатының басты мақсаты».

2) 2009 ж – «Дағдарыстан жаңару мен дамуға».

3) 2010 ж – «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»

4) 2011 ж – «Болашақтың іргесін бірге қалайыз»

5) 2012ж 14 желтоқсан – «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты».

6) 2013ж «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты».

7) 2014 ж 17 қаңтар «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ».

8) 2015 ж 30 қараша «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:өсім, реформалар, даму»

9) 2016 ж        «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:өсім, реформалар, даму».

10) 2017 ж 31 қаңтар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік».

            2-жүргізуші: Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы: Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ деп аталады. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті екен.

1 жүргізуші: Қазақ елі өткен 22 жылда қыруар іс тындырды. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандасымыздың жүрегінде елімізге деген шексіз мақтаныш сезімін орнықтырдық. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен қарайды. Халықтың 97 пайызы әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығын және оның жыл өткен сайын жақсара түскенін айтады.

Гүлжан: «Қазақстан -2050» Стратегиясын орындау Отанымыздың әрбір патриотының азаматтық борышы саналады. Елбасының Жолдауындағы біз мына басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелерді шешуіміз керек.

1. Инновациялық индустрияландыру трендін түзеу және күшейте түсу ;

2. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру;

3. Ғылыми қамтымды экономика құру;

4. Инфрақұрылымдық үштаған – агломерацияның, көліктің, энергетиканың қарқынды дамуын қамтамасыз ету керек;

5. Шағын және орта бизнесті дамыту;

6. Қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасау;

7. Мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру.

Гүлім: Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз!

Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды.

Әсел: Олар қазақ үшін қасиет саналған киелі жеті құндылықтар

Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі.

Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы.

Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Төртіншіден, бұл – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім.

Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Жетіншіден, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Гүлжан: Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы - деді Елбасымыз

Гүлім: Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.

Әсел: Біз талайлы заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарын атамекенге жинаған әлемдегі үш елдің бірі болдық. Біз Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен Астана салдық. Біз дүниені дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл жолына батыл бет ұрдық. Біз осылайша аз жылда алапаты артқан айдынды елге, қуатты ұлтқа айналдық. Осының бәрі ғұмыры ел тағдырымен еншілес Елбасының арқасында.

2-жүргізуші: Ашық тәрбие сағатын Елбасының Жолдаудағы жалынды сөзімен аяқтаймыз.

Хормен: Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!

1-жүргізуші: Тыйылғандай дағдарыста, даму да

Жылынғандай қаһарлы қыс, қарың да

Елбасының елге арнаған жолдауы

Жанымызға нұрлы шуақ құйғандай,- демекші Елбасымыздың жалау еткен Жолдауына әрбір қазақстандық жүгінуге міндетті. Біз үшін Отаннан асқан байлық, Отаннан асқан дәулет жоқ. Ендеше сол Отанымыздың тәуелсіздігін сақтап одан әрі дамуына баршамыз үлес қоса білейік.

 

1,2-жүргізуші:Назарларыңызға рахмет.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеурочное мероприятие Халық мүддесін көздеген стратегиялық жоспар» викторина"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель страховой организации

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 508 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.05.2017 728
    • DOCX 19.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Конкашева Куляш Серикказиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Конкашева Куляш Серикказиевна
    Конкашева Куляш Серикказиевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 109959
    • Всего материалов: 76

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой