Внеурочное мероприятие на тему "Адам еңбекпен шыңдалады"

Предпросмотр материала:

Тақырыбы: Адам еңбекпен шыңдалады
Мақсаты:оқушыларға
еңбектің керектілігі туралы түсінік беріп, адамның өмірі өз қолында екендігін түсіндіру;
Міндеттері:
- оқушыларға
еңбектің маңыздылығы туралы түсінік беру;
- оқушылардың
адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;
- еліне, халқына
абыройлы қызмет етуге тәрбиелеу;

Көрнекілігі: Еңбек туралы нақыл сөздер,суреттер

Жүрісі

І. Ұйымдастыру

ІІ.Кіріспе

ІІІ.Әңгімелесу

 


               Еңбек                                                   Еңбексүйгіш

 


- « Еңбек», «Еңбексүйгіш», деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
- Қандай адамды еңбекқор дейміз?
- Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?
- Еңбекпен адам шыңдалады дегенді қалай түсінесіңдер?
IV.  Мәтінді оқу. « Еңбек жемісі» Б. Әділ.
- Еңбек барысында балалардың қандай қасиеттері байқалды?
- Балалар еңбек нәтижесін қалай көрді?
- Еңбектің жемісін көргенде өздерің қандай сезімде боласыңдар?
V. Дәйек сөзбен жұмыс істеу:
«Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді». Л. Н. Толстой.
- Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Сахналау:Балаға қандай кеңес берер едіңдер?
VІ.Жаңа ақпарат:

Ерінбей еңбек ету адамның мақсатына жетуіне көмектеседі.
Табандылықпен еңбек ету адамның өмірін көркейтеді және адамның өзіне, өзгелерге қуаныш, бақыт әкеледі.
VІІ.Тапсырма: Даналық сөздерді оқып. Еңбектің маңыздылығы жөнінде ой түйіндеңдер.
«Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылма сазап». А. Құнанбаев.
«Еңбегі жоққа – бақыт жоқ». А. П Чехов.
«Жұмыс менің бірінші рақатым». В. Моцарт.
«Жаның жайтапсын десең – еңбектен». Ж. Ж. Руссо.
VІІІ. Қорытынды

Еңбек – адамның рухани және дене күшін жұмылдыру арқылы, өзіне дейін жасалған тәжірибені пайдаланып, тиісті құрал - саймандар мен жұмыс тәсілін қолдану арқылы жүзеге асырылатын іс - қимыл процесі.
   Адамшылық қасиеттер, соның ішінде еңбек этикасы туралы әлем даналарының ой - пікірлерін толықтыра әрі тереңдете түсіп, өз тарапынан тың жаңалықтар ашқан, сөйтіп, жүйелі ілім жасаған кемеңгер Абай:

Бақпен асқан патшадан,
Мимен асқан қара артық.
Сақалын сатқан кәріден,

Еңбегін сатқан бала артық,- деп, еңбектің адамның табиғи қажеті екенін асқан көрегендікпен тамаша тұжырымдап берді. Қазақ ақыны айтқан бұл ойдың еңбектің адам өміріндегі атқарған рөлі жайында әлемге аян беделді ғылыми зерттеу жазған Ф. Энгельстің: «Еңбек -... адамның бүкіл өмірінің негізгі шарты. Адамды адам еткен - еңбек», - деген дүние жүзі мойындаған классикалық ғылыми тұжырымымен ұқсастығы қайран қалдырады әрі сүйсіндіреді.
Демек, адамның адам болуында еңбек шешуші рөл атқарған

 

Краткое описание материала

Внеурочное мероприятие на тему "Адам еңбекпен шыңдалады"

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Уелбаева Бибиля Нуржауовна

Учитель рсского языка и литературы

  • На сайте: 11 лет и 1 месяц
  • Всего просмотров: 20491
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 5
  • 20491
    просмотров
  • 5
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Уелбаева Бибиля Нуржауовна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~240

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: