Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Воспитательная работа "Аналық махаббатың кәусар бұлағың"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Воспитательная работа "Аналық махаббатың кәусар бұлағың"

библиотека
материалов



Бекітемін:

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

............................ Ғ.Д. Ткенбаева

«4» наурыз2016 ж



10 С. Мұқанов атындағы орта мектеп





«Аналық махаббатың кәусар бұлақ»

(Аналармен кездесу кеші)







3 сыныптар арасында





Сынып жетекшілері: Қожахметова М

Тулекова Л

Койшекенова Б

Апалитова А













Мақсаты: Халықаралық әйелдер мерекесінің шығу тарихынан мағлұмат беру. Баланың анаға деген құрметті сезімін, сүйіспеншілігін арттыру:

Ананы қадірлеуге,еңбегін бағалай білуге, адамгершілікке, туған елді, отбасы мүшелерін құрметке бөлеп, ардақтауға тәрбиелеу:

Көрнекілігі: Ана туралы жазылған мақал-мәтелдер,гүлдер, шарлар,бейнежазба,суреттер.

Жүрісі: Ұйымдастыру

Кіріспе:

Биылғы көктемнің де алғашқы мерекесі 8 наурыз-барлық елде, әлем бойынша аталып өтуде.

Алғаш, 1910 жылы гагра қаласында өткен екінші халықаралық социалист әйелдердің конференциясында сөз сөйлеген Клара Цеткин өз баяндамасы соңында өте орынды, әрі маңызды ұсыныс жасаған еді. Бұл, әрине -8 наурызды Халықаралық әйелдер күні деп жариялау болатын. Сол жылдан бастап, әлемдегі Бүкіл халық болып 8 наурыз –әйелдер күнін атап өтуде.

1-жүргізуші: 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Аналық махаббатым кәусар бұлақ» атты кездесу кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Арым да, ардағым да атамекен

Ана деген-адамға атамекен

Түн ұйқысын төрт бөліп берген сүті

Жүрегіңде жыр болып жатады екен

2-жүргізуші:

Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық

1-жүргізуші:

Құлпырған күн келді

Жылу тартып бойына

Ұстаз, ана кемеңгерді

Құттықтау тұр ойында

Ал, балалар, халайық

Бәрің, бәрің қараңдар

Тіршіліктің бастауы

Көктемді қарсы алайық

(Көктем музыка ойналғанда кіреді)

Көктем:

Сәлем, достар, аман ба?

Мынау бейбіт заманда

Мен көктемнің жаршысы

Қуантамын бәріңді

-Балалар, көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалар:

Көктем: Дұрыс айтасыңдар, ал көктем айының алғашқы нұрлы мерекесі қалай аталады?

Балалар:

Көктем: Ал, сендердің өнерлеріңді тамашалайық.

2-жүргізуші:бүгін біздер ардақты аналарымызды,құрметті әжелерімізді ерекше құрметтеп, қошаметтейміз. Себебі: «қариясы бар үйдің қазынасы бар» деп халқымыз бекер айтпаған.

«Ана»әні орындалады

1-жүргізуші: Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алды. Қорғаннан өте алмаған жау қалаға келетін ауыз суды тоқтатып халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де қала берілмепті. Сонда дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық шығарыпты. «Қаладан көтергенше жүк алып әйелдердің кетуіне рұқсат етемін» дейді. Әйелдер бір-бір қапшық арқалап қаладан шығып кетеді. Дұшпан қалаға кіріп қараса бірде-бір еркек жоқ, әйелдерер азаматтарын қапқа салып көтеріп кетіпті. Кішкене қыздар ұл балаларды, кемпірлер шалдарды көтеріп қаладан шығып кетіпті.

2-жүргізуші: Осылай бар халықты әйелдер аман алып қалған екен.Кішкене қыздар ұл балаларды көтеріп шығарыпты. Сен осылай жасай алар ма едің?

1-жүргізуші: Білмеймін, мен тек біреуін ғана алып шығар едім.

2-жүргізуші: Ол бақытты жан кім болды екен?

1-жүргізуші: Ана,ана,ана! Осынау үш әріптен құралған қасиетті сқздің түп-төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші! Тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің қайнар бұлағы Анадан қасиетті,Анадан киелі ештеңе жоқ. Ана-әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры,қадірлісі,қамқоршысы ақ сүтін беріп аямаған ардақтысы.

Ән: « Менің анам алтын»

1-оқушы:

Ана-өмірдің қуанышы тірегі

Бала –оның жқбанышы, тірегі

Ана алдында елжауы да бас иген

Олар дәйім тыныштықты тілейді.

Би «ча-ча-ча»

2-оқушы:

Абырой алып баласы

Әлемге билік етсе де

Ай –күнге жолы жетсе де

Алаңдайды анасы

Ән: «Ананың тілі-аяулы үні»


3-оқушы:

Мен ержетіп өскенде

Аралаймын әлемді

Сыйлық әкеп әжеме

Таң қалдырам бар елді

Би: «орыс биі»

4-оқушы:

Құтты болсын, ардақты ана ,

Асыл анам , мерекең

Құтты болсын теңдік алған

Қуанышты берекең

Көрініс: «Ақ шаш»

Би: «Қамажай»

2-жүргізуші:Ананың ойы- балада,баланың ойы-далада дей келе, аналарды ортаға шақырамыз.

Сұрақ:

-«Бала –балым, немере -жаным»дегенді қалай түсінесіз?

-Бір ән салып берсеңіз

-Аспан мен жердің ортасында не бар?

-Бір мүйіз, бір көз.Ол не?

1-жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жақсылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзды жібітеді.аналарға деген балалардың да жылы лебіздері таусылмайды.

2-жүргізуші: Құрметті аналар, сүйікті ұстаздар және қыздар!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Бәрі:

Аналарды сүйеміз, сөзін ойға түйеміз,

Білім берген ұстазға, әдеппен бас иеміз.


Ән: «Гүл»


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-568942

Похожие материалы