Инфоурок Другое Другие методич. материалыВоспитательная работа "Денсаулық -зор байлық"

Воспитательная работа "Денсаулық -зор байлық"

Скачать материал

Денсаулық-зор байлық 

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық-зор байлық 

Сабақтың мақсаты: «Қазақстан -2030 » бағдарламасында көрсетілгендей өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал ахуалы жақсы болу үшін зиянды әдет ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктен сақтандыру,  дұрыс тамақтануға , күн тәртібін тиімді пайдалануға,  салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Денсаулық жайлы нақыл сөздер, мақалмәтелдер,  бүктеме, Елбасының денсаулық саласына арнаған жолдауы, суреттер, шарлар, гүлдер т.б

Барысы : Армысыңдар, құрметі оқушылар!Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз денсаулық саласына арналмақ. Олай болса денсаулықты сақтаудың жолдарымен танысып, жаман әдеттердің денсаулыққа қандай зияны бар екенін біле отырайық.

     Елбасымыз Н.Назарбаевтың халыққа жолдаған «Қазақстан-2030 »  стратегиялық бағдарламасында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулы,ғы мықты, хал ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен.

                                   1 Оқушы Уланбасын өмірің...

   «Темекі»деген сөз Табаго деген арал атынан шыққан көрінеді. 1942 жылы 15 – қазанда Колумб экспедициясымен қазіргі Орталық Америка  жағалауларына келген Испан матростарының айтуынша «тобагго» деген сөзбен жергілікті тұрғындар дәстүрлі темекі шегуге арналған үлкен кептірілген жапырақтарды атаған.

    ХҮI ғасырдың екінші жартысында темекі дәрілік өсімдік ретінде кеңірек тарала бастады. Темекіні иіскеді, түтікше арқылы шекті, шайнады, әр түрлі заттармен араластырып, суықтан ауырғанда, бас және тіс ауырғанда, тері және жұқпалы ауруларды емдеу үшін қолданды.

     

     2.Оқушы

  Есте сақтаңдар !

Темекі шегу өкпені ластайды.

Темекі шегу ағзаға ауаның келуіне кедергі жасайды.

Темекі шегу жүректің қалыпты жұмысын  қиындатады.

Темекі шегуден тіс сарғайады.

Ауызда жаман иіс пайда болады.

Оқушы

Кім мұндайды естіпті,

Есірткі жұрты есіртті.

Иіскеген жастадың

Жан тәнін түгел кесіпті.

Сақ болайық, ағайын,

Қатерлі жау –есірткі!

    Азып тозған қан тамырлары, тамтығы қалмай жараланған дене ... бұл жандар айналасындағы тіршілікте болып жатқан бар жақсылық, жамандық атаулыға немқұрайдықарайды, енжар келеді. Міне, ғасыр тажалы-нашақорлық дегн осы.

       Нашақорлық үшін өмір бар қызығынан айырылып, оның алдында тек есірткі заттарды қалай табу керек деген мәселе тұрады. Егер нашақор оны уақытылы қабылдамаса организмде ашығу, аурулы жағдай-абстинекция деп аталатын кезең басталады. Ал енді бұл жағдайды басыңызға бермесін, сүйек сүйегі қақсап, бүйрегі шанышқан адам отырып тұрып, бір орында тұра алмайтын хлге жетеді.Мұндай кездерде тез арада есірткі қабылдамаса, жаны төзгісіз азапқа тап болады. Оның терісі сұп сұр, құрғақ болады. Есірткі затты қайткен күнде де табуға тырысады, ұрлық жаайды, тіпті кісі өлтіруден тайынбайды

3. Оқушы: 

Әркім ақ шарап ішсемас болады,

Іштегі барлық сыры паш болады.

Білімді ішсе наданның кейпін киіп,

Надан ішсе жасайды масқараны.

Ей, құлқынның құлдары, тыңда ақылды,

Өсиеті дананың біл нақылды.

Адамға тән қасиет ішсе тынар,

Бар мәкүрік, жаман сөз тысқа шығар

                            Ж. Баласағұн.

    Маскүнемдік –алкоголь ішімдіктерін үнемі қолданудан және шектен тыс үйір болудан қанға сіңіп кететін дерт. Ағзаның бірқатар қызметін бұзатын және тереңдей беретін кесел.

     Адамзат бірнеше жүз, мыңдаған жылдар бойы араққа үйір болды. Жануарлармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары сатыдамы, бірақ білек күшіміз төмен. Мысалы, салмағы 9кг гиббон маймылы адамды бір қолмен көтереді. Содан адам несімен артық?

   Оның артықшылығы –жүйке жүйесінде, бас миында және жарты шарларында. Біздің миымыз ұшатын машина, ғарыш кемесін жасады, қолымызеңбек құралына айналды. Сол еңбек ететін қолымызбен рүмке көтеріп арақ ішсе, миллиондаған жылдардың өнімі-миымызды, санамызды әпсәтте бытшытын шығарып, адамды аң айуанға айналдырды.

Маскүнемдікті дер кезінде тоқтатпасаң айықпас дертке ұшырап, өз өміріңе өзің балта абасың!

 Денсаулықты  сақтаудың негізгі кепілі:

Ерте тұру

Орта тазалығын сақтау

Спортпен шұғылдану

Үнемі денені таза ұстау

Сергек жүру

Артық тамақ ішпеу

Көп ұйықтап жалқау болмау

Салауатты өөмір салтын сақтау

Зиянды нәрселерден аулақ болу. Т.б

Слайд шолу «Денсаулық лекция»

Оқушы:

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың ден сау болса.

«денсаулық –терең бақыт» деген сөзді

Құр айтпаған ұлы даналар да.

Оң болсын десең егер тіршілігің ,

Сақта,халқым, саулығын аналардың,

Болсын дәйім дені сау ұрпақтардың.

Ой қозғау.

Балалар не себепті шылым шеге бастайды?

Балалар, денсаулығымыз  мықты болу үшін не істеуіміз керек?

Темекінің, нашақорлықтың, ішімдіктің адам ағзасына зияны қандай?

Жұқпалы аурулардан қалай сақтануға болады?

Салауатты өмір дегенді қалай түсінесің?

Қорытынды:

Ауырып ем іздегенше,

Ауырмаудың жолын ізде.

Күтін, балам, алдыңда өмір сүбелі,

Ақылды алсаң тиер саған көмегі.

Ешбір затпен уламай жас денеңді,

Бағытталған мол қозғалыс –керегі.

 

 

Салауатты өмір салтын сақтаңыздар,

Егеменді ел сенімін ақтаңыздар.

Денсаулығы –зор байлығы адамның,

Ізгі жандар, текті ұрпақты баптаңыздар!

 

Уа, спорт!

Бейбітшілік сыйлайсың сен әлемге,

Жасыл көктем әкелесің бар елге.

Әкелесің бар халыққа тыныштық,

Сенің атың-достық пен тыныштық.

Бес сақина-бес бірлік пен бес құрлық.

Сен арқылы бесеуін де дос қылдық.

Сенде арман, сенде шабыт, толғаныс,

Сенде ізгілік, құрмет және ар намыс.

Сен бастайсың мақсаттар мен намысқа,

Сен- Жеңіссің, саласың сен жарысқа.

Бейбітшілік әкелесің сен елге,

Сен көктемді ұсынасың әлемге.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Воспитательная работа "Денсаулық -зор байлық""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Интернет-маркетолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 765 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.12.2016 458
    • DOCX 40.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дутпаева Куандык Дауылбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дутпаева Куандык Дауылбаевна
    Дутпаева Куандык Дауылбаевна
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2328
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой