Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Воспитательная работа "Мемлекеттік тіл - менің тілім"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Воспитательная работа "Мемлекеттік тіл - менің тілім"

библиотека
материалов

Тақырыбы:  «Мемлекеттік тіл- Менің тілім!»


Мақсаты: оқушыларға  мемлекеттік тілдің өркендеп,оянуына,мемлекеттік тілімізді сүюге,мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіңдік ерекшеліктері,салт-дәстүрі, діні, тілі болатынын түсіндіру.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, шарлар, ноотбук
Сабақ барысы:

Кіріспе: Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! «Мемлекеттік тіл- Менің тілім!» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!

Мұғалім: 

Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар! Тәуелсіздігімізге биыл 25 жыл толуда, соған орай мектебіміздегі өтіліп жатқан іс шараларымыз жалғасуда.

Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел - өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды.Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір – қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.Сондықтан кез келген мемлекет өзінің территориялық салт – дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Ал біздің Қазақстан Республикасында ана тілі – қазақ тіліне мемлекеттік статус берілген. Ал, Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз біз өз ана тілімізде таза сөйлеуіміз керек және оны жақсы біліп, туған анамыздай сүюіміз керек.


Әнұран орындалады.

 1-жүргізуші: Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар, қонақтар!
Тіл –ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты. Тіл – ұлттың жаны, тіл – ұлттың асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды. «Тіл -құрал», -деп Ахмет Байтұрсынов айтқан. Тіл арқылы біз бір-бірімізбен сөйлесеміз, ара қатынасқа түсеміз, араласамыз. Ең ащы да тіл, ең тәтті де тіл емес пе?!
      Мемлекетіміз тәуелсіздік, ана тіліміз мемлекеттік  мәртебе алып, көптен күткен арманымыз орындалады.
2-жүргізуші: Ия, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт -дәстүрлері, тіл ерекшелігі болады. Біздің ұлттық тәрбиеміз  ананың сүті, ананың әлдиі, ананың тілінен бастау алады.   «Тіл - ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы».

Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл -халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы.

Адамдық мұратка жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз -ана тіліміз!


Оқушы: Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,
Аралыммен, арымен қатар қойып,
Тілді қорғау- парызым бүгін менің.
Оқушы:Әрбір тілде сөйле әлемде  таң қылып,
Қазақ тілін білмеу  қандай  заңдылық,
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау  керек мәңгілік.


Оқушы: Қазақ тілің – Атаң,Анаң,
Қуат алар Отан да одан.
Дүниеде ешбір асыл
Тең келмейді қатар оған.
Оқушы: Қуан далам!Қуанатын күн бүгін!
Серпіп таста,мұңды жүрек түндігін!
Тіл туралы Заңым енді күшінде,
Паш еткендей  кескен  жаңа кіндігін!
Оқушы: Қуан бабам!Қуанатын күн бүгін!
Халық жауы атандың-ау сол үшін,
Ғұмырыңды құрбан етіп  жолында ар.
Оқушы: Қуан анам!Ұстазыңнан сүйініп,
Сәтіңде көп кеткен кейде түңіліп.
Ақ сүтіңмен  бойға біткен тіліңді
Пір тұтамын мен алдыңда иіліп.
Оқушы:Қуан балам!Туған тілдің киесі
Жебер сені болғаныңа иесі.
Тек мұнымен бітпейтінін ұғып өс,
Дүниеде тіршіліктің күресі.
Оқушы: Қуан халқым!Күшіне енді тіл заңы,
Сүйінші деп ақын ұлың жырлады
Ел елдігі бағаланар тілімен,
Сол арқылы құлпырады, гүл бағы.

1-жүргізуші:

Қазақ тілі - дүние жүзіндегі ең бай, беделді де, бейнелі тілдердің бірі.

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас, — деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз.

Ана тілі халық өсіп, өркендесе дамиды да, халық жоғалса құриды.

2-жүргізуші:

Қазақстан — ұлан-байтақ мемлекет. Өз бауырына 100-ден аса ұлттарды сыйғызып отыр. Олар Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша тең құқықты, тәуелсіз адамдар.

Әр халық өз тілінде сөйлеуге, оқуға құқығы бар. Сол халықтармен достықта, бірлікте өмір сүрейік.

Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі - қазақ халқы үшін әдебиет, мәдениет, ғылым мен білім, оқу - ағарту тілі.

«Тіл – ұлттың басты негізі» видео роликті көрсету.


1-жүргізуші:

Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі қабылдаған Қазақстанның Тіл туралы заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе 1989 жылдың қазан айында берілді.

«Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа заңын қабылдады. «2007 жылы - мемлекеттік тіл жылы» деп жарияланды.

2-жүргізуші:

Қазақ тілі өте бай, көркем тілдердің бірі. Қазіргі қазақ тілі — кез келген әдебиетті басқа тілден аударуға, түрлі стильдерде сөйлеп, жазуға мүмкіндігі мол, кемелденген тіл.

Ана тілі — туған тілім, бас тілім.

Сен арқылы дүние танып, талпындым.

Сен арқылы әлемге аян бар ісім.

Сен өмірімде таусылмайтын асылым.


1-жүргізуші:

22 қыркүйек - Қазахстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.

Қазақстанда 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады.

Ана тілі - әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.

2-жүргізуші:

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халкына Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» делінген. Тек қазақ жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үш тілді өзара ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері қажет.

Соның ішінде, ен алдымен ел егемендігінің көрінісі, құндылығының бірі болып саналатын мемлекеттік тілді – қазақ тілін меңгеру - баршамыздың міндетіміз.

1-жүргізуші:

 Қазақ халқы ежелден – ақ, тіл қадірін біліп , ақылды дұрыс сөзге бағына білген. Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз үйлескен ырғақ болады. Сөз бен сөз ұйқасы

жатады;

     Үш кемеңгер дүлдүлім,

     Сақтаған ел бірлігін!

     Қазақта қара қылды қақ бөлген

     Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің сөз үлгілеріне зер салайық.

 Төле би

 Уа, халқым!

Көсіле шабар жерің бар!

Тау көтерген елің бар,

Қол бастайтын ерің бар,

Атадан қалған сарс жолың бар.

Сөз қадірін біліңдер!

 Қазыбек би

 Біз қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, же-

ріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Еш-

бір дұшпан басынбаған елміз.Басымыздан сөзді асырмаған елміз!

 Әйтеке би

 Тамыры суда тұрса да

Уақыты жеткенде

Құрамайтын құрақ жоқ

Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.

2-жүргізуші:

Ана тілінде сөйлеу, оған деген көзқарас – ең  зор адамның , мәдениеттілік , тәрбиелік, әдептілік өлшемі болып табылады.

Оның мәні - әр адамның ана тілін отанындай, туған халқындай, өз ата- анасындай сүйіп ардақтауында. Назарларыңызға « Ана тілім –  бақытым » атты өлең жолдары.


Оқушы:Альмира

Ана тілім, дана тілім – бақытым 
Қазақ тілін білу менің парызым.
Тілім менің  ұмытылмас  тірлігім,
Кім біледі  тіліміздің  тағдырын.
Оқушы: Гаухар

Алаңдатты тіл тағдыры  бүгінде,
Сен болмасан  болар ертең  күнім не?
Қазақ тілін  сүйемін мен жаныммен
Қазақ болып қалу үшін  түбінде.
Оқушы: Достан

Қазақ тілім бас иемін мен саған
Тілге деген  болу керек  кең талғам.
Мемлекеттік тілімізді  сыйласақ,
Қазақ тілі біздер үшін  жаралған.
Оқушы: Ажар

Тіліміздің тарихы бар  қол жетпес,
Айтсаң оның  тарихына  сөз жетпес.
Өткеніне  тіліміздің  көз жүгіртсек,
Тіліміздің тарихы  бар сан жетпес.
Тіл деген  қасиетті ұғым екен,
Қазақ тілі  жырлайтұғын  жырым екен,
Ұмытпайық  тілімізді  ешқашан.
Қасиетін сақтайтұғын  сырым екен.
Тілім саған  әрқашан да бас иемін,
Бар ғой  сенің  бойында  қасиетің,
Тіліміз деп  әрқашан мақтан  тұтқан,
Ұмытпайық  бабалардың өсиетін.
Оқушы: Достан

Мәртебесі  тіліміздің биік екен
Қазағыма  қазақ тіл  боп енген  екен.
Тілімізді  ұмытпайық  әрқашан
Қазақ тіл  боп мәңгілікке  қалған екен.

1-жүргізуші:

Рақмет сіздерге. Ал енді біз сіздерге викториналық сұрақтар қоямыз.

1. Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы екінші рет қашан қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда)
2. Орфографиялық сөздікте не көрсетіледі? (сөздердің дұрыс жазылуы)
3. Берілген мақал – мәтелдер қай тақырыпқа жатады?
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Ел іші - алтын бесік. ( Отан)
4. 1 – мамыр қандай күн? (Бірлік күні)
5. Н. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов, Ш. Қалдаяқов қай рәміздің авторлары? (әнұранның)

6. Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы бірінші рет қашан қабылданды?
(1989 жылы 22 қыркүйекте)

7. Тудың авторы кім? (Ш. Ниязбеков)

8. Еліміздің Тәуелсіздік алғанына биыл неше жыл толуда? (25 жыл)

9. «Жұмған аузын ашпау» тұрақты тіркестің мағынасын тап. (үндемеу)

10. Қыран құс қай рәмізде бейнеленген?


2-жүргізуші:

Ал ендігі өткізетініміз мақалды жалғастыр деп аталады.

1.Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).
2.
Жақсы сөз ... (жарым ырыс).
3.Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады).
4.Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).
5.Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ).
6.Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі ілім біл).
7.Шебердің қолы ортақ, ...(шешеннің
сөзі ортақ).
8.Тауды,тасты жел бұзар, ...(адамзатты сөз бұзар).
9.Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер).
10.Тіл қылыштан ...(өткір).
11.Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ...(ой өсіреді).
12.Жыланның уы тісінде, адамның уы ...(тілінде).
1-жүргізуші:Ракмет.

 Ана тілің біліп қой

 Еркіндігің теңдігің,

 Ана тілің біліп  қой

 Мақтанышың , елдігің.

Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің- бәрін біл

Өз тіліңді құрметте – деп, «Ананың тілі» әнін орындайық.

2-жүргізуші:

Туған тілдің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымыз, салт-санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.

Туған тілім – бабам тілі - өз тілім

Туған тілім – анам  тілі - өз тілім.

Туған тілім – заман тілі - өз тілім.

Туған тілім – адам тілі - өз тілім.

Туған тілде сыры терең жаным бар

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып – ақ алыңдар.

Өз тілімдей қайда екен еркін басар

Тілім барда еркіме кім таласар.

Туған тілім күрмеліп әлсіресе,

Ыстық қаным суынып, сиқым қашар- деп Дихан Әбілов ағамыздың өлеңімен бүгінгі іс шарамызды аяқтаймыз. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл құдіретін тұғырына қондырудағы игі істер жалғасын табуда. Міне осындай тілімізді таза ұстайық деп тілеймін.



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Дата добавления 01.12.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров47
Номер материала ДБ-406850
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх