Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Воспитательная работа "Мен өз елімнің патриотымын"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Воспитательная работа "Мен өз елімнің патриотымын"

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Отанға деген мақтаныш, патриоттық құрмет

сезімін дамыту.«Патриот » деген сөздің терең мәнін

түсіндіріп өту

Тәрбиелік мәні: Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін,елін, жерін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға екенін түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты: тәрбиенің ең маңыздысы – балаға патриоттық тәрбие беру. 
Білімділік мақсаты: Халық мұрасы саналатын ата – бабаларымыздан қалған өсиет, нақыл сөздерін, ұлағатты тұлғалардың, би – шешендердің өнегелі өмірін қазіргі жас ұрпаққа үлгі ету,санасына сіңіру.

Нақыл сөздер:

«Отанды сүю – от басынан басталады.»
«Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл.»
«Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.»

Сабақ көрнекілігі: тақырып,нақыл сөздер,баспасөз материалдары.

Сабақ түрі: пікірлесу, топтастыру, дөңгелек үстел.

Кіріспе бөлім:

«Патриот» сөзіне топтасыру жасату

Патриот – Отанның мерейін үстем ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын, өмірін аямайтын адам.
Мен өз елімнің патриотымын. Алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткеніміз жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. 
Патриоттық тәрбие, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата – анасын, туған – туыстарын жақсы көруден басталады емес пе?! Өз баласына жақсы тәрбие беру кез келген адамның міндеті, мейлі ол мұғалім, мейлі ол жұмысшы, дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда парасатты, адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу кез келген адамның міндеті болуы тиіс. Тату тірлік пен ауызбірлік жылы ұямызға арқасын кең жайғанда адамгершілік атты асыл қасиеттердің адам бойына нық қонатынына, әрине, еш шүбә жоқ. Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ңұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын. Осы тәрбиенің ең маңыздысы – балаға патриоттық тәрбие беру. 

Оқушы пікірін тыңдайық:
1- оқушы:Халқымыздың тарихына терең үңіле білсек, жасынан жарқыраған күміс көмей әнші, жау жүрек батыр, нар тұлғалы палуан елі мен жері үшін аянбағаны баршаға мәлім. Ендеше көкірек көзімен тарихты тамырынан тамшылата жас ұрпақ зердесіне зерлей, шырайлы сөзбен кестелей таныту ата – ана мен ұстаз – тәрбиеші шеберлігіне байланысты.
Мен оқушы қалпымнан кішіпейілділік, қайырымдылық, мейірімділік, ізеттілік, инабаттылық, әр істі тиянақтылықпен орындап, жауапкершілікпен қарау, үлкендерді сыйлау, тағы да осы секілді асыл қасиеттерді бойыма жиып, тиімді жұмыс жасай білуге дағдыландым. Бүгінде мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастырып, қосымша білім беру жолында жұмыс жасап жатырмыз.

2-оқушы: Халық мұрасы саналатын ата – бабаларымыздан қалған өсиет, нақыл сөздерін, ұлағатты тұлғалардың, би – шешендердің өнегелі өмірін қазіргі жас ұрпаққа үлгі етіп келеміз. Балалардың ізденімпаз, жаңалыққа жаны құштар, қоғамдық іс – шараларда белсенділікпен қатыса отырып шығармашыл болып қалыптасуына, туған тілінде сөйлеп, отанын, туған елін, туған жерін сүйе білуге титтей де болса өз ықпалымды жасай алсам – ол менің үлкен жетістігім. Ал менің осы жетістігім келешекте өз Отанымның дамуы жолында зор үлесін тигізуі мүмкін. 
3-оқушы:Менің кеудемде дамылдаған жүрегім бір сәт те тоқтамай соғады, демек ол туған жерінің ауасын, табиғатын сүйеді. Ал ол жүрек – менің өмірім, менің Отаным. Еліміздің Әнұранын айтуға даярланған сәтте менде ерекше сезім пайда болады. Тіпті сөзбен айтып жеткізе де алмастаймын. Өн бойым қуанышқа толып, көзіме еріксіз жас келеді. Сол демдегі ой «Мен неткен бақытты адаммын!» деп іштей жаңғырып тұрады. Неге, өйткені мен тәуелсіз Қазақстан атты елде тұрамын.

4-олқушы:Белгілі орыс ақыны, жазушы Илья Эренбург «Қазақтар иен далада жел жетпес жүйрік мініп дағдыланған, ал бірақ қажет болса, олар еңбектей де біледі, жүгіре де біледі, биік тауларға өрмелеп те шығады, саз балшыққа малшынып та жата алады. Оларды ешкім де, ештеңе де тоқтата алмайды», - деп, қазақ халқына сипаттама береді. Бұл сөзден қазақтың қайсарлығы, батырлығы, батылдығы көрінеді. Не нәрседен болса да қаймықпай, ерлік істер көрсете білетіндігі байқалады. Осыншалық қайсар халықты мақтана да, марқая да айтсақ болады емес пе?! 
5-оқушы:Мен өз елімнің патриотымын, себебі мен Отанымды , туған халқымның тарихын, ана тілін, салт - дәстүрін, Ата Заңын құрмет тұтамын. Халқымның рухани құндылықтарын, мәдениетін, тілі мен дінін, дәстүрін одан әрі жаңғырту жолында өз үлесімді қосамын. Өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар – ожданы жоғары намысқой азамат тәрбиелеуде еш аянып қалмасым анық. 
6-оқушы:«Барлық халық пен ұлт барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс» деген еді ұлтымыздың мақтанышы, ұлы патриот атамыз Бауыржан Момышұлы. Бұл сөздің астарында өз ұлтыңды ерекше сүй, сол арқылы өзге ұлтты сүюге үйрен деген ой жатыр.

«Ата Заң-ардағымсың»

Қазақстан Республикасының Ата Заңы Конституцияға-21 жыл

«... әрбір азаматтың бір құқығы болса, екі міндеті болады. Ол дегеніміз: қазір білім алып оқысақ, ертеңгі күні біз біріншіден Қазақстанның нағыз азаматы боламыз, екіншіден: ата - анамыз алдындағы парызымызды өтеу керекпіз. Бұл әр азаматтың борышы» деген сөзі бартын маған өсиет қылып айтып кеткен.Бірақ нағыз азамат болу оңай емес екен. Ол үшін адамгершілік, жауапкершілік, әдептілік керек.Еліңнің нағыз азаматы болу үшін Қазақстанның заңдарын біліп, сақтау керекпіз. Біздің елде әр азамат он төрт жастан бастап істеген ісіне жауапты болады.Мұндай заңдылық біздің қазақ жерінде үлкен сыныптарға барғанда «ТАРИХ» сабағынан өтеміз, сонау Әз Тәукенің тұсындағы «Жеті жарғыдан» басталған.Ата заңын ардақтай алмаған азамат, елінің де қадіріне жете алмайды.

Қорытынды: Татулық пен бірлігі жарасқан,ынтымағы мықты елде,жанға жайлы жылы ұямызға арқасын кең жайғанда адамгершілік атты асыл қасиеттердің адам бойына нық қонатынына, әрине, еш шүбә жоқ. Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ңұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын. Осы тәрбиенің ең маңыздысы – балаға патриоттық тәрбие беру. Тәуелсіз еліміздің іргесі берік те мықты болсын.




Автор
Дата добавления 01.12.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров37
Номер материала ДБ-406469
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх