Инфоурок Другое Другие методич. материалыВоспитательная работа на тему" Күзгі балл"

Воспитательная работа на тему" Күзгі балл"

Скачать материал

Жүргізуші.1:

Құрметті достар және қадірменді қонақтар! Сіздерді «Күзгі бал» мерекелік кеште көргенімізге қуаныштымыз. Осы мереке тамаша мезгіліне – Күз мезгіліне арналған!

Жүргізуші.1:

Күз – бұл жаз бен қыстың арасындағы көпір. Таңатпай аяз бетімізді тондырса да, далада суық күн тұрса да, біз білеміз күз – тамаша мезгіл. Қандай жазушыны, ақынды, суретшіні алсақ та әр қайсысы өз бетінше осы мезгілді көркем суреттейді.

Жүргізуші.1:

Бүгін сіздермен бірге Күз Ханшайымын және Күз ханзадасын таңдайтын боламыз.

Жүргізуші.1:

Күз мейрамы құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

әділқазы алқалармен таныстырып,

кетейінші осы отырған баршаңа,

-дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейік.____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жүргізуші. 1:

Қош келдіңіз көрермен,

«Күзгі бал» кешіне

Отырыңыз қол соғып,

Шат күлкіге бөлене.

Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке,

«Алтын күзді» тойлаймыз.

-дей отырып бүгін даярлық топ және 1-4 сыныптар аралығындағы «Күзгі бал» мерекелік кешті бастауға рұқсат етіңіздер! Ортаға қатысушыларды шақырамыз!

Жүргізуші.1:

1.Бірінші ең кіші жұп – Оралов Жандос, Нургалиева Наурызгүл / даярлық топтың оқушылары

1.      Екінші жұп – Тлеубердинов Жандос, Ибраева Әлия / 1 «А» сынып оқушылары

Жүргізуші.1:

1.      Төртінші жұп – Балтабаев Асылжан, Реимбаева Әнел / 1-3 «А» сынып оқушылары

2.      Бесінші жұп – Ермеков Оразхан, Асембаева Аида / 4 «А» сынып оқушылары

§  Сонымен бүгінгі мерекелік сайысында бес жұп қатысады!

 

 

Жүргізуші.1:

Мерекелік сайысының жоспары:

1.      Әр жұп өздерін таныстыру

·  «вальс» биі

·  өнер сайысы

·  күзгі сән үлгісі

·  табиғи материалдардан жасалған жұмыстардың көрмесі

Жүргізуші.1:

Табиғаттын нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажары ол – сәніміз

Туған өлке табиғатын аялап

Ұсынайық жүрек үнін бәріміз

– дегендей сайысымыздың алғашқы кезегін жұптардың таныстыруына берсек.

Жүргізуші.1: Бірінші сайысымыз бітті.

Вед.2: Закончен наш первый конкурс.

Жүргізуші.1: Енді біраз ойнаймыз.

Жүргізуші.1: Ойын-сайысы «Дүкенге барып кел»

Жүргізуші. 1:

Сайысымыздың жұптарға беретін келесі тапсырмасы сынарымен вальс биін билеу.

Жүргізуші.1:

Келесі бөліміміз «Жұмбақтар» деп аталады. Мұнда жұмбақтарды шешу керек.

Жүргізуші.1:

Әділ – қазылар байқаудың нәтижелерін бағаласын.

Жүргізуші.1:

Өнерлінің жүзі жарқын,

Шығара білсе жарыққа

– дей келе жұп сайыскерлерімізге өз өнерлерін көрсетуге кезек берейік.

Жүргізуші.1:

Әділ – қазылар байқаудың нәтижелерін бағаласын.

Жүргізуші.1:

Келесі сайысымыз «Жеміс-көкөністерді танып біл»

Жүргізуші.1:

Сайысымыздың келесі жұптарға беретін тапсырмасы Күздің сәнін кіргізетін «Сән үлгісіне» кезек береміз.

Жүргізуші.1:

«Жеміс-жидек әлде көкөніс» конкурсы

Жүргізуші.1:

Ал енді, құрметті әділ-қазылар, біздің қатысушылардың дайындалған күз көрмесін көрейік!

Жүргізуші.1:

Сонымен сайыстық бағдарламамыз бітті. Қорытындысын жинақтау үшін әділ-қазыларға біраз уақыт берейік.

Жүргізуші.1:

Ендеше кезекті әділқазылар алқасына сөз береміз. Ортаға қатысқан сайыскерлерді шақырып, марапаттау кезегіне береміз. (жеңімпаздар марапатталады)

Жүргізуші.1:

Жеңімпаз топты шын жүректен құттықтаймыз!

«Ортамызға қоңыр күз келсе де, күн суытса да, біз, барлықтарыңыздың көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі болатынына сенеміз, себебі бүгін біз тамаша кешке қатыстық!»- деген сөздермен бүгінгі Күзгі бал аяқталды. Келесі кездескенше, сау болыңыздар.

 

Ақпаратпен бөлісу:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Ашық  тәрбие сағаты.

Тақырыбы: Күз- мереке, күз- береке

 

Оқушылар арасында өткізілген «Күз- мереке, күз- береке» байқауының жүрісі


Армысыздар ағайын, құрбы - құрдас!
Бармысыздар жанкүйер, әз - қауымдас!
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық.
Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отырайық
Ұмыттырар күн бойғы шаршағанды.

Құрметті ұстаздар және оқушылар!
Бүгінгі «Күз- мереке, күз- береке» байқауына қош келдіңіздер!


Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде ататұғын жаңа таңбыз.
Жан мен тән сұлулығын тепе - тең ғып,
Бар елді өзімізге қаратамыз.


Ортаға қатысушыларды   шақырамыз.(музыканың сүйемелдеуімен ортаға қатысушы жұптар шақырылады)
_1_________________________________________________________________2_________________________________________________________________3_________________________________________________________________4_________________________________________________________________5_________________________________________________________________6_________________________________________________________________7_________________________________________________________________8_________________________________________________________________9_________________________________________________________________10________________________________________________________________11________________________________________________________________12________________________________________________________________13________________________________________________________________14________________________________________________________________15________________________________________________________________16___________________________________________________________
  17_______________________________________________________________

 

 

Күз мейрамы құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

әділқазы алқалармен таныстырып,

кетейінші осы отырған баршаңа,

-дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейік.____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Сайыс бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады.
1. «Кел, танысайық» (өздерін таныстыруы)
2.  «Күз »  туралы  мәнерлеп  өлең  оқу
3. «Күз, Отан, Табиғат»  туралы  мақал- мәтел  сайысы

4. Өз  өнерін  көрсету «Ән  немесе  би»
5. Сән  үлгісі
6. Салат  өнері.  

І кезең

Деген екен қазақ халқы «Сәлем - сөздің анасы»,
Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.
Амандасу - ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,
Сәлем достар? Амансың ба? Қалайсың? - дегендей
              «Кел, танысайық» кезеңін бастаймыз.

2  кезең

 Өнерлінің   жүзі   жарқын,                                                                                               Шығара   білсе   жарыққа                                                                                                        – дей келе мәнерлеп  өлең  оқу  сайысына  кезек  берейік

3 кезең

 Мақал  сөздің  мәйегі  дегендей  мақал-мәтел  сайысына  сөз  береміз.

4 кезең

Шалқып, тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Бүгінгі күз кешінде
Би билейік бәріміз, - деп келесі,  ән мен би  өнер  сайысы.

                                                          5 кезең
 Модельер болу оңай ма?
Қиналып жатсаң мұңайма.
Әр мамандық өзгеше,
Өз мәнінде, шырайда, - деп келесі кезекте «Сән үлгісі» сайысы

6 кезең

 

«Көңілді аспазшы»

Он саусақтан өнер тамған,

 шебер болу керемет,

алма  турап, кияр қосып

салат әзірлесең  керемет, -демекші  салат өнері.

Қорытынды:

 Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегім,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.


Марапаттау:


«Қош» дейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдала берсін, қалыспаңдар.
Көрермендер көбейсін күннен - күнге
Келе берсін қонақтар ғарыштан да - деп  сынып  сағатымызды  аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Күзгі бал – 2014" сайысы

Күзгі бал – 2014» сайысы
Жүргізуші:
Қайырлы кеш достар! Күз патшайымы сіздерді соңғы сиқырлы сәтін, күзгі гүлдердің керемет жұпарын, жиналған жемістердің айқын да сиқырлы сұлулығын, әрине күзге тән ойшыл және сонымен қатар қуанышты көңіл күй сыйлау үшін шақырды.
Армысыздар ағайын, құрбы – құрдас,
Бармысыздар жан күйер, әз қауымдас.
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық! – дей келе, құрметті көрермендер бүгінгі дәстүрлі Күзгі бал кешіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші:
Біздерде ойын сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды!!!
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі «Күзгі бал» сайысының «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» іріктеп шығару.
Жүргізуші:
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.
Жан сұлуымен тән сұлуын тепе – тең ғып,
Еріксіз өзімізге қаратармыз, - дей отырып ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз!- дей отырып ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз.
----------------------

Жүргізуші:
Әділ – қазы береді,
Өздеріңе сыйлықты.
Бізге айтып береді,
Кім өнерші, кім мықты? – деп, әділ – қазы алқасымен таныстырып өтейік.

Әділ – қазылар мүшелері.
-------------------
Көп сөйлеп жөн – жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етіңіздер,
Қанекей, жұптар сайысын бастайық біз.
Ендеше сайыскерлерімізге сәттілік тілеп байқау шарттарымен таныстырып өтелік

1 – тур: Таныстыру
2 – тур: «Күзгі вальс»
3 – тур: «Өнерің өрге жүзсін»
4 – тур: «Сән үлгісі» және шаш үлгісі
5 – тур: Көрме. Үздік сурет және икебана.
Сонымен алғашқы сайысымызды бастаймыз «Таныстыру» сайысы! Ортада 1 – ші жұп!

Жүргізуші:
Шалқып, тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Бүгінгі күз кешінде
Би билейік бәріміз, - деп келесі 2 – тур: «Күзгі вальс»
Ортаға үш жұпты билеуге шақырамыз. Содан кейін келесі үш жұп билейді. Әділ қазылар әр тур өткен сайын бағалап отырады.

Жүргізуші:
Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,
Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет,
Өнеріңді көрсетші құрбыларым, қанекей,
Жұптарға сөз берелік біз жекелеп, дей келе «Өнерің өрге жүзсін» сайысын бастаймыз! Әр жұп өзінің дайындап келген өнерін ортаға салады.
Ал, әділ қазылар өнерінің бағасын беріп отырайық.

Жүргізуші:
Модельер болу оңай ма?
Қиналып жатсаң мұңайма.
Әр мамандық өзгеше,
Өз мәнінде, шырайда, - деп келесі кезекте «Сән үлгісі» сайысы. Бұл сайыстың шарттарымен таныстырып өтсек, сайыскерлеріміз күз байлығын көрсету мақсатында үйден түрлі күзгі киімдер дайындап келуі тиіс еді. Табиғи материалдар пайдалануына да болады.
Әр жұп дайындаған киімдерін киіп мода көрсетеді.
Ал ендеше ортаға әр жұптың сынып жетекшілерін шақырамыз. Сынып жетекшілер! Қазір сіздер өз қыздарыңызға шаштаразшы боласыздар. Шаштарына сәндейсіздер, ендеше тапсырма түсінікті болса, бастаймыз.
- Ал көрермен ата - аналар, сіздер ойын ойнауға қалай қарайсыздар?
- Дайынбыз, жақсы ойнайық (ата - аналардың жауабы)
- Онда ортаға қатысушы жұптардың ер балалары мен және олардың аналарын шақырамын.
Жүргізуші:
Тапсырма мынадай: менің қолымда жеміс – жидектердің аты жазылған жапырақтар бар, соның біреуін таңдап алып, өз балаңызға ыммен түсіндіру керексіз. Түсіндіріп, баласы дұрыс жауап бергендер ойыннан шыға береді.

Жүргізуші:

5 – тур: Көрме. Үздік сурет және «Икебана» байқауына көшейік. Бұл «Күзгі бал» сайысының ең соңғы қорытынды байқауы!

Жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегім,
Қатысу да бір жеңіс, жаң болсаң сен ұғатын.
«Күзгі бал» байқауын қорытындылау үшін әділ қазылар алқасына аз ғана уақыт береміз! Ендігі кезек әділ қазыларда!
---------------------------------
Жүргізуші:
Осылайша «Күзгі бал» сайысы өз мәресіне жетті. «Күзгі бал - 2013» байқауының жеңімпаздары -- Бас жүлде: Хазрет Байқадам – Қайырғали Айсұлуды қошеметпен ортаға шақырамыз. Ең бастысы жоғарыда айтып кеткенімдей біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі «Күзгі бал» сайысының «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» іріктеп шығару. Олай болса олар да анықталды.
«Күз ханзадасы»:
 
«Күз ханшайымы»:
 
Жүргізуші:
Тіршілік – арман, бәрімізге де орын бар,
Басады кейде онсыз да қиын жалын бар.
Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,
Ұстауым менің, достарым менің
Бәрінде аман болыңдар!
Осымен «Күзгі бал» атты кешіміз аяқталды! Көріскенше, қош - сау болыңыздар!

Кері қайту

Ілмек сөздер: Күзгі бал сценарий, күз ханшайымы, күз туралы, күз патшайымы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық сабақ тақырыбы: «Құстар – біздің досымыз!» Ашық сабақ мақсаты: а. Құстар,соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау. ә. Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру,құстар бағына саяхаттауды техникалық құрылғылардың көмегімен тамашалай отырып құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу. б. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру,яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу. Ашық сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, буклеттер «Құстар – біздің досымыз!», нақыл сөздер. Ашық сабақ әдісі: әдеби-монтаж,түсіндіру, ойын. Ашық сабақ жүрісі: 1-бөлім «Құстар - біздің досымыз!» 2-бөлім «Құстарға ұя жасайық!» ойыны (Жұмбақтар шешу) 3-бөлім Ертегілер елінде 4-бөлім «Артық болмас білгенің» (Халық болжамдары) 5-бөлім «Оқушы шығармашылығы» 1-жүргізуші Құрметті ұстаздар, ата-аналар.Қадірменді достар!Хош келдіңіздер! Сіздерді көңілдеріңізге жылы шуақ ұялатар көктем мерекесімен құттықтаймыз! Құстар,құстар келеді Жерді шуға бөледі Көктем келді деп бізге Жақсы хабар береді. Ән құрадым әніммен Сән құрадым гүліммен Қуантамын бәріңді Құт-береке күнімен 2-жүргізуші Сіздерді көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған «Құстар –біздің досымыз» атты тәрбиелік шараны тамашалауға шақырамыз. Сәлем достар аман ба? Мынау бейбіт заманда Шат--шадыман көктемің Шаттық болсын қашанда Бейне көктем жырлары Сағынышпен жеткен Құстардың әуенімен Куанта бер көктем 1-оқушы Елімізде 500-ге жуық құстың түрі бар.Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды.Сондықтан олар табиғат емшілері. 2-оқушы Олар тіршілік иелері. Олар ұрпақ өрбітеді.Балапандарын қанаттандырып,жауларынан қорғайды. 3-оқушы Құстар табиғатқа сән береді.Олардың әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл-күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп.Оның ішінде жыл құстары туралы әңгімелесек. 4-оқушы Жыл құстары дегеніміз-Салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар.Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл,тоқылдақ,үйрек,қаз ,тырна. 5-оқушы. Құстар туған жерге топ-тобымен ұшып келіп жатыр.Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді.Биік асулардан асады.Өздерінің таныс жолдарынан адаспаған. 6-оқушы Жыл құстарының кейбірінің тіршілік қамы туралы әңгімелейік.Мысалы:қарлығаш-адамға дос.Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады.Оның өз әні бар.әні құлаққа жағымды. 7-оқушы Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді.Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген. 8-оқушы Қарылғашпын мен Адамның тұрағымын Мекен етіп тұрамын Тазалаймын үй-ішін Ел аузында мақтаулы Тазалықшымын төселген 9-оқушы Қараторғай-өзі кішкентай,өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы.Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады. Қараторғайды әнге қосып,шырқаған. 10-оқушы Мен қараторғаймын Шегірткедей жұртыңды Қырғи болып қиямын Егістікке жайылымға Қорғаушы боп тұрамын Жәндіктерді зиянды Құртатұғын батырмын Дайындайтын ұямды Достарға келе жатырмын 11-оқушы Құс сұлуы аққумын Табиғат көркін сыйлаған Мылтығын кезеп еш мерген Атуға көзі қимаған. Сұлулықты паш етіп Жырлаған талай ақындар Нәзік үнді,көл көркі Құс патшасы мен болам 12-оқушы Аққу-30-40 жыл өмір сүреді.Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс.Халық аңызына сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген,адамдар да аққуды атпаған.Ол киелі құс.Қазақ сұлу қыздарын аққуға теңеген. 13-оқушы Халық көктем келсе көкек келді дейді.Осы бір құстың аты неге ең тамаша ай атына теңеу келеді екен.Не деген ғажап ,көкек деген.Өйткені көкек көктем келе салысымен көкек, көкек деп ән салады.Сондықтан сәуір айы көкек айы деп аталған. 14-оқушы Жаршысымын көктемнің Көкек дейді мені жұрт Өз атын айтар құс менмін. Көктемді күтсең мені күт. 15-оқушы Мен еркін бақытты бұлбұлмын Бұлағын тасытқан ән-жырдың Тамаша тамылжып шырқаймын Шаттығын тауыса алмай әр күннің 16-оқушы Тоқылдақты халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт-құмырсқадан тазартады. 17-оқушы Құртты іздеп ініне Қарағайды үңгіген Тоқылдақ құс дәрігер Қашан да ол әбігер 18-оқушы Қазақ халқы құстарды ерекше бағалаған.Шебер әншісін-бұлбұлға теңеген.Азаматын-сұңқарға,сұлуын-аққуға,ез жігітін-жапалаққа теңеген. 2-бөлім Жұмбақтар шешу Туысы дейді құстардың Інісі дейді тышқанның Тышқан да емес,құс та емес Екеуінен де тыс қалдым (Жапалақ) Қызығып әр адам Ұстап ап даладан Жүнімен жұлып ап Бесікке қадаған Бұл қай құс? (үкі) Қашаудай мықты тұмсығым Бәсеке тігем бұл шыным Құрт,қоңыз,аулап жарысам Орман дәрігері боп табылам (Тоқылдақ) Түсі қара мақпалдай Төсі ақ сыр жаққандай Ұшса оқтай зулайды Көктен жұлдыз аққандай (Қарылғаш) Биікке салған ағаш үй Сол ғой оның мекені Жаздай сайран салып ап Қыста алысқа кетеді (Қараторғай) Он екі айдың біреуі Сірә оның атында Өзге ұяға із тастап Мен деп жар сап жүреді (Көкек) 3-бөлім «Ертегілер елінде» (Интерактивті тақтадан көрсету арқылы ертегіні рольге бөліп айту) 4-бөлім «Халық болжамдары» 1-жүргізуші Халқымыз құстардың келуіне,кетуіне қарап болжамдар жасаған.Енді солардың біразына тоқтала кетейік. Қарлығаш жоғары ұшса,күн жылы болады,ал төмен ұшса жаңбыр жауады. Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса,су тасқыны болады. Жаңбыр жауарда қарғалар у-да шу болады. Құс жүнін үрпитсе,жаңбыр жауады. Шымшық ұя салса,қыс қатты болады. Шағала келсе сең бұзылады. Жыл құсы қаптап келсе,көктем ерте келеді. 5-бөлім «Оқушы шығармашылығы» (Оқушылардың өздері дайындаған өздері салған суреттері) 6-бөлім Қорытынды 

Дереккөзі: 
http://www.zharar.com/kz/sabak/2003-dosym.html#?Like
©
www.ZHARAR.com

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құстар әлеміне саяхат

Сабақтың тақырыбы:  Құстар әлеміне саяхат

Сабақтың мақсаты:    Үй құстары, жабайы құстар туралы түсініктерін шыңдай түсу.Жабайы құстардың қайда мекендейтінін, немен қоректенетінін түсіндіру.Құстардың атын қазақ тілінде дұрыс айтуға үйрету, әңгімелеу дағдысын жетілдіріп, тілін дамыту.Құстарды аялауға,қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі:   Көрсетіп түсіндіру, әңгімелеу, дидактикалық ойын

Сабақтың көрнекілігі: Құстардың суреттері (Қарға,Қарлығаш,Қараторғай)

Сабақтың барысы:  - Балалар, бізге қонақтар келіп отыр,қане қонақтармен

   амандасайықшы.Сә-ле-мет-сіз-дер-ме! Ал енді балалар қолымызды ұстап

   «Қуаныш шеңбер» құрып, бір-бірімізге жылуымызды білдірейік.

                                       Құстарға біз барамыз,

                                       Бірге ән де саламыз,

                                       Қуанамыз, күлеміз

                                       Асыр салып ойнаймыз.

·         Балалар, жылдың қай мезгілі?

·         Көктем

·         Дұрыс айтасыңдар, балалар.

·         Көктемнің келгенің қалай білдіңдер?

·         Күн жылынады,ағаштар бүршік жарады,қар ериді,жер көгереді.

·         Иә,дұрыс айтасындар.

·         Балалар көктемнің тағы бір ерекшелігі күн жылына бастағанда жылы

     жақтан құстар ұшып келеді.Бүгін біз осы құстар әлеміне саяхат жасаймыз.

·         Балалар қалай ойлайсындар, жабайы құстар қайда өмір сүреді?

·         Орманда,далада,тауда

·         Дұрыс айтасыңдар.

·         Ендеше балалар, бұл құстар бізге қонаққа келіп тұр.Балалар көзімізді

     жұмайық, бір сәт армандап, ойланайық.

·         1,2,3- көзімізді ашамыз

·         Демалып, тыныстаймыз

·         Қане, келген қонақтарымызбен танысайық.Тақтада ілулі тұрған құстар-

     дың суреттеріне назар аударыңдар.

·         Мынау қандай құс?

·         Бұл қарға

·         Оның түсі қандай, көлемі қандай?

·         Қара, үлкен

·         Ал мынау қандай құс?

·         Бұл қарлығаш

·         Қарлығаш қандай құс?

·         Әдемі, адамға дос, түсі қара-ала

·         Ал мынау ше?

·         Бұл қараторғай

·         Қараторғай қандай құс?

·         Кішкентай құс,түсі қара

·         Жарайсыңдар балалар.

·         Ал енді осы құстар туралы қандай тақпақ, жаңылтпаш білесіңдер?

·         Қане, Дамир сен қандай құсты білесің?

·         Мен Тотықұс туралы тақпақ білемін

     Дамир           Тотықұс,тотықұс,

                            Сөйлейсің бір тоқтамай

                            Қайталайсың сөзімді,

                            Әдемісің сен қандай?

·         Жарайсың Дамир!

·         Ал Айдана сен қандай құс туралы тақпақ білесің

·         Мен қарлығаш туралы айтып беремін

     С.Айдана       Адамның досы қарлығаш,

                             Қарның ашты білемін.

                             Тамағыңды берейін,

                             Ұяңа әкеп себейін.

·         Жарайсың Айдана! тақпағын қандай тамаша.

    Ал енді кезекті жаңылтпашқа берейік

     М.Айдана         Аппақ қарға

                                Қара қарға

                                Ала қарға

                                Қонып отыр.

·         Жарайсың Айдана!

      Тұмар               Қара қарға

                                Ала қарға

                                Аппақ қарға

                                Тоңып отыр

     -     Өте жақсы.

    Енді көктем туралы біздің балаларымыз тақпақ айтып береді.

      Нұралы          Көктем күні шуақты

                               Көктем күні қуатты

                               Мал жағалап суатты

                               Сай- саламен су ақты

       Қайнар           Көктем күні дүркіреп,

                               Жаңбыр жауды күркіреп.

                               Бәйшешектер жайқалып

                               Шыға келді қыр түлеп.

·         Жарайсыңдар балалар!

    Балалар біз шаршадық, бәріміз бірге біраз сергіп алайық.

  Сергіту сәті:     Бір, екі, үш,

                              Қанат қағып ұш,

                              Болады сонда сенде күш!

 Тосын сый кезеңі: – Балалар, біздің қонақтарымыз жәй келмепті.Ол   сендерге жұмбақ жасырып келіп тұр.

  Жұмбақтар:   Бұдан сұлу құс бар ма

                            Қанаты қандай ұшқанда

                                                             (Аққу)

                            Сүп- сүйкімді сап-сары,

                            Балапандайды жүре алмай.

                                                              (Балапан)

                            Түнде тышқан аулайды,

                            Қараңғыда тыңбайды,

                            Барлық жерді шарлайды,

                            Қалай көзі талмайды.

                                                                (Үкі)

- Балалар жарайсыңдар, біздің қонақтарымыз сендерге қуанып, рахметтерін

  айтып жатыр.

Дидактикалық ойын:  «Өз үйлеріне қой»

- Балалар, мынаны қарандаршы үй құстары мен жабайы құстарымыз                                   араласып кетіпті.Ең алдымен мен сендерге «Жаңғалақ бала» туралы әңгіме

 айтып берейін.

                                   Жаңғалақ

    Бірде жаңғалақ деген бала атасына еріп орманға барады. Атасы жолда құс-

тармен таныстырып әр құстың қалай сайрайтынын айтып береді. Ертеңінде

Жаңғалақ достарына бәрін шатастырып айтып беріпті. Қазір бізде көрейік,       біздің арамызда жаңғалақ бар ма екенін. Ортаға екі баладан шығып үстелдің үстінде жатқан құстардын суреттерін алып, тиісті үйіне қойып шығады. Яғни жабайы құстар мен үй құстарын бөлу.

Қорытынды бөлім: –Балалар, біз сендермен қандай құстармен таныстық?

·         Қарлығашпен, Қараторғай, Қарғамен таныстық.

·         Қандай үй құстарын білесіңдер?

·         Тауық, Әтеш, Үйрек, Қазды білеміз.

·         Сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

·         Иә, ұнады.

·         Балалар, сендерге біздің құстарымыз алғыстарын білдіріп суреттерін беріп жіберді.

·         Ендеше «Жүректен жүрекке» шеңберін құрып құстарымызға алғысымызды білдірейік.

                             Қамқоршы боп жүреміз,

                             Табиғатқа, құстарға.

                             Аялаймыз оларды,

                             Жақсы көріп бәріміз.

-    Рахмет сендерге, сау болыңыздар!      

         

Тақырыбы:  бала  құқығы

Мақсаты:Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу; Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету; Оқушылар бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру; Құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;

     Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шындау. Мазмұны: БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясы – әрқайсысы белгілі бір құқықты сипаттайтын 54 баптан тұратын бала құқықтары туралы құжат. Конвенция бала ретінде 18 жасқа толмаған тұлғаны санайды, егер ел заңдары бойынша кәмелетке толу жасы осыдан кіші бекітілмесе. Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өзіне алады. Конвенцияға қатысушы мемлекеттер «ересектерді де, балаларды да Конвенцияның ұстанымдары мен ережелері туралы кең ақпарат беруге» міндетті. Конвенцияның ережелерін бақылаудың халықаралық механизмі бар, ол Бала құқықтары жөніндегі Комитет. Қазіргі уақытта елдердің көпшілігі Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті (АҚШ пен Сомалиден басқасы). Қазақстан Республикасы осы Конвенцияны 1994 жылдың 8-ші маусымында бекіткен. Конвенцияның 44 бабына сәйкес, оған қол қойған елдер заңдары мен мемлекеттік саясаттарын Конвенцияға сәйкес келтіруге бағытталған шараларды қолдану туралы БҰҰ-на есеп беру тиіс. Кәмелетке толмағандар мен жастар арасында қадағалаусыз қалу және құқық бұзушылықтың алдын алу Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қадағалаусыз қалудың алдын алу мәселесi ерекше көңiл бөлудi талап етедi, себебі аудандағы криминогендiк ахуалдың даму болашағы бүгінгi таңда жасөспiрiмдер және жастарға қатысты қолданылып жатқан тәрбиелiк-құқықтық шаралардың тиiмдiлігіне тiкелей байланысты. Жоғары және орта оқу орындарында құғық қорғау бағытындағы жастар құрылымдары желiсiн қалпына келтiру және дамыту жөнiндегi шаралар кешенiн жүзеге асыру оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен оның жолын кесуде құқық қорғау органдарына жәрдем көрсетуге ықпал ететiн неғұрлым перспективтi бағыт болып табылады. Кәмелетке толмағандар iстері жөнiндегi учаскелiк полиция инспекторларының, оның ішінде мектеп инспекторлары қызметi кадрлармен одан әрі нығайтуды қажет етедi. Оқу орындары оқушылары жасайтын қылмыстар санының артуы соңғы жылдарға тән ерекшелік болып отыр. Осы проблеманы шешу жолдарының бiрi-жалпы білiм беретiн оқу орындарында мектептерге бекiтілген кәмелетке толмағандар iстерi жөніндегі учаскелiк полиция инспекторларын енгiзу тәжiрибесiн одан әрі тарату болып табылады. Осы лауазымдарға тағайындау кезінде алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін тәжірибелі педагог-ер адамдарға басымдық беру қажет. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, осы жас тобындағы қылмысты ескертудi қамтамасыз ету, олардың әлеуметтік-пайдалы қызметке қатысуын қамтамасыз ету үшін тек қана құқық қорғау органдарының ғана емес, сонымен қатар, жалпы барлық қоғамдық институттардың күш-жігері қажет. Жас азаматтардың көкейкесті проблемаларының бірі- жұмыссыздық болып қалуда. Осы мақсатта жастар арасында кәсіби бағдарлау жұмыстарын күшейту, бос орындар туралы ақпараттармен алмасу үшін жағдайлар жасайтын бос орындар жәрмеңкелерін өткізу, еңбек нарығындағы сұранысты анықтау, жұмыссыз жастар мен әлеуетті жұмыс берушілер арасында байланыс орнату үшін ықпал ету қажет. Жасөспірімдер мен жастар қылмысының проблемаларын шешуде басымдықтарды, қолжетімді спорт нысандары желісін кеңейту жолымен спортпен айналысуға жасөспірімдер мен жастарды тартуға беру керек. Құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық тәртіпті нығайту Әлеуметтік-құқықтық құқық бұзушылықты алдын алу Кәмелетке толмағандар мен жастар арасында қадағалаусыз қалу және құқық бұзушылықтардың алдын алу Маскүнемдік пен қылмыстың қайталануының алдын алу Есірткі қылмыстары мен нашақорлықтың алдын алу Қоғамдық орындарда және көшелерде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету Жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу Заңсыз көші-қонды ескерту және жолын кесу Табиғат қорғау заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу Біліп жүрейік! 1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні 20-қараша – дүниежүзілік балалар күні 10-желтоқсан – адам құқығы күні 10.12.1948ж – адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады 1959ж – әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды. 1979ж – халықаралық балалар жылы өтті 20.11.1989ж - БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды 28.01.1993ж - ҚР-ның тұнғыш Конституциясы қабылданды. 8.06.1994ж – Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті 30.08.1995ж - ҚР-ның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда баяндалып, екінші рет қабылданды 
 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Воспитательная работа на тему" Күзгі балл""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист контроля качества

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 290 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.02.2016 1370
    • DOCX 46.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нургалиева Гульмира Толеугалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11528
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой