Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Воспитательная работа по тему"Жастар және қылмыс "(8-11 класс)

Воспитательная работа по тему"Жастар және қылмыс "(8-11 класс)

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Жастар және қылмыс.

Мақсаты: Жасөспірімдер арасында орын алатын қылмыстың алдын алу, қылмысқа қарсы қолданылатын жаза түрлерімен таныстыру.Оқушыларға қылмыс жасаған адамның заңды түрде жауапқа тартылатындығы, біреудің затын ұрлауға, біреуді балағаттап, ар- намысына тиюге болмайтындығы туралы толық жан-жақты түсіндіріп талқылау.

Оқушыларға құқықтық тәрбие жөнінде толығырақ мәлімет беру.


Өтілу түрі: Дөңгелек үстел.

Көрнекіліктер: видео, слайдтар, Балалар құқығы конвенциясы.

Барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Сұрақтар

  1. Құқық дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Бала болып кімдер саналады?

  3. Қазақстан Республикасының «Балаға құқығы туралы» Заңы қай уақытта қабылданды?

Осы сұрақтарға жауап алынады.Енді пікірталасымызды әрмен қарай өрбіту үшін оқушылар өз қалаулары бойынша «Адамзат», «Құқық» деген екі топ болып бөлінеді.Сынып оқушылары топ аттарын қорғайды.



ІІІ. Топтық тапсырма «Адамзат» тобына : «Қылмыс неден туындайды?»

«Құқық» тобына: «Қылмыстың болдырмау жолдары» деген тапсырмаларға жауап беру.





ІV. Әр топқа семантикалық карта беріледі. Құқық тобына:

Р/с

Сұрақтар




Жауаптар үлгісі

ҚР-дағы мемлекеттік басқару түрі

Заң шығара алады

Үкіметті құрады(яғни өзіне мин,истірлер командасын жинайды)

Аудан әкімін тағайындайды

1

Парламент


+



2

Президерттік

+




3

Премьер-министр



+


4

Облыс әкімі




+



Адамзат тобы:

Р/с

Хандар




Заңдар

Қасым хан

Есім хан

Шыңғыс хан

Тәуке хан

1

«Ескі жол»


+



2

«Жеті жарғы»




+

3

«Қасқа жол»

+




4

«Ясы»



+



V.Ситуациялық сұрақтар:

1. 8- сынып оқушысы көшеде келе жатқан өзінен кіші балаға әлімжеттік танытып, велосипедін тартып алады. Сіздер не істер едіңіздер?

2. Қазіргі кезде үлкенді сыйлау, әдептілік сақтау сияқты адамгершілік қасиеттерді атап өтіп, жасы үлкенге бей- берекетсіз ұрыну, тіл тигізу, ұр да жық мінезімен қол ала жүгіру достарының ,сыныптастарының, жастардың арасында кездесіп отырады. Сендердің сыныптастарыңда осындай мінезді оқушы бар дейік. Сіздер не істер едіңіздер?


Іс-шара барысында оқушыларды дөңгелек үстел басына 5 - 6 – дан бөліп отырғызып, қылмыс туралы 2 түрлі көрініс көрсетіледі .


1 –көрініс.


Самал қасындағы отырған Эльмираның қаламсабын ұрлап алады. Эльмира болған жағдайды сынып жетекшісіне айтады. Сынып жетекшісі:

  • Самал Эльмираның қаламсабын алдың ба –дейді.

  • Жоқ тәтей алған да, көрген де жоқпын,- деп жауап береді.

Ақырында Самал Эльмираның қаламсабын алғанын мойындайды. Сынып жетекшісі оған ақылын айтады.

- Самал, сенің бұл істеген ісің мектеп оқушысының ережесін бұзғаныдығың.

Эльмираның қаламсабын рұқсатсыз алуың сенің қылмыс жасағандығың.

Енді істі қайталама. Эльмирадан кешірім сұра да, қаламсабын өзіне қайтарып бер.

- Эльмира, кешір! Міне, қаламсабың. Енді бұндай істі қайталамаймын - деп, Самал кешірім сұрайды.

Арада бір ай өтеді. Қазақ тілі сабағы өтіп жатыр. Эльмира оқулыққа алып келген ақшасын ұстап отырады. Оны Самал көреді. Эльмира мұғалімнен сұранып сыртқа шығып кеткен кезін пайдаланып, ақшасын жымқырып, ұрлап үлгереді. Сол кезде сынып жетекшісі келіп оқулықтың ақшасын сұрайды. Эльмира сөмкесін ашып ақшаны алып бермекші болғанда, ол жоқ болып шығады.

  • Жаңа ғана ақшамды сөмкеме салып кеткем. Енді жоқ. Тағы да Самал алды ақшамды,- деп жылап жібереді.

  • Самал, Эльмираның ақшасын алдың ба, алсаң өзіне қайтарып бер.Самал мойындамайды. Сабақ бітеді. Оқушылар үйлеріне тарайды. Мұғалім мектептен қайтып келе жатып, Самалдың базардан тәтті сатып алып тұрғанын көреді.

  • Самал, сен ақшаны қайдан алдың?

  • Жаңа жолда мамам кездесіп ақша берді,- деп өтірік айтады.

- Ертең сбаққа келгенде мамаңды ерте кел.

Ертесіне Самалдың мамасынан: «Кеше Самалға қанша ақша бердіңіз ба?» деп сұрайды.

Мамасы қызына ешқандай ақша бермегенін айтады. Сосын сынып жетекшісі Самалдың мамасына болған жағдайды баяндап береді.

- Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіріп айтады - деген қазақтың мақалы бар. Мен сіздің қызыңыз туралы ащы шындықты айту үшін шақырдым. Істің алдын алып, сіз болып, біз болып Самалды дұрыс жолға салып, тәрбиелеуіміз керек. Самал тек ұрлық жасап қана отырған жоқ, ол өтірік айтып, бізді алдап отыр.

Қызының ісі үшін қатты ұялған анасы «Қызыммен үйге барып жеке сөйлесейін. Енді ондай қылық жасамайды. Өзім қадағалап, тәрбиелеймін» деп уәдесін беріп, үйіне кайтады.Үйіне келген соң Самалды қасына отырғызып, ақылын айтады.

- Қызым, сен мені жолдастарыңның алдында жерге қараттың. Кірмегенім қара жердің тесігі болды. Мен сені тәрбиелеп, барымды алдыңа тосып, ешкімнен кем қылмай отырғанда, неден кемтарлық көріп ұрлыққа бардың. Сенің болашағыңнан үміт күтіп, саналы, білімді азамат болады деп, еңбектеніп тапқан таянғанымды алдыңа тосып отырғанда, бүл не қылығың? Өзің ойланып көрші.

Самал ойланып, өзінің кінәларын түсініп, мұңайып қалады.

  • Мама, кешіріңіз! Енді бүндай іске бармаймын. Сізді ұятқа қалдырмаймын. Үмітіңізді ақтаймын.

  • Кешеғі жолдасыңның ақшасын апарып, кешірім сұрауды ұмытпа.

Арада бірнеше жылдар өтеді. Самал тәртіпті, үлгілі, жақсы оқитын оқушы катарына қосылады.

Үстел басындағы отырған оқушыларға сұрақтар:

1. Самалдың істеген істерін қалай бағалайсын?

2. Самалдың мамасы туралы ойларың қалай?

3. Сынып жетекшісінің орнында сен болсаң қалай істер едің?

4. Эльмира туралы не айтар едіңдер?

5. Самалдың орнында өзіңді қойып көрші, не істер едің?





2 – көрініс.


( Қазақтың ертедегі аңыз-әңгімесі желісімен)

Баласы көршінің тауық ұясынан жұмыртқа ұрлап әкеледі де, шешесіне жұмыртқаны қуырып беруін сұрайды. Анасы жұмыртқаны куырып береді.

Арада біраз күндер өтеді. Бала көршінің тауғын ұрлап әкеліп анасына береді. Қорадағы тауқтарға қосып қояды. Бірнеше жылдар өтеді, бала ұрлықты кәсіп қылып жігіт болып өседі. Бір күні жігіт бес баласы бар, жесір әйелдің ала сиырын ұрлап, сойып жатқан жерінен ұсталады. Ашынған ел жігітті бидің алдына апарып, үкім шығарып, жазалауын сұрайды.

Би: Сен бес баласы бар,өзі сырқат жұмысқа жарамсыз жесір әйелдің жанын бағып отырған жалғыз сиырын ұрлап, балалардың аузын ақтан қақтың. Сенің жазаң дарға асу.

Жігіт: Дат, тақсыр!

Би: Датың болса айт.

Жігіт: Маған анаммен сонғы рет тілдесуге рұқсат етіңіздер.

Анасы келеді.

Жігіт: Апа, маған тіліңізді көрсетіңізші ( Анасы тілін көрсетеді).

Уәзір: Сені жарық дүниеге алып келген, ақ сүтін берген анаңның кінәсі не?

Жігіт: Тақсыр, мен ең бірінші көршінің жұмыртқасын ұрлап алып келген кезде анам осы тілімен маған жекіп ұрыспай, ұрлықтың қылмыс екендігін түсіндіріп, ақылын айтпаған анамның тілі де кінәлі шығар деп тұрмын,- деп жауап береді.

Би: Әй, балам, бүл сөзіңнің жаны бар екен, ұрлықшы болуыңа сенің анаңның да кінәсі бар екен. Бұл жігіт дарға асылмасын. Алланың кітабы құранда былай депті.

Ұры әйел болсын, еркек болсын қолын шауып тастау керек. Бұл жігіттің оң қолының бес саусағын шабындар.

Сарбаздар жігіттің қолын айбалтамен шабады.Өкініп тұрып жігіт

  • Бауырларым, менің өкінішті ісімді қайталамандар. Мен қалған өмірімде ешкімнің ала жібін аттамауға ант етемін. Істеген ісім үшін ел-жұрттан кешірім өтінемін.



Оқушыларға сұрақтар.


1. Жігіттің ұры болып өсуіне кінәлі кім? Өзі ме әлде, анасы ма?

2. Сен ұры жігіттің орнында болсаң не істер едің?

3. Бидің шығарған үкімі дұрыс па?

4. Бидің орнында болсаң қандай жаза қолданар едің?


Мұғалім: Мұхаммед с.ғ.с. пайғамбардың хадистерінде 5 түрлі қылмыс жасаған адам қанша садақа берсе де күнәсінен құтыла алмайды делінеді. Соның бірі-ұрлық.

1. Ұры байымайды, сұқ семірмейді.

2. Ұрлық түбі - қорлық.

3. Біреудің ала жібін аттама.

4. Ұрлық ине ұрлаудан басталады.

5. Ақылды ұры ауылды ұрламайды.

6. Ұрының қасында ұры жүреді.

7. Қарақшыдан туған қалтаға түседі.

8. Ұрлық адамға ұят, итке сыбаға.


Ұрлықтың екі түрі болады:

1. Жеке меншікті ұрлау.

2. Қоғамдық меншікті ұрлау.

Қылмыс жасауға ұмылу да – қылмыс. Қылмыс істеген адамдарға негізгі және қосымша жазалар қолдану мүмкін. Негізгі жазаға жататындар мыналар:

  • Бас бостандығынан айыру;

  • Бас бостандығынан айырмай еңбекпен түзету жұмыстары;

  • Белгілі лауазым иесі болу құқығынан айыру;

  • Айып салу.

Жазалардың айрықша шарасы өлім жазасына кесу – қасақана кісі өлтіргенде қолданылатын жаза. Өлім жазасы 18-ге толмаған қылмыскерлер мен жүкті әйелдерге қолданылмайды.

Бас бостандығынан айыру жазасын жасы толмағандар еңбекпен тәрбиелеу колонияларында өтейді. Еңбекпен тәрбиелейтін колониялар екі түрге бөлінеді: жалпы және күшейтілген режимдегі.

Жалпы режимдегі колонияларда жеңіл қылмыс жасап, бас бостандығынан айырылғандар жазасын өтейді. Ауыр қылмыс жасағандар күшейтілген режимдегі колонияда жазасын өтейді. Бұл қылмысқа жататындар:

  • Бандитизм;

  • Пойызды апатқа ұшырату;

  • Мемлекеттің немесе жеке адамның меншігін тонау;

  • Қасақана кісі өлтіру;

  • Денені ауыр дәрежеде жарақаттау;

  • Әйелдерді зорлау;

  • Милиция қызметкерлерінің өміріне қастандық жасау;

  • Атылатын қару – жарақ, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды тонау.

Қорытынды: Кез келген Қазақстан азаматы өз халқына, өз еліне адал қызмет етуге, ҚР Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға міндетті. Конституцияның 9 бабында «адамның және азаматтың ар – намысы мен қадір – қасиетіне қол сұғуға болмайды» деп жазылған.




222 Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп









Тақырыбы:


«Жастар және қылмыс»

(дөңгелек үстел)


Сыныбы: 8-11сыныптар


Өткізген: 9 «в» сынып жетекшісі-Абдразакова Н.



















Қызылорда 2015

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 28.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров93
Номер материала ДВ-389112
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх