Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Воспитательная работа "Құстар-біздің досымыз"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Воспитательная работа "Құстар-біздің досымыз"

библиотека
материалов

Тақырыбы: Құстар біздің досымыз

Мақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы мағлұмат беру. Құстарға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кетуінен сақтандыру, құстар туралы ой- өрістерін, түсініктерін дамыту. Сондай-ақ, оқушыларды Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге тәрбиелеу.

Көкнекілігі: Құстар жайлы мақал- мәтелдер жазылған плакаттар, буклеттер, рефераттар, «Құстар- біздің досымыз», «Құстардың табиғи ұялары» атты қабырға газеттері, сөзжұмбақтар.

Барысы:

1-жүргізуші: «Көк құрақ- көлдің сәулеті, құс пен аң- ердің дәулеті» дегендей халықтың хайуанаттар ішіндегі ең жақсы кретіні құстар. Олардың құбылтып салған індері біздерді сүйсіндірмей қоймайды. Қанатты достарымызды республиканың қай түпкіріне сапар шексек те кездестіреміз. Өйткені туған өлкенің климаты мен жер жағдайы құстардың алуан түрлерінің тіршілік етуіне мүмкіндік жасайды.

1-оқушы :

Наурыз келді!

Тіршілікке жан кірді,

Кең дала жасарып,жаңғырды.

Бар өңір құлпыра бастады

Төсіне құйып ап жаңбырды.

2-оқушы:

Жыл құстары келді деп,

Балдырғандар мәз болды,

Қос қанаты желпілдеп,

Көлге үйрек- қаз қонды.

1-жүргізуші: Табиғатты құрайтын тіршіліктің бірі-құс. Халық ежелден-ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігі шексіз, ең жақсы көретін адмын құсқа теңеу арқылы ықыласын білдіріп келді.

2-жүргізуші: Халық өз ортасынан шыққан саңлақ ұлдарын- сұңқарға теңеп, төгілте ән шырқайтын әншісін- бұлбұлға, Отан үшін, ел үшін жанын қиятын батырларын- қыранға, елден асқақ сұлуды- аққуға теңеп жатады.

3-оқушы:

Ұшып келген ең алғаш,

Қараторғай қырағы.

Ұяларға қонақтап,

Дейді «менің тұрағым».

1-жүргізуші: Біздің міндетіміз қанатты досымыз құстарды қорғау. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқаларын жаруға, рақымсыздық жасап, жазықсыздан- жазықсыз құстарды жәбірлеуге, өлтіруге жол бермейік.

5-оқушы:

Жылы шуағымен гүл өсіріп,

Жыл құстарын ілестіріп,

Ару көктем келді, міне

Самалынан нұр есіп.

Көктем киімін киген оқушы шығады.

Көктем:

Сәлем,достар аман ба?

Мынау бейбіт заманда.

Шат-шадыман кктеммен

Шаттық болсын әманда.

Ән құрадым үніммен,

Сән құрадым гүліммен,

Қуантамын бәрінді

Құт мереке күнінмен.

2-жүргізуші: Халық « Көкек келді- көктем келді» дейді. Көктемнің тамаша бір айын көкек деп атайды. Қадірі мен қасиетіне өзгешелік жоқ осы құстың аты неліктен жылдың ең тамаша айына теңеу болды екен?

Хор: «Көкек» әні

6-оқушы: Жаздыгүні біздер

Далаға келіп,

Ағаштан биік

Бір құсты көрдік.

Сайрайды сол құс:

«Көкек!», «көкек!»

Аты оның содан

Аталған көкек

Сайрайды әсем,

Сайрайды әсем,

Сайрайды талмай.

Көңілді қандай!

Орманды жасыл

Сондай бір құс бар

Көп шығар онда

Көкектей құстар.

1-жүргізуші: Өз ұрпағына ұқыпсыз болса да, көкек пайдалы құстардың біріне жатады. Көкектің балапаны бір күнде 39 шегіртке, 43 жұлдыз құрт,зауза қоңызының 5 жұмыртқасын, шытырлақ қоңыздың 50 жұмыртқасын, 4 өрмекші, құмырсқа жұмыртқаларын қорек етеді.

7-оқушы:

Мен торғаймын,торғаймын,

Суықтан да тоймаймын.

Құрт-құмырсқа, шіркейден

Бау-бақшаны қорғаймын.

2-жүргізуші: Үйіміздің маңында жүретін кіп- кішкене торғайдың бір өзі ғана жылына 4 млн-ға жуық жәндік жейді екен.

8-оқушы: Үкі едім түнде ұшып қалықтаған,

Құртудан зиянкесті жалықпаған.

Үкімді үлпілдеген киелі деп,

Бұрыннан-ақ адамдар тағып алған.

9-оқушы: Құртты іздеп інінен,

Қарағайды үнгіген.

Тоқылдақ құс дәрігер

Қашанда ол әбігер.

Хор: «Ақ көгершін»

1-жүргізуші: Құрметті жас достар, құстар жөңінде викториналық сұрақтарға жауап берейік .

  1. Құстың негізгі баспанасы не? (Ұя)

  2. Қандай құс хат тасушы атанған? (Көгершін)

  3. Қай құста мүлдем ұя болмайды? (Көкек)

  4. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)

  5. Торғайдың жүрегі минутына неше рет соғады? (960 рет)

2-жүргізуші: Құстарға арналған әр- түрлі жұмбақтар да бар. Кімнің ойы ұшқыр болса, сол жұмбақты тез шешеді.


Көлдің көркі сән екен,

Ұшқанда сазды ән екен.

Ақындар оны мақтаған,

Адамдар қорғап сақтаған. (Аққу)


Ақ сарайын талқандап,

Шықты біреу талтандап. (Балапан)


Маң- маң басқан жүрісі,

Барлық құстың ірісі.

Қашқанда құстай ұшпайды,

Құғаның бірақ ұстайды. (Түйеқұс)


Өзі сақ, өзі ұсақ

Шакқылықтап тұрмайды,

Құйрығы ұзын,өзі ала

Бұл қандай құс, әй бала? (Сауысқан)


1-жүргізуші: Тамылжыған тамаша табиғаттың көрікті көктемінде құстар әлі толастамайды. Құстар тойы тойға ұлассын! Бейбіт аспанда қалықтандар, шаттана шарықтандар, қанатты достар!

2-жүргізуші:

Тіккен туы қазақтың

Күнге сәлем жолдасын.

Қыран құсы қалықтап,

Көк аспанды шарласын,

Кк байрағым желбіреп,

Атақ-даңқын талмасын,- деп кешімізді аяқтаймыз.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 07.11.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров63
Номер материала ДБ-328220
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх