Инфоурок Другое Другие методич. материалыВоспитательная работа "Өткен күндер жеңісі-Тәуелсіздік жемісі"

Воспитательная работа "Өткен күндер жеңісі-Тәуелсіздік жемісі"

Скачать материал

Өткен күндер жеңісі-Тәуелсіздік жемісі

Арыстанбек:

Келешегін көретін өзі алыстан

Өзі қыран, өзі от, өзі арыстан

Терезесі теңелген өзгелермен

Өзімідікі тәуелсіз -Қазақстан!

Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар!

Тәуелсіздік мерекесі келіп жетті. Баршаңызды сол тарихы тереңде жатқан айтулы мерекемен құттықтаймыз!

Айбек :

Атыңнан айналдым қазақ деген,

Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем,

Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай

Көрсең де небір сындар азаппенен

Қазақ ұлты тарихында көптеген қиындықты бастан кешті, аяусыз шабуылға ұшырады, қырғыннан қырғынға, босқыннан босқынға кезікті, талай азапты көрді. Дегенмен, «Тәуелсіз» деген мағынаны білдіретін «Қазақ» деген атына сай ел әрқашанда азаттыққа қол жеткізу үшін талпынды.

Арыстанбек:

Қазақ «мың өліп, мың тірілсе де»қазақ болып қала берді, әр ұрпақ өзінен кейінгілерге тәуелсіздікті арман етіп, ұлттық мақсат ретінде аманат етті.

Алайда, тәуелсіздік күніне жету үшін қазақ халқы қандай тар жол, тайғақ кешкендігін тарихтан жақсы білеміз.

(Олай болса экранға назар аударып тарих беттерін парақтап көрсек)

Айбек :

1723-1727 жылдары Жоғар шапқыншылығы кезінде 1 млн қазақ қаза тапты, жау қолына түскендері құл мен күң болып, жан сақтағандары көрші елдерге қоныс аударды. Ақтабан шұбырындының ең үлкен қасіреті қазақ елінің Түркістан бастаған 25 қаладан айырылуы Қазақ Орддасының қанатын қырқып, өрісін тарылтты. Алаш елінің дініне, тіліне қара бұлт төнді.

 

 

Арыстанбек:

Қазақстанның барлық аймақтарын қамтыған үлкен қозғалыс 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалыс еді. Бұл қозғалыс Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы бағытталды. Көтеріліс ең алдымен қазақ халқының ұлттық және саяси тәуелсіздігін көздеді.

Айбек :

1929-1933 жылдары ұжымдастыру салдарынан қазақ елі жаппай қырғынға ұшырады. 2,1 млн қазақ қаза тауып, 1,5 млн адам Қазақстаннан көшіп кетті.

Арыстанбек:

1925-1933 жылдары ішінде Қазақстанды басқарған Ф.И. Гогощекин саясатына қарсылық білдіргендерді «Ұлтшыл» деп жариялады. Өз ұлтын жәбірлеушілерден қорғау үшін М.Жұмабаев , С.Сейфуллин, І.Жанмсүгіров, А.Байтұрсынов, М. Дулатов, Ш. Құдайбергенов сияқты халық зиялылары жанын қиды.

Айбек :

1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 млн 700 мыңнан астам жауынгер қатысты. 600 мыңға жуық отбасы қара қағаз алып, қайғы уын жұтты.

 Арыстанбек:

Желтоқсан оқиғасына қатысқан 8500-ге жуық адам ұсталып, жаза тартты. 1200адам жұмыстан қуылып, 12 ЖОО ректорлары орнынан түсіріліп, 246 студент оқудан шығарылды. 99 адам сотталып, 2 адам өлім жазасына кесілді.

Айбек :

Елім ай деп зар жылатқан заманнан, ұлтжандыларға қыспақ болған қақпанан, соғыстың шоқ боп түскен өртінен, желтоқсанның ызғарлы сол желінен қадау қадау қасіреттен аман қалған бәйтерегім Қазағым!

Арыстанбек:

Міне, бұл бейбіт күнге оңайлықпен қол жеткізбегенімізіді тарихтың сары парақтары дәлелдейді. Білектің күшімен, найзаның ұшымен ұлан байтақ  атырапты сақтап қалған батырлардың бүгінгі ұрпағы бейбіт ғұмыр кешуде.

Айбек :

Тәуелсіздік алған осы жылдар ішінде Елбасымыздың арқасында елімізді бүкіл әлем таныды. Ендеше, тәуелсіздік таңдарындағы 25 жылда қол жеткізген жетістіктерге тоқтала кетсек.

Мұғалім:

    25 жылда жеткен жетістіктерімізді тізіп тұрсақ талай уақыт кетеді. Олай болса жылдар жырлайды деген ой қозғау жүргізейік. Мен жылдарды көрсетемін сол жылы не болды сіздер өз ойларыңызды айтасыздар!

Жылдар жырлайды тарихты...виктариналық сұрақтар

2006 жылы («Менің Қазақстаным» әні гимн болды )

1-желтоқсан (Тұңғыш Президент күні )

1996 жылы 9- желтоқсан  (Қ. Рысқұлбековке «Халық қаһарманы »атағы берілді. )

1941 жылы (Ұлы Отан соғысы болды)

2011 жылы (қаңтарда Ақ Азияда ойындары өткізілді.

2013 жылы (ҚР Конституциясына 20 жыл толды)

1995 жылы ( ҚР тұңғыш Ата Заңы қабылданды)

15 қараша  (теңге күні )

16 желтоқсан (Тәуелсіздік алған күн)

1998 жылы 6 мамырында (Елбасы Ақмола қаласының ҚР астанасы Астана қаласы болып өзгертілгені туралы жарлыққа қол қойды .)

1992 жылы (рәміздер қабылданды )

Мұғалім:

Рәміздерге нелер жатады?

Оқушы жауабы: Ту, Елтаңба, гимн

Рәміздерге арналған өлең жолдарын жаттап келуге тапсырма берілген болатын қәне кімдер жаттап келді екен.

(Ертай, Ерасыл,Ақниет, Ақжан, Жақа өлеңдерін оқиды.)

Арыстанбек: ҚР Президенті кім?

Ол туралы не білеміз?

Біздің тәуелсіз еліміздің президенті туралы оқушылардың  жасап келген қабырға газеттері бар екен, газетті қорғауға кезек берейік. (Ақжан қорғайды)

Сергіту сәті. «Тәуелсіздік» әні

Мұғалім: Балалар, суреттер сыр шертеді айдарынадағы суреттердің қандай мағына беретінін тауып көріңіздер !(суреттер көрсетіледі).

Айбек: Балалар, мәңгілік ел деген не осы, оны қалай түсінесіздер!

Оқушылардың  ойлары тыңдалады. Ақбота слайд қорғайды.

«Мәңгілік ел» әні тыңдалады.

Мұғалім: Бүгінгі сабағымыздан не үйреніп, не білдік қорытындылайық!

Арыстанбек: Олай болса, құрметті менің, достарым! Сіздер өз болашақтарыңызды қалай елестетесіздер?

 «Менің болашығым » атты шағын бес сөйлемнен тұратын эссе жазып жіберіңіздер!

(үш төрт оқушының эссесі тыңдалады)

Мұғалім:

Қорытынды:  Сабағымызды елбасымыздың кезінде еліне айтқан тілегімен аяқтасақ деп отырмыз. (Нұрсұлтан Дутбаев ел басының сөзін жатқа айтады)

     Мұғалім:

     Аспанымыз ашық, еліміз аман, жеріміз жауға тапталмай, ұрпағымыздың рухы биік, өрісі кең,  өнері өрге жүзген, білімі елден асқан, ешкімге тәуелсіз, туы биікте желбіріген азат ел болып асқақтап жүре берейік. Туымыз тек көкте ғана желбіресін, жерге түспесін деген ниетпен «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Воспитательная работа "Өткен күндер жеңісі-Тәуелсіздік жемісі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Менеджер по управлению сервисами ИТ

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 684 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.12.2016 483
    • DOCX 16.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дутбаева Мадина Джандильдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 39197
    • Всего материалов: 21

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой