Инфоурок Другое Другие методич. материалыВоспитательная табота на тему "Ақпыз қара сарымыз"

Воспитательная табота на тему "Ақпыз қара сарымыз"

Скачать материал

Тақырыбы: «Ақпыз, сары, қарамыз,«Ағайынбыз бәріміз».

Мақсаты: Көп ұлтты Қазақстан халқының татулықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқаны жайлы танымдық ойларын дамытып, өзге ұлт өкілдерін құрметтей білуге тәрбиеленеді.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, сто стратегиялары.
Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суретті плакат, бүктеме суреттер, нақыл сөздер.
Жоспар:
1. Қ.О. топтастыру
2. М.Т. «Қазақстан мемлекеті ұлттар ынтымағы» жайлы анықтамалары.
3. Тақпақтар.
4. Мақал-мәтелдер көрініс. «Рас екен мақалдар»
5. «Бар елге қымбат туыстық»
Кіріспе
Қызығушылықты ояту                     .2-слайт
-Олай болса, бірлікке, татулыққа бізде ұмтылайық.
Сіздермен бірге мына тренингті жүргізейік.
Дөңгелене шеңбер болып, қол ұстасып тұра қалайық. Бірімізге-біріміз «Мен сенімен дос боламын» – деп күлімсірейік.   .
   І. Қызығушылықты   ояту
(карточка лөстіру, жазуларына  қарай топтастыру)
-Бірлігі жарасқан, ынтымақты халық болуымыз үшін бізге не қажет деп ойлайсыздар?
-Отан
-Достық
               3 топқа  бөлу
-Бейбітшілік
Олай болса, балалар «Отан», «Достық», «Бейбітшілік» болып топқа бөлінеміз.                    ІІ. Мағынаны   тану

Мұғалім сөзі 4-слайт (Қазақстан көпұлтты мемлекет)
Әрбір адам үшін дүниедегі ең қасиетті де киелі ұғым – Отан. Шынында да солай. Константин Паустовскийдің өз сөзінде: «Адам жүрексіз өмір сүре алмайтынындай, еш уақытта Отансыз өмір сүре алмайды». Осы айтқандай адамның барлық тіршілік-тынысы өз Отанымен тікелей байланысты әрі сабақтас.
-Иә, бүгін біз үшін Отаннан артық ұлы ұғым жоқ. Елімізде мекендейтін барлық халық өкілдері ынтымақ пен достық туын жоғары ұстап келеді.
Бейбітшілік – біздің басты ұранымыз әлемде бейбітшілікті сақтау адамның ең бірінші құқығы, өмір сүру құқығын сақтау деген сөз.
-Қазақстанда тұратын жүзден астам ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады
Ырыс алды-ынтымақ, достық түбі-береке, мереке дейді.
-
Бізің туған жеріміз Қазақстан кең байтақ. Бір шетінен екінші шетіне жету үшін құс қанаты талады.

-Қазақстанда тұратын барлық ұлттар еліміздің ашық аспаны мен көкшіл туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. Қазақстанның ынтымақ бірлігі үшін біз шаттанамыз.

-Біздің сәби жүрегіміз бейбітшілікті қалайды. Бәріміз бейбітшіліктің туын жоғары ұстап болашаққа жол бастайықшы-дей келе бүгінгі сабағымыздың тақырыбы

«Ақпыз, қара ,сарымыз Ағайынбыз   бәріміз».

Мұғалім-Еліміздің барлық жерінде қазақтар, орыстар, өзбектер, ұйғырлар, корейлер, татарлар, украйндар, шешендер, дұнғандар және басқа көптеген ұлттардың адамдары тату-тәтті өмір сүріп еңбек етеді. Бұл халықтар түріне, нәсіліне қарамастан теңдей білім алып, Қазақстан Республикасының Ата заңы негізінде өздерінің Отанына айналған қазақ еліне барынша қызмет етіп, беделін үстем етіп келеді. 

Ғалым:-Кең пейілді қазақ халқының дархан даласын жайлаған барша ұлт өкілдері қазақ жерін «Отанымыз» дейді.

Ж.Айым-Мұндай мақтаныш сезіммен айтылған жалынды сөз жанымызды жадыратады.

Дана:-Жер шарында өмір сүретін халықтар алты құрлыққа бөлінген. Елдер тыныштықпен, бейбітшілікпен өмір сүргісі келеді. Нәсілдікке бөлінбейді.

Қаламқас:        Ақпыз, қара, сарымыз,

                           Ағайынбыз бәріміз.

                           Достық тату өмірге

                           Дүние жүзі сенеді.

                            Соғыс өртін өшіре

                            Бейбітшілік жеңеді.

Мадина:    Біз балдырған тең басқан,

                    Дос құшағын елге ашқан

                   Тілегіміз бейбіт күн,

                   Ашық болсын кең аспан.

Аяжан:                  Бақытты боп жүргенім,

                               Сенің арқаң, Ұлы Отан.

                               Елім менің тірегім,

                               Құшағыңда гүл атам.

Али:    Күлімде, күн күлімде

             Күлсін барлық бала шат

             Берекелі бүгіндей

            Бейбіт болсын болашақ!

Балнұр: Шығысыңнан арайлы,

                Күліп атқан құба таң,

               Сенен бақыт тарайды,

                 Баршамызға Ұлы Отан.

 Насиха:Отанды

              Жас, кәріміз де,

              Туған жер деп сүйеміз,

             Өйткені онда бәріміз де

              Туып, өмір сүреміз.

С.Айым: Үзім нанды бөліскен,

                Ынтымағы келіскен

                 Достық аулақ тұрады

                Ұрлық, ұрыс-керістен.

Ернұр:Гуілдеген тоғайша

Күндерді еске алыңдар.

Досы жоқтар қалайша

Сүреді өмір, таңым бар.

Санжар:     Не жетеді ғазиз досқа расында,

                     Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда

                     Қиналады, сен қиналсаң болғаны

                      Ұйықтамасаң, ұйықтамайды ол-дағы

Ғалым:    Достық деген ізгіліктің алаңы

                 Оған куә ғасырлар мен замандар.

                  Отанын да сатып кете алады

                  Қиын шақта, досын сатқан адамдар.

Аяулым:  Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

                     Басынан сөз асырмаған елміз.

                     Досымызды сақтай білген елміз.

                   Дәм-тұзды ақтай білген елміз.

  Келесі сөз кезегін « мақалдар»

Диас:      1. Досыңа өтірік айтпа,

                 Дұшпаныңа сырыңды айтпа.

                2. Мал көтерер өлімді,

                 Дос көтерер көңілді.

С.Айым:          3. Ағаш тамырымен,

                          Адам досымен мықты.

                       4. Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам.

Насиха:          5. Достың ескісі, киімнің жаңасы жақсы.

                        6. Жаңа дос жаныңда жүрсе,

                            Ескі дос есіңде жүрсін.

Аяжан:               7. Ескі дос келгенде,

                            Жаңа достың көзінен жас шығады.

Қаламқас:    8. Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық.

Мадина       9. Досыңмен дос болғанша шаттан,

                        Дұшпаныңмен дос болғанна сақтан.

Дана:             10. Асы көптің – тәні семіреді,

                      Досы көптің – жаны семіреді.

Аяулым:     11. Досың мың болса да аз,

                       Дұшпаның біреу болса да көп.

                      12. Дос құшағы жаз.

Санжар:     13. Жақсы дос ашып айтар,

                         Жаман дос қосып айтар.

Диас:    Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен достық қарым-қатынасы. Достық – өмірдің ең зор қуаныштарының бірі, онан да зор қуаныш – сырыңды айтатын адамның болуы.

 Жандос:  Достық – өмір үшін ең қажетті нәрсе, татулық.

Би: Кәріс  биі орындалады.(Т.Аяулым)

 Мұғалім :

Алыптар бас қосса,

Халықтар достасса,

Жеңіске жетеді.

Жерде де ғарышта!

Бәрі:             Ақпыз, қара, сарымыз,

                      Ағайынбыз бәріміз.

 Мұғалім :

Бейбітшілік ұранымыз,

Достық, бірлік жыр-әніміз

Таңғажайып Ұлы Отанда

Тату-тәтті тұрамыз біз.- дей келе сурет саламыз

                    ІІІ. Ой толғау

Топтастыру
Әр топ өз атын көз алдына елестете отырып, топтастырып қағазға түсіреміз.

Өткен 8-наурыз аналар мерекесімен құттықтай отырып Мадинаның орындауында би.

Би: Қазақ  би орындалады:   (Е.Мадина)

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Воспитательная табота на тему "Ақпыз қара сарымыз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по коллекторской деятельности

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 558 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.02.2016 782
    • DOCX 31.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жабаева Жулдыз Болаткановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жабаева Жулдыз Болаткановна
    Жабаева Жулдыз Болаткановна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12137
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой