Инфоурок Другое Другие методич. материалыВоспитательный час "Әдептілік -әдемілік" 1 класс

Воспитательный час "Әдептілік -әдемілік" 1 класс

Скачать материал

 Тақырыбы:  Әдептілік  - әдемілік

 Мақсаты:оқушыларды әдептіліктің алтын ережелерін қастерлеуге, өмір заңдылықтарын білуге үйрету.

Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелей отырып, оқушылардың рухани көзқарасын байыту.

Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі етуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: гүлдер, жүрекшелер,  күн суреттері, слайд

Шаттық шеңбері

-  Балалар мен бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп, сүйсініп тұрмын. Сол себептен мен сендерді көңілашар сәтіне шақырамын!

Ондай болса бәріміз бірге әдептілікпен келген қонақтарымызға сәлемдесейік және  әр атқан  таңымызға  мейірімділік сыйлайтын күнмен  сәлемдесейік.

Үлкенге  де  «Сіз»

Кішіге  де «Сіз»

Баршаңызды  құрметтеп

Бас  иеміз  «біз» 

Сәлем Күн-Анамыз! /қол жоғарыда/

Қуанатын күн бүгін / қол ұстасады/

Қайырлы таң! Қайырлы күн! /қол көкіректе/

Күліп шықты күн бүгін! /қол жоғарыда/

Топқа бөлу

-Балалар, қолымызда  түрлі түсті күндер бар.Ал осы түстер  адамның құнды қасиеттерін білдіреді екен.   Қызыл-адамгершілік, сары-адалдық,  жасыл- әдептілік, көк-ізеттілік қасиеттерін білдіреді. Есімізде түстерді сақтайық .

Олай болса балалар,қолымызда түстерге байланысты тізбек құрайық.

1-Сары түс, 2-қызыл түс,3-жасыл түс,4- көк түс болып тізбек құрамыз.

Суреттердің артында әріптер бар. Сол әріпті бәріміз қонақтарға көрсетеміз. Қандай сөз шықты екен.?

ӘДЕПТІЛІК-ӘДЕМІЛІК

Оқушылар түс бойынша топқа бөлініп отырады

Мұғалім:  Бүгінгі өнеге  сағатымыз «Әдептілік- әдемілік» тақырыбында өтеді.Әдептілік- адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс- тұрысының ережесі.Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан»деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейрімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата- анаңның, Кетігін тап та бар қалан»деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейрімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата- анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.

Мұғалім сөзі:

Олай болса, әдептілік деген не?
- Әдепті бала қандай болу керек?
Оқушылар: әдепті бала - мәдениетті, кішіпейіл, үлкенді сыйлайтын, қамқор
шы. Үлкенді - құрмет тұтады, көшеде, мектепте, асханада, көлікте, қонақта амандасып жүру керек. Кішіге  ізет, қамқоршы болу.
Шығармашылық жұмыс бөлімі

«Суреттер сөйлейді»   Ортада  екі парақ қағаздың біріне адам бойындағы жаман қасиеттерді бейнелейтін суреттерді,екінші параққа адам бойындағы жақсы қасиеттерді бейнелейтін суреттерді жапсыру  және қорғау.

   Мұғалім: Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы керек. Ендеше әдепті, ақылды балалардың қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық.
1оқушы  Інжу

«Білер қазақ баласы,
Сәлем - сөздің анасы»
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
- Сәлеметсіз бе, ағай!- деп
- Сәлеметсіз бе, апай!- деп
- Есенсіз бе, әжей!- деп
- Амансыз ба атай!- деп
- Ұл - қыз сәлем береміз,
   Өнегелі өренбіз.
2 оқушы  Данияр
Ата- ананың тілегі- адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің- әрқашанда керегің,
Әсемпаздық дегенің- әуре сарсаң әлегің.
3- оқушы Әділет
Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Ұрыншақ бала жанында,
Ұрыс пен керіс айқай шу.
Ұстамды бала маңынан,
Ұнамды қылық байқайсың.
4- оқушы Айболат
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
5- оқушы  Шұға
Сыйла үлкен кісіні
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақтап көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
6-оқушы Айқын
Сыйлап сәлем беремін
Көршілерді көргенде.
Ізетпен бас иемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін.
Балалар, біз әдептілік, сыпайлық жайлы пікірлесе отырып, әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайлы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуды  ұмытпайық.

-Енді балалар алдымызда тұрған қағазға әдептілік сөзіне  балама сөздерді тауып топтайық.Топтастыру стратегиясы.

        адалдық       әдемілік                    әділдік    имандылық

     жақсы қасиеттері     Әдептілік        қанағатшылық

       мейірімділік ізеттілік             қайырымдылы қ                          

Мұғалім: Әдепті адамдар – қоғамның баға жетпес байлығы әрі мәртебесі. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.

 Әдепті адамдар – қоғамның баға жетпес байлығы әрі мәртебесі. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.

7- оқушы Айша
Атам маған қашан да,
Кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда,
Мақтанбауды жөн көрем.
8- оқушы Әли
Өзгелерден өзімді,
Санамаймын жоғары.
Артық айтып сөзімді,
Желпінгенім жоқ әлі.
9- оқушы  Нұрай
Атам маған қашан да,
әділетті бол деген.
Ата сөзі санамда,
Жүрем тура жолменен.
10- оқушы Альдина
Қалдыратын ұятқа,
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізетін мұратқа,
Тек шындықты көздеймін.
11- оқушы  Хадиша
Апамызды сыйлайық,
Үйдің ішін жинайық.
Бұрынғыдай егесіп,
Ерегісіп тұрмайық.
Қалмау үшін керісіп,
Кел алайық келісіп,
Атқарайық үйдегі,
Жұмысты тең бөлісіп.

Мұғалім: Ал енді балалар, кезекті мақал- мәтелдерге берейік.

Шұға:         Әдепті бала- арлы бала,
                       Әдепсіз бала- сорлы бала.
Нүркен:         Әдептілік белгісі,
                       Иіліп сәлем бергені.

Дариға:        Ашу- дұшпан, ақыл- дос,
                     Ақылыңа ақыл қос.
Сағыныш:         Сіз деген- әдеп,
                            Біз деген- көмек.
Нұрай:        Ұлық болсаң- кішік бол. 
Хадиша:         Кішіден ізет- үлкеннен құрмет 
Ясина:           Әдепті бала ата- анасын мақтатар, 
                        Әдепсіз бала ата- анасын қақсатар.
Көрініс: Әдептілік  (Ы. Алтынсарин)
Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді.
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.
Қасындағы бай:
- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? - деп сұрайды.
Сонда ғалым тұрып:
Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па? - деген екен.
Мұғалім: Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей- ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.

Қазақ биі

«Мен саған, сен маған» сұрақ- жауап кезеңі
1 топ.  Сыйлап үлкен ағаны   Хадиша
             Сәлем берген баланы
              Кім дейміз?

хормен: Әдепті екен бұл дейміз.
2 топ:  Кітап, дәптер, қаламы   Данияр
            Кір шалмаған баланы
            Кім дейміз?

хормен: Ұқыпты екен бұл дейміз.
3 топ:     Таудай биік талабы    Інжу
              Жақсы оқитын баланы
               Кім дейміз?
              Үлгілі екен бұл дейміз.

4 топ:     Байқаусызда біреумен,    Әділет
                Қақтығысып қалсаң сен.
               Не ағаттық сөз айтсаң.
                Не дер едің оған сен?
Оқушылар:- КЕШІРЕРСІҢ деу керек

Мұғалім: Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей- ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.

Ойын «Жалғасын тап»
«Не істеуге болмайды?» Осы сөз үлкен етіп жазылып көрсетіледі.Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі)
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын .................. (күтіп ұстау керек.)

Топпен жұмыс «Адасқан сөздер»  ойыны 

Балалар мына сөздерді дұрыс құрау арқылы нақыл сөзді шығарып оқи аламыз

«Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені»  

Әдепті бала –арлы бала 

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сәлем сөздің  -анасы
«Жүректен –жүрекке»

    Балалар  шеңбер болып, өздерінің  үлкенгдерді қалай сыйлайтынын, ал кішкентай  балаларға  қалай  көмек көрсететінін  жүрекше арқылы айтып жүрекшені  тілек ағашына іледі.

Мен үлкендермен  сәлемдесемін.

Мен үлкендерге  орын беремін

Мен  қыздарды сыйлаймын

Мен өзімнен кішілерге қамқор боламын

Мен  қыздарға жол беремін

Мен үнемі  достарыма  көмектесемін.

Жарайсыңдар балалар. Сендер  өздеріңнің қандай әдепті бала екендеріңді көрсете білдіңдер.  Олай болса, балалар    «Мен әдепті баламын» әнін бірге орындайық.                                                                                  

    Мен әдепті баламын

                                                                              Сөзі – У. Бекетовтікі    

                                                                              Әні – И. Нүсіпбаевтікі

Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,

Мінезімнен теріс қылық таппайды.

Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,

Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.

Қайырмасы:   Айтқан тілді аламын,

                         Айтқан жерге барамын,

                         Мен әдепті, мен әдепті  баламын.

Қарсы алдынан кесіп өтпей көлденең,

Қашанда мен үлкендерге жол берем.

Абайсызда қалса біреу сүрініп,

Сол заматта сүйеніш боп қол берем.

Қайырмасы:   Айтқан тілді аламын,

                         Айтқан жерге барамын,

                         Мен әдепті, мен әдепті  баламын.

 

Қорытынды

Мұғалім:

-Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір- бірімізге кешірімді болу керек, ол да- әдептілік. Кейде кешірмейтін мінез құлықтар да болады. Ондай теріс мінезді тезге салып, тез түзеу керек.
-Балалар, бүгін біз сіздермен әдептілік жайлы білдік. Әр адам өзін кез-келген жағдайды кез-келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.

 

 


 

     

 

 

 

 

 

 

 


           

 

 

 

 


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Воспитательный час "Әдептілік -әдемілік" 1 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

PR-менеджер

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 551 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.02.2017 1070
    • DOCX 1.4 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тастемирова Конырша Ендешбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 24401
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой