Инфоурок Другое КонспектыВоспитательный час на тему "Қазақстан кеше, бүгін, ертең!"

Воспитательный час на тему "Қазақстан кеше, бүгін, ертең!"

Скачать материал

 

Тақырыбы:       Қазақстан  кеше, бүгін,  ертең.

 

Мақсаты:    Оқушыларды  Отанын  сүюге, халқына  адал  қызмет  етуге, елінің рәміздерін  қастерлеуге тәрбиелеу. Қазақстанның  өткені  мен  бүгінгі  өмірін салыстыра отырып, өз  еліміздің  даму  тарихы  туралы  танымдарын ұштау.

 

Барысы.

 

                       Мақтан  тұтам  Отанымның  өткенін,

                       Тіл  қайнардан  қанығуға талпынғам.

                       Қазақстан  іргелі  елге  жеткенін,

                       Көргім  келіп, арман  оймен  алқынғам.

 

       Құрметті  ұстаздар  мен  оқушылар!

       Бүгінгі өткелі отырған тәрбие сабағымыздың тақырыбы

«Қазақстан  кеше, бүгін,  ертең»  деп  аталады.

 

І  бөлім.

 

№ 1 слайд.      Қазақстан – кеше ...

                        

                        Тәуелсіздік  бізге  оңай  келмеді,

                        Жұртым  менің  не  қиындық  көрмеді!?

                        Жылап  тұрып  Аналарым  бұл  жолда,

                        Сан  перзентін  қара  жерге  жерледі.

 

(ақырын басып қарт шығады, немересі ойнап жүгіріп келеді)

 

Немересі:

-   Ата, не ойлап отырсыз?

Атасы:

-   Ә, балам, атаң не ойлайды дейсің?  Сенің болашағыңды, еліміздің болашағын, өткен өмір туралы ойлаймын да.

Немересі:

-   Ата, өткен өмір деген не?

Атасы:

-   Ендеше, тыңда балам.  Атаң бір сөйлесін.

 

Ғасырмен сұхбат.

 

Ақмарал:

        XI ғасырда  қуатты  қазақ  хандығы  құрылды. Алайда  тәуелсіз  қазақ мемлекеті  бейбіт  өмір  сүре  алмады. Ұлан  байтақ  елімізге  жан-жақтан   көз тігіп  ойран  салушылар  көбейді.

Алина:

        Ел  жайлауға  көшіп, қаннен-қаперсіз  жатқан  елімізге  Жоңғар тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың  жұртты қан жылатты. Дүрліккен  жұрт шұбыра  қашып, «Ақтабан шұбырынды» болды. Халық  Алқакөлге  аяңдап, қасиетті  Қаратауға  бас  сауғалады.

 

 

 

Ақжарқын:

           Күтпеген  жерден  қазақ  жеріне  жасаған  Жоңғарлардың  шабуылына қазақтар  тоз-тоз болып, мал-мүліктен  айрылып қырылды. Қасиетті осы оқиғаға  байланысты  қазақ  халқының «Елім-ай»  әні  дүниеге  келді.

 

(«Елім-ай» әні  орындалады)

Назерке:

          Қаратаудың бауырында қалың қазақ бас қосты. Елдің елдігін, ердің ерлігін  соңғы  рет  сынайтын күн туды. Жұртты  аман  алып  қалу  үшін Төле би  батырларды   батылдыққа, елді   бірлікке  шақырды.

 

Нұрай:

          Қазақ халқының  Жоңғарларға  қарсы  азаттық  күресінде  Қабанбай, Бөгенбай,  Наурызбай,  Райымбек  сынды  батыр  бабаларымыз               қолбасшылық   етті.

 

Айнұр:

         1923-1933  жылдары   адам  айтса  нанғысыз  ашаршылықтан                            6  миллиондай  адамның  2,2 миллионы  опат  болды. Асыра  сілтеудің  кесірі  қазақ  қазақ  қоғам  қайраткерлері   Ахмет,  Мағжан,  Міржақып, Жүсіпбек, Бейімбет, Ильястардың  түбіне  жетті. Өзі  өлсе де, аты  өлмеген  ағалар   рухына  бүгінгі  ұрпақ  тізе  бүгіп  бас  иеді.

 

Гүлнұр:

          1941-1945  жылдары   адамзат  тарихында  болмаған    алапат  соғыста            ел  үшін   жанын  қиған  қазақ  батырлары  фашизмнен  бүкіл  адамзатты  қорғап,  ерекше  ерлік  көрсетті.

 

Фариза:

          Айта берсе, сөз таусылған ба? 1941-1945  жылдардағы  ызғарлы  күндер қаншама қыршынның өмірін қиды? Ержүрек ұлдар мен қыздар Отанды қорғауға  бір адамдай аттанды. Каһармандықпен  қаза тапқан батыр қыздарымыз,  Әлия  мен  Мәншүкті  қайда  қоярсыз?

 

   Ақыл айтып бабалар жолға салған,

  Асыл сөз даналардан мұра болған.

                                       Ерлігі Мәншүк пенен Әлияның,

Жүректе мәңгі өшпес орын алған.

Сая:

          Ия, бір кезде  Отан  үшін  деп  жанын  қиған  жастар, енді  тәуелсіздік үшін,  ар-намысын, ата-баба  дәстүрін  жоғары көтеру жолында ереуілге шықты. Олар  бұл  өжеттігін, ұлтшылдықтың  белгісі  етіп  көрсетті.  Қаншама қан  төгілді. Ия, 1986  жылы  «Желтоқсан  оқиғасы»  тарихта  мәңгі  қалмақ.

 

Жас  арудың  жанарында – Желтоқсан,

Қанды  ғасыр  табанында – Желтоқсан.

Қаралы  өмір  қайыстырған  халқының,

                                  Қара   тұман   қабағында –Желтоқсан.

 

 

 

 

 

 

Алина:

          1986  жылы 16 желтоқсанда болған жастар қозғалысында, өз ерліктерімен  қаншама  жастар  тәуелсіздіктің  құрбаны  болды.  Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев т.б.

 

 Аппақ  жалды арғымақтың  шірей тартып тізгінін,

                         Бар  әлемге  жеткізетін  қазағымның   ізгі  үнін.

                         Алатау да тас  жейдесін  қағып киер күн бүгін,

 Дұшпандардың  нар кеудесі ағып күйер күн бүгін.

                         Желтоқсанның  сақылдаған  аязынан  нәр  алған,

                                                 Жаса Тәуелсіздігім!

 

ІІ бөлім.

 

№ 2 слайд.       Қазақстан – бүгін ...

 

    Бақыттың  құсы  әр  адамға  қонып  бір,

                                    О,  Тәңірім,  бізді  баққа  жолықтыр!

                                    Бүгін,  міне,  Егеменді  ел  ағайын,

                                    Әр  қазақтың  жүрегі  боп  соғып  тұр!

 

Атасы:

-   Бұған да тәубе, егемендік алып, елімізді әлем таныды ғой.

Немересі:

-   Ата, «Егемендік» деген не?

Атасы:

-   Балам, білгің келсе тыңда...

 

Фариза:

        Әрбір  егеменді  елдің  өзіне  тән  мемлекеттік  рәміздері  болады.  Оған Ту, Елтаңба  және Әнұран жатады. Қазақстан Республикасының азаматтары сондай-ақ  елімізде тұрып жатқан кез келген адам Мемлекеттік Туды, Елтаңбаны, Әнұранды  құрмет  тұтуға  міндетті. Олардың  сипаттамасы  және ресми  пайдалану  тәртібі  Конституциялық  Заңмен  белгіленеді.

       1992 жылы 4 маусымда мемлекетіміздің өз рәміздері қабылданды.

Атасы:

             Қалықтап  Елтаңбада  қыран   бүркіт,

             Көрмеген  ен  даламнан  құлан  үркіп.

             Көк  туым  көкте  көлбей  желбіреумен,

             Үмітін  бабалардың  тұр  тірілтіп.

 

             Не  деген, жас  жеткіншек, бақыттысың,

             Басыңа  қонды  келіп  бақыт  құсың.

             Ел  болып  армандаған  Еркіндігің,

             Сендерге  мәңгі  нұрын  шашты ғой, шын!

 

 

 

 

 

Нұрай:

            Кең байтақ қой Қазақстан картасы,

            Астанамен айшықталған ортасы.

            Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,

            Бұның бәрі Елбасының арқасы.

Сая:

           Ел болған соң ағу керек сарқырап,

           Дүрілдеген өзенге ұқсап сарқырап.

           Еркіндіктің тағы да бір белгісі,

          Ұлттық ақша теңге шықты жарқырап.

 

Нұрай:

          Көк туым көкте желбіреп,

          Жүрегі елдің елжіреп.

          Риза қазақ Тәңірге,

          Бостандық бізге келді деп.

 

          Елінде  еркін  тыныстап,

          Жүр қазақ Туды тік ұстап.

          Баянды  болсын  Туған ел,

          Еншіңе  тиген  ырыс, бақ.

 

Немересі:

           Қазақты бүгін, дүние  түгел  таныпты ғой,

           Намысын  халқым  арына  қайрап  жаныпты ғой.

           Табысып  бауыр, қауышып  қауым, аға-інісімен,

           Анығы, қазақты  ұлт  деп  әлем  мойындапты.

 

Тәрбиеші:

     Балалар, сонымен  бүгін Қазақстан қандай мемлекет?

 

(демократиялы,    бай,      зайырлы,      көп  ұлтты,     құқықты)

 


(тәуелсіз,   дамыған,                                         Әлеуметті,  біртұтас)                              

 

 

 

 


 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ІІІ бөлім:

№ 3 слайд.       Қазақстан – ертең  ...

 

                                  Қазақпын, еңселі  елмін  егеменді.

                                  Кеңейттім  кең  әлемге  керегемді.

  Мұхиттың  аржағында  жатқан  жұрттар,

                                 Таныды  тепе-тең  деп  тереземді.

                                 Қазақпын,  қойнауы – құт,  жері – дархан,

                                 Әнімді бес құрлықтың бәріне айтам.

 

        Балалар, біз Қазақстанның  кешегісін, бүгінгі өмірін толғадық. Ал, ойланып  көрейікші  Қазақстан  ертең  қандай  болады екен?

 

 № 3 слайд.       

   

Болашақ біздің көзімізбен ...

  

 (Қазақстанның   картасын  тақтаға  іледі, балалар  болашақты  болжайды)

 

Ойтолғау:

         - Балалар,  Қазақстанның  осылай  самғап  өрістеуіне  кімдер  үлес

қосуы  керек?

          Ендеше, біздің ой-өрісіміз, біліміміз жеткілікті ме? Ол, үшін қандай дәреже қол жеткізуіміз керек?

 

-   Біз бақытты, Интернет жүйесіне қол жеткізген білімге құштар жастармыз.

-   Ертеңгі күні ел үшін әр салада еңбек ететін, Қазақстанның  болашағымыз.

-   Біз спортты сүйетін, салауатты өмір салтын сақтайтын дені сау жастармыз.

-   Сан мамандық игеретін мамандық иелеріміз.

-   Біз  Тәуелсіздік  тірегіміз,  оған  тәртібімізбен, сапалы  біліммен, жақсы қасиеттермен  үлес  қосамыз.

 

Сергіту  сәті.

 

          Қане,   балалар,  шеңбер   жасап,  оң  қолдарыңды  бір-біріңе  созып,

 Қазақстанның   көркеюуі  үшін  жүректен  шыққан  жақсы  тілектерімізді  білдірірейік.

         Осы  айтқан  жылы  лебіз, арман  тілегіміз орындалып, еліміз тыныш, жұртымыз  аман,  Қазақстанның  тұғыры  биік  болсын!  демекпіз.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Воспитательный час на тему "Қазақстан кеше, бүгін, ертең!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель образовательной организации

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 324 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.10.2016 939
    • DOCX 68.5 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сейдалиева Лаура Илесбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сейдалиева Лаура Илесбековна
    Сейдалиева Лаура Илесбековна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1083
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой