1035996
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5.520 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.200 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 70%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокКлассному руководителюДругие методич. материалыВоспитательный час на тему: Диалогтік алаң:"Тәрбие тетігі кімде?" "Айтуға оңай" ток-шоуы.(Ата-аналармен жұмыс)

Воспитательный час на тему: Диалогтік алаң:"Тәрбие тетігі кімде?" "Айтуға оңай" ток-шоуы.(Ата-аналармен жұмыс)

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

«Айтуға оңай» ток-шоуы. Бағдарлама тақырыбы: «Тәрбие тетігі кімде?»

Дайындаған: Асетова Есенгүл Исқаққызы.

Сыныбы: 10ә.

Мақсаты: Ата-аналар мен ұстаздарға ортақ мәселе-бала тәрбиесіндегі кедергілерді анықтап, одан шығу жолдарын оқушы үнін ескере отырып, іздестіру.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар ата-аналары мен ұстаздарының тәрбие берудегі қиындықтарын бірлесе талқылап, өзін өзі жетілдіруге, тәрбиелеуге ұмтылады. .

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздердің назарыңызда «Айтуға оңай» ток-шоуы және бағдарламаны жүргізетін, мен – Есенгүл Исқаққызы. Бүгін біз сіздермен ата-аналарға да, ұстаздарға да ортақ мақсат – өмірден өз орнын таба алатын толыққанды тұлғаны қалыптастырудағы дұрыс тәрбие дегеніміз не және оның тетігі кімде немесе неде болуы мүмкін, осы тақырып төңірегінде ойталқы жасамақпыз.Кемеңгер Қорқыт ата:

Ұл ақылды хош көрмес-

Ата үлгісін көрмесе.

Қыз жарытып ас бермес

Шеше үлгісін көрмесе, - деген екен. Олай болса, бүгінгі «Тәрбие тетігі кімде?» атты ойталқымыздың басты кейіпкерлері мына отырған біздер өзіміз, яғни, ата-аналар, балалар және мұғалімдер. Ендеше, назарымызды экранға аударайық. (Бейнероликтің қысқаша сюжеті: Бір отбасының жасөспірім ерке ұлы ата-анасына мүлдем көңіл бөлмейді, сөйлеспейді, үйі оған тек тамақ ішіп, ұйықтау үшін ғана келетін орын сияқты. Әр түн сайын үйіне кеш келеді. Бірде осылай түнде келіп апыл-ғұпыл тамақ ішіп отырғанда шыдай алмаған әкесі келіп: «Сағат неше болды?Неге кешігесің? Осынша уақытқа дейін қайда жүрдің?» дейді. Ұлы болса дөрекі жауап қайырады. Әкесі ашуланып, ұлының жағынан тартып жібереді. Ұлы ашуланып, үйден кетіп қалады. Өз күнін өзі көрмек болып, құрылысқа жұмысқа кіреді. Жұмыста төбеден құлап, екі аяғы жансызданып, мүгедек болып қалады. Ата- анасы оны мәпелеп, бағып- күтеді, ал ұлы бар қателігін түсініп, іштей күйзеліп, қайғырады, жылайды. Өкініш өзегін өртеген әкесі оны сәбидей арқалап, аяғынан жүргізу үшін күні-түні аянбай еңбектенеді. Көп тер төгеді. Кезекті бір мерекеде үстел жайып, отырғалы жатқанда, ұлы өз аяғымен тәлтіректеп келе жатады. Бәрінің қуаныштарында шек болмайды.)

Мұғалім: Сонымен, ата-ана үшін баланың жақсы ісі – сүйініш, жаман ісі – күйініш дей отырып, жасөспірімдер атынан студия қонақтары Нұрбол, Алтын, Айнара, Инзираны, ата- аналар атынан Ақлима апай, Ербол аға, Дәріш апайды, мұғалімдер атынан Ринат Рамазанұлы, Аманкелді Ғабиденұлы, психолог Жансұлу Ғалымжанқызын ортаға шақырамын.

1. Орнымызға жайғасып болсақ, алғашқы сауалымды жасөспірімдерге қойғым келіп тұр. Жаңағы бейнесюжетте көрген жасөспірімнің әрекетіне баға берсеңіздер. Қай қылығын қостап, түсінуге болады, қай қылығы дұрыс болмады? Осындай жағдай сіздерде де болып тұра ма, яғни ата-анаңның сенің жеке өміріңе араласып, сұрақ қоя бергенін, жүріс-тұрысыңды қадағалағанын жақтырмау, үнемі солардан сұрану керектігіне наразы болу секілді? Жаңағы отбасының ата-аналары өте тәрбиелі адамдар секілді, ендеше, неге баласы тәрбиесіз болды?

2. Шалкиіз жырау айтқан екен:

Жаманнан туған жақсы бар,

Адам айтса нанғысыз.

Жақсыдан туған жаман бар,

Бір аяқ асқа алғысыз, - деп. Ата-аналарға сауалым, жаңағы отбасының ата-анасы неден қателесті? Біз кішкентай күнінен-ақ қадағалап, қанша жерден жақсы тәрбие бердік десек те, кей жағдайда біздің күткеніміз болмай, баламыз теріс әрекетке барып жатады, осының себебі неде?

3. Ринат Рамазанұлы, әдетте, «мектеп- білім мен тәрбиенің ошағы» дейміз. Телі мен тентекті тезге салуда мектептің дәрменсіздік танытатын тұстары бола ма? Қандай кедергілер кездеседі?

4. Жансұлу Ғалымжанқызы, біз көрген бейнекөріністегі отбасына психологиялық тұрғыдан сипаттама берсеңіз.

5. Аманкелді Ғабиденұлы, сіздің сыныбыңызда осы бала секілді тәрбиесі қиындық тудыратын оқушылар бар ма? Мұндай оқушылардың айналасына тигізер зардабы қандай және олармен қалай жұмыстанудасыз? Мұғалім үшін не қиынырақ, сабақ беру ме, құжат толтыру ма, әлде тәртібі нашар оқушыны тәрбиелеу ме?

6. Жалпы аудиторияға сұрақ: Қазіргі жас отбасылардың ұстанымдары: «балаға «тек» деуге болмайды, жасық боп қалады». Жаңағыдай ұстаныммен тыйым көрмей өсіп келе жатқан балаларын өзгелердің үйіне ертіп бара қалса, барған үйінің берекетін алып, зықысын шығарады. Тіпті ұлы адамдардың осы тақырыптағы пікірлерінде де қарама-қайшылықтар кездеседі. Мысалы, Б.Момышұлы: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» десе, Қ.Мырзалиев: «Баланың тентектігін қойдырамын деп, қайсарлығын өлтіріп ала көрме» дейді. Ал А.Байтұрсынұлы болса: «Баланы ұлша тәрбиелесең - ұл, құлша тәрбиелесең – құл болады» деген. Баланы бетінен қақпай өсіру дұрыс па?

7. Олай болса, келесі кейіпкерімізге көшейік. Мен осы мектепте 16 жыл жұмыс істеп келемін. Осынша уақыт педагогикалық өтілімде шешімін таппай келе жатқан сауалдарым да бар. Солардың біріне қатысты ой өрбітсек. Мені 2001 жылы сынып жетекшілікке тағайындады. Бұл сынып (слайдта) ішіндегі озат пен екпіндінің бәрін тереңдетілген сынып ашуға іріктеп алып кеткен, тек орташа оқитын он бес оқушыдан тұратын сынып еді. Сынып оқушыларының әлеуметтік жағдайлары шамалас, басым бөлігі аз қамтылған отбасының қарапайым, еңбекқор, мейірімді балалары еді. Яғни, олардың ішінде сабаққа келгісі келмейтін, көп сабақ қалдыратын 3 оқушыдан басқасы ешқандай қиындық туғызбайтын. Мен олардың оқуда озат атана алмаса да бойындағы қабілеттері арқылы танымал болуға мүмкіндіктері бар екеніне көздерін жеткізуге тырыстым. Көп ұзамай, олар әр түрлі үйірмелерге қатыса бастады, оқу екпінділері бола бастады. Осылардың ішіндегі оқуы орташа бірақ көшбасшылық қабілеті бар бір оқушыны староста қылып сайладым. Ол өз жұмысын тамаша атқарды, күреске қатысып, 11- сыныпта респ. чемпионы атанды. Спорт. фак-н, магистратураны қызыл дипломмен бітіріп, ЖОО-на мұғалім боп орналасты. Өмірдегі жетістіктерін үнемі менің есіміммен байланыстырып жүретін, мақтан тұтар шәкіртімнің бір күні жат діннің ықпалына еріп кеткенін естідім. Оны осы үшін жұмысынан да босатты. Онымен сөйлескенімнен түк шықпады. Анасы қатты қапаланды, оларды да тыңдамады, ең сорақысы, бір күні анасы да осы ағымға қосылды. Мені қинайтын сұрақ – біздің талантын ұштап, өмірден өз орнын тапқыздық деген шәкірттеріміздің осындай жолға түсуіне кім кінәлі? Бізден қандай қателік кетті? Болашақта балаларымызды осындай жат ағымдардан қалай қорғаймыз?

Оқушылар, сендердің әрбір қателіктерің мен сәтсіздіктерің үшін ең көп зардап шегетін кім? Әрине, ата-аналарың. Жауынгер жазушы, Халық қаһарманы Б.Момышұлы «Ата-ана қадірін білмеген

Ел қадірін білмес» деген болатын. Назарымызды экранға аударайық. (Ата- ананы қадірлеу туралы слайд) Ата-ана қадірін білетін жастар қайырымды, мейірбан, қоғ.жат істерден ада, ақылды, білімді болмақ. Заманымызға керек жастар да осылар. Құрметті қатысушы қонақтар, біз бүгін бала тәрбиесі туралы біраз нәрсені талқыладық. А.Байтұрсынұлыша айтар болсақ, «Біздің заманымыз өткен заманның баласы, келер заманның атасы». Шіркін, сол келер заманға үлгі боларлық

Атадан ұл туса игі

Ата жолын қуса игі,

Өзіне келер ұятты

Өзі біліп тұрса игі....

Әрине, мұның бәрі АЙТУҒА ҒАНА ОҢАЙ...


























Жаңақала аудандық білім беру бөлімі

Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі


C:\Users\User\Desktop\Ақпан-наурыз рабочидағы\123\Қате.png


Ата-аналармен жұмыс


«Айтуға оңай» ток-шоуы.

Тақырыбы: «Тәрбие тетігі кімде?»


Дайындаған:

Асетова Есенгүл Исқаққызы. І деңгей мұғалімі


Сыныбы: 10ә.






Жаңақала ауылы, 2015 жыл

Краткое описание документа:

Ұсынылып отырған тәрбиелік шарада ата-аналар, ұстаздар, оқушылардың қатысуымен өтетін диалогтік алаң "Айтуға оңай" ток-шоуының ізімен өткізілді. Қозғалып отырған тақырып: "Тәрбие тетігі кімде?"яғни бала тәрбиесіндегі жетістік пен қателіктер, олқылықтар, жасөспірімдердің қоғамға жат қылықтарға икемделулеріне кім кінәлі екендігі талқыланады. Ата-ананың, оқушының, ұстаздардың пікірлері мен жан айқайларына құлақ түріліп, ортақ тұжырымға келуге тырысады.

Общая информация

Номер материала: 279050

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС второго поколения»
Курс профессиональной переподготовки «Организация образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Оказание первой помощи детям и взрослым»
Курс повышения квалификации «Использование мини-проектов в школьном: начальном, основном и среднем общем и среднем профессиональном естественнонаучном образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Воспитание и социализация учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Использование игр в развитии и обучении»
Курс повышения квалификации «Средства педагогического оценивания и мониторинга в работе учителя в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Скрайбинг и веб-квест как инновационные образовательные технологии в условиях реализации ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Мотивация учебной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Тьюторское сопровождение обучающихся в системе инклюзивного образования»
Курс повышения квалификации «Система работы специалистов ОО по подготовке учащихся старших классов к сдаче экзаменов»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Экзаменационный стресс как частая проблема педагогов и учащихся и пути ее решения»
Курс повышения квалификации «Профориентация школьников: психология и выбор профессии»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.