Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Воспитательный час на тему "Химия ғажайыптары"

Воспитательный час на тему "Химия ғажайыптары"

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Облыстық арнаулы №3 мектеп-интернаты



















Тәрбиелік шара

Тақырыбы: «Химия ғажайыптары»

http://www.gornovosti.ru/static/images/archive/2365/J0233959_WMF.jpg



Өткізген:химия пәні мұғалімі Хасанова С.С.













Атырау



«Химия ғажайыптары»

Мақсаты: химия саласының маңызы,тыңайтқыштар туралы түсініктерін бекіту, өсімдіктердің өсіп-дамуына тигізетін  әсерімен  таныстыру. Экономикалық, экологиялық тәлім-тәрбие беру. Өсімдіктерді қорғап, баптауға үйрету.

Көрнекілігі: суреттер, көрініс «Тыңайтқыш тағдыры», қанатты сөздер, слайдтар, карточкалар

Жүрісі: Ұйымдастыру. Құрметті оқушылар, ұстаздар! Жаратылыстану апталығы аясында өткізіліп жатқан «Тыңайтқыш тағдыры» атты тәрбиелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер. Аты айтып тұрғандай, бүгінгі тақырыбымыз химия пәніне қатысты болмақ. Тыңайтқыштар тақырыбын өткен боларсыздар? Оның маңызы, пайдасы, әсіресе агрономия саласына өте пайдалы екенін химия сабағынан оқып жатырмыз. Химияны білмеу, оның қажеттілігін, адам өміріндегі рөлін білмеу үлкен қателік екенін сіздер біледі деп есептейміз. Ендеше шарамызды бастайық. Алдымен оқушылар «Адасқан әріптерді» құрастыру арқылы топтардың атын тауып алайық.



1) р,о,э,н,е,л,к,т

1

э

2

л

3

е

4

к

5

т

6

р

7

о


8

н


2) р,т,о,н,п,о


1

п

2

р

3

о

4

т

5

о

6

н







1. Оқушыларды топтарға бөлу. «Электрон», «Протон».

2. Әділқазы алқасын сайлау.

3. Көрініс. «Тыңайтқыш тағдыры». Химияны білмеген, мектепте дұрыс оқымаған адамдардың іс-әрекеті туралы мына көріністі 8 «а» сынып оқушыларының орындауында тамашалаңыз.

Колхоздың тыңайтқыштар қоймасы. Оның ішінде үшеу отырып ыңылдайды. Олар ашық ауыз бригадир, арамтамақ қамбашы, жалқау арбакеш. Іштері пысып, әр нәрсені бір айтып, ыңылдайды. Есіктен күзетші сығалап қарайды да өзінше: «Ә, мылжыңдар, сырларыңды түсінбедім! Кешегінің керін жасап, тыңайтқышты егінге берудің орнына, көму ғой. Көрермендерге қарап, сендерге бұлардың сырын айтып берейін»-деді

Білмейтінін білем деп олжа қуар,

Кейбіреудің әр заттан болжамы бар.

Химияны болжаммен ұға алмайсың,

Формуланың оң жағы, сол жағы бар.

Күзетшінің күбірлеп тұрғанын есітіп тұрған арамтамақ есікті шалқасынан ашып тастап: «Әй, шал, неменеге сығалап жүрсің, біз бір затыңды алып жатыр деймісің, жайшылық па?» - деп айқайлады.

Күзетші: -Жоқ, інішек, жайшылық қой, бірақ осы химия дейсіңдер ме, соларыңа таң болып түсіне алма й тұрғаным.

Арамтамақ: - Онда бері кел, шалым, мен саған химия туралы хикаяны айтып берейін. Арамтамақ дауысын баптап, толғауын бастап кетеді:

Уа жолың болғыр химия,

Ол кезде мен бала едім,

Қасиетіңді білмеппін,

Кірмеді деп миыма,

Текке сені тілдеппін.

Әжем жақсы көретін,

Шай екенсің химия.

Інім жақсы көретін Гүлденесің химия.

Май екенсің химия, Сені оқымас дүлейге

Керіп, керіп сататын Төзбегенсің химия

Кездемесің химия. Ашуланар жөнің бар,

Адамзаттың көреген Осыншама пайдаңды ,

Көздегенсін химия. Сезбеген соң химия.

Күннен-күнге құлпырып

Жалқау: -Е, сорлы-ай шынында миыңа кірмеген екен ғой, ал мен болсам, химияны жақсы оқығанмын, химияның келешегі қазіргіден зор.

Оу, болашақта алдағы, Бұрыш іздеп мәндетіп.

Талай қызық көрсетер. Пияз іздеп жүрмейсің.

Химия ғылым сандығы, Қаламызды айналып,

Дүкен қуып жүрмейсің, Сол химия келгенде

Тамақ іздеп сәндетіп. Таблетка жұтып жатасың

Базар қуып жүрмейсің Жамбастап жатып, әндетіп-ай...



Осы кезде манадан бері мақтауларын жақтырмай отырған бригадир орнынан тұрып:

- Әй, аңқау ақымақтар арамтамақ жалқаулар, ананы манадан бері құрту керек еді, әлі отырсыңдар. Ымды білмеген дымды білмейді деген.

Жалқау: - Ағасы қазір, қазір, бұл шал өзіміз ғой, жерлеспіз, сене беріңіз!

Бригадир: -Химияны соншама дәріптеп біттіңдер, менің содан зияннан басқа көріп жүргенім шамалы.

«Тыңайтқышты әкет, төгіңдер, топырақпен көміңдер деп сыбайластарына бұйырады».

Шымылдық жабылады, шымылдық. сыртында күзетші қалады.

Ол көрермендерге қарап:

Бастық деген аты бар, Көтеріп ап әр мықты,

Не деседе хуқы бар. Мықымдап барып мықшымдап

Орындау керек жарлықты «Аман бол» деп жарға атты.

Тыңайтқышты қабымен



Ал содан кейін дейсің ғой! (Көрермендерге қарап) Аржағын тыңдаңдар!



Сарыала мия селкілдеп, Дүркіреп өсті таң, аспай,

Көк ала тікен көлкілдеп, Айналайын химия-ай

Қаулап кеп өсті желкілдеп, Обалың сенің, білмеске,

Алабота ағаштай, Амалым жоқ көрмеске!

Қамыс деген шанаштай,



Осы кезде қабырғадағы М. В. Ломоносовтың «Қайда қарасақта, қайда көз жіберсекте, көретініміз химияның ғажайыптары» деген сөзіне қарап тағы сөз бастады:

Қимас досым химия,

Көз алдыңда тұр бәрі.

Осындайларды ұшықтар,

Шығарып берші бір дәрі.

4. Викториналық сұрақтар. Кешті жүргізушінің топтардың мүшелеріне берген викториналық сұрақтарымен жалғастырамыз.

«Электрон» тобына берілген сұрақтар.

  • Қандай ұннан нан пісіруге болмайды? (Фосфор ұны)

  • Қандай майды жеуге болмайды? (Купорос майын)

  • Қандай қышқыл дезинфекциялаушы? (бор қышқылы-HзBOз)

«Протон» тобына берілген сұрақтар;

  • Қандай қантта қант жоқ? (қорғасын қанттында (CHз COO)2 Pb

  • Қандай сүтте сүт жоқ? (Сұйық әкте-Ca (OH)2)

  • Қандай тұз нан пісіруге көмектеседі? (көмір қышқыл аммоний тұзы (NH4)2 CO3)

5. Сарамандық жұмыс. Иісі бойынша анықтап, формулаларын табу. Мынадай газдар берілді аммиак, хлор, азот (ІV) оксиді, сірке қышқылы, хлорсутек, күкіртсутек, т.б.

6. Әділ қазылардың сұрағы: «Электрон» тобына

  • Ангидрид пен ангидриттің айырмасы не? Хлорат пен хлориттің айырмасы қалай? Формуласын жазып дәлелде.SO3 ангидрид, қышқылдық оксид; CaSO4 ангидрит (минерал) KClO3 HClO3 қышқылдың тұзы- хлорат, KClO2 минерал, HClO2 қышқылының тұзы- хлорит.

  • Үштің қайсысы артық немен не «туыс»?-H2S, HCl, H2SO4

«Протон» тобына берілген сұрақтар:

  • Ниграт пен нитриттің айырмасы, сульфид пен сулфиттің айырмасын айт, формуласын жаз. KNO3 – нитрат, KNO2-нитрит, K2S-сульфид, K2SO3 сульфит.

  • Үштің қайсысы артық, немен не «туыс»: KON, NH4OH, C2H5OH.

7. «Өнерлі өрге жүзер» Бағдарлама бойынша жарыстың келесі бөлімінде топтардың көркем өнері көрсетіледі, мұнда әр топ бес нөмірден беруге тиіс екені күні бұрын ескертілген болатын. Көркем өнердің бағдарламасында әр топта бірдей тапсырма берілген, олар:

- ән айту;

- би билеу;

- көркем сөз оқу;

- қолөнер (сурет, аппликация, жону, ермексаз, дәстүрлі емес қолөнер түрлері);

- көрініс.



8. «Сиқырлы би». Көркем өнерден кейін әр топ үлестіріп берілген белгі-химиялық таңбаларға сәйкес дұрыс формула құрастырып билеу (пантомимо түрінде көрсетуге болады).

9. «Химия ғажайыптары». Презентация. Әр топ химия ғажайыптары тақырыбында презентациясын қорғайды.

10. Қорытынды. Әділқазылар шешімімен топтардың ұпайлары есептеліп, жеңімпаз топ алға шықты.

























Автор
Дата добавления 02.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров58
Номер материала ДВ-406765
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх