Инфоурок Классному руководителю КонспектыВоспитательный час на тему "Желтоқсан Тәуелсіздік бастауы"

Воспитательный час на тему "Желтоқсан Тәуелсіздік бастауы"

Скачать материал

 «Желтоқсан – Тәуелсіздіктің Бастауы»

Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.

Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер, слайд.

Барысы:
1 – жүргізуші:
– Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен шәкірттер! Бастауыш сынып  оқушылары дайындаған «Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы» атты тәрбие шарасына қош келдіңіздер! Биыл  еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған тәуелсіздік алғанымызға 24 жыл толып отыр.
2 – жүргізуші:
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар, мереке құтты болсын!
1 – жүргізуші:
– Достар, мен тәуелсіз ел болу дегенімізді өзіңнің өзгелермен тең екендігіңді сезіну және ана тіліңде емін- еркін сөйлеуің деп түсінемін.
1-жүргізуші:
– Олай болса, оқушылар  тәуелсіздік туралы не айтады екен?
1.Оқушы: 
Армандарды жақындатып тым алыс, 
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс. 
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш! 
Азат өлкем күндей күлген шығыстан, 
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан. 

Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан! 
2-оқушы:
Тәуелсіздік – менің байтақ Отаным
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным
Тәуелсіздік – сәбилердің шаттығы
Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр әнім
3-оқушы:
Ұлан-ғайыр далам менің кеңдігім,
Ұзақ күтті - ау елім менің теңдігін
Ата - бабам армандаған, аңсаған
Ұрпақтары көрді тәуелсіздігін.
4-оқушы:
Республика! Ерікті ел – Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып,армандатып,
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.

Ән: «Атамекен» хор

Бейне сюжет  «Қазақ елі ұсынады»

2-жүргізуші: – Тәуелсіздіктің түп – тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.
1-жүргізуші. 
- Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді.Қ
азақ елінің азаттық көктемі үшін, солақай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтеріп, құрбан болған ұлдары мен қыздарын ешбір қазақ азаматы ұмытуға тиіс емес. Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхаммеджановаларды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап жас қыз жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.

Видеоролик «Желтоқсан шері»

 

 

Көрініс : «Қайраттың тұтқындалуы»

Мұғалім сөзі: 
1986 жылғы 16 желтоқсан күні Д.Қонаевтың орнына Колбин келіп, 17 –ші желтоқсан күні жастар Брежнев атындағы алаңға бейбіт және саяси шеруге шығады. Шеруге шыққан жастарды саперлік күрекпен, дубинкамен, су атқыш машинамен, итпен таратады. Ертеңіне 18-желтоқсан Қайраттың үйі. 
Көрініс. 
Сахнада Қайрат пен жеңгесі дастархан басында отырады. Үйге  
милиционер жігіт кіреді. 
Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты  
тұтқындауға келдік. Прокурордың рұқсат қағазы бар. Міне! 
Жеңгесі: Қайрат, бері кел. 
Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің. 
Жеңгесі. Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар 
еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз. 
Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты.  
Анық – қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз. 
(Осы кезде Қайратты милиционер алып кетеді.) 

2-жүргізуші. 

Тұтқынға түстім жаутаңдай,

Жоламай ешкім қасыма.

Бара қалсаң сәлем айт.

Елдегі құрбы досыма, – деп мұңая жырлаған албырт жас

Қайрат Рұсқұлбеков ел Жаңа жылды қарсы алып жатқан күні туған нағашысының үйінде отырғанда тұтқынға алынды.Міне ,осыдан Қайрат үйіне оралмады.

Жүргізуші: 
-
Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді. 
Соның бірі «Менің тағдырым». Эльза
5-оқушы:  
Өмір бойы жолым болып көрмеді, 
Жылап келем бұл дүниеге келгелі. 
Қайғы шаңы басты менің денемді, 
Түспейді шаң сілкінсем де мен енді. 
Жолдаған сәлемімді дос алмады, 
Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны. 
Айта берем, айта берем қайбірін, 
Ауыр менің, ауыр менің тағдырым. 
Тағдыр мені аямады, қорлады, 
Жалынсам да, жыласамда болмады. 
Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің, 
Армандаған ақ сәулеге жетпедім. 

Ән «Желтоқсан  желі» Альбина

6-Оқушы:  Гүлзада
Болсын осы ар алдында сөз ақтық,
Қан мен намыс болса бойда қазақтық.
Қайтпас қайсар қасиетті күреспен,
Алыппыз біз мәңгі теңдік,азаттық.
Желтоқсан оқиғасы Қарат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді.
Арада төрт жыл өткен соң 1990 17-желтоқсанда сол алаңға ескерткіш тақта қойылды.

7- оқушы Көркем сөз Данагүл

Жиырма төрт  жыл, жиырма  төрт жыл азаттық,

Өзімізді құрсаудан да босаттық.

 Ақтадық біз ата-баба үмітін,

Қолда қазір көк ту менен бостандық.

Желтоқсанның қанды суық ызғары,

Қалың әскер қазағымды қорлады.

 Тәуелсіздікті қолдаған жастардың

 Отан үшін табандары тозбады.

Жүректе намыс оты лапылдаған,

Күш-жігері жастардың сарқылмаған.

Отан үшін олар шығып алаңға

Қарсы ағып өзендей тасқындаған.

Болмасам да сол кезде мен сеземін

Жүректе намыс оты сөнбегенін,

 Ызғарына аяздың төзгендерін,

Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.

8-  Оқушы:  Серпіп бұлтты басқан елдің бар мысын,
                    Туды күнім әділетті арлы шың.
                    Алыс жолдан зарықтырып, шаршатып
                   Келдің бе сен, Азаттығым, армысың!
Осы оқиғадан кейін арада 5 жыл өткенде 1991 жылдың желтоқсан айының 16-сы күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Биыл, міне, 24 жыл толып отыр. Тәуелсіздік, бұл-басымызға қонған бақ, бақыт.

 

Ән: «Елім менің » 4 сынып оқушысы Қайыржанов Әділжан

9-оқушы:

Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні - бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні - бұл.
Жұпар шашқан гүлімнің
Жаңа ашылған күні - бұл.
Менің ана тілімнің
Бағы ашылған күні - бұл.
Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлділі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл - күні!

2 – жүргізуші:– Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға – әпкелеріміздің арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.Ендеше, осындай бейбіт елде ата- ана,бауырларымызбен тамаша өмір сүрейік!
би «Саржайлау»  қыздар  тобы

Би «Қазақтың қара баласы» 2 сынып оқушылары

Би «Қазақ би »  2  сынып қыздар тобы
Ән «Көк тудың желбірегені» Қайыржанов Әділжан

2 – жүргізуші:
Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Желтоқсан- тәуелсіздіктің бастауы» атты әдеби музыкалық кешіміз аяқталды.
Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сахнада Қайрат пен жеңгесі дастархан басында отырады. Үйге  
милиционер жігіт кіреді. 
Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты  
тұтқындауға келдік. Прокурордың рұқсат қағазы бар. Міне! 
Жеңгесі: Қайрат, бері кел. 
Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің. 
Жеңгесі. Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар 
еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз. 
Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты.  
Анық – қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз. 
(Осы кезде Қайратты милиционер алып кетеді.) 

 

Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты  
тұтқындауға келдік. Прокурордың рұқсат қағазы бар. Міне! 
Жеңгесі: Қайрат, бері кел. 
Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің. 
Жеңгесі. Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар 
еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз. 
Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты.  
Анық – қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз

 

Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты  
тұтқындауға келдік. Прокурордың рұқсат қағазы бар. Міне! 
Жеңгесі: Қайрат, бері кел. 
Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің. 
Жеңгесі. Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар 
еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз. 
Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты.  
Анық – қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз

1.Оқушы: 
Армандарды жақындатып тым алыс, 
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс. 
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш! 
Азат өлкем күндей күлген шығыстан, 
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан. 
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан! 

 

 

 

2-оқушы:
Тәуелсіздік – менің байтақ Отаным
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным
Тәуелсіздік – сәбилердің шаттығы
Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр әнім

3-оқушы:
Ұлан-ғайыр далам менің кеңдігім,
Ұзақ күтті - ау елім менің теңдігін
Ата - бабам армандаған, аңсаған
Ұрпақтары көрді тәуелсіздігін.

4-оқушы:
Республика! Ерікті ел – Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып,армандатып,
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.

«Менің тағдырым». Эльза
5-оқушы:  
Өмір бойы жолым болып көрмеді, 
Жылап келем бұл дүниеге келгелі. 
Қайғы шаңы басты менің денемді, 
Түспейді шаң сілкінсем де мен енді. 
Жолдаған сәлемімді дос алмады, 
Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны. 
Айта берем, айта берем қайбірін, 
Ауыр менің, ауыр менің тағдырым. 
Тағдыр мені аямады, қорлады, 
Жалынсам да, жыласамда болмады. 
Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің, 
Армандаған ақ сәулеге жетпедім. 

 

 

6-Оқушы:  Гүлзада
Болсын осы ар алдында сөз ақтық,
Қан мен намыс болса бойда қазақтық.
Қайтпас қайсар қасиетті күреспен,
Алыппыз біз мәңгі теңдік,азаттық.
Желтоқсан оқиғасы Қарат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді.
Арада төрт жыл өткен соң 1990 17-желтоқсанда сол алаңға ескерткіш тақта қойылды.

 

7. Данагүл

 

Жиырма төрт  жыл, жиырма  төрт жыл азаттық,

Өзімізді құрсаудан да босаттық.

 Ақтадық біз ата-баба үмітін,

Қолда қазір көк ту менен бостандық.

Желтоқсанның қанды суық ызғары,

Қалың әскер қазағымды қорлады.

 Тәуелсіздікті қолдаған жастардың

 Отан үшін табандары тозбады.

Жүректе намыс оты лапылдаған,

Күш-жігері жастардың сарқылмаған.

Отан үшін олар шығып алаңға

Қарсы ағып өзендей тасқындаған.

Болмасам да сол кезде мен сеземін

Жүректе намыс оты сөнбегенін,

 Ызғарына аяздың төзгендерін,

Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.

 

8-  Оқушы:  Серпіп бұлтты басқан елдің бар мысын,
                    Туды күнім әділетті арлы шың.
                    Алыс жолдан зарықтырып, шаршатып
                   Келдің бе сен, Азаттығым, армысың!
Осы оқиғадан кейін арада 5 жыл өткенде 1991 жылдың желтоқсан айының 16-сы күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Биыл, міне, 24 жыл толып отыр. Тәуелсіздік, бұл-басымызға қонған бақ, бақыт.

9-оқушы:

Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні - бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні - бұл.
Жұпар шашқан гүлімнің
Жаңа ашылған күні - бұл.
Менің ана тілімнің
Бағы ашылған күні - бұл.
Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлділі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл - күні!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Воспитательный час на тему "Желтоқсан Тәуелсіздік бастауы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный дизайнер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 063 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.12.2015 590
    • DOCX 35.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тастемирова Конырша Ендешбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 24380
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 141 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 752 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 941 человек

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Мини-курс

Робототехника в школе: конструирование и программирование

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Основы работы в After Effects

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Институциональные основы современного инвестирования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе