Инфоурок Другое Другие методич. материалыВоспитательный час «Желтоқсан -тәуелсіздік шежіресі»

Воспитательный час «Желтоқсан -тәуелсіздік шежіресі»

Скачать материал

Тақырыбы:  «Желтоқсан -тәуелсіздік шежіресі»

Мақсаты:  а) Қазақстан тарихындағы тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының бастамасы   болған желтоқсандағы жастар шеруінің мәнін ашып түсіндіру,тарихына шолу жасау

     ә) Оқушыларды ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгісінде Отанды, елін сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу

     б) Оқушылардың жауапкершілік, белсенділік, ізденгіштік, зерттеушілік қасиеттерін дамыту

 

Көрнекілігі: Желтоқсан жаңғырығы тақырыбында шығарылған плакат, нақыл сөздер жазылған плакат, желтоқсан оқиғасының құрбандарына, желтоқсан оқиғасына байланысты жасалған буклеттер, магнитофон, слайд;

         

Сабақ барысы:

Әнұраным жан ұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім – сағынарым

Мәңгі бақи шырқалады,

Республикам гимні, -дей отырып гимнді шырқаумен сабақ басталады. Ортада С. Тұрысбековтың «Көңіл толқыны»  күйі  жай ғана ойнап тұрады.

 

Тәрбиеші:

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас,

Ел үшін жанын қиып, жауды қуған

Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,

Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас

Арқаның селі, желі, шөлі, белі, -

Ерлерді ұмытпаса ел ұмытпас, - деп Мағжан Жұмабаев ағамыз айтқандай дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз.

Бүгінгі «Қазақстан елім менің», деген рубрикамен өтілетін «Желтоқсан -тәуелсіздік шежіресі» атты отбасылық  сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

 

Слайд.

 

Көрініс: «Көңіл толқыны» күйі жай ғана орындалып, ортада Ана отырады. Сахна сыртынан Қайраттың рухы:

 

Алижан Елбең, елбең жүгірген

Ебелек отқа семірген

Арғымақ мінген жаратып

Ақсауыт киген темірден

Алатаудай бабалар

Аруағыңмен жебей көр! – деген Қайраттың дауысы естілді.

 

Ана: Ойпырмай, биіктен құлаған тау суындай буырқанған тасқынды бұл үн кімдікі өзі? Жас тұлпар тұяғының дүбірі естілгендей ме өзінен?

Оқыстан шыққан айқай – шуды, сол шуға бүйірі қызған дара боздың шабысындай мына үнді қайдан естіген едім? Ойпырмай, ия, ия, сол дауыс қой мынау, Қайраттың дауысы ғой, таныдым. Тоқыраудың тоғышарлары тобықтан қағып құлатқан Қайратымыздың үні ғой бұл. Ия, ия, дәл сол!

Қалай болып еді өзі?!

 

Асылбек күйі (Детство) ойнап тұрады. (Ана ортадан ақырындап кетеді)

 

Тәрбиеші: Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның 16 желтоқсаны еді. Таңертеңгі сағат 10 - да бар - жоғы 18 минутта 26 жыл Қазақстанды үздіксіз басқарып келген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Генадий Васильевич Колбин ешкімнің пікірінсіз тағайындалған еді ғой.

1-бала   «Нашақор» деп «ұлтшыл» деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір күнде,

Қайғыға халық батқан күн.

2-бала:   Темір құрсау біздерді бүргені шын

Мұң шағады қапаста кімге құсың

Динара: Ақ-қараңды тексерер түрме деген

Концлагерь болды ғой біздер үшін

3-бала: Дүр сілкінді қайдан да қоңыр аймақ,

Бағы жана ма қала ма соры қайнап

4-бала: Ұран жазып қып-қызыл ту көтерген

Бізде шықтық алаңға «Елім-ай – лап»

5-бала: Бас көтеріп шықты жастар алаңға

Тәуелсіздік орнасын деп даламда

Қайрат, Ләззат, Ерболменен Сәбира

Арқашанда батырсыңдар санамда

 

Ортаға Сәбира, Ләззат, Қайрат, Ерболдың суреттерін ұстаған төрт бала шығады.

1-бала: Қайрат

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар

«Еркек тоқты құрбандық»

Атам десең атыңдар!

2-бала: Ләззатқа арнау

Еліңнің сен намысы үшін

Құрбан еттің жаныңды

Мазақ етіп қорлай алмас

Ешкім сенің арыңды.

3-бала: Тәуелсіз ел азаттығың құтты болсын!

Ынтымақ пен, бірлігің мықты болсын.

Өрлесін ұлылық пен қазақтығың,

Басыңнан арылмасын шуақты күн.

 

Көрініс: Алаң. Құлпытас жаны. М. Шаханов және қыз бен жігіт, ана, оқушы.

 

Жігіт: Алматыға жолым түсіп келе қалсам мен міндетті түрде Республика алаңына соғамын. Есіме марғау дүниені дүр сілкіндірген қасіретті де қасиетті Желтоқсан оқиғасы түседі. Себебі, алаңға егемендік үшін құрбан болған Қайратпен бірге мен де болған едім.

 

Наргиза: Мен де осы алаңға келсем, барлығы маған не айтасың дегендей болады.

Ақтық сөзің армандарың хатта қалды

Көріп жүрміз қиып ап сақтағанды

Қайрат! Қайрат!

Сен мені естимісің

Лагерде сен шірітпей, ақтап алдың, - дегім келеді және келген сайын осы сөзді қайталай беремін.

 

Ортаға ақырындап ана шығады. Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қояды. Жанында немересі болады.

 

Ана: Ия, айналайын балапандарым!

Өсер елдің қай сәттерде бірлік болмақ қалауы

Лаула, лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!

Өздеріңдей ар - намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы.

Желтоқсан құрбандарын еске алып 1 минуттық үнсіздік жарияланады.

(Залдан көрініс қоюшылар шығып кетеді)

1992 жылы 4 –маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды. Ал балалар елтаңба туралы тақпақтарымызды айтайықшы.

Рәмізім-елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы ең кіші.

 Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

 Қазақстан Туы

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек-

 Елдің ашық қабығы.

Ақ ниеті – алтын күн,

Асқақ арман-қыраны.

Жалауы бұл-халқымның,

Мәртебесі, мақтаны.

Елтаңбасы елімнің

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбәт, әдемі!

Тұнығындай көңілді Ортада-аспан әлемі.

Құт, береке, шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ.

 Екі жақтан көмкеркен.

Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған...

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім-Елтаңбам.

Гимн

Гимнім -жанұраным,

Айтар әнім-сөйлер сөзім.

Туған жерім-сағынарым -

Мың қайталап айтам мұны.

Тәуелсіздік – биігі бұл санамның,

Тәуелсіздік – таза ауасы даламның,

Тәуелсіздік – бұл арманы бабамның.

Тәуелсіздік – бақ дәулеті баламның!

Тәуелсіздік – менің соққан жүрегім ғой,

Тәуелсіздік – ата-баба тілегі ғой.

 Бар Әлемді өзіне таң қалдырған,

Тәуелсіздік – еліміздің тірегі ғой!

 Тәуелсіздік – шырайлы лағыл таңсың,

Жүректерге үміт боп жағылғансың

Аяулысың білмеген алақаннан –

Суып барып қайтадан табылғансың.

 

«Қазақстаным» әні орындалады (хор)

 

Қорытынды:

«Ынтымақты елге ырыс енші». Аталардан қалған аңыз да соны меңзейді. Сондықтан бостандығымыз баянды болу үшін өзімізбен мидай араласып кеткен жүздеген ұлт өкілдерімен арамызға сызат түсірмеуіміз керек. Мыңға жөн айтып алқалы топты аузына қаратқан қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың сөзімен айтқанда «Біз мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз». Бір сөзбен айтқанда қалайтынымыз бейбітшілік, тыныштық, бостандық, еліміздің босағасын нығайту. Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолмен алға баса береміз.

Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! -

дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды қорытындылаймыз!

 

 

Шегебаева Сандугаш Шакеновна (Мичуринский детский дом)

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Воспитательный час «Желтоқсан -тәуелсіздік шежіресі»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 366 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.01.2017 460
    • DOCX 20.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шегебаева Сандугаш Шакеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шегебаева Сандугаш Шакеновна
    Шегебаева Сандугаш Шакеновна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8205
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой