Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Научные работы / Воспитательный урок на тему "Үлкенді сыйлай білейік"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Воспитательный урок на тему "Үлкенді сыйлай білейік"

библиотека
материалов

Үлкенді сыйлай білейік!


Адамның бір-бірімен қарым- қатынасы алғашқы сәлемнен басталады. Аман-саулық, туған- туысқанның, ағайын, жекжаттың амандығын, хатпен, телефонмен сау-саламаттығын білеміз. Сәлем беру үлкенді сыйлау, амандығына қуану, жамандығына күйіну,бір ғана қазақ халқының емес, барлық адам баласына тән қасиет. Олай болса осы дұрыс сәлем беріп жүрміз бе? Жас ұрпақтарға дұрыс сәлем беруді үйретіп жүрміз бе? Осы мәселе жөніндегі ой-пікірімізді жазып отырмын. «Сәлем –сөздің анасы» -дейді халық. Мақал сөздің мәйегі болса, сәлем одан да жоғары екендігі көрініп тұр.

Адам мен адамның қарым- қатынасы былай болу керек деп ешуақытта ешкім де алдыңнан даңғыл жол салып, бағдар нұсқай алмайды. Себебі адам реңі бір-біріне қандай ұқсамаса, әрбір жастың, әр адамның мінез құлқы да әртүрлі болып келеді. «Әкеңнің қадірін өзің әке болғанда білесің, жақсының қадірін жаманды көргенде білесің» дегендей. Қарттарға сіз деп саламаттығын сұрасаң,көңілі өсіп, «Өркенің өссін,көп жаса!» - деп алғысын айтады. Ал, қасынан үндемей өте шықсаң: «Өй, көргенсіз, осыларды оқытқан мұғалімдер сәлем беруді айтпайды-ау! Осыларға сәлем-саухат жөніндегі бұрыннан ата-бабамыздан келе жатқан салтымызды неге айтпайды екен» деген реніш туындайды.

Қарттардың орынды наразылығына қарай, біз сәлемді сөздің анасы ғана емес, барша жақсы қасиеттің алтын қайнары деп ұғынуымыз керек. Кейбір қарттар үлкен сыйлық күткендей сенің сәлеміңді әдейі тосып күтеді. Егерде сәлем бермесең кішілік те, кісілік те емес деп ұғады. Аядай ауыл ішінде жүрсе де немесе бастауышты бітіріп, басқа мектепте оқыса да өз оқушыларың өзіңе сәлем бермей өте шықса, қатты ренжіп қаласың.

-Сәлеметсіз бе, апай? Десе, еңбегім зая кетпеген екен деп іштей риза боласың. Сондықтан біз мұғалімдер, ата-аналар, бастауыш сыныптан бастап, ұлағатты сөздерді, даналық, асыл сырлы сөз түйіні – мақал-мәтелдерді, үлкенді сыйлау, кішіге ақыл айту, жаман әдептен жеркендіріп, өміріміздің өсуіне байланысты, әдемілікті, сыйластықты, сәлемдесуді, адамгершілік тәрбиесіне әрбір ұстаз баса назар аударып отыруымыз керек.


Бала мінезін қалыптастыруда ата-анаға, мектеп мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік жүктеледі. Ата-анасы тәлімді, өнегелі жанұялардың балалары да ізетті, ибалы, еңбексүйгіш болатынын мен ұзақ жылдық ұстаздық жұмысымда көріп жүрмін. Мысалы, біздің ауылдағы көп балалы, кейбір ата-аналардың балалары мінезі сынық, үлкенге де сіз, кішіге де сіз, сабақта озат, жүріс-тұрысы басқаларға үлгі боларлықтай. Ал, бұған керісінше, кейбір жеке ата-аналардың балалары – сабаққа ынтасыз, мінездері адыр. Сәлем берудің орнына жаман сөздердің неше түрлерін біледі. Үйдегі жағымсыз тәрбиесін мектепте де істегісі келеді. Тәрбиеге көнбейтін «қиын» балалардың осындайлардан шығатынын көріп жүрміз. Бала мінезін, оны үлкенді сыйлап сәлем беруге үйрететін, мектеп, ұстаз, тәрбиешілердің еңбегі орасан зор. Жақсы ұстазға, жақсы ата-анаға еліктемейтін бала болмаса керек. Сондықтан біз ұстаздар, өзіміздің білім парасатымызбен, жүріс-тұрысымызбен, отбасындағы татулығымызбен, мінез байлығымызбен ерекше өнегелі болуға тиіспіз. «Жақсы мінез – өмір бойғы байлығың», «Бір жылы сөз – бір күнгі азық», «Жылы сөйлесең, жылан да інінен шығады», «Ащы сөз қанжардан бетер жаралар», «Бір өтірік сөз мың шын сөзді жоққа шығарар» деген сияқты тағлымдарда не деген түйінді мағына жатыр. Ұлы отанымыз үшін, біздің жарқын болашағымыз үшін қызмет еткен, жасы үлкейген адамдарды сыйлау, құрметтеу біздің міндетті парызымыз. Ақылды, парасатты, инабатты қариясы бар үй- ірі қазынасы бар үй екенін ұмытпауымыз керек. Жастарды кәріге де, жасқа да, дұрыс сәлем беріп, алғыс алуға үйретуіміз керек. Заман талабы осылай. Алғыс – ақ тілеу, ізгі ниет. Алғыс – адам сезімі. Оны тартып та, сатып та алуға болмайды. «Алғыспен ер көгерер, жаңбырмен жер көгерер». Бұл сөз тегіннен тегін айтылмаса керек. «Қарағым, рахмет» деген сөзде қандай мейірімділік, алғыс жатыр. Алғыс – асыл сезім. Оны ашып айтпай-ақ,көңілмен де білдіруге болады.



Дайындаған: А. Сырлыбаева


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 04.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Научные работы
Просмотров131
Номер материала ДВ-503843
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх