Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Воспитательный урок на тему "Мұқағали Мақатаев"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Воспитательный урок на тему "Мұқағали Мақатаев"




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов



«Жамбыл атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Ашық тәрбие сағаты




hello_html_1b92d5c4.png





Сыныбы: 2 «В»


Сынып жетекшісі: Алимжанова Л.А.





2015-2016 оқу жылы



«Мұқағали - мәңгілік ғұмыр»

«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім»


Айбар 1- оқушы «Арыз жазып кетейін»


Ақгүл 1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар мен оқушылар!

Қуат алып Абайдың тіл- күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып табынам бір кісіден, - деп жырлаған Мұқағали Мақатаев артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздай қараңғы түннің өзінде сәулесін шашып жарқырай түсері анық. Дәл Мұқағали атамыздай перзенті бар қазақ халқы – шынымен бақытты халық.

Мұқағали Мақатаев атамыз 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Балалық шағы соғыс жылдарына сай келіп өте ауыр кезеңді басынан өткерген. Әкесі-Сүлеймен, анасы-Нағиман, Әжесі –Тиын. Әкесі соғыста қаза тауып, анасы мен әжесінің тәрбиесінде өседі. Атамыздың ақындық қабілеті бала кезінен-ақ байқалған. Ол туралы алғашқы ұстазы Рахым Дәуітовтың «Оның сол бала кезден-ақ тұла бойын өлең кернеп барады екен-ау» деген естеліктерінен білуге болады.


Ринат 2-оқушы «Менің анкетам»


Азамат 2- жүргізуші: Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе, неге іздедім?

Алауратқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім, - дейтін Мұқағали атамыз біздің заманымыздағы ғажайып ақындардың бірі.

Ақгүл 1-жүргізуші: Мұқағали Мақатаев поэзиясы- мезгілімен бірге жасайтын ескерткіш.


Азамат 2- жүргізуші: Ол поэзияның туған мекені – ақынның жан дүниесі.


Ақгүл 1- жүргізуші: Мұқағали - лирик ақын. Адам жанының, табиғат жүрегінің жыршысы. Өзі өскен Алатауын, Қарасазын сөздің барлық құдіретіне бөлеп-ақ кетті.


Іңкәр 3-оқушы «Қазақстан»

Алпамыс 4-оқушы «Отан туралы»

Б. Ақгүл 5- оқушы «Елім барда»

Еркебұлан, Дамир, Ақтілек 6- оқушы «Үш бақытым»


Көрініс «Мұқағали мен Нұрқасым»

Тоқтар: Мұқағали: Осы мен ақынмын ба? Шыныңды айтшы, мен саған сенейін! Ел не дейді?

Асылбек: Нұрқасым: Сіз- өте жақсы ақынсыз. Елде солай дейді.

Тоқтар: Мұқағали : Өтірік

Асылбек: Нұрқасым: Сенбесеңіз өзіңіз біліңіз! Халық жақсы ақын дейді, жақсы көреді, бірақ...

Тоқтар: Мұқағали: Ақымақ бала, «жақсы ақын» дейсің, ә?! Жо-жоқ, мен жақсы ақын емеспін, сұмдық ақынмын! Білемін сенің де ақыл айтқың келіп тұр.

Асылбек: Нұрқасым: Жоқ, Мұқа, олай ойламаңыз. Мен әншейін.

Тоқтар: Мұқағали: Түсінем, түсінем, бәрін де түсінем. Маған сенің жаның ашиды.

Олай емес! Мен өз құнымды өтедім. Енді өлуім керек! Осы мен өлетін уағымнан өткен сияқтымын?! Рас, мен енді өлмеймін.

Жақындықты сеземін-

Жерден де аспаннан,

Жылулықты сезінем –

Мұздардан, тастардан

Өмірім сірә да,

Арыдан басталған,

Әріден басталып, мәңгіге тасталған.

Осы мен

Өлмеймін, өлмейтін шығармын

Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын.»


Азамат: 2- жүргізуші: Дәл осы жолдарды оқығанда, анау сөздерді біз сияқты пенделерді «не дер екен» деп сынау үшін айтқан сияқтанады да тұрады. Өйткені бүгінде «сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрғанына» бәріміз куәміз. Болашақ ұрпақтарда куә бола бермек.


Ақгүл: 1-жүргізуші: Мұқағали атамыз үшін өлең жазудан артық бақыт жоқ. Ол өлең болып өмір сүрді де өлең болып жатып, үзіліп кетті. Өлеңнің соңғы жолын жазуға көңіл құдіреті жеткенімен қолының әлі келмей әлсіреп барып көз жұмды. Ендеше Азамат сол өлеңдерге кезек берейік.


Рабиа: 7-оқушы: Шыда, шыда

Назерке: 8-оқушы: «Қарасаз»

Айзере: 9-оқушы «Қазақ жері»


Азамат: 2- жүргізуші: Тұңғыш белгіленіп отырған «Тұлпар» сыйлығы 1991 жылы Мұқағали атамыздың «Жырлайды жүрек» атты өлеңдер мен дастандар кітабына берілді.


Ақгүл: 1- жүргізуші: Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы – деп сонау еленбей жүрген ерте кезден –ақ өзі жайлы естеліктер жазылатынын дөп басып айтып кеткен. Ендеше естеліктерден үзінді.


Айя: 10-оқушы: Ә.Тәжібаевтың естелігі

«Мұқағали Мақатаев-біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі.

Мақатаев атты алып ақындық жарқын жүзіне, миллион адам миллион түрлі пікір пайымдаса да, ешбір кіреуке, көлеңке түспей келешекке қарай керуен түзеп, көше бермек»


Айым:11-оқушы: Ә.Кекілбаевтың естелігі

«Мұқағали Мақатаев-адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның... өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған.»


Сабина: 12-оқушы:Ф.Оңғарсынованың естелігі

«Мұқағали Мақатаев – қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Ол ең алдымен ақын. Қазақ жырының құдіреті.»


Азамат: 2- жүргізуші: Сонымен қатар ақынның өлеңдеріне қазіргі таңда әуен жазылып, қазақ әншілері орындап та жүр. Олар: «Күрең күз», «Саржайлау», «Қайран қарасазым-ай», «Фариза» , «Сәби болғым келеді» т.б.

Ақгүл: 1- жүргізуші:Жазылар естеліктер нешелеген,

Көрерміз оның бәрін пешенеден.

Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе,

Көшеді өлең немесе өшеді өлең – дейді Мұқағали Мақатаев.

Ақиық ақынға арнау, өлең де, эссе де естеліктер де әлі жазыла берер! Мұқағалидың өзі айтқандай: өлең көше ме, өше ме – мәселе сонда! Ал, Мұқағали атамыздың жырлары мәңгі тозбас асылдай боп, 20 ғасырдан 21 ғасырға бар бояуын жоғалтпай көшкені анық.


Азамат: 2- жүргізуші: Бүгін сенің туған күнің, о, пәлі-ай!

Мына дүние қалай тұрсын тойламай!?

Өлмесіңді біле тұра мәңгілік

Бұл өмірді қиып кеттің сен қалай!?

Мұқағали ақынның жырлары – тіршілік тамырындай мәңгі жырлар. Жүрегі бар адамның сезімін селт еткізетіндей жырлар болашақ ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталады.



hello_html_1a70c057.jpghello_html_m7c4ae287.jpg



hello_html_2d43f4.jpghello_html_m16f961d0.jpg


hello_html_44f0d492.jpghello_html_16785e64.jpg

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 13 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-025482
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 13 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>