Инфоурок Другое Научные работыВоспитательный урок на тему "Табиғат - алтын бесігім"

Воспитательный урок на тему "Табиғат - алтын бесігім"

Скачать материал

Тақырыбы: Табиғат – алтын бесік

Мақсаты: Қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы, сыртқы ортаның барлық факторларының бір-біріне байланыстылығы, оның ішінде «Біз және табиғат» байланыстылығын білуге үйрету. Оқушыларды Отанды қорғауға, табиғатты аялауға, тазалыққа, ортасын таза ұстауға, адамгершілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: табиғат суреттері, буклет, нақыл сөздер.

Барысы:

Ей, адамдар жер сенің аяулы бесігің

Осы жер бетінде аштың сен тіршіліктің есігін

Онымен кіндіктес жаның да қаның да

Жер жаһанды аяла алақанда

Жұлдыздар аспаннан құласа жамырап

Күн де ұлы сәулесін төгеді жадырап

Бар тіршілік тұрады бұл жерде жасын ап

Дүниеге Жер – Ана қара шаңырақ – деп ақын жырлағандай бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өніп – өсер мекені – табиғат.

1 – оқушы:

Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің

Жаны жайсаң жаратылған өлкемсің

Қандай жақсы қазақ болып туғаным

О, туған жер, тамашасың, көркемсің!

2 – оқушы:

Кең дала көремісің сонау жатқан

Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан

Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен

Әне сол анам еді мені тапқан

3 – оқушы:

Ойласақ табиғат пен адам егіз

Жылдың сол мезгілінен өзге неміз

Табиғатсыз қоғам жоқ, болған емес

Ал қоғамсыз, табиғаттың өзін де өлі деңіз

4 – оқушы:

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді

Дархандықты қазаққа дала берген секілді

Еркелікті, ерлікті желден алған секілді

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді

5 – оқушы: Табиғаттың көркімен

Талантыңды ашамын

Әсем сұлу жерімді

Әніме мен қосамын

Ән «Атамекен»

  • Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмірлік өзегі – таза ауа.

6 – оқушы: Болмасын ауа ешкімнің арман мұңы

Ауадан артық ас жоқ жалғанда улы

Ойлашы кімге керек боламыз біз

Жұтудан таза ауаны қалған күні

7 – оқушы: Халқымыздың табиғат жөніндегі ой – пікірлері табиғат құбылыстарымен кездесіп жатады. Бұл құбылыстарды Шәкәрім бабамыздың өлеңдерінен де көруге болады.

Шәкәрім Құдайбердиевтің өлеңдері оқылады.

8 – оқушы: 1991 жылы 18 маусымда республика тарихында тұңғыш рет Қазақстан Республикасының айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заңы шықты. Бұл заң адам өмірі, денсаулығы үшін табиғи ортаның қолайлы болуын табиғат байлығын ұтымды пайдалануын ұйымдастыруға бағытталған.

9 – оқушы:

Табиғаттан рақым күт

Жерге табын, сен енді адам

Жер адамға табынбайды

Пиғыл бізге тартылмайды

Бағынбасақ бағындырар

Табиғаттың өз заңы бар

Ол ешкімге бағынбайды

Жерге табын сен енді адам

Жер анасыз күнің қараң

Тал бесігің табиғатты

Қорламашы ойлан балам

Экологиялық көрініс: «Ақ қайың»

Мұғалім: Балалар мына көріністен нені көрдіңдер? Әке мен баланың қайсысының істегендері дұрыс. Бұдан енді нені түсінуге болады?

10 – оқушы:

Адамзат қара жерден несібе алады

Табиғаттан ұрпақ үшін өнім алады

Жердегі аң, көктегі құсты қырып салсаң

Табиғат анамыздан не қалады

Адамбыз ғой, адамбыз ғой анасы бар

Балапандай қойнында баласы бар

Қанаты бар досымызды қорғайықшы

Олардың да ұрпағы, баласы бар

11 – оқушы:

Қасиетті сөз бар еді «кие» деген

Жерін, елін, Отанын сүйетіндер

Ең алдымен бұл сөзді айтқан екен

Тірі нәрсе шөп деген, көгал деген

Көкті жұлма болады обал деген

Ата – ананың жыланға үйге келген

Ақ сүт құйып басынан жоғал деген

12 – оқушы: Табиғатты қорғау тақырыбына тұтас бір кітап арналған, ол кітаптың аты «Қызыл кітап» деп аталады. «Қызыл кітап» енген табиғат туындылары ерекше қорғауды қажет етеді.

13 – оқушы:

Отыра алмас ұл шыдап қызың шыдап

Жоғалғандар тізімі ұзын шұбақ

Қызыл кітап мезгілсіз кеткендердің

Бастарына қойылған қызыл шырақ

Келеді кез, күрделі біздің бұл кез

Жаутыңдайды адамға түзде мұңсыз

Қызыл кітап опат боп кеткендердің

Бастарына қойылған қызыл күмбез

Қызыл кітап тимесін деп тірі жан

Хайуанаттқа берілген қызыл мандат

Ән «Сарыжайлау»

  • Егер сен ақын болсаң...

  • Егер сен суретші болсаң...

  • Егерн табиғатқөа тіл бітсе...

Ән «Ақ көгершін»


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Воспитательный урок на тему "Табиғат - алтын бесігім""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 688 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.03.2016 725
    • DOCX 16.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сырлыбаева Айна Байдуллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сырлыбаева Айна Байдуллаевна
    Сырлыбаева Айна Байдуллаевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7812
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой