Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Встреча с местными мастерами на тему"Қолөнер-сырлы өнер"

Встреча с местными мастерами на тему"Қолөнер-сырлы өнер"

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m37b2d22e.gif«Абай атындағы орта мектебі» ММ













Қолөнер – сырлы өнер

(Аудан шеберлерімен кездесу)

3-4-сынып











Өткізген: Сақтағанова А.

Бастауыш сынып мұғалімі







2014-2015 оқу жылы

Тақырыбы: Қолөнер – сырлы өнер

Мақсаты: Атадан балаға мирас болып келе жатқан халқымыздың ұлттық қолөнері туралы насихаттап, жергілікті жердегі қолөнер шеберлерімен кездесу өткізу.

Көрнекіліктер: Шарлар,гүлдер,нақыл сөздер,оқушылардың жасаған қолөнер бұйымдары,слайд.

I – жүргізуші: - Армысыздар ! Қадірменді қонақтар, ұстаздар, оқушылар.

II – жүргізуші: Бүгін мектебімізде бастауыш сынып оқушылары арасында аудандағы қолөнер шеберлерімен кездесу өткелі отыр.



I - жүргізуші: Талай-талай тарихи кезеңді өткерген ата-бабаларымыз адамзат қоғамының көшінде өзінің шаруашылық негізіне, тұрмыс тәсіліне, ұлттық ерекшелігіне қарай дара ұлттық дәстүрін, салт-санасын қалыптастырып, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыра отырып, аса бағалы заттың мәдениетін сақтап қалды.

II – жүргізуші: Қазақстан көне мәдениет өлкесі. Ерте замандардан-ақ оны мекен етушілер мал бағып, егін салумен шұғылдана жүріп, өзіндік өрнегі мол өнерін, мәдениетін қалыптастырды.

I - жүргізуші: Қазақ халқының қолөнері сонау ескі заман тарихымен бірге өсіп, біте қайнап келе жатқан өте бай қазына. Қолөнер деп, халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады.

II – жүргізуші: Сол қазыналардан көненің көзіндей болып біздің дәуірімізге жеткен мұраларымыздың бірі – ұлтымыздың дәстүрлі қолөнер мәдениеті.

I - жүргізуші: Халқымыздың атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық қолөнері туралы оқушылар не айтады екен? Ендігі кезекті оқушыларға берейік.

1-оқушы: Ертеде халқымыз қолмен тұтынатын бұйымдардың бәпін қолмен әшекейлеп, безендірген. Атадан балаға мирас болып келе жатқан сәндік өнерінің өзі ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал етеді.Аталарымыз қызымыз бен ұлымыз сегіз қырлы, бір сырлы болсын деп, қыз балаға ине сабақтап, түйме қадауды, ою ойып, кесте тігуді жйне ас пісіруді, ұл балаға таспа тілу, өрім өру, мал сою және оны мүшелеуді бала кезінен бастап үйреткен.

2-оқушы: Қазақ халқы бұрын ғылым мен білімге қолы жетпесе де, сұлулық пен әсемдікті таңдай да, талғай да білген. Ата-бабаларымыз қалдырған қолөнер халықтың мәдениеті мен өнердің айқын көрінісі. Қолөнерді тану арқылы біз ертеден келе жатқан тарихымызды тануға, зерттеуге, қолөнер түрлерін жетік меңгеруге тәрбиеленеміз.

3-оқушы: Қазақ халқының аса көрнекті педагогі және ағартушысы Ы.Алтынсарин халыққа білім беру саласында тұңғыш рет қолөнер мектептерін ашқан. Ол оқушылардың еңбек тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Еңбек тәрбиесі барлық тәрбиенің қайнар көзі. Қазақ халқы еңбек тәрбиесіне аса үлкен мән берген. Бұрынғы аталардан қалған «Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас», «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» және тағы да басқа мақал-мәтелдері сөзімізге дәлел. Жас ұрпақты еңбексүйгіштікке, іскерлікке баулу қазіргі таңда ауадай қажет. Өйткені ендігі уақытта қолынан іс келмейтін адамның өмірден өз орнын таба қоюы екіталай.

4-оқушы: Қолөнердің даму барысы ұлы дала көшпенділерінің тарихымен тығыз байланысты. Көшпенді халқымыз өздерінің салт-дәстүрін, қолөнерін, ғажайып өркениетін мұраға қалдырып кеткен. Осы ата-бабаларымыздың өткен тарихы олар жасап кеткен дүниелер күні бүгінге дейін маңызын жоймай, мұрагер біздің қызығушылығымызды тудырып отыр.

5-оқушы: Қолөнер біздің рухани байлығымыз, мәдениетіміз, салт-дәстүріміз, ол бірнеше ғылымдардың дамуынан пайда болған өнер туындылары.Қолөнер кәсібі еліміздің экономикасын көтеруге ықпалын тигізеді.Қазақ халқының қолөнері әлем халықтарына мақтанышпен көрсететін көрме.

6-оқушы: Халық қолөнері ғасырлар бойы қалыптасқан асыл мұра. Сондықтан саясат өзгерсе де өнер өзгермейді. Қазіргі таңда ұрпақтан –ұрпаққа жалғасын табуда. «Егер мал таппақ болсаң, қолөнерді үйренбек керек. Мал жұтайды,өнер жұтамайды» деп, ұлы Абай атамыз өнер жөнінде өзінің өнегелі сөзін қалдырып кеткен.

7-оқушы: Қазақ халқында тігін тігумен аналарымыз айналысқан.Ине ұстау ардақты аналарымыздың борышы және күнделікті кәсібіне байланысты үйренуге нәрсесі саналған.Ине ұстай алмаған аналарымызды халық «Көк инені түрткенді білмейді» деп қатты сынап, сөккен. Ал керісінше, ширақ, епті адамдарды «Иненің көзінен өткендей» деп мадақтаған.

8- оқушы: Ұлан-байтақ далада жаз жайлау,қыс қыстауына көшіп-қонып, тіршілігін жасағанқазақ ата-бабаларымыздың баспанасы,ақ ордасы-киіз үйі.Көшпенді тіршілікте тіккенге де,жаққанға да өте жеңіл,қолайлы.ағаш үйді жасаушы шеберлер де үйдің ыңғайлы болуымен қатар көркемдік шешімдерін де ойластырған. «Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас» деп,ақын Абай жырлағандай ақ орданың барлық жабдықтарын сан алуан өрнекпен түрлендіре кестелеген бұрынғы әжелеріміздің шеберлігіне асқан талғампаз талантына бас иеміз.



I - жүргізуші: Ауданымызда өз ісінің шебері атанып жүрген көптеген шеберлеріміз бар.Солардың ішінен бүгінде өмірден озған Рзаева Сұлухан апай туралы сыр шертер болсақ, Рзаева Сұлухан - 1938 жылы Бейнеу ауданында дүниеге келген.Ол бала кезінен бастап қолөнер ісімен шұғылданған. Сұлухан апай кезінде халқымыздың баспанасы болған ежелгі қазақ үйі – киіз үйдің барлық жабдығын өз қолымен тігіп дайындаған.

II – жүргізуші: Өткен ғасырдың 70-жылдары Жапония елінде «Әлем халықтарының этнографиясы» атты көрме ұйымдастырылған. Сол көрмеде біздің жерлесіміз Рзаева Сұлухан апайдың қолымен жабдықталған киіз үй тігілген болатын. Ол осы күнге дейін халықаралық этнографиялық мұражайда сақтаулы тұр.

I - жүргізуші: Өзі өмір сүрген заманында асқан шеберлігімен, талғампаздығымен, ерекше еңбегімен республикамызға, әлемге танымал болған Рзаева Сұлухан апайдың қолынан шыққан құнды дүниелер күні бүгінге дейін маңызын жоймай, өскелең ұрпақтың қызығушылығын арттырып отыр.

II – жүргізуші: Келесі сөз кезегін бастауыш сынып мұғалімі – Сақтағанова Ақмарал апайға береміз.

Мұғалім сөз сөйлейді.

I - жүргізуші: Бүгінгі кеш қонақтары – Адыева Толқын , Көптілеуова Жанат апайларға соз кезегін береміз.

Қолөнер шеберлері қазақ халқының қолөнері ,іскерлік, шеберлік туралы өз ойларын оқушылармен бөлісті.

4 «Ә» сынып оқушысы Шаяхметов Динмұхамед «Туған елім» әнін орындап, 4 «А»сынып оқушысы Алпысбаева Арай қазақ биін билеп өз өнерлерін көрсетті.

II – жүргізуші: Ендігі сөз кезегін мектебіміздің директордың оқу-

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Нұрмұхаммедова





Қарлыға апайға береміз.Нұрмұхаммедова Қарлыға апай сөз сөйлеп, кеш қонақтарына сыйлықтар тапсырды.

I - жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халыққа арналған жолдауында: «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түрлендіре береміз» деген болатын.Бұл бүгінгі жас өркенді ертеңгі қоғам мүшесі ретінде бала қиялымызды самғатып, арманымызды көкке ұмтылдырудың маңызды екендігін көрсетеді.

II – жүргізуші: Өнер-білім мен халқының сауаттылығы қай елдің болсын баға жетпес байлығы халқымыздың қолөнерін үйрену, адамгершілік асыл қасиеттерін бойымызға сіңіру – басты міндетіміз . «Өнер көзі – халықта » деген, алдымен қолөнерді халықтан үйреніп, көне мұраны жаңғыртып,ізденіп,іске асыру өскелең ұрпақ біздің парызымыз.

I - жүргізуші: Осымен бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының

қатысуымен ұйымдастырылған «Қолөнер-сырлы өнер»

атты аудан шеберлерімен кездесуге арналған кешімізді

аяқтаймыз.Нұрлы күндерде жүздескенше аман-сау

болыңыздар.



Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 26.08.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров251
Номер материала ДA-015986
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх