Инфоурок География Другие методич. материалыВыступление на РМО «Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы Заңының» негізгі бағыттарын жүзеге асыру барысында қазақ тілін оқыту сапасын арттыру жолдары».

Выступление на РМО «Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы Заңының» негізгі бағыттарын жүзеге асыру барысында қазақ тілін оқыту сапасын арттыру жолдары».

Скачать материал

 

Мамлют №1 мекмеп-гимназиясы

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақстан Республикасының

«Тілдер туралы Заңының»

негізгі бағыттарын жүзеге асыру барысында

қазақ тілін оқыту сапасын арттыру жолдары».

 

(Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдерінің  аудандық әдістемелік бірлестігіндегі баяндама)

 

 

Орындаған:

қазақ тілі мұғалімі

Көлбаева Т.Д.

 

 

 

 

 

2014 оқу жылы, тамыз

            «Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы Заңының» негізгі бағыттарын жүзеге асыру барысында қазақ тілін оқыту сапасын арттыру жолдары». (Мамлют №1 мектеп-гимназиясының мұғалімі- Көлбаева Т.Д.)

           

            Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім берудің ізгілікті, дамытушылық сипаты және адамды қалыптастырудағы рөлі, жеке шығармашылық қабілеттерің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі болып отыр деген саясатты ұстана отырып, қазіргі заманға сай технологиялардың үлгілерін таңдап, сабақ барысында пайдалана білу – бүгінгі заманның талабы.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді меңгерту өзекті мәселенің бірі екендігі баршаға мәлім. Бүгін заман өзгерді, қоғам алмасты, еліміз тәуелсіздік алды, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қайта жанданып жатыр. 
            Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы Заңының» негізгі бағыттарын жүзеге асыру барысында орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты – оқушыларға қазақ тілін меңгерту, оның оқыту сапасын арттыру. туған елінің тыныс тіршілігімен жан-жақты, терең таныстыру, тілдерін дамыту болып табылады.
Дегенмен, қаншама құжаттар, бағдарламалар әзірленіп жатқанымен, осы мемлекеттік тіл өз деңгейінде жүріп жатыр ма деген, күмәнді ой келеді. Бұл орайда, қазақтың ұлы ақыны Ғафу Қайырбековтың қазақ тілінің деңгейі, неміс халқының саксон тілі деңгейіндей болып қалмауы керек деген тұжырымы еске түседі. Сол себепті мемлекеттік тілдің мерейі өсіп, мәртебесі арта беру үшін әр бір тіл маманы өз үлесін қосу керек. Мемлекеттік тілдің көркейуіне біздің мектеп ұстаздары, атап айтқанда тіл мен әдебиет әдістемелік бірлестігінің оқытушылары өз үлестерін қосуда.
            Қазақ тілін оқыту, оны жаңа сатыға көтеру, оның мазмұны мен мақсаты келешектегі даму жолын анықтау аса жауапты да күрделі мәселе.
Қазақ тілін оқыту барысында қазақ халқының тарихы, әдебиеті, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, ғылымы, өнері, ақын-жазушылары және т.б жөніндегі білім жинақталады, жүйеленеді.
            Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытудың сапасын арттыру көптеген факторларға байланысты. Олар білім мазмұны, әдістемелік, мұғалім шеберлігі оқу-материалдық база т.б. Соның ішінде пәннің білім мазмұнын құру басқа факторлардың іргетасы іспеттес. Осы тұрғыда мол ғылыми-әдістемелік тәжірибесі қалыптасқан “Қазақ тілі-атасы” болған, А.Байтұрсынов, Қ.Бегалиев, С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаев, Қ.Мұсабаев атты ғалымдар есімі еске түседі. Пәннің білім мазмұнын түзеудегі классикалық дәстүрін  дамыта отырып, заман талабына сай оны жетілдіріп, жаңа арналарға түсіруде еңбек сіңіріп жүрген мына ғалымдардың мол тәжірибесі бар. Атап айтқанда: Ш.Бектұров, Ф.Оразбаева, Ж.Адамбаева, Ә.Жүнісбек, Б.Құлмағамбетова, т.б.
Бір сөзбен айтқанда, қай пәннің болмаса да білім мазмұны сияқты аталған пәннің білім мазмұны да біржола құрылған немесе құрылатын дүние емес, ол педагогика ғылымы қазанында үнемі қайнап, пісіп, жетілдіріп, динамикалық даму процессінде болады. Ендігі жерде жаңа XXI ғасыр педагогикасының философиясы мүлде өзгеше  пародигманы қажет етуде. Мұнда білім беру үлгісінің объектісі бұрынғыдай тек білім, яғни оқу материалы ғана деп қаралмайды. Білім беру үлгісі, ең алдымен, жеке тұлғаға бағытталып, мынандай міндеттерден түзіледі. Оқушының интеллектуалдық-танымдық, психологиялық, іскерлік саналарын, өз бетінше әрекетшілдігін, коммуникативтілігін, әлеуметтенуге бейімділігін, эстетикалық, рухани-адамгершілік, экологиялық, дене шынықтыру мәдениетін т.б қалыптастыру және дамыту.
            Бүгінгі таңда оқушылар алатын ақпарат жан-жақты даму үстінде. Атап айтқанда, интернет желісінің, электронды поштаның өсуі, күнделікті тұрмыста қолданысқа енуі оқушылардың ойлау жүйесінің артуына, ақпараттарды мол қабылдауына өз әсерін тигізіп отыр. Сондықтан оқытушы оқушылармен нағыз қатынас орната отырып, шығармашылық байланыста болуы керек. Ұстаз-оқушының  ішкі жан дүниесіне әсер ететін нағыз тәрбиелеуші күш, сондықтан оның кәсіби шеберлігі, яғни тілді үйретуі тәрбиемен ұштастыру іскерлігі дамып отыруы қажет. Олай болса, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, әдеби, мәдени бай қазынасын оқушылардың санасына сіңіріп, тәрбиелеу-әр оқытушының міндеті. Ұлы ойшыл Әл-Фараби “Әлеуметтік этикалық трактаттарында” былай дейді: “Тәрбиелеу дегеніміз-халықтың бойында білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дамыту”. Демек, тәрбие тамыры тереңнен алынатын тарихи үрдіс болғандықтан,болашақ мамандарға этикалық,эстетикалық ізгіліктерді орнықтыру әр сабақтың басты міндетіне айналуы тиіс.
            Тәуелсіз Қазақстанда өркениетті дамуының азаматтық парызының алтын арқауы-қазақ жеріндегі татулық пен имандылық. Осы тұрғыдан алғанда қазақ тілі-Қазақстандағы ұлт өкілдерін топтастырушы тіл, үлкен фактор.
            Қазақстан Республикасы Елбасының 2001 жылғы 7 ақпанындағы, №550 бұйрық “Тілдерді, қолдану мен табысты жүзеге асырудың неғұрлым маңызды шарттарының бірі, қоғамдағы жалпы мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылатын тілдерді оқытуды толыққанды, жүйесінің тұрақты қызмет етуін ұйымдастыру мен қамтамасыз ету болып табылады.Талап етілетін білім мен дағдыны толық әрі терең  игеру үшін барлық оқу орындарында жетекші пән болуы тиіс, мемлекеттік тілді оқытудың саны мен санасына көңіл бөлу керек” деген тұжырымдары бар. Тіл саясаты осындай. Қазақ тілін оқытуда осы тұжырымдарға сүйенеміз.
Қазақ халқы-шынында ақын халық, әнші халық, жыршы халық, тіл байлығы мол халық. Өмір сүрген адамның асқақ арманы, жастық мөлдір махаббаты, нәзік сезімі, сұлу назы, терең мұңы, ыстық сағынышы, көркем сөзі шебер тілмен тізілген. Қазақ тілі-ертедегі Түркі Қағанатының, Алтын Орда заманындағы үстем тіл. Көркем өнерін, мақал-мәтелін, қанатты сөзін, теңеулерін, бейнелі сөзін, өлең сөзін, даналық толғамын, бірін-бірі нұрландыратын нәрлі тіл-қазақтың баба тілі, қазақтың ана тілі.
          Еліміз шынайы бостандық алып, қазақ тілінің мәртебесі арта түскен қазіргі шақта осы тілді басқа ұлтқа үйретуші ұстаздардың шәкірт алдындағы жауапкершілігі де күшейе түсті. Әрине, орыс аудиториясында қазақ тілін оқытудың толып жатқан қиындықтары бар екенін, осы іске ат салысып жүрген әріптестерім де жақсы біледі. Осындай қиындықтарға қарамастан мен өзім сүйетін, бұл жауапкершілігі де,  мазмұны да үлкен пәнді барынша қызғылықты да тартымды оқытуға тырысамын. Орыс аудиториясындағы ұстаздарға қазақ тілі сан қилы методикалық амалдар мен әдістерге сүйеніп тиімді өткізуге болады. Әсіресе, қазақ тіліндегі тән дыбыстарды, септік жалғауының артықшылығын, екпін түсіру ерекшеліктерін үйретудің қиындығы, қазақ тіліне тән шешендік сөздерді орыс тіліне аударуға байланысты туындайтын қайшылықтар қазақ тілі маманын көптеген мәселелерді өзінше ойланып, шешуін қажет етеді. Міне, өз сабақтарымда әркез қазақ тіліне тән ерекше дыбыстардың айтылуына басты назар аударамын. Сонымен бірге дыбыстардың айтылуы мен мағынасы арасындағы тығыз байланысты да сабақ үстінде ескеріп отыру керек. Сөздердің мағыналы өзгеруі оның айтылуына да әсерін тигізбей қоймайтыны сөзсіз. Қазақ тілі сабағында дыбыстардың жуан,жіңішке, қатаң, ұяң, үнді тағы басқа болып бөлінуін тілдегі үндестік (сингармонизм) заңдарымен ұштастыра оқыту керек.
Дыбыстардың үндесу заңдарын үйрету- қазақ тілінде дұрыс сөйлеудің ең басты шарты. Өйткені, дыбыстардың бір-бірімен тіркесу заңдылықтарын, сөздердің өзара байланысу жолдарын білмей тұрып,сөйлем құру мүмкін емес. Осы қиындықтарды жеңіп, оқу процессінде шәкірттерге дұрыс бағдар, бағыт бере білу-ұстаздың тәжірибелігінен, оның өз пәніне деген ықыласын,ой өрісінің кеңдігін көрсетеді. Осы пікірлерімді ортаға сала отырып, әріптестеріме пайда тиіп қалар деген ниетпенен орыс балаларына қазақ тілін оқытуда өзім сүйенетін бірқатар тиімді әдістерімді баяндап бермекшімін:
            1. Сұрақ-жауап әдісі. Сабақта осы әдісті жиі қолдана отырып,шәкірттердің қазақша ойлау жүйесін дамытуға болады.
            2. Суретті пайдалану. Оқушыларды сурет арқылы сөз, сөйлем құрастыруға дағдыландыру үшін өте тиімді әдіс. Әсіресе, әр тақырып бойынша іріктеліп жиналған,  тақырыптық топтама суреттердің берері мол.
            3. Аударма. Екі тілде де сөйлемді және жазуды жан-жақты үйрететін пайдалы әдіс.
            4. Сөзді және сөйлемді толықтыру. Сөздерді құрап айту, әрбір сөздің орысша, қазақша мағынасын түсіндіру, тақтаға және дәптерге қазақша жазуды үйрету ең қиын да күрделі жұмыс. Сөйлем құрау және  сөзді толықтыру әдісін білген ұстаз қазақ тілін тез үйрете алады.
            5. Мәтін бойынша сабақ өту әдісі. Бұл әдісті қолдану оңай емес. Себебі мұғалім қос тілде де жақсы сөйлеп, әрі түсіндіре білуі керек. Қазақ тілін жақсы түсіндіре алғанмен, орыс тілін жөнді сөйлей алмаса, мәтінмен де жұмыс істеу қиын.
            6. Қайталау. Тіл үйретудің негізгі шартты-әрбір сөзді қазақша көбірек қайталату, сөйлетіп, жаттықтыра беру.
            7. Сөздікпен жұмыс істеу. Сөздік жұмысы оқушылардың қазақша сөздік қорын көбейтіп, ой-өрісін кеңейтеді.
            8. Жаттығу әдісі. Оқушыларға тіл үйретудің тиімді әдістерінің бірі. Жаттығу жазбаша және ауызша өткізіледі.
            9. Мәнерлеп оқу. Сөзді, сөйлемді тақтадан, кітаптан, дәптерден дұрыс оқыта білу-қазақ тілін менгеруге септігін тигізері сөзсіз.
            10. Әңгімелесу. Екі тілде әңгімелесу арқылы тілімізді үйрету, оқушыларды өз бетінше қазақша сөйлеуге дағдыландыру.
            11.Сабақты қызықты түсіндіріп өту. Көрнекті құралдарды орынды пайдаланып, түрлі әдістерді қолдану арқылы сабақты барынша қызғылықты өтуге тырысу керек.
     Міне, менің өз пікірімді ортаға салып, әріптестеріме қазақ тілін үйретуге, осы тиімді жолдары пайдаға асса, мен өте қуанышты болып, “бәріміздің илеп жүргеніміз бір терінің пұшпағы” деп ойымды тұжырымдамақшымын. 
        Қазіргі XXI-ғасырда, техниканың өркендеген кезінде, оқу әдістемелік жұмыстарымызда инновациялық технологияны қолданып, жаңа формациядағы оқытушы болуға барлық оқытушы ұжымы бет бұрды. Осыған байланысты біздің мектеп-гимназияда электронды оқулықтар, аудио-бейне, үнтаспамен жұмыс істеу бірінші орында. Әр оқытушы өз тәжірибесін шыңдау үстінде. Осы оқу жылында шәкірттеріміз облыстық полелингвалды олимпиададан 3, 2 орындарды (Көлбаева Т.Д.,  Амирина Л.Б.), «Жарқын болашақ»  олимпиададан 2 орынды (Амирина Л.Б.),  аудандық Мағжан, Махамбет оқуларында 3, 2 орынды иеленді ( Амирина Л.Б., Көлбаева Т.Д.), аудандық пәндік олимпиадада 2, 3 орындарды иеленді (Амирина Л.Б., Ахметова А.Т.),  сонымен бірге қазақ тілі мұғалімдер бірлестігі аудандық семинар өткізіп, мектеп әкімшілігі атынан, аудан ұстаздарының атынан алғыстар алды.

Құрметті әріптестер! Келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтап, еңбектеріңізге сәттілік, отбастарыңызға амандық тілей отырып, атқан таңның арайын, бақыттың баяндысын тілеймін! 


 

 
 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Выступление на РМО «Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы Заңының» негізгі бағыттарын жүзеге асыру барысында қазақ тілін оқыту сапасын арттыру жолдары»."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по продажам

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім берудің ізгілікті, дамытушылық сипаты және адамды қалыптастырудағы рөлі, жеке шығармашылық қабілеттерің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі болып отыр деген саясатты ұстана отырып, қазіргі заманға сай технологиялардың үлгілерін таңдап, сабақ барысында пайдалана білу – бүгінгі заманның талабы.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді меңгерту өзекті мәселенің бірі екендігі баршаға мәлім. Бүгін заман өзгерді, қоғам алмасты, еліміз тәуелсіздік алды, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қайта жанданып жатыр. 
            Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы Заңының» негізгі бағыттарын жүзеге асыру барысында орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты – оқушыларға қазақ тілін меңгерту, оның оқыту сапасын арттыру. туған елінің тыныс тіршілігімен жан-жақты, терең таныстыру, тілдерін дамыту болып табылады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 291 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.02.2015 1112
    • DOCX 22.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кульбаева Тамара Дархановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кульбаева Тамара Дархановна
    Кульбаева Тамара Дархановна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 22614
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Педагогика и методика преподавания географии в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 726 человек

Курс повышения квалификации

Игровые приемы и методы обучения в школьном курсе физической географии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 178 человек

Курс повышения квалификации

Содержание и технологии школьного географического образования в условиях реализации ФГОС

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 327 человек

Мини-курс

Технологии и автоматизация в машиностроении

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История и основы галерейного бизнеса

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие предметно-практических действий, игровых навыков и математических представлений у детей раннего возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе