Инфоурок / Информатика / Конспекты / "Windows тұтастығындағы операциялық жүйесін баптау" тақырыбында дәріс.

"Windows тұтастығындағы операциялық жүйесін баптау" тақырыбында дәріс.

библиотека
материалов

Дәріс №13


Тақырыбы: Windows тұтастығындағы операциялық жүйесін баптау.


Операциялық жүйе дегеніміз - бұл командаларды іске қосқан кезде барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама.
Windows ОЖ
-нің сипаттамаларын кез келген компьютерде өзгертуге болады. Пайдаланушының көрсетуімен сипаттамаларды өзгерту ОЖ-ні баптау деп аталады.
Шартты түрде баптау 3 топқа бөлінеді:

  1. Буманың терезесінің параметрлерін баптау;

  2. Негізгі мәзірді баптау;

  3. Басқару тақтасының көмегімен жүйені жалпы баптау;

Бума терезесінің параметрлерін баптауды Түрі-Параметрлер ... командасы бойынша орындауға болады. Бума қосымша бетінен сізге бір бумадан екінші бумаға өту үшін экранда буманы «алмастыру» режімін таңдаудың батырмалар жұбын көресіз. Қарап шығу қосымша бетінде көрінбейтін файлдарды бейнелеуге тыйым салуға болады және ол бума терезесі басында файлдың (буманың) толық адресін бейнелейтін жалаушаларды қосады және алып тастайды.

Жалпы қосымша бетті келесі режимдерді қосатын 5 жалаушадан тұрады:
1) Барлық терезелердің үстінде орналастыру - тапсырмалар тақтасы қосымшалардың барлық терезелерінің үстінде орналасады;

2) Экраннан автоматты түрде алып тастау - тапсырмалар тақтасы оның орнына тышқан сілтемесін апарғаннан соң ғана пайда болады;
3) Негізгі мәзірдегі ұқсас белгілер - негізгі мәзір ұсақ белгіленіп, олар өте аз орын алады;

4) Сағатты бейнелеу - тапсырмалар тақтасына сағат индикаторы отнатылады;

5) Қысқартылған мәзірді пайдалану - мәзірді ашқанда соңғы пайдаланған командалар пайда болады.

Жүйені жалпы баптау Басқару тақтасы арнайы бумасының көмегімен орындалады. Басқару тақтасы бумасының терезесінде сіз мына жазулар мен көптеген белгілер көресіз. Экран, Шрифтер, Күні мен уақыт, Клавиатура, Тышқан және т.б. Егер кез келген белгіні екі рет шертсеңіз, экранда нақты баптау мақсатына қарай атқаратын қызметін түсінуге болатын сұхбат терезе пайда болады. Параметрлерді берген соң ОК немесе Болдырмау батырмасын басу керек.


Практикалық жұмыс.


І. Операциялық жүйелерді баптау.
1. Іске қосу батырмасын басыңыз және негізгі мәзірден Баптау-Басқару тақтасы пунктерін таңдаңыз.
2. Басқару тақтасы бумасының терезесіндегі Күні және уақыты белгісін екі рет шертіңіз.
3. Экранда Қасиеттер: Күн және уақыт сұхбат терезесі екі немесе үш қосымша бетпен бірге пайда болады.
4. Күн және уақыт қосымша бетін таңдаңыз.
5. Күн бөлімінде өзіңіздің туған күніңізді (күні, ай, жыл) тағайындаңыз.
6.Уақыт бөлімінде мектептегі сабақтың басқару уақытын тағайындаңыз.
7.Қолдану батырмасын шертіңіз.
8. ОК батырмасын шертіңіз.

ІІ.Жұмыс үстелін баптау.
1. Іске қосу батырмасын шертіп, негізгі мәзірден Баптау –Басқару тақтасы пунктін таңдаңыз.
2. Басқару тақтасы бумасының терезесіндегі Экран белгісін екі рет шертіңіз.
3. Экранда Қасиеттер:Экран сұхбат терезесі шығады
4. Тақырыптар (Темы) қосымша бетін таңдаңыз.
5. Фондық суретті таңдап, ОК батырмасын шертіңіз. Жұмыс үстелінің фондық суретінің өзгергенін тексеріңіз.

ІІІ. Қыстырма бет (Заставка) параметрлерін баптау.
Қыстырма бет - монитордың пайдалану уақытын созуға қызмет ететін программа. Егер пайдаланушы бірнеше минут пернетақта мен тышқанды пайдаланбаса, экранда қыстырма бет пайда болады. Қыстырма бет тізімдер өрісінен қыстырма программалардың біреуін, ал Интервал өрісінен пернетақтаны соңғы пайдаланғаннан бастап программа жұмысын бастағанға дейінгі уақытты таңдауға болады.Қыстырма бетті орнату үшін мыналарды орындаңыз:
1. Іске қосу батырмасын басыңыз және негізгі мәзірден Баптау - Басқару тақтасы пунктін таңдаңыз;
2. Басқару тақтасы бумасы терезесінде Экран белгісін екі рет шертіңіз;
3. Қыстырма бет қосымша бетін таңдаңыз.
4. Қыстырма бет тізімінен кез келген қыстырма бетті таңдаңыз. Көрініс бейнесін компьютер экранында Экран терезесінен көресіз. Қарап шығу батырмасын шертсеңіз, қыстырма бет компьютер мониторында пайда болады.

ІV. «Көлемдік мәтін» қыстырма бет параметрлерін баптау.
1 Іске қосу (Пуск) батырмасын басыңыз және негізгі мәзірден Баптау - Басқару тақтасы пунктін таңдаңыз.
2 Басқару тақтасы бумасы терезесінде Экран белгісін екі рет шертіңіз.
3 Қыстырма бет қосымша бетін таңдаңыз.
4 Қыстырма бет тізімінен «Көлемдік мәтін» («Обьемный текст») қыстырмасын таңдаңыз.
5 Баптау батырмасын шертіңіз.
6 Қыстырма бет параметрлерінің «Көлемдік мәтін» қыстырмасының параметрлері сұхбат терезесіндегі Мәтін өрісінен кез келген мәтінді, қозғалыс стилін, жылдамдығын, өлшемін таңдаңыз.
7 ОК батырмасын шертіңіз.
V. Дайындау схемасын баптау
1. Іске қосу батырмасын басыңыз және негізгі мәзірден Баптау - Басқару тақтасы пунктін таңдаңыз;
2. Басқару тақтасы бумасы терезесінде Экран белгісін екі рет шертіңіз;
3. Рәсімдеу (Оформление) қосымша бетін таңдаңыз.
4. Схема өрісінен кез келген дайындау сұлбасын, ал Элемент өрісінен түсін өзгерткіңіз келген элементті таңдаңыз.
5. Егер құрылған сұлбаңызды жойғыңыз келсе, онда оны Схема өрісінен таңдап Жою (Удалить) батырмасына шертіңіз.

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

 

Операциялық жүйе дегеніміз - бұл командаларды іске қосқан кезде барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама.
Windows ОЖ
-нің сипаттамаларын кез келген компьютерде өзгертуге болады. Пайдаланушының көрсетуімен сипаттамаларды өзгерту ОЖ-ні баптау деп аталады.
Шартты түрде баптау 3 топқа бөлінеді:

 

1.     Буманың терезесінің параметрлерін баптау;

 

2.     Негізгі мәзірді баптау;

 

3.     Басқару тақтасының көмегімен жүйені жалпы баптау;

 

Бума терезесінің параметрлерін баптауды Түрі-Параметрлер ... командасы бойынша орындауға болады. Бума қосымша бетінен сізге бір бумадан екінші бумаға өту үшін экранда буманы «алмастыру» режімін таңдаудың батырмалар жұбын көресіз. Қарап шығу қосымша бетінде көрінбейтін файлдарды бейнелеуге тыйым салуға болады және ол бума терезесі басында файлдың (буманың) толық адресін бейнелейтін жалаушаларды қосады және алып тастайды.

 

Общая информация

Номер материала: 344427

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG