№5 сабақ
Сабақтың тақырыбы:
XV-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының өнері.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік:-Қазақ
халқының музыка өнерінің түрлері, ерекшеліктері туралы толық мағлұмат беру.
ә) Дамытушылық:
Оқушыларды қазақ өнеріне қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін
ұштау. Шәкірттердің жан-жақты дамуына, еңбекке шығармашылық тұрғыдан қарауға,
өмірлік және азаматтық көзқарасын, рухани мәдениетін дамытуға белсенді түрде
көмектесу.
б) Тәрбиелік:
Мәдениет салалары, олардың халық өміріндегі рөлі туралы әңгімелей отырып,
оқушыларды өнерді сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
сабақ
Сабақтың әдісі: СТО
жобасымен
Сабақтың көрнекілігі:
Мултимедиалық тақта, домбыра,үнтаспалар, ұлттық қолөнер бұйымдары.
Пәнаралық байланыс:
қазақ әдебиеті, музыка, технолгия.
Сабақтың барысы:
I.
Қызығушылықты ояту.
II.
Мағынаны тану.
III.
Толғаныс.
Сабақтың жоспары:
1. Музыка өнері.
2. Айтыс.
3. Қазақтың музыкалық аспаптары.
4.
Қолөнер және қолданбалы өнер.
I.Қызығушылықты ояту
Сергіту сәті
а)Үй тапсырмасын
пысықтау үшін Жуан-жіңішке сұрақтар қойылады.
1. Эпостық
аңыздардың тарихи маңызы қандай?
2. XV ғасырда қандай
ақын-жыраулар өмір сүрді?
3. XVI-XVIII
ғасырларда өмір сүрген ақын-жыраулардың жырларында қандай тақырыптар
қозғалды?
4. Ақын жыраулардың
халық өмірінде маңызы қандай?
а) Жаңа тақырыпты
бастамас бұрын Ой қозғау стратегиясы бойынша төмендегідей сұрақтар
қойылады.
1. Қазақтың
қандай музыкалық аспаптарын білесіңдер?
2. Өнердің
қандай түрлерін білесіңдер?
3. Қазақ
қолөнері туралы не білесіңдер?
б) Символдық
көрнекілік. Мултимедиалық тақтадан ұлттық аспап
түрлерін көрсету арқылы ойларын ары қарай дамыту.
II. Мағынаны тану
а) Жигсо
стратегиясы бойынша оқушылар
4 топқа бөлініп, жоспарға сәйкес жұмыстанады
Айтыс
Айтыс-бұл қазақ фольклорының поэзиялық жанры,
суырып салма ақындардың жыр сайысы. Ол көне ғұрыптық әндерден, ойындардан
бастау алады. Айтыс екі түрге бөлінеді: қайым айтыс және сүре айтыс.
Қайым айтыс- қыз бен жігіт арасындағы айтыс.
Сүре айтыс- мазмұны жағынан күрделі кәсіптік айтыс.
Айтыстардың
тақырыптары: халықтың
қорғаушыларының ерлігі, ру аралық күрес, әлеуметтік теңсіздік, әйелдердің
жағдайы, махаббатпен достық, еңбек пен жасампаздық, халық ағарту.
Қазақстандағы
классикалық айтыстың үлгісі «Біржан мен Сараның» айтысы болып табылады.
«Біржан мен Сараның»
айтысы XX ғасырдың көрнекті композиторы
М. Төлебаевті «Біржан
мен Сара» операсын жазуға шабыттандырды.
Бұл опера-қазақ опера
өнерінің ең үздік жетістіктерінің бірі, композитор онда Біржанның өзінің
әндерін кеңінен пайдаланған.
Аталған
бұйымдардың неден жасалғанын бағыт сызығымен белгілеп, сәйкестендір.
Күрек, балта
|
Білезік, сырға,
жүзік, алқа
|
Шашбау, шолпы
|
Бойтұмар
|
Кілем, текемет
|
Етік
|
Ер-тоқым, қамшы
сабы
|
Жүген
|
алтын
|
тері
|
сүйек
|
жүн
|
күміс
|
темір
|
ағаш
|
тері
|
III. Толғаныс.
«Бағалау және
жоспарлау» стратегиясы бойынша тапсырма беріледі.
Оқушылар сіздер
қазақтың ұлттық құнды затын шет елге апаруларыңыз керек. Өзі әдемі, ұлттық
нақышы бар, сынбайтын, ыңғайлы, қауіпсіз болуы шарт. Енді осы қазақы символды
кім шет елге апаратынын анықтаймыз.
(ойларын сурет
арқылы жеткізеді) Бұл кімнің идеясы?
Бекіту сұрақтары:
1.
Музыкалық өнердің түрлерін
атаңдар.
2.
Қазақ халқының музыка
өнері туралы қандай пікірлер бар?
3.
Қазақ айтыс өнерінің
ерекшелігі қандай?
4.
Музыкалық аспаптардың
қандай түрлерін білесіңдер?
5.
Қолданбалы өнер қалай
дамыды, бұл өнердің ерекшелігі неде?
Үйге тапсырма: XV-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының өнері.
«Қазақ тұрмысы» тақырыбында буклет жасау, «Менің қиялымдағы қазақ
қоғамы» атты шағын эссе жазып келу.
Тестілік тапсырмалар
1.
«Бүкіл қазақ даласы ән
салып тұрғандай» деген сөзді айтқан кім?
А) Ш. Уәлиханов б) А.В.Затаевич
ә) Г.Н.Потанин в) А.Құнанбаев
2.
Елге жау шапқанда хабар
беретін музыкалық аспап:
а) керней б) сырнай
ә) асатаяқ в) домбыра
3.
Таң патшалығының көрнекті
ақыны Бэй Жуші өзінің «Биші бикеш» деген өлеңінде қандай тайпаның қыздарының
билерін суреттейді?
а) қаңлы б) сақ
ә) үйсін в) смармат
4.
«Қазақ халқының 1000 әні «
кітабының авторы:
а) Г.Н. Потанин б) А.Құнанбаев
ә) Ш.Уәлиханов в) А.В.Затаевич
5.
Ақын-импровизаторлар
айтысы:
а) күрес б) көкпар
ә) айтыс в) айт
6.
Музыкалық аспаптардың
қайсысы ағаштан және қамыстан жасалда?
А) домбыра б) қобыз
ә) сырнай в) сыбызғы
7.
Қазақ халқының саз
аспаптарының ішінде сілкіп ойналатын аспапты атаңыз?
А) қобыз б) дауылпаз
ә) сыбызғы в) астаяқ
8.
Бақсы- балгерлер зікір
салғанда пайдаланылатын аспап:
а) асатаяқ б) сыбызғы
ә) сырнай в) дабыл
9.
Әншілер немесе күйшілер ән
айтып күй тартқанда пайдаланатын аспап:
а) домбыра б) дабыл
ә) даңғыра в) керней
10.
Балшықтан, қамыстан,
мүйізден жасалатын аспап:
а) сазсырнай б) асатаяқ
ә) домбыра в) дабыл
11.
Соқпалы музыкалық аспап:
а) даңғыра б) домбыра
ә) қобыз в) сырнай
12.
«Бозінген» өнердің қай
түріне жатқызылады?
а) терме б) айтыс
ә) күй в) ән
13.
Терме- бұл......
а) афоризмдер мен қанатты сөздер
ә) ұлағаттық сөздер
б) айналымдағы бейнелі сөз
в) нақыл сөз
14.
Сүйекті кесіп, түзейтін,
жонып, тегістейтін құралды қалай атайды?
а) құйысқан б) шөміш
ә) тегене в) бастырық
15.
Бастары металдан құйылған
ауыр шоқпар қалай аталған?
а) күрзі б) семсер
ә) алдыаспан в) кісе
16.
Ішекті музыкалық аспап
түрі:
а) дабыл б) ұран
ә) шыңдауыл в) жетіген
17.
Қайсысы ат-әбзелдеріне
жатады?
а) асадал б) көнек
ә) өмілдірік в) кебеже
18.
Ерте ортағасырларда өлген
адамдардың басына не орнатқан?
а) мешіт б) балбал мүсін
ә) кесене в) киіз үй
19.
Қайың ағашынан жасалып,
тұзды суға қайнатып және түйе терісімен қапталатын бұйым қалай аталады?
а) құр б) жебе
ә) шоқпар в) кісе
20.
Б.з.д III ғасырда қай
елдің жазбаларында қаңлы елінің талантты музыканттары туралы айтылады?
а) парсы б) қытай
ә) иран в) грек
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.