Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / "Әй осы математика" (5 класс)

"Әй осы математика" (5 класс)



  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Қордай аудандық білім бөлімі

31 Сарыбұлақ орта мектеп


hello_html_m2812ace2.png



Тақырыбы: Әй осы математика ... сайысы



hello_html_m79eeb65d.png



Дайындаған: Н.О.Карибаева жоғарғы санатты математика

және информатика пәні мұғалімі






Сарыбұлақ ауылы

2015 - 2016 оқу жылы





hello_html_m3d6f6d08.jpg

Карибаева Нұржамал Орынбекқызы

31 Сарыбұлақ орта мектебінің жоғарғы санатты математика және информатика пәні мұғалімі





Пәні: Математика

Күні:29.02.2016ж

Сынып: 5 «б»

Сабақтың тақырыбы: «Әй осы математика ...» сайысы.

Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру,

білімді азаматтар тәрбиелеу.

Мұғалім сөзі:

Бүгінгі күн сайыста

Ешкінен сен қалыспа,

Білімі кімнің көп болса,

Сол озады сайыста- деп «Әй осы математика .... » атты

сайысымызды бастаймыз.

Шын жүйрік шабысынан танылады

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

Сайыстың ұраны:

2030- дың біз барысымыз.

Болашаққа бастайды әр ісіміз

Егемен елімізді көркейтетін,

Білім шыңына шығу парызымыз

Ортаға қатысушыларымызды шақырамыз.

  1. Көпжасар Арман

  2. Құлман Мақпал

  3. Кенесбаева Асылзат

  4. Жарылқапов Нұрдаулет

  5. Юлдашбай Нүргүл

  6. Жанабаева Шаттық

  7. Анипиаева Алия

  8. Ағыбай Арайлым

Сайысымыздың әділ қазылар мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер:

Жүргізуші : Шеберлікті, білімді

Сараптап сендер көріндер

Әділқазы алқасы

1 Ауезова Замира математика пәні мұғалімі

2 Құттылмұратова Лаура 10 сынып

3 Шарапатов Нұрсұлтан 10 сынып

««Әй осы математика ...» сайсы.» өту жоспарымен таныстырайық.

Өту жоспары:

  1. Математика жайлы әңгімелер

  2. Логикалық есептер

  3. Мақал-мәтелдер сайысы

  4. Есепке кім жүйрік?

  5. Кім көп біледі?

  6. Қорытынды

1.Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

(К.Гаусс) 2.Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек. (М.В.Ломоносов)

3.Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да,

қажет те. (Р.Бэкон)

І- кезең: Математика жайында әңгімелер

Оқушылар математика жайлы дайындаған әңгімелерін оқиды ІІ – кезең: Логикалық есептер (ӘРКІМ ӨЗІНЕ СӘЙКЕС НӨМІРДЕГІ ЕСЕПТІ ШЫҒАРАДЫ)

Мұғалім сөзі:Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

  1. 7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге? Ж: 100

  2. 1т темір ауыр ма, әлде 1000 кг мақта ауыр ма?Ж. Бірдей

  3. 4 827 105 санындағы үш цифрды ең кіші сан шығатындай етіп сыз. Сонда қандай сан шықты? Ж:2105

  4. Сандар қатарындағы келесі санды тап?20,21, 23, 24, 26, 27, … 29

  5. Квадрат үстелді айнала төрт адам отыра алады (әр жағына бір-бірден). Мектепте дәл осындай 7 үстелді жалғап бір қатарға қойып, ұзын үстел құрды. Осы үстелді айнала қанша адам отыра алады? Ж:16

  6. Түйе, бота маң басқан

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі

Қос лақпен қос ешкі.

Төрт қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой.Ж:17

  1. Көл тоғанды қырға бар

Келіп қонды тырналар.

Жұптан қонып сол жерде

Отыр екен он жерде

Санап берші тырналар

Қанша болды ол жерде?Ж:20

  1. Бірдей үш цифрмен жазылған сан 3 –ке және 37 –ге де бөлінеді. Ол қандай сан? Ж.101

ІІІ –кезең: Мақал- мәтелдер сайысы

Мұғалім сөзі: Ал, балалар, балалар

Мақал –мәтел айтайық.

Қиындыққа қайыспай

Асулардан өтейік











































ІҮ – кезең: Есепке кім жүйрік?сайысы

Мұғалім сөзі: Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де - есеп.

Ауырсаң, ішетұғын дәрі де - есеп.

Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау,

Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.

Берілген есептердің барлығын орындайды

1.Жұлдызшаның орына сан қойып, көбейтуді орында:





















3. Әрбір сақинадағы сандардың қосындысы 55-ке тең болса, А қаншаға тең?





4.





5.Оқушы кешкі сағат 10-да ұйықтауға жатар алдында, шырылдайтын

сағатын келесі күні сағат 12-де оянатындай етіп қойды. Сағаты шырылдап

оятқанша ол неше сағат ұйықтайды?



6.



7.





8.





9. 12 сақинаның біреуі өзге сақиналардан жеңіл. Кір тастары жоқ табақшалы таразымен бір рет қана өлшеп, массалары бірдей 4 сақинаны қалай табуға болады?

Ү –кезең: «Кім көп біледі?» сайысы

Мұғалім сөзі: Білімнің ұшқырлығын танытып сен,

Асып- тасып, асықпа,қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап , зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

Әр оқушы ұяшықтар таңдайды. Оған кім тез және қанша уақытта жауап

беретіні ескріледі .

ӘЙ ОСЫ МАТЕМАТИКА... САЙЫСЫ

































Өрнектер – 5

Санды өрнек дегеніміз не?

Жауабы: Амал таңбалары және қажет

болған жағдайда жақшалардың көмегімен сандардан құрастырылған өрнек санды өрнек деп аталады

Өрнектер - 10

Әріпті өрнек дегеніміз не?

Жауабы: Құрамында әріптері бар өрнек әріпті өрнек деп аталады.

Өрнектер-15

Көбейтудің ауысытырмыдылық қасиетін айт.

Жауабы: Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.

Сандар – 5

Натурал сан дегеніміз не?

Жауабы: Санауға қолданылатын сандар натурал сандар деп атаймыз.





Сандар – 10

Аралас сан дегеніміз не?

Жауабы:Бүтін және бөлшек сандардан құралған сандарды аралас сан

дейміз.

Теңдеу – 5

Теңдеу дегеніміз не?

Жауабы: Құрамында мәнін табу қажет болатын әрпі бар теңдікті теңдеу

дейміз

Теңдеу – 15

(Х + 46):3= 18

Жауабы: Х = 8

Теңдеу – 10

Теңдеудің түбірі дегеніміз не?

Жауабы: Әріпті теңдеуді тура санды теңдікке айналдыратын мәні теңдеудің

түбірі деп аталады.

Бөлшектер 5

Дұрыс бөлшек дегеніміз не?

Жауабы: Алымы бөлімінен кіші болатын жай бөлшекті айтамыз

Бөлшектер – 10

Бұрыс бөлшек дегеніміз не?

Жауабы: Алымы бөлімінен үлкен болатын жай бөлшекті айтамыз

Бөлшектер– 15

3 -ке қандай сандар бөлінеді?

Жауабы: цифрларының қосындысы

3 - ке бөлінетін натурал сандар 3-ке бөлінеді.

ҮІІ – кезең: Жанкүйерлер жарысы( өз ұпайын қатысушының біреуіне береді)

1.3 санына байланысты қандай ырым-жоралғыны білесің? Жауабы: Үш тәтті, үш арсыз, үш жүз, үш жұрт, үш мұрат

2. 7 санына байланысты нені білесіз?

Жауабы: жеті күн, жеті қазына, жеті мүшел, жеті ғашық, жеті жұрт

3.Бұрынғы қазақша өлшем бірліктер

Жауабы: ұзындық өлшемдері-елі, сүйем,қарыс, табан, шақырым

4. Қазақша салмақ өлшемдері

Жауабы: пұт, бір уыс, бір қап т.б.

ҮІІ – кезең: Қорытынды









Мұғалімнің сәті: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды

Ал, қазір әділқазылар сөз алады.

Сайысымыздың жеңімпазын анықтап,

Мадақтап, мақтау қағазын тапсырады.





Мұғалімнің сөзі: Құрметті ұстаздар мен оқушылар қатысқандарыңызға үшін көп-

көп рахмет. ЖЕҢІСТЕРГЕ ЖЕТЕ БЕРІҢІЗДЕР!!!





hello_html_32ff0d5b.jpghello_html_m79eeb65d.png
















Автор
Дата добавления 21.10.2016
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров42
Номер материала ДБ-278518
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх