Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыҮй жануарлары. Кіріктірілген оқу іс-әрекетінің жоспары.

Үй жануарлары. Кіріктірілген оқу іс-әрекетінің жоспары.

Скачать материал
Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ.docx

библиотека
материалов

«Ақтоғай» орта мектебі жанындағы «Балдәурен» шағын орталығы

Кіріктірілген оқу іс-әрекетінің жоспары

Тәрбиеші: Алдиярова И. С

Топ: тілді толық енгізу ортаңғы топ

Кіріктірілген бөлімі: тіл дамыту, бейнелеу.

Тақырып: «Үй жануарлары».

Мақсаты: тақпақ, ән, жұмбақтар, тәжірибелік жұмыстар арқылы балалардың тілдерін дамыту, үй жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. Кеңістікті бағдарлай отырып атауды, сөздерді буынға бөлуді бекіту,жаңа сөздерді қайталау.Дыбыстарды дұрыс атай білуді, фонематикалық қабылдауды, есте сақтауын, зейінін және шығармашылық ойлауын дамыту. Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдерін ояту.

Меңгерілетін сөздер: үй жануарлары, қой, сиыр, ешкі, жылқы, түйе, маңырайды, мөңірейді, , бақырады, боздайды, өркеш.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, практикалық ойындар, тәжірибе.

Ресурстар, дамытушы орта: үй жануарларының суреттері, ойынға қажетті үйшіктер


Таңертеңгілік шеңбер



Шаттық шеңбер «Амандасу»










Балалар жұмбақты шешіндерші:

Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

Мойны ұзын, көзі үлкен,

Бұл не,өзің тауып ал?


Қонаққа түйе келеді, балалармен танысады

- Менің атым Ернұр, мен ұлмын. Сенің атың кім?



- Балалар, бүгін қанша бала келді? Қанша ұл? Қанша қыз?

- Қай жыл мезгілі?

- Қай ай?

- Балалар, бүгін күн қандай? Жаңбырлы ма? Қар жауып тұр ма? Бұлтты ма?



- Балалар, сендер апта күндерін білесіндер ме?



Күн шығыпты, алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң! Қайырлы таң!
Күліп шықты күн бүгін.
Бәріміз күндей жарқырайық,
Бәріміз тату болайық!





- Түйе





- Менің атым Жанель, мен қызбын...


Балалар өздерін санап шығады.

- Жыл мезгілі күз.

- Қараша айы айы.

- Жаңбыр жауған жоқ.

- Қар жауып тұрған жоқ. - Күн бұлтты емес.

- Бүгін күн ашық.

Балалар, апта күндерін атап береді. Апта туралы әнді айтып, қимылдармен көрсетеді.


Кіріктірілген оқу іс-әрекеті



- Сәлеметсіңдер ме балалар!

Күнделікті таңертең күн оянады және де бізді өзінің пайда болуымен қуантады. Күнді көргенде адамдар да еріксіз күлімдеп, күнге риза болады. Өзімізге күлімдеп, күнге риза болып, жан – жағымызға ризашылықпен қарайықшы балалар. Біз қуанып күлімдесек айналадағы тіршілік те бізге күлімдеп, қуанып қарайды.


- Балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ма?

-Ертегі әлемінде болғыларың келе ме?

- Олай болса жайғасып отырып ертегі тыңдаңдар (ертегі оқылу кезінде үй жануарларының суреттері біртіндеп көрсетіледі).


Ертеде бір ауылда апасы мен немересі тұрыпты. Күндердің бір күнінде немересі таңертең тұрып терезеден қараса ауладағы жануарлар өзара сөз таластырып жатыр екен. Үйшіктің жанында отырған ит өзінің күшігімен әңгімелесіп отыр екен:

- Мен жұмысыма кеттім, ал сен ақылды бол, ешқайда кетіп қалма.

- Сенің жұмысың қандай? — деп үрді кішкене күшік.

- Менің жұмысым ең маңызды, - деп жауап берді анасы.

- Мен үй күзетем, үй иесі мен оның немересін, ауладағы барлық жануарларды күзетем. Мен - ең маңызды үй жануарымын.

- Му-у-у-у! Бұл сөзіңмен келіспеймін, - деп мөңірейді сиыр. Менің сүтімсіз сендер не істейтін едіңдер? Мен - ең маңызды үй жануарымын.

- Ме-е-е-е! Ал менің сүтім сенікінен майлы, адамдарға пайдалы – деп қарсы шығады ешкі. Сонымен бірге мен жұмсақ, жылы, жүн беремін.

- Ал енді жүн жөнінде айтсақ менің жүнімнен жұмсақ, менің жүнімнен жылы жүн жоқ, - деп айтыса кетті қорадағы қой. Мен - ең маңызды үй жануарымын.
Осы әңгімені естіп тұрған жылқы былай дейді: - сендер бекер дауласасыңдар. Біз барлығымызда адамға пайдалымыз, адамға көмектесеміз. Адамдар сол үшін бізді асырайды, бағады.

Жылқының осы сөздерінен кейін барлық жануарлар келісіп, бастарын изеді. Осылай кішкене күшік үй жануарларының адамға пайдалы екенін білді. Жануарлардың бір шешімге келгенін естіген немересі аулаға жүгіріп шығып, барлық жануарлармен қуана ойнады.

Ойын «Үйшігін тап»

Үй жануарларына өз үйлерін табуға көмектес. Үстел үстінде жануарлардың суреттері және бір, екі, үш терезелі үйшіктердің суреттері. – Кез- келген жануардың суретін алып, оны буынға бөліп атаңдар.Бір терезесі бар үйшікке бір буыннан тұратын сөзді, екі буыннан тұратын сөзді екі терезелі, үш буыннан тұратын сөзді үш терезелі үйшікке орналастыр. (балалар тапсырманы орындайды.)

Ойын «Не, қайда тығылды?»

- Үй жануарлары тығылмақ ойынын ойнады. Мұқият қарап, ненің қайда тығылғанын айт. Ит қайда тұр? (ит үйшіктің артында); Арбаның артында не тұр? (Арбаның артында жылқы бар), оны қайдан білдің? (өйткені арбаның артынан жылқының басы көрініп тұр) т.с.с.

-Балалар сендер барлық тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Сендерге үй жануарлары риза.

- Ал сендерге ауылдағы жануарлар ұнады ма?

- Ертегі ұнады ма?

- Ертегіде қандай үй жануарлары болды, атап беріңдерші?

- Біз қандай ойындар ойнадық?


Түйе

- Балалар, біз бүгін ауылға қонаққа барамыз.
Олай болса, бәріміз саяхатқа дайындалайық.



















Ауыл тұрғыны Зере апай:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің атым Зере, мен осы ауылда тұрамын. Ауылға қош келдіңдер!

- Балалар, ертегіде, ойында қандай жануарлар туралы айтылды?

- Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?

-Дұрыс айтасыңдар, үй жануарлары қысқа қалай дайындалады?

-Олар нелермен қоректенеді?

-Жануарлардың қысқы азығын адамдар қай кезде жинайды?


«Үй жануарлары» туралы видео.

- Дұрыс айтасыңдар, балалар, сендер үй жануарлары туралы көп біледі екенсіңдер, олар туралы тағы да көріп, білгілерің келе ма?

(үй жануарларымен және төлдерімен танысады.)

«Не, қалай дыбыстайды?»





Ойын «Көлеңке»






-Мен сендерге осы көрген үй жануарлары туралы жұмбақ жасырамын, сендер шешуін тауып, олардың пайдасы туралы айтыңдаршы.

Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар.

- Қойдың адамға қандай пайдасы бар?

- Қойдың жүнінен не жасалады?

Балаларға жүннен тоқылған заттарды көрсету.

- Қой жүнінен жасалған заттар қандай болады?



- Келесі жұмбақты тыңдаңдар.

Кезекті бір жануар
Үстінде екі тауы бар

-Түйенің сүті қалай аталады?

-Түйені адамдар не үшін қолданады? Түйеде неше өркеш бар?

- Дұрыс, айтасыңдар, түйені көлік ретінде пайдаланады. Түйе ыстыққа, суыққа өте төзімді жануар екен. Ол көп күн бойы су ішпей жүре алады екен.



Жүгіргенде құстай ұшады,

Басқаларды озады.

- Жылқының сүті қалай аталады?

- Жылқыны не үшін пайдаланады?

- Жылқының еті адам ағзасына өте пайдалы екен.


Екі мүйізі бар
Төрт аяғы бар,

Оның адамға пайдасы бар.

- Сиыр адамға не береді?

- Сүттен қандай тағамдар жасалынады?



- Дұрыс айтасыңдар, осы аталған өнімдерде адам ағзасына пайдалы дәрумендер бар екен.

- Мынау қандай тағамдар, олар неден жасалған?


- Осы аталған үй жануарларының барлығы қандай екен?


-Балалар, ауылға қонаққа келгендеріңе рахмет. Сендер өте тапқыр екенсіңдер, жұмбақты шештіңдер, тапсырмаларды орындадыңдар, сол үшін мен сендерге сиырдың сүтін беремін.


- Балалар, сендер ауылдан өздеріңмен бірге не алып келдіңдер?

Тәрбиеші:

- Балалар сүт туралы толығырақ білгілерін келеді ме?

- Олай болса біз қазір құпия зертханамызға барамыз.

1тәжірибе: «Сүттің түсі бар»





2 тәжірибе: «Сүттін дәмі бар»

Тәрбиеші балаларға судың дәмін көруге ұсынады. Сұрақ: судын дәмі бар ма? Ал енді сүттін дәмін көрейік. Дәмі бар ма? Қандай?



3 тәжірибе: «Сүттін иісі бар»

Тәрбиеші: стақандағы су мен сүтті иіскеуді ұсынады.


Практикалық іс- әрекет.

«Сүтпен салынған сиқырлы сурет»


Тәрбиеші балалардың жұмыс жасаған қағаздарын үтіктеп, сиқырлы суреттерін жарыққа шығарады.


- Ал енді, балалар сендерге тосынсый ретінде бәріміз бірге сүттен коктейль жасайық.

4 тәжірибе: «Сүтті коктейль»

Тәрбиеші сүтке қосылған жидектерді миксермен араластырып береді.



- Сәлеметсіз бе.


Балалар бір-біріне қуана күлімдеп қарайды.








-Ия жақсы көреміз.




Балалар отырып, ертегі тыңдайды.





















































Балалар ойын ойнап, жануарлардың аттарын буынға бөліп, неше буынна тұратынын атап, үйшіктеріне орналастырады.








Балалар белсене ойынға қатысады.













Балалардың жауаптары.









Балалар бір-бірінің артына тұрып, керуен болып барады.



Жазда апамның аулына,

Барып едім қыдырып.

Бір қошақан алдымнан,

Шықты ойнап жүгіріп.


Ақ мандайы ай ма екен,

Арқа жүні майда екен.

Кеттім қазір сағынып,

Қошақаным, қайда екен?







Балалардың жауабы.













-Ия.



Үнтаспадан үй жануарларының дыбыстарын естиді, табады.


Көлбең көлбең көлеңке,

Көлбеңдеген көлеңке.

Сиыр қалай жүреді,

Айбол бізге көрсетеді. т.с.с.








- Қой.


Балалардың жауаптары.


Жемпір, нәски, бас киімдерді ұстап көреді де, қандай екенін айтады.




-Түйе.



Балалардың жауаптары.











- Жылқы.

Балалардың жауаптары.






- Сиыр.


Балалар сиыр сүтінен алынатын өнім түрлерін атайды.


Балалар тәрелкедегі құрт, ірімшікті атайды, неден жасалғанын айтады, дәмін көреді.


-Пайдалы.




Балалар сүтті алып, топты бір айналып келеді.





-Сүт алып келдік.



- Ия, білгіміз келеді!

Орындықтарын алып, үстелге отырады.

Бір стақанда су, екіншісіне сүт құяды. Стақандарға қасық салады.

Қорытынды:су мөлдір, сүт мөлдір емес.




Балалардың жауабы.

Тұжырым: сүттін дәмі бар, судын дәмі жоқ.



Тұжырым: сүттің иісі бар, судын иісі жоқ.



Балалар қылқаламды сүтке малып, ақ қағазға сурет салады.









Балалар сүтке жидектер қосады.


Сүтті коктейльді ішеді.

Рефлексия


-Бүгін сендерге не ұнады?

-Не ұнамады? Неліктен?

-Қонаққа кім келді?

Біз ерекше баламыз,

 Айтқан тілді аламыз!

 Отанымызды сүйіп,

Қорғаушы боламыз!


Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: үлкенді сыйлауға, құрмет көрсетуді білуі тиіс;

Түсініктерді игеру: сүттің қасиеттерін, жануарлардың қысқа дайындығы жайлы;

Білім, білік дағдыларды меңгеру: сөздерді буынға бөлу, тақырыпқа лайықты тақпақтар жаттау





  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Воспитание детей дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Образовательные ресурсы системы дошкольной образовательной организации в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Организация работы в ДОО по подготовке детей к школе»
Курс повышения квалификации «Использование сказкотерапии с тревожными детьми в дошкольных образовательных организациях»
Курс повышения квалификации «Применение методов арт-терапии в работе со старшими дошкольниками и младшими школьниками»
Курс повышения квалификации «Укрепление здоровья детей дошкольного возраста как ценностный приоритет воспитательно-образовательной работы ДОО»
Курс повышения квалификации «Эмоциональные нарушения у детей дошкольного возраста. Технологии индивидуальной коррекционно-развивающей работы»
Курс повышения квалификации «Сурдопедагогика: организация обучения, воспитания, коррекция нарушений развития и социальной адаптации глухих, слабослышащих, позднооглохших обучающихся в условиях реализации программы ФГОС»
Курс повышения квалификации «Художественно-эстетическое развитие детей дошкольного возраста в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Организация развивающей образовательной среды в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «ФГОС ДОО. Развитие поисковой активности, инициативы и познавательной мотивации методом экспериментирования у детей дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Личностное развитие дошкольника в социальной среде в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс профессиональной переподготовки «Сурдопедагогика в дошкольном образовании»
Курс повышения квалификации «Музыкальное развитие детей в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Пальчиковая гимнастика как средство развития речи детей дошкольного возраста»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.