Инфоурок Другое Конспекты"Үй жануарлары мен үй құстары" (Мектепалды даярлық тобы)

"Үй жануарлары мен үй құстары" (Мектепалды даярлық тобы)

Скачать материал

 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тобы:

Күні: 

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Қатынас 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сауат ашу және жазу.

Тақырыбы: Ауылда. Үй жануарлары мен үй құстары (әңгіме құрастыру).

 Оқу іс-әрекетінің мақсаты: әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын толықтыру, сөйлем мәдениетіне тәрбиелеу, ойлау қабілетін дамыту. Ауыл туралы түсінік беру. Үй құстары (балапандары) мен жануарларына (төлдеріне) қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сөздік жұмысы: қармақ, күбі.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: суреттер.

Билингвалды компонент: Үй жануарлары мен үй құстары- Домашние птицы и животные.

Қолданылған әдебиеттер: Сауат ашу  және жазу (әдістемелік құрал) 33 бет

 

Әрекет кезеңдері

 

Тәрбиешінің іс-әрекеті

 

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

      1. Шаттық шеңбер

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

 

Ұйымдастыру-іздену

II. Негізгі бөлім.

Сұрақ- жауап

– Бүгін ауа райы қандай?

– Айналада қандай өзгерістер бар?

– Жылдың қай мезгілі?

– Бір аптада неше күн бар?

– Бүгін аптаның қай күні?

– Жазғы демалысты қайда өткіздіңдер?

– Ауыл сендерге ұнайды ма?

3. Тыныштық сәтін өткізу.

            1. Н. Қадырбаевтың «Ауыл» әңгімесін немесе басқа да ауыл туралы әңгімені оқып беру.

2. Сергіту сәтін өткізу.

Атамның алып күрегін,

Ауланың қалын күредім.

Әжеме құдықтан су әкеліп         беремін,

Еденді де жуамын, шаң-тозаңын сүртемін.                                                                                  

          1. Дәптермен жұмыс.

     а) 8-9 беттердегі суреттер бойынша «Үй жануарлары мен үй құстары» деген тақырыпта әңгіме құрастыру. Тірек сөздер: күркетауық,тауық, қаз, үйрек, балапан, қой, қозы, ешкі, лақ, жылқы, құлын, сиыр, бұзау, түйе, бота.

     ә) Үзік сызықтарды қосып, әтеш пен есектің суреттерін салу, бояу. Тауықтың балапаны мен үйректің балапанын штраихтау, қойдың жолын қосып созу (8-9 беттер).

     2. «Айырмашылығын тап» дидактикалық ойыны.

     Ойын шарты: үй жануарларының суреттері және жабайы аңдардың суреттері берілген. Балалар суреттерге қарап үй жануарлары мен жабайы аңдардың айырмашылығын табу керек.

 

Сұраққа толық жауап берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Балалар ыңғайланып отырып, үнтаспадан құстың сайрағанын, суды сылдырын, жапырақтардың шуылын және т.б. дыбыстарды тыңдады және көздерін жұмып, табиғат аясын көз алдарына елестетті.

2.Қимылмен көрсетеді.

 

 

Дәптермен жұмысты ұқыпты орындады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дидактикалық ойынды ойнады.

 

 

 

Рефлексифті түзету

III. Қорытындылау.

– Балалар, сендер де ауылға ата-әжелеріне қонаққа барасыңдар ма?

– Ауыл сендерге ұнайды ма? Несімен ұнайды?

– Үй жануарларына нелер жатады?

– Үй құстарына қандай қамқорлық жасау керек?

– Үй жануарлары мен құстарына қандай қамқорлық жасадыңдар?

      Сұрақ-жауап арқылы  қорытындылап, пысықтады.

 

Күтілетін нәтиже:

Білу: Ауыл туралы түсінік алды.

Игеру: Үй құстары (балапандары) мен жануарларына (төлдеріне) қамқорлық жасауды игерді.

Меңгеру: Жазуға қолдарын жаттықтырып ,көркем жазуды меңгерту.

 

     

            

     

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Үй жануарлары мен үй құстары" (Мектепалды даярлық тобы)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Карьерный консультант

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 309 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.02.2016 1958
    • DOCX 38 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Туманбаева Жангуль Саттигалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10139
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой