1717485
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
ИнфоурокЛогопедияДругие методич. материалы"Үй жануарлары және олардың пірлері" күнделікті сабақ жоспары

"Үй жануарлары және олардың пірлері" күнделікті сабақ жоспары

библиотека
материалов



Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары

Мақсаты:Балаларға үй жануарлары мен олардың төлдерімен таныстыру.Жеке ерекшеліктеріне тоқталу, пайдасы туралы айту,әрқайсысы қалай дыбыстайтынын көрсету.Үй жануарларына қамқор болуға,оларды күте білуге және қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Көрнекілігі: үй жануарларының төлдерімен суреттерімен, артикуляциялық жаттығулардың суреті,айна.

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Балалардың көңіл – күйін білдіретін суреттер арқылы көрсету.

1.Тіл бұлшықетіне арналған жаттығулар:

«Тәтті тосап». Біз анамыз дайындаған тәтті тосапты жақсы көреміз. Тосап тіл үйіреді. Тосап ерінімізге жұғып қалыпты. Тілді ерінге қойып, ерінге жұққан тосапты жалап алғандай айналдыра қимылдатады. Бұл жаттығу 2-3 рет орындалады.

«Көңілді тіл».

а) Біздің ауызымызда көңілді тіл өмір сүреді. Оның үйшігі - ауыз. Көңілді, тентек тіл бір орында отыра алмайды. Сондықтан ол үйшігінен шығып жан-жағына қарайды. Оң жағына қарайды, сол жағына карайды.

ә) Көңілді тіл күнде  ертемен далаға шығып, жан-жағына амандасады. Тілді сыртқа шығарып, ырғақпен оңға - солға, солға - оңға бұрады. Жаттығу 5-6 рет қайталанады.

«Қазы - қарта тураймыз». Ауызымызды ашып, бір-бірімізге немесе айнаға қарайық. Ауызды ашсақ әдемі тістер көрінеді. Тісіміз өткір, пышақ секілді. Осы тістердің көмегімен біз ауызға түскен тамақты тістеп, кесіп, бөлшектеп жейміз. Ал тіліміз қазы-қарта секілді ет екен. Ендеше қазы-қарта турайық.

Тілді біртіндеп баяу шығарып, тіспен тістейміз. Туралған қазы-қартаны ауызға саламыз. Осылайша тіл кері ауызға қайтарылады. 3-4 рет қайталайды.

«Саңырауқұлақ». Саңырауқұлақты елестетейік те, тілімізді таңдайымызға тигізіп, тақылдатпай тіреп тұрайық. Жаттығу 3-4 рет орындалады.

II Негізгі бөлім

1.Жаңа сабақ

Сиыр, ешкі,қой,сиыр, жылқы түйе – бәрі мал. Бұл малдарды адамдар далада жаяды. Үйде жем беріп күтеді, сондықтан үй жануарлары дейміз .
Үй жануарларының адам өміріне маңызы өте зор. Жесе – тамақ, мінсе – көлік, жүнінен, терісінен киімдер аламыз. Сондықтан адамдар оларға аса қамқорлықпен қарайды. Қыста жылы қорада ұстап, жем-шөп, су беріп асырайды.


Жылқы – ер қанаты.Ол сезімтал, талғампаз жануар.Жылқыда өт жоқ .Сондықтан ол күйіс қайырмайды.Жылқының жүйрігі,жорғасы болады. Қолға үйретілген жылқының арғы тегі жабайы жылқылар – тарпан мен түзат. Жабайы жылқылар тарихы дәуірлерде Еуразияның далалы, шөлейтті аймақтарында үйір-үйірмен тіршілік еткен. Олар ретсіз аулау нәтижесінде жойылып кеткен. Жылқының алғашқы қолға үйретілген Қазақстан даласы деп саналады. Жылқы қазақ халқының ерекше қастерлеп, пір тұтатын жануары. Жылқының пірі – Қамбар ата. Дүние жүзінде жылқының 250-ден астам қолтұқымдары бар. Жылқы малын тек көлік ретінде ғана емес, оның дәмді еті, шипалы қымызы үшін де өсіреді. Қымыз халқымыздың кәделі сусыны. Қымыздың 40-қа жуық түрі бар, уыз қымыз, бал қымыз, бесті қымыз, дөнен қымыз т.б. Қымыздың шипалық қасиетіне шет елдерде көңіл бөле бастаған. Қымыздың көптеген емдік қасиеттері бар.


Қазақтың жылқыдан кейін қадірлейтін малы – түйе. Көшіп-қону үшін жылқыдан да артық бағаланған. «Бақырауық демесең, бағалы көлік түйе ғой», «Нары бардың малы бар», «Тамырыңнан түйе сұра, қорыққаннан бие берер», «Көтерем деп түйеден безбе, салтанатың емес пе?» деген ескі мақалдардың өзі-ақ түйенің көшпелі тіршілікте аса құнды түлік болғанын анықтай түседі. Түйенің жүні мен терісі – киім, сүті – сусын, еті – ас. Әсіресе, түйе көш көлігі ретінде бағалы. Ол сиырдай емес, сирақты мал. Қыста суыққа, жазда ыстыққа төзімді, әсіресе шөлге, аштыққа шыдамды. Түйе алпыс күн аштыққа, отыз күн шөлге шыдайды. Осынша шыдамдылығына, қуаттылығына қарамастан, «шөк» десең, шөге қалатын, «айт-шу» десең, атып тұратын «тіл алғыш», жуас, қайырымды мал. Түйені – төрт түліктің төресі, киелі түліктің бірі деп есептеген. Түйенің пірін – «Ойсылқара», кей жерде «Қаусыл-қазы» деп атайды.


Сиыр- мүйізді ірі қара — сүтқоректілер класына жататын аша тұяқты, қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануарлар. Оның жабайы және қолға үйретілген түрлері бар. Қолға үйретілген Сиыр жабайы турдан тараған, ол біздің дәуірімізге дейін мыңдаған жылдар бойы Еуропа, Азия, Африка құрылықтарында кең тараған.Сиырдың дене бітімі олардың өнімділік бағытына (сүт, ет) байланысты болады..Сиырдың еті , сүті пайдалы.Сүтінінен айран , қаймақ ,құрт ,ірімшік жасалады.

Сүт бағытындағы Сиырдың денесі ұзын, сүйегі салыстырмалы түрде жіңішке, терісі жұқа, жұмсақ, түгі жылтыр, қарыны кең, басы мен мойыны ұзын, құрсағы мен желіні үлкен болады. Ет бағытындағы Сиырдың тұрқы төртпақ әрі кең, омыраулы, аяғы мен мойыны қысқалау, желіні кішілеу, сүтті малға қарағанда бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың әрі жұмсақ, тері астындағы май қабаты жақсы дамыған. Сиырдың пірін – «Зеңгібаба» деп атайды.



Қой уақ малға жатады.Ол төрт түліктің ішіндегі момыны.Қойдың сүйікті шөптері изен, жусан ,ажырық.Қойдың еті , сүті , майы , терісі пайдалы .Жүнінен киіз басылады .Киім – кешек , алаша , кілем тоқылады . Қойдың қолға үйреніп, үй малы болғанына 8-10 мың жылдай болған. Міне, осы ғасырларда жер жүзінде, адамның өсу тарихында, табиғат құбылысында бірнеше тарихи өзгерістер болған. Осы өткен уақыт ішінде жердің өзгешелігіне ауа мен табиғат ерекшеліктеріне байланысты қойды әр түрлі қажеттілікке пайдаланған. Тибетте қойды күш көлік, жүк таситын мал ретінде пайдаланса, Египетте қойды жер жыртуға жеккен. Міне, қой адам қолына үйренгеннен кейін бірнеше биологиялық өзгерістерге ұшыраған, Қой тұқымдары кейін бірте-бірте ет, сүт, жүн, тері өнімдерін беруге бағындырылып өсіріле бастаған.Қойдың пірі – Шопан ата.

Ешкіде уақ малға жатады . Ешкі – қолға алғаш үйретілген жануарлардың бірі. Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді. Оның түбіті, жүні, терісі, еті мен сүті пайдаланылады. Ешкінің сүтті (мегрель, заане, орыс ешкілері), жүндес (ангор ешкісі), түбітті (придон, орынбор, башқұрт ешкілері), сүтті-етті жүндес (өзбек, қазақ-қырғыз, кавказ, бурят-моңғол ешкілері) тұқымдары бар. Ешкі тоғыз – он жыл тіршілік етеді. Ешкі бір – екі, кейде бесеуден лақтайды. Жақсылап күтсе жылына екі рет төлдейді. Текесі 60 – 65 кг-ға дейін, ешкісі 40 – 60 килограмға дейін тартады. Жемденген ешкіден 20 – 28 кг ет, 4 – 6 кг май, жеті – он айлық лақтан 12 кг ет, 1,5 кг май алынады. Сүтті ешкілер жылына 450 – 550 кг, кейбір шаруашылықтарда 1 т-ға дейін сүт береді. Сүтінің майлылығы 3,8 – 4,5%. Жүндес тұқымды ешкі қылшығының ұзындығы 15 – 18 см болады. Ешкілерді көктемде, жылы аудандарда екінші рет тамыз – қыркүйек айларында қырқады. Текесінен 4 – 6 кг, ешкісінен 3 – 5 кг қыл алынады. Түбітті ешкіден 0,2 – 0,5 кг, кейде 2 кг түбіт алынады. Ешкі терісінен сафиян, шевро сияқты бағалы былғары жасалады.

Тастан тасқа секіріп, тыным таппайды .Оның сүті , түбіті пайдалы . Ешкі  — мүйіз қуыстылар тұқымдасына жататын жұп тұяқты, күйіс қайыратын жануар. Үй ешкілерінің бастапқы тегіне ешкілердің жабайы екі түрі (безоар ешкісі, иір мүйізді ешкі), сондай-ақ жойылып кеткен түрі жатады. Ешкінің пірі – Шекшек ата.


2.Тыныс алу жаттығулары:

«Ыстық сүт» (шәй). Біз сүтті өте ыстық болғандықтан бірден іше алмаймыз. Сондықтан оны тез суыту үшін көпіршіктерін (бетіндегі қаймағын) итере үрлеп ішеміз. Кәне, ыстық сүтті үрлейік. Жаттығу 2-3 рет қайталанады.

«Көбелекті ұшырамыз». Мұғалім алдын-ала түрлі-түсті қағаздан кішігірім көбелектер үлгісін дайындайды да, оны жіпке бекітеді. Содан соң балаларға таратып беріп, бұл жаттығудың қалай орындалатынын түсіндіреді.

III Сергіту сәті.

Ал, балалар, тұрайық.

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иiлiп

Солға қарай иiлiп

Бiр отырып, бiр тұрып,

Бойымызды созайық

Белiмiздiжазайық.

Оңға-оңға түзу тұр

Солға-солға түзу тұр

Жоғары-төмен қарайық

Қолымызды созайық

Бойымызға күш жинап

Бiр шынығып алайық.

«Енесін тап» ойынын ойнау.

Тақта алдына үй жануарларының суреттері ілінеді, Балалар олардың адасқан төлдерін тауып қосуы керек. Әр жануардың суреттінің қасына қима қағаздарда дұрыс жазылған төлдердің аттарын тауап іледі.


hello_html_5739d566.jpghello_html_6fba338c.jpg


hello_html_m7b960a80.jpg hello_html_338f35ce.jpg




hello_html_714a14df.jpghello_html_m2d1b171f.png



hello_html_m3f6ac656.jpg hello_html_8512c93.jpg

IV Үйге тапсырма.

V Қорытынды.





Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону N273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» педагогическая деятельность требует от педагога наличия системы специальных знаний в области обучения и воспитания детей с ОВЗ. Поэтому для всех педагогов является актуальным повышение квалификации по этому направлению!

Дистанционный курс «Обучающиеся с ОВЗ: Особенности организации учебной деятельности в соответствии с ФГОС» от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (72 часа).

Подать заявку на курс

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «История и философия науки в условиях реализации ФГОС ВО»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-дефектолога: специальная педагогика и психология»
Курс повышения квалификации «Система работы учителя-дефектолога при обучении и воспитании детей с особыми образовательными потребностями (ООП) в общеобразовательном учреждении»
Курс повышения квалификации «Финансы предприятия: актуальные аспекты в оценке стоимости бизнеса»
Курс повышения квалификации «Современные методики логопедической ритмики с детьми с нарушениями речи»
Курс профессиональной переподготовки «Логопедия в дошкольных образовательных организациях и в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности логопеда в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Логопедия: Организация обучения, воспитание, коррекция нарушений развития и социальной адаптации обучающихся с тяжелыми речевыми нарушениями»
Курс профессиональной переподготовки «Логопедия: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Клиническая логопедия»
Курс повышения квалификации «Логопедия: Организация обучения, воспитание, коррекция нарушений развития и социальной адаптации обучающихся с тяжелыми речевыми нарушениями в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Использование методики Гленна Домана в работе с неговорящими детьми при подготовке к обучению грамоте»
Курс повышения квалификации «Пальчиковая гимнастика как средство развития речи детей дошкольного возраста»
Курс профессиональной переподготовки «Тифлопедагогика: теория и методика преподавания в образовательных организациях»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.