Инфоурок Обществознание КонспектыҚұқық пәнінен ашық сабақ "Адам құқығы"

Құқық пәнінен ашық сабақ "Адам құқығы"

Скачать материал

Кайсарова Гулдаурен Тураркызы

Тарих пәнінің мұғалімі

Қазақстан Республикасы

Ақтөбе қаласы №10 жалпы білім беретін орта мектеп

Екінші санатты мұғалім

                                    Сабақтың тақырыбы: Адам құқығы
 

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға балалар құқығы туралы білімдерін толықтыра отырып, өмірдегі кездесетін келеңсіз жағдайлармен таныстыра отырып, балалар құқығын қорғауға үйрету.
 Сабақтың көрнекілігі: Бала құқығы деп жазылған тақырыптың аты. Балалар құқығы тураы Конвенция, Қ. Р. Балалар құқығы туралы заңы.
 Сабақтың жүрісі:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
«Ана өз баласын тоғыз ай, тоғыз күн құрсағында көтеріп, жарық дүниеге әкеледі. Жаңа дүние есігін ашқан баланың алғашқы әрекеті қандай болады? Иә, ол жылап дүниеге келеді екен. Неге бала өмірге келген сәтінде жылап туады. Жаңа өмір әлемін көрген бала жылау арқылы өзінің бойындағы қорқынышын, қорғансыздығын білдіреді. Ол тоғыз ай бойы ана құрсағында жылулықты, жайлылықты, қорғанысты бірге бірге дүрсілдеп соққан жүректі сезінді.
Ал өмірге келгенде ананың дүрсілдеген жүрегі алыстады, қорғаныс аясы шеттеді; осы қорқыныштарын сәби жылауы арқылы көрсетіп, өмірге келген сәтте - ақ өзіне назар аударғанды қалайды. Бала жылағанда біріншіден ана, кейін басқа айналадағы адамдар оған зейіндерін қойып, назарларын аударып, уатады. Жылағанда назар аударатын сәби бейсаналы түрде ұғып, осы позицияны есінде, сақтап қалады. Кейінгі өмірде өзіне назар аударту үшін ол тағыда осы әдіске жүгінеді.
Жасөспірім кезінде бала өзіне назар аудартуды жылау арқылы көрсете алмайды., себебі ол ұят нәрсе. Жасөспірім кезінде бала өзгере бастайды. Бұрын ашық бала, жарқын мінезді, белсенді болып, енді тұйықталса, ойы басқа да болып, уайымшыл күй кешсе, ұйқысы қашып, тәбеті болмаса т. б. балада қандайда бір мәселе туындаған болу керек.
Бала болса да қазіргі кезеңде әрбір баланың мүмкін болғанша отбасында өмір сүруі мен тәрбиеленуге құқығы бар. Ал ата - анасы қайтыс болған, ата - ана құқығынан айырылған жағдайда оларға мемлекет тарапынан қорғаншы және қамқоршы орган тағайындалады.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Бала құқығы тақырыбына арналады.
Сабағымызды әрі қарай жалғастыру үшін мынадай сұрақтарға жауап береміз:
1) Бала құқығы дегенге қалай түсінесің?
2) Баланың қандай құқықтары бар?
3) Бала құқығын қорғалуына жауапты адамдарды ата?
4) Бала құқығына байланысты қандай заңдарды білесің?
Оқушылар өз білгендеріңше сұрақтарға жауап береді.
Әрі қарай мұғалім оқушылардың айтқан жауаптарын толықтырады.
1989 жылы БҰҰ қабылданған «Бала құқығы туралы Конвенциясы» заңнамасымен, 2002 жылы 8 тамызда қабылданған « Қ. Р. Бала құқықтары туралы Заңымен» таныстырады.
Қ. Р. Бала құқығы туралы заңының «Балалардың құқықтары мен міндеттері» атты тарауындағы балалардың негізгі құқықтарымен таныстырып өтеді.
- Сонымен қатар елімізде бала құқығының сақталмауы, яғни бұзылуына байланысты келеңсіз оқиғаларда кездеседі. Солардың бірімен танысайық. Сіздерге ақпарат құралдарында жарияланған «Темірланның хатымен» таныстырғым келеді.
«Темірланның хаты»
«Сәлемәтсіз бе, құрметті редакция!
  Сізге хат жазып отырған Ақтау қаласында тұратын, 6 - сыныпта оқитын Асанбаев Темірлан деген баламын. Жасым 12-ге келсе де, өмірдің басыма түскен ауыр жағдайлар қолыма қалам алғызып, сіздерге хат жазуға мәжбүр етті. Осыдан 3 - 4 жыл бұрын мен де өз отбасыммен бақытты өмір сүріп, бақытты балалық шағымда бастан кешіріп жаттым. Бірақ өмірім бір мезетте алай - дүлей боран соққандай өзгеріп сала берді. Осыдан 3 - 4 жыл бұрын Ақтау қаласында өзіміздің тұрып жатқан үйіміз де болды. Сол үйде әке, шешем және өзімнен басқа 2 інім, 2 қарындасыммен бірлесіп, өмір сүрген бақытты отбасы едік. Өкінішке орай, әкем үйімізді банкке қойып, несиеге 40 мың доллар ақша алып, қарызға кірдік. Көп ұзамай белгісіз себептерге байланысты әкеміз бізді тастап кетті. Анамыз бес баламен қалып, екі жерде жұмыс жасап, аянбай еңбек етті. Әрине оның тапқан азғантай ақшасы бізге әзер жеткенімен, несие төлеуге қайдан жетсін. Уақытында төлеуге тиіс несиеміз де төленбей, ақыры ақпан айында үйімізден айырылдық. Қыстың қақаған күні жылап - сықтаған балалардың көз жасына қарамай, сот орындаушылары үйімізден қуып шықты. Амалсыз қала сыртындағы дачадағы 1 - бөлмелі сарайды паналауға мәжбүр болдық. Күнделікті асқа жарымағандықтан, мен де мектептегі сабағыма баруды қойдым. Өзімнен екі жас кіші інімді ертіп, көшеге шығып, машиналардың аяғын жууға шықтым. Жұмысымыз үшін 100 теңге алып, күніне 500 теңге, кейде 1000 теңге тапсақ, мәз болып үйге жүгіреміз. Үйде екі көзі төрт болып күтіп отырған інім мен қарындастарымызға нан, жейтін тамағын аламыз.
 
Аш бала тоқ баламен ойнамайды дегендей, мен де сабаққа баруды осылай қойдым. Менің қазіргі уақыттағы басты мақсатым: «Оқу, білім алу емес, балалары үшін еңбек етіп жүрген анама көмектесу. Туған бауырларыма күнделікті тамағын тауып беру»
Әкемнен ешқандай көмек те жоқ, хабар да жоқ.
Мен тек өзіме сенемін. Анама сенемін.
Аш болсам да, тоқ болсам да өз отбасыммен бірге болғым келеді.
Құрметті редакция! Осы хатымды жолдай отырып, жағдайымды айта отырып, сіздерден ақыл - кеңес сұраймын. Маған қандай ақыл - кеңес берер едіңіздер.
Сәлеммен Темірлан.»
- Ал балалар, Осы хатты жазып отырған Темірланға қандай сипаттама берер едің?
Темірланның осы басына түскен ауыр жағдайына кімдер кінәлі?
Өздеріңмен қатар Темірлен атты балаға қандай ақыл - кеңес берер едіңдер?
Балалар, әркім өз атына Темірланға хат жазып, жүректер шыққан сөздерімізді қағаз бетіне түсірейік.
  «Темірланға хат» жазу. Оқушыларға 5 - 6 мин уақыт беріп, өз ойларын қағаз бетіне түсіруге мүмкіндік беру.
Сабағымызды қорытындылау үшін оқушылар арасынан өздерінің жазған хатын оқуға тілек білдірген оқушыларға жазған хатын оқыту.
Мұғалімнің қорытынды сөзі. Бала құқығы үнемі елімізде сақталсын. Балаларымыз ешқашан қиындық көрмей, бақытты балалық шағында оқып, білім алып, еліміздің абзал азаматтары болсын деп тілеймін.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Құқық пәнінен ашық сабақ "Адам құқығы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Оқушыларға балалар құқығы туралы білімдерін толықтыра отырып, өмірдегі кездесетін келеңсіз жағдайлармен таныстыра отырып, балалар құқығын қорғауға үйрету.
 Сабақтың көрнекілігі: Бала құқығы деп жазылған тақырыптың аты. Балалар құқығы тураы Конвенция, Қ. Р. Балалар құқығы туралы заңы.
Бала құқығы үнемі елімізде сақталсын. Балаларымыз ешқашан қиындық көрмей, бақытты балалық шағында оқып, білім алып, еліміздің абзал азаматтары болсын деп тілеймін. «Ана өз баласын тоғыз ай, тоғыз күн құрсағында көтеріп, жарық дүниеге әкеледі. Жаңа дүние есігін ашқан баланың алғашқы әрекеті қандай болады? Иә, ол жылап дүниеге келеді екен. Неге бала өмірге келген сәтінде жылап туады. Жаңа өмір әлемін көрген бала жылау арқылы өзінің бойындағы қорқынышын, қорғансыздығын білдіреді. Ол тоғыз ай бойы ана құрсағында жылулықты, жайлылықты, қорғанысты бірге бірге дүрсілдеп соққан жүректі сезінді.


Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 651 материал в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.07.2015 1617
    • DOCX 18.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кайсарова Гульдаурен Тураркызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5829
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель обществознания

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 72 человека

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1351 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 914 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к ЕГЭ по обществознанию в разделе «Право»

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 92 человека

Мини-курс

Аспекты эмоционального благополучия и влияния социальных ролей на психологическое состояние

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные направления в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с детьми: эмоциональные и зависимые расстройства

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека