Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыҰялы телефондар қаншалықты зиянды

Ұялы телефондар қаншалықты зиянды

Скачать материал

* Сауалнама
1. Ұялы телефоннан шығатн сәулелер адам денсаулығына зиянды деп ойлайсыз ба?
Иә.
Жоқ.
Білмеймін
2. Сіз ұялы телефон таңдағанда төмендегі көрсетілген қасиеттердің қайсысы маңызды деп есептейсіз?
Құны.
Төзімділігі.
Қызмет түрлері.
Өндіруші танымалдығы.
3. SAR деген не? Сіз ұялы телефоныңыздың SAR-ын білесіз бе?
Иә.
Жоқ.
Білмеймін
4. Ұялы телефонмен хабарласудың қай түрін жиі пайдаланасыз?
Сөйлесуді
SMS арқылы байланысуды
5. Ұялы телефонмен орта есеппен (1 хабарласуға) қанша уақыт сөйлесесіз?
10-45 сек
5-10 минут
15 минуттан артық
6. Үйде болсаңыз қай телефонды қолдануға тырысасыз?
Үй телефонын
Ұялы телефонды
II. Сабақтың негізгі бөлімі. Жаңа ақпаратпен танысу.
Үлестірме мәтіндермен жұмыс
Мәтінді үлестірмес бұрын төмендегідей тапсырмалар беріледі:
Мәтіндерді оқу барысында төмендегі сұрақтарға жауап іздеп, жауабы табылған жерлерін белгілеп, оқып болған соң, дәптеріңізге жазып алыңыз.
1. Ұялы телефонның адам денсаулығына зияндылығын білесіз бе?
2. Адам қанша уақыт ұялы телефонмен сөйлесе алады?
3. Ұялы телефон қандай ауруларға душар етуі ықтимал?
4. Ұялы телефон қандай дене мүшелеріне зиянды әсер етеді?
5. Ұялы телефонның зияндылығын қалай білуге болады?
№1
Бүгінде ұялы телефондарсыз жұмыс істеу, істі бітіру мүмкін емес. Қазір екінің бірінің қолында ұялы телефон. Жас та, кәрі де бір-бірімен телефонды құлаққа тосып, күндіз-түні сөйлесумен болады. Бұрын ұялы телефон дегенді тек қана қалталы азаматтардың қолынан көретін болсақ, осы күні титтей балалардың да қолынан түспейтін ойыншыққа айналған. Оны айтасыз, алыстағы ауылдарыңыздың «өзінде» соткасыз» үй жоқ. Ал енді екінің бірінің қолында, жамбасында, қалтасында, сөмкесінде, кеудесінде жүрген осы «сотка» дегеніңіз адамға қаншалықты зиянды? Америкалық мамандар ашқан жаңалыққа бұл күнде ешкім таңғалмайтын болды. Осыдан екі жыл бұрын «екіқабат әйелдер мен жас балалардың ұялы телефонды пайдалануы олардың денсаулығына орасан зиянын тигізеді» деп иондық емес сәулелерден қорғану жөніндегі
Үкімет де дабыл қаққан болатын.
Ұялы телефон балалардың денсаулығына кері әсер етеді екен. Есте сақтау қабілеті нашарлайды. Танымдық қабілеті төмендейді. Бойды сүлесоқтық пен бойкүйездік билейді. Балалардың көбісі ашушаң, шаршауық, жүйкесі тез құриды. Ал ұялы телефонмен ұзақ сөйлесетін балалардың жүйкесі жұқарып, депрессиялық синдромға ұрынуы жиілейтін көрінеді.
Адамдар пойызда, лифт ішінде телефонмен сөйлесіп жатады. Ең зияны да осы екен. Ұялы телефонның антеннасы мұндай жағдайда жоғары деңгейде радиация шығарады. Бұл айналып келгенде адамның дене бөліктерін қыздырып, денсаулығына кері әсер беретін көрінеді. Әсіресе ,жастар күндіз-түні ұялы телефонға жабысып, қолдарынан бір тастамайды. Түнімен музыка тыңдайды, бір-біріне хабар жібереді. Әйтеуір тыным жоқ. Зарядтайтын қондырғы жарты метр жерде болса, онда жоғары кернеулі электр сымының астында ұйықтағанмен бірдей екен. Тіпті мұның соңы мида қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі. Ғалымдар сұмдық сорақы жайттарды да анықтап отыр. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлессеңіз, ол адам миын бір градусқа дейін қыздырады екен.
Шведтік ғалымдар пайдаланушылардың 84%-ы құлақ тұсында температураның көтерілуін, 60 ұйқышылдыққа бейімделуін, 50%-ы бас ауруының күшеюін анықтаған.
№2
Анкара дәрігерлер палатасынан жасалған мәлімдемеде ұялы телефон және оның станцияларының мектептің ауласына, бала бақшалар, ауруханалар, саябақ секілді әлеуметтік тұрмыс мекендеріне құрылмауы керек екені айтылды.
Мәлімдемеде сондай-ақ былай делінді: «5 Еуропа елінде жасалған зерттеудің қорытындысы ең аз дегенде 10 жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда кейбір ми рагының кездесу жиілігінің артқанын көрсетті. Осы мәселемен бірге ДНК-дағы өзгерістер, жүйке клеткаларындағы өзгерістер, мидың жұмысы мен ұйқыдағы өзгерістер секілді аурулар да ортаға шығуда».

Ұялы телефонмен сөйлесуден гөрі хабарлама жазу балалар мен жасөспірімдер үшін қолайлы. Себебі сөйлесу кезінде құлаққа берілетін электромагниттік сәулелер хабарлама жіберуден әлдеқайда көбірек бөлінеді.
№3
Ұялы телефонның адам ағзасына қаншалықты зиянды әсер ететіні туралы әрбір қолданушы сенеді, бірақ мән бермейді. Телефонның қосулы қалпында жай жатқанда зияны тимейді. Алайда аппараттың құрамдас, айырылмас мүшесі "Transmitter" ("таратқыш",передатчик) іске қосылған кездері ғана адам ағзасына зиян әкеледі. Әсіресе, телефондағы sim-картаны оператормен байланыстыру мақсатында аппарат антеннасында өндірілетін электромагнитті энергия зиян.
Телефон антеннасынан бөлініп шығатын энергия ауаға таратылып қоймай, адамның құлақ тұсындағы тірі клеткаларға жұтқызылады. Өйткені энергия ешқайда жоғалып кетпейді, бір түрден екінші бір түрге айналады.
Ол клетка миға құтқару сигналын жібереді, алайда ол сигналдың қуатын телефоннан шығып жатқан сигнал қуаты басып кетеді.
Ұялы байланыс құралымен сөйлесу ұзақтығын 3 минуттан артық қолдану өте зиян. Құлақ тыңдағыш арқылы 70%-дай азаяды. Зиян тигізілетін уақыт сигналды
қабылдағаннан кейінгі 20-30 секунд. Одан ары зиян күші күрт азаяды.
№4
Электромагниттік сәулелендірудің адам ағзасына тигізер зияны туралы жинақталған білімдер, телефонның сәулеленуі сияқты басқа да электромагниттік сәулелендірулер онымен байланысқа түскен адамдар денсаулығына, физиологиялық жай-күйіне әсер етеді.
Ұялы телефонның жұмыс жасап тұрғандағы сәулелендіру аумағы бастың ми қалпақшасы мен есту, көру қабілетіне едәуір әсері болатындығында. Ұзақ мерзімді сәулелендіру мидың кейбір құрылымдарының биоэлектрлік белсенділігіне әсер етуі мүмкін және оның жұмысына (айталық, есте сақтаудың қысқа және ұзақ мерзімді жағдайына) кері әсерін тигізеді. Еуропа ғалымдары жақында мынадай қорқынышты қорытынды жасады: 10 жылдан артық ұялы телефонды пайдаланған адамда мидың гематоэнцефаликалық кедергілерінің бұзылуы басталады, яғни миға зиянды заттардың кірмеуіне себепкер болатын сүзгіштің қабырғалары бітеледі. Бұл болашақта адамды мидың қатерлі ісік ауруына шалдығуына әкеліп соқтырады. Біздің өміріміздегі соқпақтар мұндай электромагниттік қысымды көтере алмауы мүмкін. Кейбір сарапшылар «адамдардың басым көпшілігі Альцгеймер және Паркинсон ауруларына шалдығады» деп жорамалдайды. Сонымен қатар жүргізілген тәжірибеге сүйене отырып, сәуленің әсері тек жинақталып қалмайды, кейінгі ұрпаққа беріледі деген қорытындыға келіп отыр.
№5
SAR (ағылш. Specific Absorption Rates) – ұялы телефон пайдаланған 1 секунд ішінде адам ағзасына жұтылатын ең жоғары меншікті қуатты көрсететін меншікті коэффиценті. Оның өлшем бірлігі 1Вт/кг.
Еуропада рұқсат ету мәні 10 граммға 2 Вт/кг
АҚШ-та 1 граммға 1,6 Вт/кг
Ресей, ТМД-да 1Вт/см22о
SAR неғұрлым төмен болса, ұялы телефонның сапасы жоғары.
Өз ұялы телефоныңыздың SAR білу үшін нұсқаулықты оқу керек. www.cnews.ru/reviews/phones/sar.shtml
ask.li/sar.html
№6
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының басшылығымен «Interphone» деген атаумен зерттеу жүргізілген 2000-2004 жж. Аралығында 13 елде жүргізілген зерттеуге 12800 адам тартылған. Ұялы телефон пайдалану мен ми ісігі арасында өсу жағдайы 8 жағдайдың алтауында анықталса, 1 зерттеу бойынша ми ісігінің бірі глиома 39% өскен.
Күніне 4 реттен артық пайдаланушылардың бас ауруы 3,6 есе көбейген, қан қысымы жоғарылаған. 1 сағаттан артық күніне 2 реттен артық сөйлесушілерде ми рагына шалдығушылар артқан.
Ұлыбритания, Жапония елдерінде жасөспірімдердің ойлау қабілетінің
төмендеуі, тұйықталуы, ашуланшықтығы жиі кездесіп, ұялы телефонды 16 жастан бастап ұстауға болады. Алайда асыра пайдалануға, уақытты ұтымсыз бөлуге рұқсат бермеуді ұсынады.
III бөлім. «Ой түю, өз ойын білдіру»
Мақсаты:
* Бұрынғы білімдері және жаңа мәліметтерді талдай, өздерінің ой елегінен өткізе отырып, өз ойлары мен жаңа көзқарастарын қалыптастыру.
* Айналадағы жағдаяттарды бағалау арқылы рефлексиялық ой түюге үйрену
«Ой түю, өз ойын білдіру»
Қорытынды сұрақтар
1. Сіз ұялы телефонды пайдалануыңызға өзгеріс енгізу керек деп ойлайсыз ба? Әлде сіздің қазіргі пайдалануыңыз денсаулығыңызға зиян келтірмейтініне сенімдісіз бе?
2. Сіздің туыстарыңыз бен жолдастарыңыздың арасында ұялы телефонды уақыт өткізу үшін, музыка тыңдау үшін, жол қысқарту үшін, т.с.с. қажеттіліксіз пайдаланатын жағдайларын байқайсыз ба? Мұндай жағдайдағы сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?
3. Сіздің ұялы телефоныңыздың SAR-ы жоғары болса, коэффицент төменіне алмастырар ма едіңіз?
4. Ұялы телефонды пайдалану ережелері немесе әдебі бар ма? Сіз құрбыларыңызға қандай кеңестер бересіз?
Тапсырма
1. Төмендегі кеңестерді қойын дәптеріңізге жазып алыңыз.
2. Телефонмен сөйлесу әдебін толықтырып, қаласаңыз жолдастарыңызға, бауырларыңызға оқып беруге болады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша адам денсаулығының 50%-ы өмір сүру сипатынан, 17-20%- әлеуметтік және табиғи жағдайдан, 17-20%- тұқымқуалаушылық ерекшеліктерінен, 8-9%-ы денсаулық сақтау ұйымдарының тиімді жұмыстануынан тәуелді екен. Бұдан, адам өмірінің зиянды әсерден қашық болуы өз денсаулығына немқұрайлы қарауынан, салауатты өмір салтын ұстануынан, сауаттылығынан байланысты екені шығады. Адам өркениеттің жетістіктерін өз денсаулығына зиян келтіруіне жол бермеуі тиіс.

Кеңестер
1. Ұялы телефонды қажеттілікке қарай пайдалану керек.
2. Үйде болсаңыз, ұялы телефонды пайдаланбай, үй телефонымен
сөйлескеніңіз дұрыс.
3. SAR бойынша ұялы телефон үлгісін таңдаған дұрыс.
4. Жасөспірімдер мен балаларға ұялы телефон пайдалану мәдениетін үйреткен жөн.
5. 12 жасқа дейін ұялы телефонды пайдалануға тыйым салу қажет.
6. Ұялы телефонмен қысқа сөйлесуге үйрену керек.
7. Ұялы телефонмен сөйлескенде құлақты алмастырып, 8 түрінде ұстаған дұрыс.
8. Сөйлесуді SMS қызметіне алмастыруға тырысқан жөн.
9. Динамик арқылы дауыстық байланысқа ұмтылған дұрыс.
10. Сөйлесу уақытын 3 минуттан арттырмауға тырысқан жөн.
11. Екі сөйлесу арасындағы үзіліс уақыты 15 минуттан кем болмауы тиіс.
12. Найзағай ойнауы, күн күркіреуі кезінде ұялы телефонды пайдаланбау керек.
13. Автомобильде, желіні антеннна ұстамайтын орындарда қолданбаған дұрыс.

 

 

 

 

            Оқу мен тәрбие, білім барлығы адам санасының психикасының даму үстінде қалыптасып,  игеріліп, өмірге құлаш ұрған жастардың болашақтағы жейтін нандарына септігін тигізетін маңызды мәселенің бірі. 
            Осы орайда мемлекетіміздің өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеуде 11 жылдық мектепте үздіксіз білім беруде еңбек етіп жүрген ұстаздардың тарапынан оқушыға қойылатын ескертпенің бірі әр оқушыдағы ұялы телефон және  ондағы агент пен уатсапп сияқты бағдарламалар.
Бұл бағадарламалар   аз-аздап ақыл жинап жатқан жас ұрпақты алдап, арбауда.
Денсаулығын жеп, қаражатын пайдасыз жұмсауда. Білім мен қарулану бұл болашақ өсіп келе жатқан жас ұрпақтың міндетті парызы болса, сол білімді беру, оқушының санасына құю ұлағатты ұстаздардың міндеті. Ал, осы екі ортада шешілмей жүрген мәселенің бірі осы агент. Ұстаздар қауымы оқушыларға: «Телефонды қой!, Ұстама!, Сабағыңды оқы!, «ҰБТ» - ға дайындал!»,- дейтін болса оқушылар қауымы телефонсыз  тұра алмауда.
Не себеп? Не істеу керек? Бұл оқушының психикасына неге кіріп алған? 
            Ұялы телефонды шығарған адамдар оны ел игілігі, байланыстың тиімділігі үшін ойлап тапқан болатын. Ал біздің қазекемдер жасыратыны жоқ осынау алақанға сиып кететін қалта телефонын есін білмейтін жас баласына ойыншыққа беріп қояды. Оны ұстаған бала алдымен аузына салады, жалайды. Ал оның іші-сыртында бала денсаулығына зиян келтіретін заттар жетерлік. Мұны барша ата-ана ойлауы керек. 
            Телефон ең алдымен байланыс яғни сөйлесу құралы. Бірақ көптеген бала-шаға оны ойын, уақыт өткізу құралына айналдырып жүр. Осылайша олардың алтын уақыттары осы ұялы телефонмен өтеді. Тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12-13 сағатын осы қалта телефонмен өткізеді. Мектеп оқушыларының көбі, оны сабақ үстінде пайдаланады. Әуен тыңдайды, клип көреді, кейде сондағы әуенге еліктеп ұйқылы-ояу маужырап сабақта отырады. Ал сергек отырғандарының өзі бір-біріне агент уатсаппп арқылы «хат» жазып, сабаққа тіпті көңіл бөлмейді. Бұл тірлік, өкінішке орай, үйге келген соң да қайталана береді.
            Бір алаңдататыны аз дегенде 10 жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда кейбір ми қатерлі ісігінің кездесу жиілігі телефонды қолданбаған адамдарға қарағанда тым көп екені анықталып отыр. Телефоннан бөлініп шығатын зиянды заттар баланың әлі қалыптасып үлгермеген иммундық жүйесіне зақым келтіретіндіктен ойын баласына ұзақ уақыт телефонды ұстатып қоюға болмайды.
Ал жақында шетелдің мықты мамандары: «Ұялы телефон ер балаларға басқа да зиянды заттарға қарағанда екі есе көп зиян келтіреді» деген тұжырымдар жасады. Өйткені ұялы телефон ер адамдардың репродукциялық (бала туғызу) қызметіне айрықша зиян екен.
            Қазір балалар жиі қолданатын құлаққаптың (наушник) да зияны өте көп. Ол құлақ тамырларының жүйке талшықтарын тітіркендіріп, әлсіретеді. Дәрігерлер құлаққапты күніне 3 сағаттан артық пайдаланған адамның есту қабілеті әлсірейтіні былай тұрсын, музыка мен сыртқы дауысты қатар тыңдаудан артық салмақ түсетін жүйке талшықтары тез тозатынын айтады.
            Ұялы телефондардың ішінен қарауға ұялатын неше түрлі суреттерді пайдалану имандылығымызға жат екені және адамгершілікке, мәдениеттілікке жатпайтындығы туралы, оны тым жиі пайдалану адам денсаулығына зиян екендігі жөнінде де айтылады.
            Ата-аналар балаларына ұялы телефонды байланыс және бақылау құралы ретінде алып береді.
Ал оның баларының қай бағытта пайдалануын үнемі бақылай алмайды. Мектеп әкімшілігімен мұғалімдері шаштарын ағартып білім беруде оқушыларға ұялы телефондарды сабақ үстінде пайдалануға тыйым салып, сынып жетекшілері ата-аналар жиналыстарында бұл жөнінде үнемі ескертеді. Мектепте ұялы телефон оқу құралдарының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылмағандықтан, оны пайдалану тәртіп бұзушылық ретінде қарастырылып талаптар мен ережелерге, мектеп Жарғысына сәйкес шаралар қолданылады. 
Баланың сабақ кезінде ұялы телефонды пайдалануына Қазақстан Республикасының Заңдары бойынша тыйым салынбаған, сондықтан бұл жағдай әр мектептің ішкі ережесіне сәйкес, ата-аналардың келісімімен реттелуі тиіс. Өйткені «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңының 10-бабы, 1-тармағына сәйкес «Әрбір баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар»,-делінген
            Қорыта келе ұялы телефон қолданған кезде ескеретін жайт:- ҰБТ-ға педагогикалық – психолгиялық дайындықты қарқынды жүргізуде және мектепте  мектеп оқушыларының ұялы телефоннан және агент пен уатсаппп сияқты бағдарламалардан аулақ болуы керек. - Ұялы телефонмен мүмкіндігінше қысқа сөйлесуі керек. -Қажеті жоқ әңгімеден аулақ болуы керек, жақын жерде тұрақты телефон болса соны қолдануы керек. -Денсаулығын ойлайтын азамат болса, жан-жақты ұялы телефоннан гөрі, жай қарапайым ұялы телефон ұстауы керек, себебі көзге де қатты әсер етеді. -Тым экраны жарық шашатын ұялы телефонды қолданғанда, жарықты жағып қолдану керек, себебі қараңғыда ұялы телефондағы химиялық зат адамның денсаулығына екі есе әсер етеді. -Ұялы телефонмен сөйлескен кезде балалардан алыс жерде болу керек. Телефонның сөйлесуден басқа ерекшеліктерін қолданудан қашқақтау керек. 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұялы телефондар қаншалықты зиянды"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер монтажа

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 125 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.01.2016 1774
    • DOCX 32.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Салмаева Сая Инирбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Салмаева Сая Инирбаевна
    Салмаева Сая Инирбаевна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21859
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 786 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 977 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 125 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Мини-курс

Путь к осознанным решениям и здоровым отношениям

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 104 человека из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Методология и организация образовательного процесса по информатике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и профессиональное развитие

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов