Ұялы телефонның
адам ағзасына
тигізетін зияндылығы
Мақсатым:
Ұялы телефонның адам ағзасына келтіретін зияның жан-жақты зерттеу, насихаттау.
Міндеттерім:
Ұялы телефонның адам ағзасына келтіретін зияндылығын теориялық және практикалық тұрғыдан қарастыру.
Ғылыми тұрғыдан зерттеу әдістерін қолдана отырып, мәліметтер жинау.
Ұялы телефонның келтіретін зияның оқушылар арасына түсіндіру және қауіпсіздік шараларын қолдану жөнінде сауаттылығын кеңейту.
Зерттеу кезеңдері:
1 жылға арналған (2009-2010 оқу жылы)
Дайындық кезеңі: Тақырып және оның мақсаты белгіленіп, керекті әдебиеттер, мақалалар жинақталды.
Жоспар құрылып, мақсаттар қойылды.
Зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Қорытынды шығарылды.
Оқушылар арасында ағарту жұмыстары жүргізілді (нұсқамалар таратылды).
Эксперимент әдістемесі:
Әңгіме, байқау, сауалнама, ізденіс, диагностика, салыстыру, аудару әдістері алынды.
Мазмұны
Кіріспе.
Ұялы телефонның шығу тарихы.
SAR өлшемі туралы жалпы түсінік. SAR өлшемі - телефонның сәулелендіру деңгейінің қауіпсіздік коэффиценті.
Ұялы телефон және денсаулық.
Зерттеу бөлімі.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Қосымша материалдар.
Ұялы телефонның шығу тарихы
1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді.
Алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Оның негізін салған Мартин Купер. Оның жасап шығарған телефонының салмағы 1,15 кг тартатын.
SAR–меншікті жұтылу коэффиценті.
(Specific Absorption Rates – ағылшынша меншікті жұтылу коэффиценті)
Ұялы телефонның бойындағы электромагниттік толқындар электромагниттік сәулелерді шашады.
SAR адам ағзасының әр килограмына әсер ететін сәулелендірудің мөлшері болып табылады .
Ұялы телефондарда SAR-дың деңгейі әлемдік стандарттар бойынша 0,8 Вт/кг-ға тең, ал 2001 жылға дейін ол 2 Вт/кг-ға тең еді.
Математикалық тұрғыдан қарағанда SAR Максвел теңдеуімен анықталады:
SAR = µ * │E│/ρ
Бірлігі – [Вт/кг] → [Ватт/килограмм]
Осында:
µ – заттың белгілі көлемдегі өткізгіштік коэффиценті;
E – кернеулік, [В] немесе [Вт*м];
ρ – заттың меншікті тығыздығы, [кг/м3].
Иммунитеттің төмендеуі;
Онкологиялық аурулар тудырады;
Аллергиялық аурулар;
Көз аурулары;
Жүрек-қантамыр аурулары;
ДНҚ-ң жарақаттануы.
Ұялы телефон және денсаулық
Ұялы телефонның денсаулыққа тигізетін зияндылығы:
Зерттеу кезеңі (практикалық бөлім)
Зерттеу жұмыстары 2009 жылдың сәуір айында жүргізілді.
Байқау, әңгімелесу әдісі қолданып, онда зерттеуге қатысқандар арасында ұялы телефонды қыздар көбірек пайдаланатыны анықталды.
Сауалнама әдісі бойынша респонденттерге ұялы телефонның төнірегінде 10 сұрақ қойылыды. Барлығы 50 респондент қатысты. Оның ішінде 30 жасөспірімдер (10-17 жас аралығы), 20 ересек адамдар (25-55 жас аралығы).
Әңгімелесу әдісін пайдалана отырып ұялы телефонды ұзақ және ескі модельдерін қолданатын респонденттер арасында психикасына әсер еткен төменгі жағдайлар анықталды:
Есте сақтау қабілетінің төмендеуі
Шаршау, мазасыздану
Ыза, агрессияның пайда болуы
Түнгі ұйқының бұзылуы
Жүйке тозу
Тәуелділіктің пайда болуы
Қорытынды.
Сонымен, зерттеу нәтижелері бойынша төменгі қорытындылар шығаруға болады:
Қазақ орта мектбінің оқушылары арасында ұялы телефонның зияндылығына байланысты сауаттылығы төмен деңгейде.
Жасөспірімдер үшін ұялы телефон тікелей байланыс құралы емес, музыка тыңдау, ойын ойнау құралына айналған.
Ұялы телефонға тәуелділігінің жоғарылығы анықталды.
Ересектер көбінесе қолданыста болған немесе арзан, сапасы төмен телефон тұтынады екен. Олардың SAR деңгейі жоғары болып келеді.
Р. Мәрсеков мектебінің оқушылары мен ұстаздарына сауаттылығын арттыру ретінде төменгі үлгідегі нұсқамалар таратылды:
Қымбатты дос, сен оны білуге тиіссің!
Ұялы телефонды таңдаған кезде сенің жасың 14 жастан асқан жөн.
Ұялы телефоның әрі сапалы, әрі қымбат және міндетті түрде жаңа болсын.
Ұялы телефонды сатып аларда SAR өлшемімен танысып (0,8 Вт/кг болуы тиіс), сертификатты талап ет.
Күніне сөйлесу уақытын 2 сағаттан аспау керек.
Байланыс желісі нашар болған жағдайда ең дұрысы сөндіріп таста немесе SMS қызметін пайдалан.
Түнгі уақытта немесе найзағай кезінде телефонды сөндіріп таста.
Ұялы телефонды кеудеде, ішкі қалтада, жатын бөлмеде сақтама.
Міндетті түрде телефоныңда қабы болсын.
Ешқашанда жас сәбидің қолына телефонды ұстатпа.
Ұялы телефонға тәуелді болма, одан басқа да қызықтар бар екенің естен шығарма.
Ойымды қорыта келе, зияның біле тұра біз немқұрайлық танытпауымыз керек.
Ол үшін мен төменгі ұсыныстарды жасаймын:
Бұл проблема мемлекет тарапынан қолдау табу қажет, ол үшін бірқатар заңнамалар қабылдану керек.
Жалпы халық, жастар арасында семинар, лекторий, дөңгелек үстелдерді өткізуді дәстүрге айналдыру.
Дүниежүзілік «Ұялы телефондардың зияндылығын насихаттайтын күн» жариялау керек.
Мектептерде ұялы телефонды әкелуге тиым салу.
Теледидар, газет-журнал беттерінде зияндылығы жөнінде антижарнамалар, бейнеклиптер көрсету керек.
Әр адамның денсаулығы өз қолында!
Қорқудың қажеті жоқ, білу қажет!
Назарларыңызға рахмет!
Бұл оқушыларға арналған ғылыми-шығармашылық жоба.Тақырыбы "Ұялы телефонның адам ағзасына тигізетін зияндылығы".Жоба мақсаты:ұялы телефонның адам ағзасына келтіретін зиянын жан-жақты зерттеу,насихаттау.Жоба авторы 10 сынып оқушысы Бұхарбаева Еркежан. «Ұялы телефонның адам ағзасына тигізетін зияндылығы» атты ғылыми жобасы өте ауқымды тақырып болып табылады. Өзінің іздемпаздылығымен, іскерлігімен, үлкен жауапкершілігімен жыл көлемінде көптеген жасөспірідермен, ересек адамдармен кездесіп, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу жұмыстарына соңғы деректер алынып, ғылыми тұрғыда дәлелденіп отырды.
Құрбы-құрдастарының арасында жүргізілген зерттеу жұмыстарына талдау, мониторинг жасалынып қана қоймай, әрбір оқушыға психо-ағарту жұмыстарын жүргізді, себебі автордың ойынша елімізге сауатты, дені сау ұрпақ керек. Ол үшін қазіргі жаңа технологиялық құралдарды меңгеріп қана қоймай, қауіпсіздік шараларын да білу қажет. Өкінішке орай, осы мәселе саяси тұрғыдан әлі де қолдауын тапқан жоқ. Көптеген мемлекеттерде тәрізді заңнамалар қабылданып, ақпарат құралдары беттерінде, жарнамаларда ұялы телефонның зияндылығы жөнінде насихат жұмыстары бастауын алады деген ойдамын.
1 жыл көлемінде /2010ж/ жетекшілік атқарып,зерттеп, аудандық кезеңде 1 орын,облыстық айналымда жүлделі 3 орынды иелендік.Назарларыңызға тек 5-7 минутқа арналған қорғау кезеңіне арналған презентацияны ұсынып отырмын.Теориялық бөлімі 3 тараудан тұрады.Практикалық тұрғыда зерттеуге қатысқан әр респондетке телефонның зияны жөнінде нұсқаулықтар таратылды.
Профессия: Спортивный психолог
В каталоге 6 648 курсов по разным направлениям