Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалы"Ұялшақ және тұйық балалардың белсенділігін арттыру жолдары" (ата-аналарға арналған кеңес)

"Ұялшақ және тұйық балалардың белсенділігін арттыру жолдары" (ата-аналарға арналған кеңес)

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұялшақ және тұйық балалардың белсенділігін арттыру жолдары

 

 

http://cliparts.co/cliparts/rin/GKn/rinGKn8iR.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұялшақ және тұйық балалардың белсенділігін арттыру жолдары

 

         Адамның өз мүмкіншіліктерін толық көрсетуіне кері әсерін тигізетін қасиеттердің бірі – ұялшақтық, ұяңдық, тұйықтық. Бұл қасиет негізінен адамда бала кезінен пайда болады. Одан бала кезден арылмаса, есейген сайын ол түрлі кедергілерге алып келеді. Табиғатынан ұяң бала сол кедергілерден өте алмауы, қиындықтарға төтеп бере алмауы мүмкін. Бір-екі рет төтеп бере алмаса, біртіндеп оның барлығы бала бойына жинақталып, тұйықталуға, іштен тынуға ұласады да, әр кез сәтсіздіктерге ұшырағанда үнсіз келісіп, күресуден бас тартады. Тіпті, баланың өзін-өзі бағалауы да төмендей бастайды. Өзінің үнемі жолы болмайтындай сезіп, өмір сүруге деген құлшынысы азаяды, тіпті өзін жек көріп кетеді.

          Балалардың ұяң, ұялшақ мінезін тәрбиешілері күнделікті қарым-қатынас арқылы жақсы біледі.

         Ұялшақ, тұйық балаларды қалай айқындауға болады? Мұндай балалар табиғатынан үндемейді, көзін үнемі төмен салып жүреді, иығы еңкіш тартып тұрады, бір нәрсе айта қалсаң қалтырап кетеді, сөйлегенде ешқашан бетіңе тура қарамайды, тіпті қарапайым сұрақтардың өзіне әрең жауап қайтарады. Олар көбінесе, өз сезімдерін көпшілік алдында көрсетпейді, ішінен уайымдайды, жалғыздықты сезінеді, торығу сезімі басым болып келеді. Оларға абыржу, сасу, қысылу, ұялу, өзін болмашы нәрсеге кінәлі сезіну тән. Кейбір балалар табиғатынан ұяң болмауы мүмкін, олар топ бастауға құмартып тұрады, бірақ оны басқара алмағандықтан, өзін көрсете алмағандықтан, үндемей, ешкімге қосылмай, тұйықталып жүреді. Өз пікірін айтуға жасқаншақтанады. Себебі өзгелердің алдында күлкіге ұшыраймын, мазаққа қаламын деп қорқады. Егер балаңыздан осындай белгілерді байқасаңыз, онда оның қолынан келетін істі беріп, соны жасап шығуға бағыт-бағдар беріңіз. Бала орындап болып, сізге көрсеткенде, міндетті түрде мадақтап, ынталандырыңыз. Бұл балаға өз қолынан іс келетіндігіне сенімді болуына көмектеседі. Мадақтау – ұялшақтықты жеңудің бірден-бір жолы.

         Енді бір ұялшақ балаларға тән қасиеттердің бірі – олар не нәрсені болсын жүректеріне өте жақын алады, өкпешіл болып келеді. Олар қарым-қатынасқа түсуден қашқақтайды, ешкімнің өзіне жақындамауын, тиіспеуін қалап тұрады. Мұндай жағдайда баланы өз іс-әрекеттеріне сенімді етіп, күшіне сендіріп үйрету керек. Баланы өз көзқарасын дәлелдеп шығуға дағдыландыру қажет.  Кейбір балаларда ұялшақтық қиялы бәсеңдіктен, ойлау қисынының толық дамымауынан, баяу қимылдың әсерінен болып жатқандықтан, ақыл-ойды дамытуға көп көңіл аударған жөн. Әсіресе, балалар өте жоғары бағалайтын кеңпейілділік, жомарттық, ақылдылық қасиеттерін дамытуға тырысу керек.

         Қазіргі уақыт талабы - білімді, саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол, қоғамда өз орнын таба білетін тұлға қалыптастыру. Жеке тұлға дегеніміз – адамның психикалық рухани мәдениеті. Тұлға мәселесі қай уақытта да өзінің сан қырлы жақтарымен заман талабынан түскен емес. Бала алдымен тәрбиешісін пір тұтады. Оның бейнесі – болашақтың бейнесіндей әсер етеді. Тәрбиешінің жүріс-тұрысы, ақыл-ой өрісі, іс-әрекеті, тәрбиесі мен шеберлігі бала психологиясына қатты әсер етеді. Жеке қасиеттері арқылы әсер етумен қатар тәрбиеші үшін баланың қызығушылығы, бейім-қабілеті және басқа да психологиялық ерекшеліктері басты орында болуы тиіс. Осы ерекшеліктерді ескеру мен дамыту баланың жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды фактор болып табылады.

         Дүниедегі ең тамаша туынды- тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады. Баланы бастан демекші, балабақшада балаға дұрыс тәрбие беру, ауытқушылықтан сақтап қалу тәрбиешінің міндеті. Жақсы тәрбиемен есейген бала, ол қашанда біздің қуанышымыз. Психология ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілеті жоқ адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті де баланың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға балабақша мақсатты түрде ықпал ете алады.

         Олар өте сезімтал, нәзік, тәрбиешінің жылы жүзін, күлімсіреген көз жанарын, көңіл-күйінің жайдары, жайсаң болуын тілейді. Осы қалыпты ұстаған тәрбиешінің баласы ешқандай психологиялық ауытқушылыққа ұрынбайды. Психологиялық денсаулықтың дұрыс дамуы көңіл-күйге байланысты деуге де болады.

         Психологиялық тұрғыдан алғанда адамдарға сеніммен қарау балаға қажетті аса маңызды қасиет. Осы кезде балада үлкендердің талап-тілегінен шығуға деген тырысушылық, үлкендердің көзіне түсуге деген талпыныс байқалады. Бала үлкендерге ұнауға талпыныс білдіре отырып, мінез-құлық ережелерін орындауға ұмтылады. Осы ұмтылыс барысында оның бойында ар-ұят сияқты адамгершілік сезім пайда болады.    

         Ұялшақ балаларды мынадан анықтауға болады. Өзін-өзі бағалау тестісін алғанда олар өздерін төмен көрсетеді. Содан байқап, тәрбиешілер жұмыс жасаулары керек.

         Өзін-өзі бағалау – өз қабілетіне, мүмкіндігіне, мінез-құлқына, ішкі жан-дұниесіне, басқа адамдардың ортасында өз орны т.б. бойынша өзіне баға беруі болып табылатын адам санасының құрамдас бөлігі. Өзін-өзі бағалау арқылы адамның мінез-құлқы реттеледі, өзіне сыни көзқараспен қарауға үйренеді. Баланы сенімділікке, ойлануға, шығармашылыққа тәрбиелеуге баулиды. Адамның өзін-өзі төмен бағалауы мінез-құлықта күмәнданушылық, қызғану, іштарлық, көңілсіздік, ешкімге жоламау сияқты сипаттар арқылы көріністер табады. Ал өзін тым асыра бағалау адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмау, ашуланшақтық, мақтаншақтық сияқты мінез-құлықтарға апарып соғады. Жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауы орташа деңгейде болғаны анағұрлым жақсы.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ұялшақ және тұйық балалардың белсенділігін арттыру жолдары" (ата-аналарға арналған кеңес)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 315 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.04.2016 5096
    • DOCX 261 кбайт
    • 44 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Садыкова Жанат Булатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Садыкова Жанат Булатовна
    Садыкова Жанат Булатовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15970
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Взаимосвязь образа сверстников и коммуникативной компетентности детей дошкольного возраста

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности учителя-наставника в образовательной организации

Учитель-наставник

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 500 человек

Курс профессиональной переподготовки

Воспитание детей дошкольного возраста в логопедической группе

Воспитатель логопедической группы

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 278 человек из 58 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 456 человек

Мини-курс

Психологическая экспертиза в работе с детьми и родителями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Управление проектами и стоимостная оценка в современном бизнесе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в экономическую теорию и практику

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе