Инфоурок / Иностранные языки / Презентации / "Ыбырай Алтынсарин ағартушылық қызметі , өлеңдері"

"Ыбырай Алтынсарин ағартушылық қызметі , өлеңдері"

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов
 Ыбырай Алтынсарин ағартушылық қызметі, өлеңдері. (1841 – 1889)
Жылдар	Маңызды оқиғалар 1841 жылы 20 қазан	Қостанай облысы Затабол ауданында...
Ы. Алтынсарин –оқулық авторы 1. «Қазақ хрестоматиясына енген тақырыптар А/ Ба...
1. Білімге шақырған өлеңдері «Кел,балалар,оқылық!» , «Өнер, білім бар жұрттар...
Ы.Алтынсаринге қатысты сөздерді талдау 1. «Ыбырай Алтынсарин –қазақ арасынан...
Ыбырай өлеңдеріне байланысты кестелер толтыру Ыбырай сөзі	Қандай қасиеттерді...
6 1

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.


Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.


Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1  Ыбырай Алтынсарин ағартушылық қызметі, өлеңдері. (1841 – 1889)
Описание слайда:

Ыбырай Алтынсарин ағартушылық қызметі, өлеңдері. (1841 – 1889)

№ слайда 2 Жылдар	Маңызды оқиғалар 1841 жылы 20 қазан	Қостанай облысы Затабол ауданында
Описание слайда:

Жылдар Маңызды оқиғалар 1841 жылы 20 қазан Қостанай облысы Затабол ауданында туған. 1850 жылы Орынбордағы қазақ балаларына арнап ашылған жеті жылдық орыс-қазақ мектебіне барған. 1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітірген. 1859 жылы Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болған. 1859 жылы Орынбордағы шекаралық комиссияның төрағасы, Шығысты зерттеуші белгілі ғалым,профессорВ.В.Григорьевпен жақын танысады. 1860 жылы Торғай мектебіне мұғалім болып тағайындалады. 1864 жылы Торғайдағы мектепті ашады. 1876 жылы Петербург, Қазан қалаларына барады. 1876 жылы «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі. 1879 жылы «Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шығады. 1879 жылы Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады. 1881 жылы Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады. 1879-1883 жылдары Торғай қаласының төрт уезінде (Торғай,Ырғыз,Троиц,Ақтөбе) мектептер ашылады. 1983 жылы Торғайда қолөнер мектебі ашылады. 1983 жылы «Мұсылмандық тұтқасы» оқу құрал жазып шықты. 1887 жылы Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылады. 1987 жылы Қазақ балалары жататын 25 орындық интернат салдырды. 1889 жылы Ауыр науқастан 48 жасында қайтыс болады.

№ слайда 3 Ы. Алтынсарин –оқулық авторы 1. «Қазақ хрестоматиясына енген тақырыптар А/ Ба
Описание слайда:

Ы. Алтынсарин –оқулық авторы 1. «Қазақ хрестоматиясына енген тақырыптар А/ Балалар өмірінен алынған әңгімелер. Бұлар түрлі орыс хрестоматиясынан, көбінесе И.Паульсонның хрестоматиясынан алынды. Ә/ Әр түрлі жинақтардағы адамдар өмірінен алынған әңгімелер. Б/ Қазақ ақындарының ең таңдаулы өлең -жырларынан үзінді. В/ қазақтың мақал –мәтелдері.

№ слайда 4 1. Білімге шақырған өлеңдері «Кел,балалар,оқылық!» , «Өнер, білім бар жұрттар
Описание слайда:

1. Білімге шақырған өлеңдері «Кел,балалар,оқылық!» , «Өнер, білім бар жұрттар» Табиғат туралы «Өзен», «Жаз». 2. Әлеуметтік теңсіздік: «Залым төреге», «Әй, жігіттер», «Азған елдің хандары», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері», «Азған елдің билері» 3. Орыс жазушыларының аудармалары: И.Б.Паульсонның «Книга для чтения и практических упражнений в русском языке», К.Д.Ушинский «Родное слово», Л.Н. Толстой, Крылов. 4. Қазақ ауыз әдебиеті «Лұқман хакім», «Жиренше шешен», Таза бұлақ», «Қар батыр», «Тазша бала», «Алтын айдар», «Қобыланды батыр»

№ слайда 5 Ы.Алтынсаринге қатысты сөздерді талдау 1. «Ыбырай Алтынсарин –қазақ арасынан
Описание слайда:

Ы.Алтынсаринге қатысты сөздерді талдау 1. «Ыбырай Алтынсарин –қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты» «Оренбурский листок» газетінен 2. «Қазақ халқы қарапайым, өнері жоқ халық, бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз» Ы.Алтынсарин. «Халық мектептері үшін ең керектісі –оқытушы. Тамаша педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, инспектор бақылауы даоқытушыға тең келе алмайды.» Ы.Алтынсарин 4. Қазақтарға-осы дарынды, ақыл-есі мол халыққакешікпей рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру қалай дегенмен де қажет болып отыр» Ы.Алтынсариннің (губернаторға жолдаған баяндамасынан)

№ слайда 6 Ыбырай өлеңдеріне байланысты кестелер толтыру Ыбырай сөзі	Қандай қасиеттерді
Описание слайда:

Ыбырай өлеңдеріне байланысты кестелер толтыру Ыбырай сөзі Қандай қасиеттерді айқындайды? Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен Телмірме еш адамға мұңдықпенен Оқысаңыз балалар, Шамнан шырақ жағылар Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар. Өнер-білім бар жұрттар, Тастан сарай салғызды. Айшылық алыс жерлерден, Жылдам хабар алғызды. Ақылсыз жанды досым деп, Басыңды қосып, сыр айтпа. Күндердің күні болғанда, Ол жаман айғақ болар басыңа. Кім сендерді, балалар, сүйетұғын, Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын. Түн ұйқысын төрт бөліп,кірпік қақпай, Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын.

Краткое описание документа:

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте өліп, атасы Балқожаның тәрбиесінде болған. Атасы өз заманының беделді адамдарының бірі болған, заман ағымын аңғарғыш, оқу — өнердің маңызын жақсы түсінген Балқожа би 5 жасар Ыбырайды Орынборда ашылмақ болған, болашақ орыс- қазақ мектебіне жаздырып қойды. 1850 жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ баласының бірі  — Ыбырай болған.

Қазақ балаларын орысша оқыту арқылы олардан қазақ даласын билейтін патша чиновниктеріне көмекші әкімдер даярлау мақсатымен ашылған мектепке Балқожа би  де немересін осы үмітпен берген. Бірақ Ыбырай мектепті жан- жақты білім алуға пайдаланған. Сондықтан ол сабақты ерекше ынтамен оқиды. Сөйтіп, мектепті 1957 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітіреді.

1859 жылы Ыбырай Алтынсарин Орынбордағы Шекаралық комиссияға тілмаш болып ауысады. Ол кезде ол Шекаралық комиссияның төрағасы, шығысты зерттеуші белгілі ғылым, профессор В. В Григорьевпен жақсы танысады. Атасы Балқожаны жақсы білетін және силаітын Григорьев Ыбырайға аса ілтипатпен қарап, өзінің бай кітапханасын пайдалануға оңан мүмкіндік берген. Осы кітапханада Ыбырай Григорьевтің көмегімен орыс жазушыларының шығармаларының, орыс және дүние жүзі ағартушыларының еңбектерін ұлы адамдардың өмірі жайлы кітатарды көп оқыған.

«Қызмет бабында мен қазақтармен жиі – жиі ұстасып қаламын,- деп жазды ол 1864 жылы Ильминскийге.  Олардың ішінде менің өз туысқандарым да бар. Олардың сырын жақсы білемін, көбін тіпті жек көремін. Қазақарасындағы қызмет адамдарын да көңілім тіпті сүймейді. Олар  кедей қазақтары – қарсылық көрсете алмайды, қасқырдың аузында жем болатын қорғансыз момындарды – адамшылықтың шегінен шыға арсыздықпен тонайды, талайды.  Соларды көргенде… өте қатты күйінемін.  …Осы елдің  күшті жемқорларының  бірі олардың істеп жүрген істерін менің жаратпайтынымды біліп қалды… Сондықтан ол мені бұл арадан қуып жіберудің амалын істеп жүр».

Осы негізде Ыбырайдың, ағартушылық, демократтық көзқарастары  қалыптасып, дамиды.Қоғамдық әділетсіздік пен  адам бойындағы ұнамсыз мінездерге  қарсы  күресу   үшін  ол  ел   ішінде   білім,  өнер  тарату  ісін  кеңейте  беру   деп  ұғады.   Сол  ниетпен  бар  күш-жігерін  мектеп  ісіне,  бала   оқыту  жүйесін  жақсартуға   жұмсайды.

1876жылы  Ыбырай   Петербург,  Қазан  қалаларына   барады. Орыстың   ағартушылық   жүйесін,  орыс  ағартушыларының  еңбектерін   зерттейді.  Соларға   еліктеп,  қазақ  тілінде  оқу  құралдарын  жасауды  ойлайды.

Сөйтіп  Ыбырай  «Қазақ  хрестоматиясы»  1879жылы  Орынборда   басып  шығарады.  «Бұл  кітапты  құрастырғанда   мен,-деп  жазды  Ыбырай  хрестоматиясының  алғы    сөзінде, -біріншіден,  осы  біздің  ана  тілімізде  тұңғыш  шыққалы   отырған  жалғыз   кітаптың  орыс-қазақ  мектептерінде   тәрбиеленіп  жүрген   қазақ  балаларына  оқу   кітабы  бола  алу жағын, сонымен қабат жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім». Сол мақсатпен Ыбырай   «қазақ хрестоматиясын» балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме – новеллалардан құрастырды. Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан алып еркін аударды.

Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді.

Жазушының шығармаға жасы құрбы екі баланы алып, оларды бай мен кедейдің өкілі етіп суреттеуінің сыры да оның идеясынан айқын көрінеді. Жарлы баласы Үсен- тұрмыстың тепкісін көре жүріп ысылған еңбек адамы. Ауыл көшіп, жұртта қалған екі баланың далада тамақ тауып жеуіне, ауыүйгіш лдың қалай қарай көшкенін аңғартуына, түнде далаға түнегенде ит – құстан сақтануына Үсеннің тапқырлығы мен еңбекқолығы себеп болды. Ал бай баласы Асан — өмір үшін күресудің жолын білмейтін шыдамсыз, еңбекке икемі жоқ жан. Кісі еңбегімен күн көріп, жаман үиренген, бейнетсіз тоғышар болып өскен бай баласының басына күн туғандағы дәрменсіздігін суреттеу арқылы жазушы келешек Үсендер жағында екенін аңғартады. Сөйтіп, жастарға өмірден еш нәрсе үйренбей, жалқау болып өскен бай баласындай болмай, қиыншылыққа төзімді өнерге бейім, еңбекс жарлы баласы Үсендей болып өсуді уағыздайды.

Ыбырай — қазақ әдебиетіндегі тұңғыш аудармашы. Сондықтан ол аудармаға үлкен маңыз бере ұқыптылықпен қарайды. Бірақ ол ұқыптылық аударманың дәлме- дәлдігін сақтауда емес, шығарманы өзінің ағартушылық мақсатына лайықтап ала білуінде жатыр. Сол шығармалар арқылы ол озық мәдениеттің алдыңғы қатарлы демократтық көзқарастарын әкелді, оның дамуына мүмкіндік жасады.

1879жылы  Ыбырай   Торғай   облысы   мектептерінің   инспекторы  қызметіне   тағайымдалады.  Бұл   оның  ағартушылық  қызметінің  кең  өріс   алуына  жол   ашады.  Ол  жаңа  үлгідегі  мектептер  ашу  ісімен  шұғыданады.  1879-1883 жылдар   арасындағы   Торғай  облысының   төрт   уезінде   ( Торғай,  Ырғыз,  Троицк,  Ақтөбе) уездік жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылады. 1887жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы – ұлы ағартушының ол тұрғыда жасаған үлкен еңбегі. 1881 жылы Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды.

Ыбырай туған халқын ерекше сүйді, оның болашағына зор сеніммен қарады. Сондықтан халық ағарту ісін айрықша шабытпен жүргізді.

Қазақ халқын мәдениетке үндеп, халық ағарту мәселесінде көп еңбек еткен қазақтың тұңғыш педагогы, әрі ақын, әрі жазушы Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы дүние салған.

Общая информация

Номер материала: 477482

Похожие материалы