Инфоурок Технология Рабочие программыӘйелдердің ұлттық бас киімдері

Әйелдердің ұлттық бас киімдері

Скачать материал

Сабақ тақырыбы: Қамырдан жасалған өнімдер. Қамырдың түрлері.

Сабақ мақсаты:   

-          қамырдан жасалған өнімдері мен қамырдың түрлері туралы мағлұмат бере отырып, білім-білік  дағдыларын  қалыптастыру;

-          теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой - өрісін дамыту;

-          оқушыларды әсемдікке, сәндікке, ұқыптылыққа, үнемділікке, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі:     аралас                                                                                                                                                     

Сабақ әдісі: түсіндірмелі-суретті, бекіту, топтастыру,
Сабақтық көрнекілігі: үлгілер, дайын ұннан жасалатын тағамдардың суреттері, рецептурасы, форма т.б.

                                                                         Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезені

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1) салқын көжелерді қай мезгілде дайындаған жөн?

2) неге салқын көже деп атаймыз?

3) сорпаны дайындаудың неше әдісі бар?

4) көже дәмінің сапасы  неден байланысты?

5) сорпаны неден қайнатады?

III. Жаңа сабақ. 

Қамырдан жасалған тағамдар мен кондитерлік өнімдер көптеген халықтардың аспаздық өнерінде елеулі орын алады. Мысалы:

а) ұннан жасалатын тағамдар әр түрлі қамырдан және  көп ассортиментте пісіріледі; олар: нан, бөлке, батон, тоқаш, күлше, бауырсақ т.б;

ә) ұннан жасалатын аспаздық өнімдер: құймақтар, бәліш, пирог, тұшпара, мәнті;

б) ұннан жасалатын кондитерлік өнімдер – торттар, кекстер, печенье, вафли, пряниктер.

Қамыр. Пайдалануына және әзірлеу тәсілдеріне байланысты қамыр ашытқылы, қаттама, бисквитті, үгілмелі, сусымалы,езілген, қайнатылған, жеңіл және басқаша түрде болуы мүмкін.

 Қамырдың негізгі құрамдас бөліктері:

 бидай ұны —ақ ұн, жоғары, бірінші және екінші сортты ұндар. Сұйық зат — сүт, су, сүт қосылған су, простокваша. Простокваша қосқан қамыр тез көтеріледі, оның дәмінің қышқылын бәсеңдету үшін тұз қосады (бір шөкім). 

Құрғақ сүтті пайдаланғанда: жарты литр суға 50 г құрғақ сүт қосады.

Қант — ұнтақ құмшекер үнмен араластырылады, ірі құмшекер немесе шақпақ қантты ерітеді. Қант көп қосылса қамыр ауырлайды да, нашар көтеріледі, пісіргенде көтерілмей жайылып кетеді.

Жұмыртқа — сары уызы мен ақ уызы немесе тек қана сары уызын алады. Сары уыз қамырды көпіртеді де, ақ уыз қатайта түседі. Жұмыртқаның орнына жұмыртқа ұнтағын қосуға болады (1 ас қасық ұнтақ 1 жұмыртқаға сай келеді және 3 ас қасық су). Май (қыздырылған)—сары май немесе тортасы айырылған май, маргарин, өсімдік майы, ірі қара майы пайдаланылады. Май қамырды жұмсартады. Ол көбейіп кетсе ашу процесі баяулайды және дайын тағам ауыр болып шығады. 

Ашытқы — жаңа немесе құрғақ. Жаңа ашытқыға аздап құмшекер (1 шай қасық) қосып, үгеді және тиісті норма бойынша (осы тағам үшін) жылы сүтке немесе суға езеді. Құрғақ ашытқыға (сондай-ақ салқын жерде сақталған ашытқыға) толтырыл салқын су (бөлме температурасында) құяды да, ол ақшыл түске еніп, әбден езілгенге дейін қояды. Езілген ашытқыны тар көзді сүзгіден өткізіп, жылытылған сүйыққа құяды да, одан кейін ашытқы әзірлейді. Ашытқыны жабық ыдысқа — шыны аяққа, банкаға салып, салқын жерге қойса, ұзақ уақыт сақталады. Өте жоғары, сондай-ақ өте төмен температурада да ашытқының сапасы төмендейді. Ашытқы қамыр үшін қолайлы температура 30—35°C болып саналады. Тұзды қамыр иленетін суға салу (1 кг ұнға немесе жарты литр суға 10 г тұз, ал тұзды тағам әзірлегенде 20 г тұз салады) керек. Тұзды ұйтқыға салуға болмайды, өйткені оның ашытқылық қасиетін жояды.

Дәмдеуіш пен тұздық — ваниль, ванилин, лимон немесе апельсин қабығының үгіндісі, мускат жаңғағы, кардамон, жүзім, цукат, әр түрлі жеміс эссенциясы. Қамырға картоп қосуға болады (қамыр жұмсара түседі), мұндайда әдетте қамырға май мен жұмыртқа аздау салынады. Картопты қамыр әзірленбестен бір күн бұрын пісіріп алады да, пайдаланар алдында тар көзді үккішпен үгеді. Картоп қосылған қамыр қоюырақ болады, өйткені ашу процесінде ол қоймалжыңдана түседі. Әдетте 1 кг ұнға 100 грамнан 250 грамға дейін картоп қосады. Қамыр әзірлеуге қосатын қоспаларды дәл өлшеген (рецептіде көрсетілгендей) жөн, ұнның, сұйықтық, ашытқының және дәмдеуіштердің ара қатынасын қатаң сақтау қажет. Қамыр илегенде салқындатылған азықтарды пайдаланбаған жөн, өйткені ол қамырдың бабына келу процесін төмендетеді.

Ашытылған қамыр дайындау үшін келесі қойылған талаптарды  орындау қажет: 

а) ұнмен ашытқының сапасы – ұн ылғалдығы бірқалыпты, бөтен иісі жоқ болуы тиіс. Ұнның ылғалдығын қолмен сығымдау арқылы біледі, егер ұн қолмен қысқан кезде түйіршектелмей, есіліп тұрса, онда оның ылғалдығы жақсы деп есептеледі. Ашытқы жеңіл үгітіліп, оның өзіне тән түсімен иісі болуға тиіс.

ә) ашытқы мен сүт қышқылды бактерияларды әзірлеуге арналған шарттар.

Қамырды салқын ұннан илеуге болмайды. Ашытқыны езіп, қамырға араластырып, 25 – 30 температурада көтерілгенше ұстайды. Қамырды ашыту кезінде оны қақпақпен емес, таза сүлгімен жапқан дұрыс. Енді  ашытқылы қамырды дайындау технологиясын қарастырайық.

1. Қамырды илеу – ұнды илеп, тұз, қант, ашытқы, жылы сүт, су қосады.

2. Қамырдың ашуы – ашытқы қантты ашытып спирт пен көмірқышқыл газы түзеледі. Пісіру кезінде спирт ұшып кетеді.

3. Қамырды толықсыту – пісіру алдында қалпына келуі үшін қамырды жылы жерде бірнеше минут ұстайды.

4. Ұсақ өнімдерді пісіру  10-12 минут, ірі өнімдерді пісіру 45 – 60 минут, пісіру температурасы 200 – 250 С.

Бисквит қамыры

Бисквит қамырының негізі — жұмыртқа. Жоғары сортты ұн пайдаланылады. Бисквит қамырын картоп және бидай ұнының қоспасынан әзірлеуге болады, бірақ картоп ұны бисквитті құрғатады. Қант ұнтағын пайдаланбаған жөн, өйткені ол қамырлы сұйылтып жібереді, ұсақ құмшекер пайдаланған жақсы. Хош иісті етіп, дәмін келтіру үшін қамырға лимон шырынын және цедра қосады, шоколад тортын әзірлегенде ұнтақ какао пайдаланылады. Бисквитті даярлауға кіріспестен бұрын оны пісіретін қалып әзірлеу керек. Егер өрнеуі алынбалы арнаулы қалып болмаса, оның орнына қаңылтыр таба аласа алюминий кастрюль пайдалануға болады. Қалыпқа алдын ала таза қағаз (аздап сары май жағылған) төселеді, ол түбіне және ішкі қабырғаларына нығыз жабы сып тұруы қажет. Егер қағаз болмаса, қалыпқа май жағыл, еленген кепкен нан ұнтағын немесе ұн себуге болады. Жұмыртқаның шикі ақуызын сарыуыздан мұқият айырады.  Ақуызды тоңазытқышқа қояды (салқындатылған ақуыз тезірек көпіршиді). Кейде көпіршітер алдында ақуызға су (1 ақуызға1/ 2 ас қасық су есебімен) қосады. Бұл көпіршіген ақуыздың мөлшерін көбейтеді. Ақуызды көпіршіген күйінде қалдыруға болмайды, өйткені ол «басылып» қалады. Сарыуызды ағарғанға дейін құмшекермен үгіп езеді. Үгу процесі неғұрлым ұзақ болса, масса соғұрлым ағарып, мөлшері ұлғая түседі және бисквит те сапалы болады. Сарыуыз бен қант жақсы езілгеннен кейін алынған массаны ұнға араластырады, одан соң мұқият араластыра отырып, көпіршіген ақуыз қосады. Дайын болған массаны бірден қалыпқа құяды да, пісіру үшін сол бойда пешке қояды. Бисквитті 200ᵒС-тан аспайтын тұрақты температура жағдайында пісіру керек. Егер пештің температурасын анықтау мүмкін болмаса, онда қалыптық бетін дымқыл қағазбен ол бисквитке тимейтіндей етіп жабады да, 10 минуттай кейін піскенін тексереді. Егер бисквит ағарыңқы болса, қағазды алып тастауға болады. Бисквит салған қалыпты әбден піскенше қозғауға болмайды. Оның қалай пісіп жатқанын, оны отқа қойғаннан кейін 30 минут өткен соң, қалып тұрған торды немесе қаңылтыр табаны ептеп тартып қарап тексеруге болады. Даяр бисквитті алдымен қалыптан алмай бөлме температурасында салқындатады. Бисквиттен рулет, торт, пирожный және печенье жасайды.

Үгілген бисквит қамыры

Жұмыртқаның сарыуызын ақуыздан айырып алады да, құмшекер қосып, ағарғанша езеді. Одан соң кезектеп ұн және көпіршіген ақуыз (бір қасықтай) қосады, массаны араластыра отырып, қамырлы еппен аударады. Салмағы 1,5 кг тортқа арнай бисквит әзірлеу үшін 10 жұмыртқа, 250 г құмшекер, 250 г бидай ұлы керек. Келтірілген нан бисквитін әзірлеу үшін ұнның орнына түйіліп, еленген келтірілген нан пайдаланылады.

Үгілмелі қамыр (песочное тесто)

Үгілмелі қамырдай бәліш, печенье, пирожный жасауға болады. Үгілмелі қамырлы әзірлеудің көптеген рецептері бар. Оны әзірлеуге негізінен май, құмшекер, жұмыртқа, бидай ұны пайдаланылады, бірақ тағамдық түріне қарай олардың мөлшері өзгереді. Қамырға арналған сары майды (немесе маргарин) езу оңай болуы үшін оны жылы жерге қояды, бірақ отқа ерітуге мүлде болмайды; бәрінен жақсысы түнде бөлме температура жағдайындағы үйде қалдыру. Ұн құрғақ болуы тиіс, пайдаланар алдында оны елеу керек. Қамырлы тақтайға қатты нығыздамай илейді, сонда май біркелкі тарайды.

Қамыр тақтайға жабыспаса және тегіс болса, онда даяр болғаны. Содан кейін қамыр нығыз болуы үшін оны аз уақыт тоңазытқышқа қояды. Қамырлы жайғанда оқтаулы қатты баспау керек. Егер қамырдан рулетке арналған жайма жазылатын болса, онда әуелі қолмен ұзын ширатпа жасайды, кейін оны қажетті мөлшерге қарай жаяды. Қамыр жаймаларын қаңылтыр табаға салу үшін, алдымен оларды оқтауға орайлы, содан кейін табаға салып, еппен тарқатады. Үгілмелі қамырлың майын шылқытып та, өте құрғақ етіп те даярлауды болады. Қамырдың майы көп болса, табаға немесе қалыпқа май жақпайды, ал майы аз болса, табаға май жағыл, келтірілген нанның ұнтағын немесе ұн себеді. Үгілмелі қамырға лимон немесе апельсин цедрасын, ваниль, талшын қосуға болады. Оған жаңғақ, какао салады. Тағамға көпіршітілген ақуыз жағады. Үгілмелі қамырға, әсіресе майлы қамыр пісіретін духовканы алдын ала жақсылап қыздырады; бірқалыпты температурада (180—200ᵒС) пісіреді. Тағамның дайын болғанын оның түрінен біледі (ол қызғылт түсті болуға тиіс). Пісіп, дайын болған тағамды табадан немесе қалыптан дереу алу керек. Оны салқындағаннан кейін ғана кескен жөн.

 

Бағалау.

Үйге тапсырма беру: № 23 бет 72-75оқу, рецептураны жазу, сарамандық жұмысқа дайындық жүргізу, азық-түліктер.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әйелдердің ұлттық бас киімдері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Контент-менеджер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Құрашасай орта мектебінде Қазақстан халықтарының ассамблеясының 20 жылдығына арналған "Әлем халықтары Қазақстанда" атты мерекелік шара ұйымдастырылды.бұл мерекеде әр класс әр ұлттың өкілдерін таныстырды.Оқушылардың барлығы белсенділік көрсетті.Бұл мерекелік іс-шараның мақсаты оқушыларға 1-мамыр Ұлттар достастығы күні екенін ұғындыру

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 090 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.05.2015 1085
    • DOCX 29.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тугелбаева Зухра Кобланкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тугелбаева Зухра Кобланкызы
    Тугелбаева Зухра Кобланкызы
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23546
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 60 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 989 человек из 78 регионов

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 304 человека из 68 регионов

Мини-курс

Общая химия

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эмоциональная связь между родителями и детьми

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 18 регионов

Мини-курс

Стратегии бизнес-развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе