Инфоурок / Другое / Статьи / "Әйелдің қырық жаны бар" новелла

"Әйелдің қырық жаны бар" новелла

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Автор: Тоғжан Нұрғалиқызы ҚАСҚАРБАЕВА



«ӘЙЕЛДІҢ ҚЫРЫҚ ЖАНЫ БАР МА?»


Әйелдер патологиясы. Бір палатада 5-6 әйелден жатырмыз. Әрқайсысының өзіндік тағдыры, өзіне ғана тән өмірлік оқиғалары, қызықтары мен қиыншылықтары бар. Кейбір әйелдің өміріне қарап, өз өмірімізге шүкіршілік айтсақ, кейбіріне қызыға қараумен болдық. Солардың арасында көкейімнен кетпей, түйсігімде қалып қойған үш әйелдің өмірін өзімше қағазға түрткендей болдым.



ӨРІМДЕЙ ҚЫЗДЫҢ ӨМІРІ


Қайда қарасаңыз да кез келген таяқтың бір ұшы қыз ғұмырына келіп тиіп жатқаны. Айналадағылар мектепте оқып жүріп жүкті болып қалған әлдебір келіншек жайлы айтып, өзара талқыласып жатыр. Сөздің төркінін аса ұғына қоймасам да, жұрт аузындағы әңгіменің басты кейіпкермен сөйлесудің сәті түсті. Елдердің құрғақ сөзіне емес, өз аузынан шыққан әңгімеге сенгім келіп жәймен сөздің басын жеке өміріне тарттым. Ашық ауыз аңқылдаған қыз – әлі де болса бала мінезді. Өзі жайлы еш бүкпесіз баяндап берген болды.

«9-сыныпты бітірген соң өзімнен 5 жас үлкен жігіт алып қашты, алайда арым таза қалпымда тұрмысқа шықтым»,-деп ағынан жарылды Ажар қыз. «Биыл некеміздің екінші жылы. Күйеуім екеуіміз бөлек тұрамыз. Жастығымнан ерте айырса да, той жасамады. Бірақ күйеуім бар жағдайымды жасап, қатарымнан қалдырмай отырғаны үшін артық ауыз сөз айтып, қазбаламадым.

Ал оқу жайына келсек 10-11 сыныпты жеделдетілген түрде ақылы негізде оқып бітірдім».

Түр-келбеті жасының кішілігін бірден аңғартып тұрса да, Ажар өмірден сабақ алған үлкен кісілерше сөйлеседі. Тіпті, қайнысы да Ажардан 3 жас үлкен екен. Ал қайнысының сүйген жары өзінен 5 жылға ерте туылған деседі. Өзінен жасы әлдеқайда үлкен абысынын қалжыңбас қыз «Келінім» деп таныстырып жүр жұртшылыққа.

Өрімдей қыз «үлкендердің өміріне» ерте араласса да, еш өкініші жоқ. Керісінше, сүйгенімен бірге өмір сүріп жатқаны үшін риза. Жаратқан, бағынан айырмасын дейміз.



«ҚАЙЫН ЖҰРТЫНАН ҚЫСЫМ КӨРГЕН КЕЛІН»

Гауһар есімді келіншектің тұрмысқа шыққанына 5 жылдың жүзі болған екен. «Осы уақыт аралығында қуанышты күндерге қарағанда мұңға толы өкінішті сәттерім көп болды», - дейді өмірдің ауыртпалығынан артық сөз сөйлеуге жасып қалған бейбақ бикеш. Томағай тұйықтығына қарамастан өмірінде орын алған оқиғаларын біліп, көңілсіздігіне не себеп екенін анықтағымыз келген ниетпен Гауһарға арты-артынан сұрақ жаудырып, әңгімеге тарттық.

«Күйеуіммен сүйіп қосылдық. Жалындаған махаббаттың күшіне қарсы тұра алмаған шығармын. Жан-тәніммен сүйдім, кездесіп жүргенімізде-ақ пәктігімді сыйладым. Уақыт өте келе аяғым ауыр болып, үйлендік. Махаббаттың мекені саналатын Алматы қаласы бізді қосқан. Әттең, бәрі алғашқыдай болса деймін кейде. Бастапқыда бәрі жақсы болған. Қиындық дегенім бірінші баламды босанғаннан басталды.

Бала – бала болған соң міндетті түрде жылайды емес пе?! Қырқынан әлі шықпаған ұлымды қайын әпкем «түнімен ұйықтатпадың» деп зекіп, шапалақпен екі-үш рет салып қалды. Күйеуім көзімен көре тұра қарсылық білдіре алмады.

Кейінірек күйеуім жұмысқа шықты. Мек ауылда қалдым. Енем төркіндетіп кеткен кез. Оңаша уақытты пайдаланып қайын атам жалған мастыққа еніп мені төсекке сүйреді. Алайда, амалын тауып баламды көтердім де үйден қашып үлгердім. Әзер дегенде күйеуіме қоңырау шалып, тез жетуін өтіндім. Бар шаруасын былай қойып жұбайым түнделетіп үйге келді. Баласымен ілесіп енем де жетті. Қайын атамның қарасы да көрінбейді. Ал мен болған жайды бастан-аяқ баяндадым. «Мысықтың өлімі – тышқанға той» демекші, сондағы енемнің сиықсыз сөздері сүйегімнен өтіп кетті. «Енді не істе дейсің бізге? 30 жыл бойы соған шыдап менің шықпай жүрген жаным-ай...» - дейді. Шыдап жүрсе ол өз күйеуі емес пе?! Ал менің қайын атам әкеммен бірдей ғой.

Күйеуім де маған сол күннен бері қыр көрсетіп, сенімсіздік танытатын болды. Ауруханаға барсам шамалы уақыттан соң ізімнен келіп алады. Дүкенге шықсам да қыр соңымнан қалмайды. Дос-құрбы түгілі менде таныс та жоқ. Кетіп қалуға тағы бата алмаймын. Құдай қосты ғой, қосағымды сүйемін.

Осылайша уақыт сырғып өте берді. Екінші балама жүкті болдым. Моншаға түсіп шыққан соң, бірден қан кетіп, ауру қысты. Қайын атам көлігімен ауруханаға жеткізіп салмақ болып, жолға шықтық. Бірақ ауылдан сәл ұзаған соң жол жиегіне тоқтап, екінші рет тисе бастады. Адам аяғы баспақ түгілі, көлік те сирек өтетін бұл жолда өзімнен әлдеқайда әлдірек адаммен біраз уақытқа дейін арпалысуыма тура келді. Бұл жолы да әкемдей адамнан ұятты жерімді жасырып, жаныма жолатпадым. Алайда құрсақтағы сәбиімнен айырылдым. Міне, осындай жағдайлардан соң өмірге деген құлшынысым да күрт төмендеп кетті».



НАЗИРАНЫҢ НАЛАСЫ

«Мен өзім Оңтүстіктің қызымын. Жастайымнан әке-шешесіз өссем де, арымды таза сақтадым. 29 жасымда өзімнен 3 жас кіші жігітке тұрмысқа шығып, 30 жасымда тұңғышымды босандым. Биыл үйленгенімізге 8 жыл толыпты. Бірақ осы 8 жылдың ішінде бір ауданда тұрсақ та ата-енем бізге екі-ақ рет келіпті. Мені аса жақтыра қоймады. Бірақ ең болмағанда сүйгенім менен теріс айналмасын деп бар күшімді салдым. Балалардың күтіміне байланысты мен үйде отырам, жұбайым бір мекемеде жалдамалы жұмысшы. Өзі шаршап келгенде одан әрі шаруаға көмбейін деп үйдегі еркектің де, әйелдің де тірлігін өзім атқарып жүрдім: су тасу, отын жарып, от жағу, қора тазалап, қоқыс шығару бәрі-бәрі өз мойнымда. Күйеуім жалақысынан бір тиын да ұстатпайды, үйге азық-түлік өзі алады. Ішіп келген күндері тепкінің астына алады, ұрыс-керіске сылтау таба кетеді әйтеуір. Міне, бүгін ауруханада жатқаныма жеті күн болды. Артымнан іздеп келмеді. Күйеуіме хабарлассам: «Үйді ойламай, өз қамыңмен жатырсың ғой. Өзіңе жақсы болса жата бер солай!»-дейді. Маңдайыма жазғанынан қашып кете алмаймын ғой. Не жағдай болса да өзім таңдап жүріп тиген соң, шамам келгенінше шыдап бағам. Дегенмен «таңдаған тазға жолығады» деген тегін емес екен».

Бұл – Назираның назы болатын. Күйеуінің көзіне шөп салатынынан да хабардар, бірақ жетім қыздың жүрегі жыласа да жаны шыдап жүр. Бәрі де Алланың сынағы деп біледі және өткінші жаңбырдай жылт еткен қалпы өтіп кетеріне сенімді қиындық атаулы. Аллаһ жолын оңғарғай!





Түйін: Шынымен де әйелдің қырық жаны бар ма деген ойда қаламын кейде?Аллаһ Тағала тек сүйікті құлдарын сынға салады деседі. Алайда кездескен қиындыққа қарсы тұра алмай, «қиналдым» деп қақсағанға Жаратушы иеміз «Сен әлі қиындық көрмедің» деп қаһарын төге, ауыртпашылықтарды арта түседі екен.

Ал барға – ырза, жоққа – сабыр етіп, қандай қиындық көрсе де «арты жақсылық болғай» деп тәубе қыла білетін жандарға Тәңіріміз «Сен әлі жақсылық көрмедің» деп нұрын шашып, қуанышқа бөлейді екен.

Иә, әрқайсысымыздың тұрмысымыз әр түрлі болғанымен барар жеріміз бір. Еркектің де, әйелдің де ақымағы бар.

Қайын жұртымыз қандай болса да құрсағымызды жарып шыққан сүйікті сәбилеріміздің туғандары ғой. Оларға мін арта бермей, керісінше, өз пиғылымыз бен қарым қатынасымызды түзейік. Ағайынды жамандаған сайын жаман бола береді. «Үйді қырық еркек толтыра алмайды, бір әйел толтырады» деген бар. Сондықтан да, Құдай қосқан ер-азаматымыздың қандай болуы өз қолымызда, құрметті әйел заты!

Тоғжан ҚАСҚАРБАЕВА,

Панфилов ауданы.

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-565082
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>