Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Обществознание / Другие методич. материалы / «Ұйым қаржысы» пәнінен курстық жұмысты ұйымдастыру ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

«Ұйым қаржысы» пәнінен курстық жұмысты ұйымдастыру ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

  • Обществознание

Поделитесь материалом с коллегами:


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы

Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі






«Ұйым қаржысы» пәнінен курстық жұмысты ұйымдастыру

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


Мамандық: 0516000 - «Қаржы»
























Орал, 2016 жыл


hello_html_m5a3d38c8.gif

Мазмұны

Алғысөз.........................................................................................................3

I. Курстық жұмысты орындау........................................................................4

1.1. Жұмыс құрылымы.....................................................................................4

1.2. Мазмұны мен рәсімдеудің негізгі талаптары.......................................5

1.3. Курстық жұмысты орындау тәртібі.....................................................7

1.4. Курстық жұмысты рәсімдеу...................................................................9

II. Курстық жұмысты қорғау…………....………………………………....9

2.1. Рецензиямен жұмыс және курстық жұмысты қорғауға дайындау…9

2. 2. Курстық жұмысты қорғау және бағалау…….....………………….10

Қосымша А………..……………………………………………………...12

Қосымша Ә…………..…………………………………………………...13

Қосымша Б…..…………………………………………………………...15

Қосымша В………..……………………………………………………...16





















Алғы сөз

Техникалық және кәсіптік білім беру орындарының оқу жоспары бойынша 0516000 «Қаржы» мамандығында оқитын студенттерге «Ұйым қаржысы» пәні бойынша курстық жұмысты жазу қарастырылған.

Курстық жұмыстың мақсаты “Ұйым қаржысы» пәні бойынша теориялық білімді жүйелеу, бекіту және тереңдету, сонымен қатар тәжірибелік қызметте айналым құралдары мен негізгі құралдарды қолданылудың тиімділігін талдау әдістерін терендетіп оқытып, талдамалық жұмысты игеру дағдысын дамыту болып табылады

Курстық жұмыстың тақырыптарын өндеу кезінде ҚР қаржы жүйесі саласындағы ен маңызды болып табылатын көкейкесті сұрақтарды қаржы ресурстарын мақсатты әрі тиімді қолдануды бақылау, олардың инвестициялық қызығушылығын арттыру, ұйым қызметінің шығындар тәуекелін төмендету, шағын және орта бизнес субъектілерінің қаржысын ұйымдастыру ерекшеліктері т.б. ескеру керек.

Әдістемелік нұсқауда келесілер келтірілген: курстық жұмыстың тақырыптары, курстық жұмысты жазуда қолданылатын нұсқаулық әдебиеттер, жалпы талаптар, құрылымы және мазмұны, курстық жұмысты талдау тәртібі және рәсімдеу жағдайы.

Студент әдістемелік нұсқаудың мәліметтерімен таныса отырып, курстық жұмысқа қойылатын талаптарды бағалау және қорғау тәртібінің жағдайларымен хабардар болады.

Әдістемелік кеңестерді қолдану таңдап алынған курстық жұмыс тақырыбының жақсы ашылып жазылуын, емтиханға белгілі-бір деңгейде дайындықты қамтамасыз етеді.

Курстық жұмыс - жоғары маман дайындаудың ерекше түрі болып табылады. Оны жазу «Ұйым қаржысы» пәнін оқуда маңызды орын алады.

Біріншіден, студенттердің экономикалық әдебиеттермен жеке жұмыс жасауын, нақты материалды іздестіру, таңдау, талдау жасауға, олардың негізінде дұрыс нәтижелер жасауға көмектеседі.

Екіншіден, студент теориялық мәселелерді талдағанда өзінің ойын экономикалық сауатты жеткізуге, алған білімдерін белгілі-бір деңгейде ұштастыруға мүмкіндік береді.

Курстық жұмыс - диплом жұмысын жазудың дайындық баспалдағы болып табылады.































Курстық жұмысты орындау.

1.1 Жұмыс құрылымы.

«Ұйым қаржысы» пәні бойынша курстық жұмысты жазу келесі негізгі элементтерден тұрады:

- алғашқы беті;

- жұмыстың мазмұны;

- кіріспе;

- жұмыстың негізгі бөлігі;

- корытынды;

- колданылған әдебиеттер тізімі;

- қосымшалар (егер олар болса).

Курстық жұмыстың құрылымы тақырыпқа және оның күрделілігіне байланысты өзгеруі мүмкін.

Алғашқы бет қурстық жұмыстың бірінші беті болып табылады, оны нөмірлемейді. Жұмыстың мазмұны басшымен келісіп, бекітіледі.

Мазмұнында бөлімдердің атауы, бөлімшелердің атауы, беттердің нөмірі міндетті түрде көрсетіледі.

Кіріспеде автор таңдалған тақырыптың өзектілігін, маңыздылығын, мақсатын, зерттеу объектісін, тәжірибелік мағыналығын көрсетуге тиіс (2-3 бет).

Жұмыстың негізгі бөлігі екі немесе үш бөлімшеден тұруы мүмкін. Әрбір сұрақты шектеп отыру қажет. Негізгі бөлім 20 немесе 25 стандарттық бет болуы тиіс.

Бірінші бөлімде зерттелетін мәселенің теориялық жақтары қарастырылады, мәні-мағынасы толық ашылуы қажет, бұл мәселе бойынша әр-түрлі көзқарастар талқыланады, өз позициясы да анықталынады.

Екінші және басқа бөлімдерде тақырыптың негізгі мазмұны ашылады, нақты материалдар талқыланады, талдаулар, қорытындылар жүргізіледі, статистикалық, кестелік материалдар көрсетілуі мүмкін.

Шет ел тәжірибелерінің мүмкіндіктерін енгізілуі де қаралады.

Қорытындыда теориялық және тәжірибелік нәтижелер ұштастырылады, нақты нұсқаулар көрсетіледі. Қорытынды қысқа жазылады, 2-3 бет.

Курстық жұмыстың соңында, қорытынды бөлімнен кейін, библиографиялық тізім көрсетіледі. Ол белгілі-бір кезекпен жүргізіледі. Әдебиеттер тізімінде оқу, арнайы және ақпараттық әдебиет авторларымен келтірілуі қажет, тізім алфавиттік тәртіпте құрылады.

Кітаптар туралы мәліметтер енгізу қажет:

- авторлардың аты-жөні;

- шығарған орны;

- басылым;

- басылған жылы;

- жалпы беттер саны (мысалы, 500 бет).

Ал кезеңдік басылымдарда беттер нөмірі (мысалы №4, бет-6) міндетті түрде көрсетілуі қажет. Библиографиялық тізімді құру қолданылған әдебиеттер тізімі бойынша (қосымша В) жүргізіледі, қосымшалар курстық жұмыстың соңында көрсетіледі. Әрбір қосымша жаңа беттен тұрады. Жоғарғы сол бұрышта «Қосымша» сөзі жазылады. Әрбір қосымшаның мазмұнды аты болу керек.


1.2 Мазмұны мен рәсімдеудің негізгі талаптары.

Әрбір студент «Қаржы» курсын оқу барысында курстық жұмысты жазады. Жұмыс А4 210x297 (мм), шрифт Тіmеs New Roman 14 орындалуы қажет. Жолдар арасында бір жарым (1,5) интервал сақталынады.

Бұл жағдайда келесі шеттіктің сақталынуы қажет:

- сол жақ - 30 мм;

- оң- 10 мм;

- жоғары - 15 мм;

- төмен - 20 мм.

Беттерді көрсету орны жоғарғы оң жақта, оң ара қашықтық пен жоғары ара қашықтықтың ортасы.

Мәтін беттің бір жағында ғана жазылуы тиіс. Беттерді нөмірлеу үшінші беттен басталады. Бірінші бет - титулды бет, екінші - мазмұны, үшінші - кіріспе, сосын негізгі мазмұны, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшалар.

Жұмыстың негізгі мазмұны бөлімдерден тұрады. Бөлімдер міндетті түрде рим сандарымен нөмірленеді. Бөлімшелер әрбір бөлім шегінде араб сандарымен нөмірленеді, мысалы:

2.1 (бірінші сан-бөлім, екінші-бөлімше).

Пунктер рим сандарымен, әрбір бөлімшелер шегінде нөмірленеді, мысалы

2.1.3 (екінші бөлімнің бірінші бөлімшесінің үшінші пункті).

Формула бөлімнің реттік нөмірінен тұрады, мысалы (1.4)-төртінші формула бірінші бөлім.

Курстық жұмысты орындаушы әрбір студент жазбаша жұмыстарға арналған талаптарды білуге міндетті.

Курстық жұмысты жазуды әрбір бөлімнің негізгі сұрағының мазмұнынан бастау қажет. Мазмұнын ашу ғылыми негізделіп жазылады. Теориялық шешімдер нақты материалдарға негізделеді. Материал белгілі - бір тәртіппен және нақтылана біліну керек.

Тақырыпты толық және дұрыс ашу үшін студенттің міндеттері:

  • Қазақстандық және шет елдік танымал оқымыстылардың, ғалымдардың ғылыми жұмыстарын жан-жақты зерттеу;

  • мәселе бойынша Қазақстан Республикасының заңдарды, ҚР Үкіметінің қаулыларын, Ережелерін білулері қажет;

  • статистикалық жинақтардағы және мерзімдік басылымдардағы статистикалық мәліметтермен танысу;

Студент экономикалық әдебиеттерді жан-жақты қарастырып, зерттегеннен кейін өзінің көзқарасын анықтап алуы қажет, сондықтан курстық жұмысты жазушы студенттерге қойылатын талаптардың бірі оларды орындауды жеке және дербес жүргізе білу ерекше бағаланады.

Курстық жұмыста сандық мәліметтерді нақты материалдарды келтіргенде әдебиеттерге нұсқаулар жасау қажет, мысалы: /7: 50/, мұндағы 7- әдебиеттер тізіміндегі реттік нөмірі, 50-бет, мәліметтер сол беттен алынғанын көрсетеді.

Курстық жұмыс жақсы әдеби тілмен жазылуы тиіс:

- нақты ұсыныстар;

- жеткізу тәсілі дұрыс;

- түсінікті болуы қажет.

Қысқартулар жіберілмейді және сөздіктердің соңғы басылымдардан шығарылғанын қолдана отырып жазылуы қажет.



1.3. Курстық жұмысты орындау тәртібі.

Курстық жұмысты орындауды келесі этаптарға бөлуге болады:

  • тақырыпты таңдап алу;

  • таңдалған тақырыптың актуальдылық негіздемесі;

  • курстық жұмыс тақырыбына қатысты заңдық актілермен, нормативтік құжаттармен және әдебиет көздерімен танысып, жан-жақты зерттеп, библиографияны құру;

- нақты материалдарды өңдеу, жинау;

  • жұмыс жоспарын жасау;

  • курстық жұмысты жазу;

  • ұсыныстар мен қорытынды жасау;

  • курстық жұмысты корғау.

Курстық жұмыстың тақырыбын студент «Ұйым қаржысы» пәнінен пәндік циклдік комиссияның экономикалық пәндері бірлестігінің төрағасы бекіткен және қол қойған тізімнен таңдауы бойынша алынады.

Курстық жұмысты жазуда курстық жұмыстың негізгі бөлімдері көрсетіледі. Жұмыстың нәтижесі тақырыпты дұрыс таңдауға да тікелей байланысты болады.

Курстық жұмыстың тақырыбын студент өз қалауы бойынша таңдап алады. Тақырыпты таңдап алғанда бір топтың ішінен екі студент бір тақырыпты алуға болмайды.

Курстық жұмыстың тақырыбын анықтап алғаннан кейін әдебиеттермен жан-жақты жұмысты бастау қажет. Олар:

- әдебиеттерді талдау;

- оларды іздестіру;

- жан-жақты зерттеулер жүргізіледі.

Библиографиялық каталогтар әрбір кітапханада кездеседі. Олар:

- жүйелі каталогтар;

- пәндік каталогтар;

- алфавиттік каталогтар болып бөлінеді.

Студенттерге әсіресе жүйелі каталогтарды қолдану қажет.

Әдебиеттерді қарастырғанда соңғы жылдардағы басылымдардан алуға ұмтылу қажет.

Әдебиетті жан-жақты зерттеуді аяқтағаннан кейін, жұмыс жоспарын жасауды жүргізеді. Жоспар-жұмыстың негізі болып табылады, жоспардың сапасынан жұмыстың сапасы көрінеді. Жоспар мұғаліммен келісіп жасалынады.


1.4. Курстық жұмысты рәсімдеу.

Курстық жұмыс бекітілген талаптарға сәйкес рәсімделінуі кажет. Рәсімдеуге келесі талаптар жүктеледі:

  • алғашқы беттің міндетті түрде болуы (қосымша А қара);

  • екінші бетте жұмыстың мазмұны (қосымша Б);

  • қорытындыдан кейін библиографиялық тізім орналастырылады (қолданылған әдебиеттер тізімі қосымша В);

  • заңды және нормативтік актілер бірінші жазылады, сосын

авторлардың фамилиялары алфавиттік тәртіпте қойылады.

Сөздердің қысқартулары болмауы тиіс. Грамматикалық қателер де жіберілмейді. Курстық жұмыстың жалпы көлемі 25-30 бет болуы қажет.






















 Курстық жұмысты қорғау.

2.1. Рецензиямен (сын пікірмен) жұмыс және курстық жұмысты қорғауға дайындау.

Студентпен жазылған курстық жұмыс резензиялану үшін мұғалімге тапсырылады. Курстық жұмысты студент емтиханға дейін оқытушы алдында қорғауға тиіс. Курстық жұмысты қорғай алмаған студент емтиханға жіберілмейді.

Рецензияның негізгі мақсаты - студентке өзіндік жұмысқа көмек көрсету, нақты кеңестер беру, кемшіліктерді жоюға байланысты. Студент оны тиянақты оқи отырып, өзінің жұмысына белгілі-бір сынмен қарауға міндетті, барлық мазмұнына байланысты кемшіліктерді толық қарастырып шығу керек.

Студент өзінің курстық жұмысының толық сипаттамасын алу үшін, жалпы бағалаудан басқа (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлық емес) төмендегілер болу керек:

- жұмыстың жалпы сипаттамасы;

- олардың оң жақтары;

- дербес жұмыстың дәрежесін көрсету.

- жетіспеушіліктерді немесе кемшіліктерді талдау;

- әсіресе статистикалық және нақты мәліметтерде талдау;

- нақты нұсқаулар беру;

- курстық жұмысты қорғауға дайындық жасау.

Курстық жұмыста соңғы баға болуы міндетті емес, белгілі-бір бағалау шешім немесе нәтиже түрінде көрсетілуі мүмкін:

- «жұмыс қорғауға жіберіледі»;

- «жұмыс қорғауға жіберілмейді».

Соңғы бағалау курстық жұмысты уақытында қорғаған кезде қойылады. Егер жұмыс қорғауға жіберілмесе, студент оның кемшіліктерін жойып, бекітілген мерзімде мұғалімге қайтадан тапсыруға міндетті.

Курстық жұмысты уақытында қорғай алмаған студент, сол пән бойынша емтиханды тапсыруға жіберілмейді.

Сонымен қатар, курстық жұмыс келесі жағдайларда қорғауға жіберілмейді:

- дербес сипаты болмаса;

- негізгі сұрақтар толық ашылмаса;

- белгілі-бір қателер болғанда;

- көлемі талапқа сәйкес болмағанда;

- түсініксіз қолмен жазылған жағдайларда.


2. 2. Курстық жұмысты қорғау және бағалау.

Курстық жұмысты қорғағанда студенттің міндеті - нақты тақырыптың толық және жете меңгергенін көрсете білу. Ол өзінің жұмысының мазмұнын ойланып, тақырыбы бойынша қойылатын әр-түрлі сұрақтардың барлығына жауаптарды дайындау қажет.

Ерекше жеткізе білуі қажет:

- курстық жұмыстың тақырыбын таңдау әдісін;

- қандай мақсат, міндет қойылғанын;

- міндеттері қалай шешілгенін;

- қандай шешімдер және қорытындылар қабылдағанын.

Курстық жұмыс пәндер циклдік комиссиясының экономикалық пәндері бірлестігінің төрағасы, экономикалық бөлім меңгерушісі мен оқытушыларының және студенттердің қатысуымен қорғалады.

«Өте жақсы» деген бағаны келесі жағдайлар сақталынғанда қоюға болады:

- ғылыми ізденушілік;

- дербес қорытындылар жасалынғанда;

- белгілі-бір сын айтылғанда;

- нақты тақырып бойынша экономикалық әдебиеттерді терең білім негізінде жазылғанда;

- теория тәжірибемен өзара ұштасқан жағдайларда қойылады.

«Жақсы» деген бағаны келесілер сақталынғанда қоюға болады:

- ізденіс дәрежесі толық емес;

- жұмыс толық;

- жан-жақты сұрақтарды қамти отырып жазылған жағдайларда қойылады.

«Қанағаттанарлық» бағасы келесі жағдайда қойылады:

- негізгі сұрақтар толық қаралмағанда;

- әдебиеттерге дербес талдауларды жетіспеушілік жағдайында;

- тақырыпты жете аша алмағанда;

- кемшіліктер табылғанда қойылады.

«Қанағаттанарлық емес» деген бағаны:

- студент рецензенттің ескертулеріне жауап бере алмағанда;

- жұмыс материалын игере алмағанда;

- қорытындыға түсініктеме жасай алмағанда қойылады.

Бұл жағдайда студентке курстық жұмысты қайта қорғауға мүмкіндік 3 күн ішінде беріледі.

Курстық жұмысты қорғау және оның бағасы студенттің дербес жұмысының қорытындысы болып табылады.






























Қосымша А.

Алғашқы бетті толтыру үлгісі.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы

Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі





КУРСТЫҚ ЖҰМЫС


ТАҚЫРЫБЫ: «_____________________________________________»


Пәннің атауы: «_____________________________________________»






Орындаған:_____тобының студенті

_____________________________

(студенттің аты, жөні)

Тексерген:____________________

(оқытушының аты, жөні)








Орал, 20 _ жыл

Қосымша Ә

Курстық жұмыстың тақырыптарының үлгісі.

Курстық жұмыстың тақырыптары

  1. Ұйымдағы қаржылық жоспарлау, болжау және қаржылық бақылау

  2. Кәсіпкерлік қызмет аясындағы қаржының қызмет ету ұстанымдары және мазмұны

  3. Ұйымның меншік және қарыз капиталы

  4. Әртүрлі ұйымдастырушы-құқықтық үлгідегі коммерциялық ұйымдардың қаржы ресурстарының қалыптасу және пайдаланылуы

  5. Коммерциялық емес ұйымдардардың қаржысын ұйымдастыру

  6. Ұйымның айналым құралдары, оларды ұйымдастыру, мөлшерлеу және қаржыландыру көздері

  7. Ұйымның өнімді өндіру және өткізу шығындары

  8. Ұйымның айналым капиталын инвестициялық қаржыландыру

  9. Банкроттықтың туындауының қаржылық себептері

  10. Негізгі құралдарды қолданудағы талдау әдістерінің тиімділігі

  11. Ұйымның табыстары, оларды жоспарлау және пайдалану

  12. Ұзақ мерзімді салымдарды басқару

  13. Кәсіпорынның негізгі құралдарының пайдаланылуы мен қалыптасуы

  14. Шағын және орта бизнес субъектілерінің қаржысын ұйымдастыру ерекшеліктері













Қосымша Б.

Жұмыстың мазмұнын толтыру үлгісі.

Мазмұны

Кіріспе 3

I (Бірінші бөлімнің атауы БАС әріптермен) 6

1.1.(бөлімшелердің атауы кішкентай әріптермен) 6

1.2. 10

II(Екінші бөлімнің атауы БАС әріптермен) 15

2.1.(бөлімшелердің атауы кішкентай әріптермен) 15

Қорытынды 27

Қолданылған әдебиеттер тізімі 30

Қосымша А 31

Қосымша Ә 32
























Қосымша В

Қолданылған әдебиеттер тізімін толтыру үлгісі


Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. Гражданский кодекс РК. – Алматы. – 1994.


  1. Кодекс РК “О налогах и других обязательных платежах в бюджет”. – Казахстанская правда, 2001, 20 июня.


  1. Закон РК “Об инвестициях”. – Казахстанская правда, 2003, 11 января.


  1. Закон РК “Об инновационной деятельности”. – Казахстанская правда, 2002, 9 июля.


  1. Указ Президента РК, имеющий силу закона, “О государственном предприятии”. – Вечерний Алматы, 1995, 30 июня. Закон РК “О внесении изменений и дополнений в Указ Президента РК, имеющий силу закона, “О государственном предприятии”. – Казахстанская правда, 2001, 9 мая.


  1. Указ Президента РК, имеющий силу закона, “О хозяйственных товариществах”. – Казахстанская правда, 1995, 17 мая.


  1. Закон РК “Об акционерных обществах”. – Казахстанская правда. – 2003, 16 мая.


  1. Закон РК “О труде в Республике Казахстан”. – Юридическая газета, 1999, 28 октября.


  1. Грузинов В.П. Экономика предприятия. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ. – 1998.



  1. Зайцев Н.Л. Экономика промышленного предприятия. – М.: ИНФРА-М. – 1999.


  1. Раицкий К.А. Экономика предприятия. – М. – 1999.


  1. Справочник директора предприятия / Под ред. М.Г.Лапусты. - М.:ИНФРА-М. – 1996.


  1. Экономика предприятия: Учебник для вузов / Под ред. Н.А. Сафронова – М.: Юристь. –2000.


  1. Экономика предприятия: Учебник / Под ред. проф. О.И.Волкова, В.К.Скляренко. – М.:ИНФРА-М. – 2000.


  1. Экономика предприятия: Учебник / Ф.К.Беа, Э.Дихтла, М.Швайтцера. – М.: ИНФРА-М. – 1999.


hello_html_m66da6c12.pnghello_html_m47a56194.gif


Автор
Дата добавления 07.02.2016
Раздел Обществознание
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров649
Номер материала ДВ-425589
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх