Инфоурок Другое КонспектыҰйымдастырыған оқу іс әрекеті. Тіл дамыту. "Менің отаным Қазақстан"

Ұйымдастырыған оқу іс әрекеті. Тіл дамыту. "Менің отаным Қазақстан"

Скачать материал

«Балдырған» естияр тобының ашық ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

 

Білім беру аласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту     

Тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан!

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың өз Отандары туралы, мемлекеттік рәміздері, елбасы туралы түсініктерін кеңейту. Балалардың тыңдау және сөзді түсіну, әңгімелесе білу, сұраққа жауап беру және сұрау іскерліктерін қалыптастыру.

Дамытушылық: дыбыс артикулияциясын және сөздерді дұрыс байланыстырып сөйлеулерін дамыту.

Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту.

Қолданылатын көрнекіліктер: рәміздердің суреті, елбасының суреті, аудио және видео материалдар.

Үштілділік компоненті: Отан – Родина – motherland.

 

Оқу әрекетініңкезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық   

Шаттық шеңбері:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Бас иеміз сіздерге

Құрметпенен біз!

Балалар шеңбер болып тұрады. Бір-біріне әдемі сөздер айтуға тырысады.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

-         Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-         Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

 

-         Балалар, біз қай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?

 

-         Дұрыс айтасыңдар, балалар, Біздің Отанымыз – Қазақстан!

-         Балалар, сендер біздің елорламыз қай қала екенін білесіңдер ме?

-         Дұрыс айтасыңдар, ал біз қай қалада тұрамыз?

-         Сендер қай балабақшаға келесіңдер?

-         Ал, балалар сендер біздің мемлекетіміздің президенті кім екенін білесіңдер ме?

-         Бұл кісі балалар, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Н. Назарбаев Біздің Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Қазақстан мемлекетінің құрылуына зор үлесін қосқан жандардың бірі.

 

Сергіту сәті:

Дөңгеленіп тұрайық, 
Керегені құрайық. 
Уықтарша иіліп, 
Қазақ үйді құрайық. 

 

Топқа батыр кіреді, балалармен амандасады:

Батыр: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-         Сәлеметсіз бе, төрлетіңіз!

Батыр: Рахмет, балалар, сендер менің кім екенімді білесіңдер ме?

Батыр: Дұрыс таптыңдар, балалар. Біз батырлар осынау ұлан байтақ жерді сендерге аманат етіп қалдырдық. Балалар, қане айтыңдаршы, сендер қай мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар?

Батыр:Тамаша, балалар, сендер өте ақылды екенсіңдер.

Батыр: Балалар, сендердің маған көмектерің керек. Мен мынандай бір зат тауып алдым оның ішінен дауыстар естіледі, ол не дауыстар екенін білгім келіп тұр.

-         Қане бұны біздің ноутбугымызға салып көрейікші?

(мемлекеттік рәміздер туралы видео).

(Мультфильмде ту туралы өлең оқылады)

-         Балалар, қане бізде өлеңді жаттап алайықшы.

Желбірейді жалындап,

Қазақстан байрағы.

Көкте қыран қалықтап,

Қанат қағып барады.

Батыр: Керемет, қандай қызықты мультфильм!

-         Балалар, мультфильм не туралы?

-         Қандай мемлекеттік рәміздер бар екен?

-         Тудың түсі қандай?

 

Батыр: Балалар, сендер қандай ақылды, зерексіңдер! Мүмкін сендер Отан туралы тақпақтарды да білетін шығарсыңдар?

Отан туралы тақпақтар.

Мақал – мәтел:

Отан- оттан да ыстық.

Отан- отбасынан басталады.

 

Батыр: Балалар, сендерге үлкен рахмет! Сендермен танысқаныма өте қуаныштымын! Енді сендермен қоштасатын уақыт жетті. Сау болыңдар, балалар!

-         Жыл мезгілі күз.

 

-Күз мезгілінде күн суытады, жапырақтар сарғайып түседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, т.б.

- Біз Қазақстан мемлекетінде өмір сүреміз.

- Біздің ел ордамыз Астана қаласы.

 

-         Біз Семей қаласында тұрамыз.

-         «Айналайын» бала бақшасына келеміз.

-         Ия, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

 

 

 

 

 

 

Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

-         Сәлеметсіз бе!

 

-         Ия, сіз батырсыз.

 

 

 

 

 

-         Біздің Отанымыз – Қазақстан!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Видеоны мұқият тамашалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

-         Мемелекеттік рәміздер туралы.

-         Ту, елтаңба, Әнұран.

-         Тудың түсі көк.

 

Ия, білеміз.

Әлижан:

Туған елім, гүл елім,

Қасиетіңді білемін.

Өзіңе деп жүремін,

Лүпілдеген жүрегім.

 

 

 

-         Сау болыңыз!

 

Рефлексиялық – түзетуші

Ойын «Кім жылдам?» Ойын Шарты: Балаларға сұрақтар қойылады. Кім бірінші жауап береді сол балаға смайл беріледі. Кім көп смайл жинаса сол бала жеңіске жетеді.

Сұрақтар:

-         Біз қай мемелекетте өмір сүріп жатырмыз?

-         Елбасымыз кім?

-         Еліміздің астанасы қай қала?

-         Біз қай қалада тұрамыз?

-         Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?

-         Тудың түсі қандай?

-         Онда нелер бейнеленген?

 

Қорытынды сұрақтар.

-         Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік?

-         Бізге қонаққа кім келді?

-         Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады екен?

 

«Отаным» әні

Балаларды мадақтау.

Ойын шартын бұзбай орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Мемлекеттік рәміздер, елбасы, Қазақстан Республикасы туралы біледі;

Игереді: тыңдау және сөзді түсіну, әңгімелесе білу, сұраққа жауап беру және сұрау іскерліктерін;

Меңгереді: дыбыс артикулияциясын және сөздерді дұрыс байланыстырып сөйлеуді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының

«Айналайын» мектепке дейінгі шағын орталығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


«Балдырған» естияр тобында ұйымдастырылған

ашық  оқу – іс әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы:  «Қатынас»

Бөлімі:  Тіл дамыту

Тақырыбы:  «Менің Отаным – Қазақстан!»

(12.11.2015)

 

 

 

Өткізген: «Балдырған» естияр тобының

тәрбиешісі Өмірзақ Ұ. Ұ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей 2015

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұйымдастырыған оқу іс әрекеті. Тіл дамыту. "Менің отаным Қазақстан""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по студенческому спорту

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 291 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.02.2016 3811
    • DOCX 2.2 мбайт
    • 20 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Өмірзақ Ұлжан Ұланқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Өмірзақ Ұлжан Ұланқызы
    Өмірзақ Ұлжан Ұланқызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21391
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой