Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті сурет салу "Түстер әлемі"

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті сурет салу "Түстер әлемі"


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Бекітемін: Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Бейнелеу өнері

Тақырыбы: Түстер әлемі.

Мақсаты : бояулармен, оларға тән қасиеттермен таныстыру; қылқаламмен дұрыс жұмыс істеу, бояу тақтаны дұрыс пайдалану дағдыларына баулу; сурет салуға құштарлықтарын арттыру; сызықтар, сүйкей жағу ұғымдарын түсіндіру.

Қостілділік компонент: түстер әлемі – мир красок

Қажетті құралдар мен материалдар: педагогқа керекті құралдар: бояу қарындашпен орындалған суреттер; қағаз, бояутақта, түрлі қылқаламда, гуашь, акварельбояу, су құйылған ыдыс, қолорамал.

Балалар үшін: қағаз, жұмыс дәптері, жай және түрлі түсті қарындаштар, акварель бояу, гуашь, қылқаламдар, су құйылған ыдыс, қолорамал.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

1. Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері

Балаларды түгендеп, назарларын іс - әрекетке аудару.


Ұйымдастыру-іздестіру


















2. Педагогтың кіріспе әңгімесі: балаларға ерте кезде адамдардың суретті жерге, тастарға салғандығы туралы айтады. Оларда құралдар, бояулар болмаған, бертін келе бояу ретінде сазбалшықты жағып, тастарға сурет салып көрген. Кейінірек шөптің бояуы шығатынын байқап, оларды бояу орнына қолданды. Қылқаламның орнына саусақтарымен жұмыс жасаған. Сосын құстың қанатын пайдаланды. Қарындаш жоқ болғандықтан, бор немесе қорғасынмен сызды. Кейінірек түрлі түсті қарындашты, акварель бояуларды алуан түрлі түс беретін қоспалар қосып, дайындай бастады.

3. Сурет, сиқырлы бояулар туралы өлеңдер оқып беріп, балалардың сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру. Шіркін сурет сабағы, Ауылды еске салады.

Мың құбылтып бояймын, туып өскен даланы.

Қызыл бояу – қызғалдақ, Сары бояу – сарғалдақ.

Жасыл бояу – жайлауым, Іздеп барар армандап.

4. Педагог әртүрлі материалдармен сурет салу тәсілдерін көрсетіп, қылқаламмен, қарындашпен дұрыс жұмыс жасау ережесін түсіндіреді.

5. Педагог балаларға жұмыстың орындалу барысын түсіндіреді. Балалар жұмыс дәптерлерінде сызықтар мен геометриялық материалдарды түрлі бояулармен (акварель, гуашь, түрлі түсті қарындаштар) орындап жаттығады.

6. Балалар жұмысы. Ары қарай балалар акварель бояу, гуашь, түрлі түсті қарындаштардың қасиетін анықтау үшін өз беттерінше тәжірибе жасап көреді. Балалар педагогпен бірлесе отырып, мынадай қасиеттерін анықтайды: акварель бояу ағады, тез ериді, мөлдір; гуашь қалың жағылады, қою; түрлі түсті қарындаштар жұмсақ, ашық түсті, сызық түрінде түседі.

Әңгімені тыңдайды
















Балалар өз беттерінше жұмыс

жасайды.

Рефлексивті-түзетушілік

7. Оқу іс-әрекетін қорыту. Педагог орындалған, аяқталған жұмыстарды бағалап, талдау жасауды балалармен бірге жүргізеді. Талдау барысында ең жақсы, сапалы орындалған суреттерді үлгі ретінде тақтаға іліп, балалардың еңбектерін бағалау, мадақтау.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: бояулармен танысады, немен бояу керектігін біледі.Қандай түсініктерді игерді: бояу тақтаны дұрыс пайдалану дағдыларына баулу;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сурет салуға құштарлықтарын арттыру;



Автор
Дата добавления 01.09.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров208
Номер материала ДБ-173626
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх