Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіндегі жаңа техналогиялардың тиімді әдістері

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіндегі жаңа техналогиялардың тиімді әдістері



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы - мектепке дейінгі ұйымдардан басталған орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс - тәсілмен берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан - жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті, мағынасына өшпейтін із қалдырады. Баланы мектеп алды даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдаркомпьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивті бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі - мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс - әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланар еді.

Өмір талабына сай жаңа технологияларды оқу процесі мен тәрбие аясында шебер қолдана білу тәрбиешінің міндеті болса, ертегілерді оқу іс - әрекетінде өз ретімен қолдана білсе тәрбиеленушілерді жан - жақты дамытуда ертегінің аса зор мәні бар екенін айқындайды. Оқу іс - әрекеті барысында ертегі кейіпкерлерінің жан - жақты мінез - құлықтарын айыра білу бойынша жақсы деген немене, жаман деген немене екендігіне көзін жеткізеді.

Барлық оқу іс - әрекетінде ертегілерді қолдану арқылы негізгі педагогикалық дәстүр пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе адам өміріне байланысты іс - әрекет өткір сықақ - мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын тартымды, бала санасына лайықтай жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне тікелей байланысты. Бақшада ертегі оқу, сабақта және сабақтан тыс уақыттарда өтіледі. Оқу жұмысы баланың жас ерекшелігіне орай жоспарланады.

Педагогикалық процестің негізгі бағыты әрбір жеке тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу, әрбір баланың жеке дара ерекшелігін ескере отырып, педагогикалық процестің алдына қойылған міндеттерін іске асырудың ең тиімді әдіс, тәсілдерді, ұйымдастыруға қойылған міндеттерді іске асыруда жеке тұлғаны жан - жақты етіп қалыптастыру бірлікте шешімін табады.
Заманауи инновациялық әдістерді мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында қолдану арқылы, балаларды шаршатпай, жалықтырмай, жан - жақты дамуына тигізер үлесі өте зор

Мысалы мектепалды даярлық топ балалары үшін көркем әдебиеттің мақсаты – балалның жеке тұлға ретінде өмірге көзқарасын қалыптастырып, көркем шығармаға деген шығармашылығын арттырып, шығырмашылыққа,көркемдік талғампаздыққа баулиды.

Оқушылардың шығармашылықіс-әрекетін қалыптастыру үшін оқытудың дамыта оқыту, эвристикалық,шығармашылық,проблемалық жағдаят туғызу сияқты әдіс-тәсілдер қолданылады.

Эвристік әдіс-балалардың берілген тапсырма бойынша ой қортындысын жинақтауға септігін тигізеді.

Шығармашылық әдіс – балаларға берілген тапсырма бойынша оны орындаудың тиімді жолдарын пайдаланып,жаңа нәтиже алуға ықпал етеді.

Проблемалық жағдаят- балаларды қойылған проблеманы шешу арқылы жаңа нәтиже алуға жетелейді.Көркем шығармамен жұмысты бірнеше бағытта жүргізуге болады. Солардың біреуі сурет бойынша әңгімелету.Бұл балалардың сөйлеуін дамытуға мүм-

кіндік жасайды.Қандай тақырыпта әңгіме құрастырсақ та, алдымен белгілі бір мақсат қоямыз. Сол мақсатқа жетуде балаларға адамгершілік, патриоттық, еңбек, экологиялық дене, экономикалық, құқық және т.б тәрбие беру көзделеді.

Сурет бойынша әңгіме құраған кезде бала педагогтың сұрақтарына жауап беруі тиіс.. Мысалы «Қайырымды қоян» ертегісінде педагог жетекші сұрақтар қояды. «Суретте қандай ертегі кейіпкері бейнеленген? Қоян туралы не айтар едің? Ертегі неліктен «Қайырымды қоян» деп айтылған?

Сипаттап айтып көр? Қоянды неліктен жақсы көресің? Олқайда мекендейді?

Қалай тіршілік етед?» Бірнеше бала жауап берген соң, толық әңгіме құрастырылады.

Педагог мына мәселелерді ескеруі тиіс:

  1. Педагог пен балалар арасындағы сүйіспеншілік өзара түсіністік, сыйластық сезімді қалыптастыру.

  2. Тәрбиелеу мен оқыту үрдісін ұйымдастыруда ойын арқылы оқыту технологиясын кеңінен қолдану, оқу іс-әрекетін түрлендіріп өткізу.

Балалардың өздігінен ізденіп, тапқырлық әрекеттер жасай білуге

үйрету.

  1. Баланың өсу даму, жетілу, білім-білік, дағды деңгейін жетік біле отырып, олардың жағымды әрекеттерінің дұрыс қалыптасуын

қамтамасыз ету.

  1. Күн тәртібінде тұрған талаптардың дұрыс орындалуы, мәдени

гигеналық талаптардың өз деңгейінде іске асырылуы.

  1. Әдеби шығармаларды кейіптендіру әдістемесін- драмаға айналдырып,

өмірмен байланыстыру

  1. Мәтінге жуық әңгіме құрастыру әдістемесі-«осы мәтінді сен қалай

аяқтар едің» деген талдауға жауап беруді үйретеді


7. Шығармашылықпен әңгіме құрастыру әдістемесі- бөгде біреудің атынан айтып беру.

8. Ассоциация әдісі. Бұл әдісте берілген тақырып бойынша балаларда қандай ой туады соның барлығы сол сөздің жан - жағына жазылады. Мыс:
ЖАЛПЫ ОТБАСЫ:
Ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні

9. Салыстыру әдісі. Бұл әдісте балалар объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды.
Мысалы: Алма және қызанақтың ұқсастығы мен айырмашылығы

10. Раунд - Робин әдісі. Бұл әдіс өткен немесе жаңа тақырыпты бекіту үшін қолайлы тәсілдердің бірі. Мұнда әр бала берілген тақырып туралы не біледі. Бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай түгел айтып шығуы тиіс. Мыс: «Гүлдер» тақырыбында
- Гүл өсімдік
- Гүл әдемі
- Гүлді жұлуға болмайды
- Анамызға сыйлаймыз
- Достарымызға сыйлаймыз т. б.

11.Топтау әдісі. Топтау әдісінде балаларды деңгейлеріне қарай бірнеше топқа бөледі де, өздері орындай алатындай топтық тапсырма беріледі.
Мыс: «Пішіндер» тақырыбын өткенде
І топ – Үлестірмелі картадағы бейнеленген суреттерден геометриялық пішіндерді тауып, көрсету, атын атау.
ІІ топ - Жіпті пайдалана отырып әртүрлі пішіндерді жасау.
ІІІ топ - Санағыштан үшбұрыш пен төртбұрышты құрау. Сондықтан оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану әрбір ұстаздың міндеті.

Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді елеу педагогтар еншісінде. Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн.

Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады. Сонымен қатар тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу барысында балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады. Ойын – оқу үдерісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық санат. Тіл дамытуда ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б. материалдар сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. Әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сай қолданған жөн және тиімді. Тіл дамыту барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.

Ойын сабақтың басында
– өткен сабақты еске түсіру.
Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергіту, ерік-жігерін дамыту, сабаққа ынтасын арттыру.
Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.
Ойын арқылы балалардың тілдерін дамытып, сөздік қорын байытады, жаңа материалды жақсы қабылдайды, есте сақтайды, зейіні дамиды, қызығушылығы артады. Мектепке дейінгі ұйымдарда сөздік қорды дамыту жұмыстары түсіндіру, сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, көрнекілік әдіс – тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті - сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану.

Түсіндіру әдісі - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады. Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.
Көрнекілік әдісі – сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды болуы керек .
Мысалы : «Ұлттық заттар» тақырыбын өткен кезде киіз үйдің суретін көрсету арқылы немесе кәдімгі ойыншық киіз үйді көрсету арқылы жүзеге асырылып отырады.

Мысалы: Алма сөзін алманы көрсету арқылы ұғындырамыз. Бұл әдіс – жеміс- жидектер, ойыншықтар, тағамдар, тақырыптарында жүзеге асады. Әр түрлі тірек кестелер және таблицалармен сөздерді, сөз тіркестерін үйретуге болады.
Мысалы, алманы сипаттау: алманың түсі қызыл, пішіні – домалақ, дәмі – тәтті. Ол ағашта өседі, жеміс. Мен алма жеймін.
Мысалы, жемістер – көкөністер тақырыбына байланысты «Дү
кен» ойынын ойнауға болады.Үстел үстіне жемістердің муляждарын «сатуға» қойып, ойнау. Бала дүкен ойыны кезінде дүкенге кіріп амандасады, керек затын сұрайды. Маған алма беріңізші. Қандай алма аласыз? (түстерді ажырата білу). Мынау ащы, тәтті деген сөздер сөйлемде қолданылады.

Осы тақырыпқа байланысты мынадай ойындар өткізуге болады: «Дәмінен ажырат», «Не артық?», «Қанша жеміс көрдің, соншама қол шапалақта», балалардың назарын бақылау үшін кез келген сөзге емес тек қана жемістерді естігенде шапалақтау, жұмбақ жасыру, мысалы түсі қызыл, сары, дөңгелек тәтті ағашта өседі – бұл не? және де басқа да тақырыптарға келтіруге болады.
Дыбыстық жаттығуларды өткізуде балалар сөздердегі қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттығады, дауыстың ырғағы дамиды.
Мысалы: шақ – шақ – шақ – кішкентай құлыншақ.
Ыр- ыр – ыр – ырылдайды қасқыр.

Балалардың дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіруде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Балабақшада балаларды дұрыс сөйлей білу мәдениетіне айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен теңестіру арқылы жүзеге асыруға болады. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың қиялын шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға болады.
Дидактикалық материалдармен балалар жаттыққан сайын олардың зейіні, тапқырлығы, ынталылығы, өзіндік ойлау жұмысы дами түседі. Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тыңдауға, жаттауға арналған материалдар олардың даму деңгейіне, жас шамаларына лайықты болу қажет.
Балаларға топтардағы суретті кітапшаларды көрсетіп, мазмұнын айтып беру қолайлы. Бұл жастағы сәбилерге оқиғасы сәтті аяқталатын, қорқыныш сезімін тудырмайтын болу керек.
Оларға «Бесік жыры», «Бауырсақ», «Торғай», «Мақта қыз бен мысық» сияқты шығармалар арқылы дыбыстарды анық айту, байланыстырып сөйлеу, әңгімелей білуге үйретуге болады.

Ертегі сахналау арқылы балаларды рольге бөліп беру, әр кейіпкердің дауыстарын келтіріп айтуға машықтандыру қажет.
Шығармаларды оқыған кезде іс-әрекеттерге байланысты жаңа сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп отырған жөн.
Дыбыстарды анық дұрыс айта білуге жаңылтпаштардың да орны ерекше. Ал жұмбақ баланың сөйлеу қабілетін дамытады. Жұмбақтың шешуін табу арқылы заттардың, жан-жануарлардың, киім-кешек аттарын есте сақтау қабілеті күшейеді. Бала тілін дамытуда мақал-мәтелдердің де алатын орны ерекше. Қазақтың мақал-мәтелдерінің көбісі елдікті, ынтымақты, жақсы мен жаманды ажыратуға мүмкіндік береді.
Көркем шығармалармен балаларды ерте кезден таныстыру, оқыту тәрбиелеу істерінде қолданып отыру арқылы балаларды еркін сөйлеуге, түсініп, мәнерлеп айтуға дағдыландыру керек.
Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі  XX ғасырдың бірінші жартысында итальяндық педагог, ғалым әрі ойшыл Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген.Бұған сәйкес, балдырғандар мен бүлдіршіндер дидактикалық материалдар мен сабақ ұзақтығын әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағым мен ырғақта дамиды.

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән - мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру - бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі.
Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой - өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз.
Қай кезеңде болмасын балабақшада Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес. Бала табиғатында білуге құмар, тумысынан - ақ өсуге, жетілуге ұмтылысы басым. Сондықтан да қарқынмен дамып бара жатқан мына заманда балабақшадағы педагогтардың ұлттық қалып, ұлттық мінезді сақтай отырып, бала тәрбиесінің әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық.
М. Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады.
Бұл әдістің мақсаты - балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу.»Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер»дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ. Ұйымдастырушысы балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағлұмат береді. Балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі, 3пен 6 жас бірге өз қалауларымен жұмыс жасайды. Бұл жастың қабілетін ашуға, үлкеннің кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Қай салада жұмыс жасау бала қалауында: зертханада, жаратылыстану, аспан әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т. б. Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі жөндеуі - ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады деп ойлаймын. Пайдаланған заттардың ең басында қалай тұрғанын бақылаған бала жұмыс аяғында тап солай жинастырып, тазартып қояды. М. Монтессори педагогикалық технологияларын балабақшамызда ендіру, Қазақстан 30 дамыған елдердің қатарына кіруге бетбұрыс жасап отырған сәтте, ерікті, өз басының қадір - қасиетін сезетін, дербес, қабылданған шешімдеріне жауапкершілікпен қарауға қабілетті адамдардың пайда болуын қажет етіп отыр. Мұндай адамды тәрбиелеп шығару үшін, қазіргі заманның сұранысына жоғарғы дәрежеде жауап беретін бағдарламаны, жеке тұлғаны тәрбиелейтін технологияны табуы керек. Осыған байланысты біздің балабақшаның педагогтарының аса қызығушылығын туғызып отырған емін - еркін тәрбиелеу ұжымының практикалық тиімділігінің тамаша көрінісі болып табылатын М. Монтессори тәрбиелеу мен оқыту жүйесі болып отыр, бұнда басты назар бала болса, ал ересек адам – баланы жеке тұлға етіп тәрбилеуде кәсіби көмекші әрі бақылаушы есебінде болады. М. Монтессоридің педагогикалық жүйесі көпшіліктің есебі бойынша әлемдегі ең үздік 10 педагогиканың бірі болса, көптеген мемлекеттерде ең таңдаулы педагогика болып есептеледі. М. Монтессори жүйесінің ең басты принципі: әрбір бала жеке жоспар бойынша арнайы дайындалған ортада жеке өз бетінше дамиды, жетіледі, ал негізгі ұраны: «Мен өзім жасауыма көмектес». Ересек адамның атқаратын қызметі; әрбір балаға жеке даму жолын тауып беріп, олардың табиғи қабілеттерін ашу; М. Монтессоридің жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі: ересектер дамитын орта, дидактикалық құралдар.

Бұл әдіс әрбір жеке баланың қажеттілігіне,қабілетіне,дарынына негізделеді.Балалар өзінің ритмі мен қарқынын анықтай алатын болса, бәрінен де жақсы оқып үйренеді.

М.Монтессори үшін адамның рухани дамуы оның психофизикалық дамуымен тығыз байланысты.Монтессори үнемі интеллект,ойлаушылық қабілеттердің,жалпы дамуы үшін қабылдау және сезім мүшелерінің дамуы маңызды роль атқарады.

Тәрбие құрылымы өзгеруінің астарында Монтессори тәрбиелеу үрдісінде «еркіндік жағдайларын» жасауды түсінді. Монтессори-топтардағы оқу үдерісін ұйымдастыруды дәстүрлі сынып-сабақ жүйесі мен кәдімгі балабақшалардағы топтық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізу жүйесінен ерекшелендіреді. Басты мақсат еркін,өздігінен ойлай алатын, өзін басқара алатын,жауапты жеке тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Осыдан Монтессори бойынша білім берудің девизі пайда болады: «Өзіме істеуіме көмектес». «Мен өзім!»- педагог үшін баланың бұл тілегі орындалуға міндетті. Монтессоридің ойынша,кішкентай баланың өзімен-өзі болуға,тәуелсіздікке ұмтылысын ересектер құрметтеуі керек.

Мектепке дейінгі балалық – бала дамуының ерекше кезеңі.Монтессори адам ерекше өмірдің қозғалтқыш күштерінің көмегімен және де баланы қоршаған ортаның ықпалымен ақылды сіңіре алатын ұйымдастырылған құрылыммен туылады деген ой тастады.

0 мен 3 жас аралығында балақай өзінің айналасын инстинктілі сезімнің дамуы арқылы сезінеді: иіс сезу,сипап сезу, көру,есту.Айналадағы орта арқылы оның санасы істеген нәрсесін сараламай-ақ,барлық оптикалық,акустикалық,тактилдік әсерлерді,өзіне деген адамдардың қарым-қатынасын сіңіреді. Бала бейнелеп айтқанда, «эмоционалды камертон»,ата-анасының,әсіресе анасының эмоциясын сезінетін сезімтал резонатор бола алады.

3 пен 6 жас аралығындағы баланы өзін-өзі белсенді тұрғызып жатқан құрылысшыға теңеуге болады.бала өзі көріп отырған заттарды ұстап көргісі келеді және оны ересектердің қалай атайтынын естігісі келеді.Ол көп және түрлі-түрлі қимылдағысы,қолмен жұмыс істегісі келеді.Ол шаршамастан басқа адамдармен сөйлесіп,өзінің сөз қорын толтырады.

Бала өзінің даму барысында «сезімтал» және «сензитивті» деп аталатын кезеңдерден өтеді.Бұл кезеңдерде бала қоршаған орта тарапынан болатын белгілі бір қозуларға айырықша сезімтал болады. Сензитивті кезең кезінде бала өзін басқа тітіркендіргішпен аулай алмаса,Монтессоридің пікірінше баланың интеллектуалды,барлық тұлғалық жақтарын жаулап алатын ұяңдық пайда болады.

Монтессори жүйесіне сәйкес шынайы өмір аймағы,сенсорлық даму аймағы, тілдік жаратылыс-ғылымаймақ,қимылдық аймақ осындай топтарға бөлуге болады.Шынайы өмір аймағында: бала өздігінен киінуге,бір нәрсені құюға,төгуге,тазалауға,сурет салуға үйренеді.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау,жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу,жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау.






Хлебодаровка орта мектебі







Ұйымдастырылған оқу

іс - әрекетіндегі жаңа

технологиялардың

тиімді әдістері



/баяндама/










Жақашева А.Х.
















2014/2015





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 01.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1066
Номер материала ДВ-300998
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх