Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары


  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары.


«Балапан» I-сәбилер тобы 20.01.2016

Музыка жетекшісі: Аубакирова Ж.А 22.01.2016

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Музыка

Тақырыбы: «Анам менің тамаша»

Мақсаты: музыка қабілетін дамыту, ырғақты қимылдарды есте сақтау, эстетикалық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Қарагөз-қуыршақ, қуыршақ-мама, бала санына сай қуыршақтар.

Сөздік жұмыс: ля-ля-ля, далама, қалама, балама.


Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Музыка жетекшісі балаларды қарсы алады, амандасады.

«шеңбермен жүреміз» жаттығуымен жүру, қимылдарды қайталатады.

«Үстел үсті» театры үстінен Қарагөз қуыршақ шығады.

-Сәлем достар! Сендер менің мамамды көрмедіңдерма? Мен мамамнан адасып қалдым, енді не істеймін? Көмектесіңдерші.

Балалар амандасады, жаттығуды еркін жүріп қайталайды.











Балалар көрмегендерін айтады.

-Көмектесеміз, іздеп көрейік.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

-Қарагөз, сен біздің қасымызға кел.

Мен сендерге «Мамамның мерекесі» әнін орындап берейін.

Үстел үсті театрынан Қуыршақ мама шығады.

-Балалар, сендердің мама туралы әнді айтқандарыңды естіп келдім. Енді бәріміз ән айтайық.

Педагог: біз «Наурыз келді» әнін сізге айтып береміз.

Қуыршақ мама:

-Сендер керемет тәртіпті екенсіңдер, аналарыңнан Қарагөзге ұқсап қашпаңдар.

Қарагөз сендерге көп қуыршақ әкеліпті, бәріміз қосылып «Қуыршағым-ай» әнін үнтаспадан тыңдап, билеп көрейік.

1-бөлім «Қуыршағым-ай»















Балалар анасымен Қаргөздің кездескеніне қуанады.



«Наурыз келді» әнін есіне түсіреді, айтуға талпынады.

Балалар тәртіпті болуға, шуламауға тырысады. Қарагөздің қуыршақтарын бәрі алып, қуанады.

Балалар қуыршақтарды қимылдатып, билеуге үйретеді.

Рефлекцалық-

түзетушілік

-Кім келді? Не істедіңдер? Не ұнады?

Қарагөз:

-Рақмет, достар, тағы менімен ойнайсыңдар ма?

«Өз қуыршағыңа жет» ойыны.

Қарагөз:

-Достар! Сау болыңдар! Келесі жолы тағыда келемін.

Музыка жетекшісі:

-Сендер әнді айтып, жақсы биледіңдер, егерде жақсы қатыссаңдар, Қарагөз тағыда келеді.

-Қарагөз келеді.





-Ойнаймыз.

Балалар ойнауға қызыға кіріседі, ойнайды.













Балалар қол бұлғап қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: әнді еске сақтауды, әнді айтуды, музыкалық шығарманы тыңдауды.

Игереді: қуыршақты ұстауды, өз орнын таңдауды. Музыканы тыңдап, қимыл жасауды.

Меңгереді: музыка арқылы қимылдауды, қолдарын, аяқтарын қозғауды, айналуды, дағдылануды.










Автор
Дата добавления 28.01.2016
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров141
Номер материала ДВ-389158
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх