Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

«Таным» білім беру саласы

Экология негіздері 4+



Мазмұны


Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекетінің саны

Өткізілетін мерзімі

1

Тақырыбы: Жанды табиғат және жансыз табиғат.

Мақсаты: жанды, жансыз табиғат туралы қарапайым түсінік беру. Берілген сұрақтың нақты жауабын тауып, айта білуге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

1


2

Тақырыбы: Күз. Күзгі ағаштар.

Мақсаты: күзгі табиғатты бақылау кезінде қарапайым өзгерістерді атай білуге және өздерінің сезімдері туралы әңгімелеуге үйрету. Емен және үйеңкі ағашымен таныстыру.

Емен және үйеңкі ағашының жапырақтары мен діңінің ерекшелігіне қарап басқа ағаштардан ажыратып, атай білуге үйрету. Олардың жапырақтарының түсіне назар аударып, жазғы уақыттағы жапырақтармен салыстыру. Ағаштардың экологияға оңды әсерін түсіндіру.

1


3

Тақырыбы: Су туралы не білеміз?

Мақсаты: балаларды судың қасиетімен, құрамымен та­ныстыру (дәмі, түсі, иісі); судың тіршілік иесі үшін мәні, қажеттілігі туралы түсінігін кеңейту; суды үнемдей білуге тәрбиелеу.

1


4

Тақырыбы: Аквариумдағы балық. Шілтерқұйрық.

Мақсаты: Шілтерқұйрықпен таныстыру. балықтардың өзара ұқсастықтары мен айырмашылығын көре білу, тіршілігі басқа балықтарға қарағандағы айырмашылықтары жайлы айта білуге үйрету. балықтың да жанды табиғатқа жататындығы туралы түсінігін кеңейту. Аквариумдағы балықтарға қамқорлық қарым-қатынасы қажет екендігін түсініп, оларды күтіп-баптауға тәрбиелеу.

1


5

Тақырыбы: Атжалман.

Мақсаты: табиғат бұрышында мекендеуші атжалманмен таныстыра отырып, бақылау жасай білуге үйрету. Атжалманның немен қоректенетіні, тамақтандыру реті туралы түсінік беру. Қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

1


6

Тақырыбы: Тиін.

Мақсаты: тиіннің қоректенуі, тіршілігі туралы түсіндіру. Жануарлар әлеміне танымдық қызығушылығын, тілектестік, қамқорлық сезімін ояту.

1


7

Тақырыбы: Қарақұйрық.

Мақсаты: қарақұйрық жануарының тіршілігі, қорегі тура­лы түсінік беру. Жануардың ерекшелігін танып, айтып беруге үйрету. Ересектердің табиғатқа жасаған теріс қылықтарына мінез-құлық нормалары туралы түсінік бере отырып бағалауға үйрету. Табиғатқа оң көзқарасын, жауапкершілігін қалыптастыру.

1


8

Тақырыбы: Ызғарлы қыс келді (табиғатқа саяхат жасау).

Мақсаты: Қысқы табиғатты бақылап, қарапайым өзгерістерді атай білуге үйрету. Қысқы табиғат құбылыстары (қардың жауғаны, аяз) туралы түсініктерін кеңейту.


1


9

Тақырыбы: Шымшық.

Мақсаты: сауысқан туралы ұғымын жалғастыра оты­рып, шымшықпен таныстыру. Шымшықтың тіршілігі, басқа құстардан айырмашылығы туралы айта білуге үйрету. құстарға қамқорлықпен қарап, күтім жасауға тәрбиелеу.

1


10

Тақырыбы: Шырша және балқарағай.

Мақсаты: қылқан жапырақты өсімдік шырша туралы түсінігін бекіту. Балқарағаймен таныстыра отырып, оның шыршадан және басқа ағаштардан айырмашылығын байқап, сипаттап бере білуге үйрету. Қазақстанның табиғи байлығын сақтау үшін адамдардың мінез-құлық ережелерін түсінуге үйрету. Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

1


11

Тақырыбы: Көктем кереметі. Бөртегүл.

Мақсаты: көктемгі табиғат туралы түсініктерін кеңейту. Бір ай бұрын суға салынған бөртегүл бұтағы мен далада өсіп тұрған бөртегүлге бақылау жасап салыстыра отырып, бөртегүл бұтасымен таныстыру. Бақылаудың қорытындысын, нәтижесін айта білу іскерлігін жетілдіру. Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

1


12

Тақырыбы: Бөлме өсімдігі. Қазтамақ.

Мақсаты: өсімдіктердің адамдардың күтімі және табиғаттың өзінің күтімі нәтижесінде өсіп жетілетіндігі туралы түсініктерін кеңейту. Қазтамақ өсімдігін танып, атай білу іскерліктерін дамыту. Гүлді отырғызудың қарапайым әрекеттерін меңгерту. Жанды табиғат пен жансыз табиғат арасындағы байланыс туралы ұғымдарын кеңейту. қамқорлыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

1


13

Тақырыбы: Қанқыз және құмырсқа.

Мақсаты: қанқыз және құмырсқамен таныстыру. Жәндіктердің тіршілігіне қызығушылығын тудыру. Оларға қамқорлықпен қарап, қорғауға тәрбиелеу.

1


14

Тақырыбы: Көбелек және инелік.

Мақсаты: көбелек және инелікпен таныстыру. Олардың айырмашылығын байқап айтып беруге үйрету. Көбелектің қалай пайда болатындығын көрсету (жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ). Жәндіктердің тіршілігіне қызығушылығын тудыру. Оларға қамқорлықпен қарап, қорғауға тәрбиелеу.

1


15

Тақырыбы: Саңырауқұлақтар.

Мақсаты: саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Улы саңырауқұлақтардың адам өміріне қауіпті екендігі туралы айта отырып, жеуге жарамды аң саңырауқұлақ пен улы боз арамқұлақты түріне қарап танып, айтып беруге үйрету.

1


16

Тақырыбы: Кірпі (бақылау жасау).

Мақсаты: Кірпінің тіршілігі туралы мағлұмат беру. Қамқорлыққа тәрбиелеу. Кірпіні бақылау кезінде құрдастарымен жағымды қарым-қатынас орнату.

1


17

Тақырыбы: Кесіртке (бақылау жасау).

Мақсаты: кесірткені танып айтып беруге үйрету. Кесірткенің тіршілігі, қозғалу тәсілдері туралы ұғым беру. Қамқорлыққа тәрбиелеу.

1


18

Тақырыбы: Жасыл құрбақа.

Мақсаты: жасыл құрбақаны танып айтып беруге үйрету. құрбақаның қозғалу тәсілдері, мекендейтін ортасы, қорегі туралы ұғым беру. Қосмекенділер туралы түсінігін кеңейту. құрбақаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. құрбақаны бақылау кезінде құрдастарымен жағымды қарым-қатынас орнату.

1



Барлығы:

18








Автор
Дата добавления 13.04.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1560
Номер материала ДБ-029089
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх